- •1 Билет
- •5 Билет
- •2 Билет.
- •3 Билет.
- •4. Сапар шегу, жол жүру туралы мәтінмен жұмыс.
- •4 Билет.
- •4. Қонақ үйі туралы мәтінмен жұмыс.
- •5 Билет.
- •4. Қала, ауыл туралы мәтінмен жұмыс.
- •6 Билет.
- •4. Қала, дала табиғаты туралы мәтінмен жұмыс.
- •4. Мәдени орталықтар туралы мәтінмен жұмыс.
- •13 Билет.
- •4. Қазақстан Республикасының Парламенті туралы мәтінмен жұмыс.
- •4. Сайлау жүйесі туралы мәтінмен жұмыс.
- •19 Билет.
- •20 Билет.
- •21 Билет.
- •22 Билет.
- •4. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі туралы мәтінмен жұмыс.
- •23 Билет.
- •24 Билет.
2 Билет.
3. Мектеп, қала.
4. «Алматы-1», темір жол бекеті Алматы қаласында, Станционная көшесінде 1 үйде орналасқан. 1- залы кассалардан тұрады, 2және 3 - залдарында жолаушылардың күту залдары және мейманхана орналасқан. Жер асты бөлмесінде жүк сақтау қоймасы, тұрмыстық қамту бөлмелері бар. Жоба бойынша бұл бекеттің қасында «Алматы – 1» метросы болады.
«Алматы-2», Алматы қаласында, Абылай хан даңғылында орналасқан. Бекетте газет киоскісі, дәріхана, сыйлықтар киоскісі, пошта бөлімі, анықтама бөлімі бар. Шығыс бөлігінде билет кассалары, тосу залы, жүк сақтау қоймасы орналасқан
3 Билет.
3. Газет, ана, доп, әже, кітап, үй, қыз, ұл, қалам.
4. Сапар шегу, жол жүру туралы мәтінмен жұмыс.
Мен жұмыс бабымен Астана қаласына ұшақпен ұштым. Ұшақтағы жолсерігім студент бала екен. Ол мұндай үлкен қалаға бірінші рет бара жатыр екен. Қаланы жақсы білмейтіндігін айтты. Жол бойы мен оған Астана қаласының атақты жерлері туралы қалта телефонымнан көрсеттім. Бұл жерлерге қандай автобуспен және қалай жету керектігін үйреттім. Жолсерігім өте ұғымтал бала екен. Ертеңінде кездесетін жерімізді жазып бердім. Сөйтіп, тәулік бойы Астанаға қалай жеткенімізді білмей қалдық. Жолсерігім маған алғысын білдірді.
4 Билет.
4. Қонақ үйі туралы мәтінмен жұмыс.
Туристерді орналастыру орындары - қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақтарға арналған үйлер, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы және оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа үйлер мен ғимараттар.
Қонақ үй - уақытша тұруға арналған, әдетте, оқшауланған үйлер (үйлер кешені) болып табылатын заңды тұлға.
Мотель - автомобиль жолдарына жақын орналасқан қонақ үй.
Кемпингтер - шатырға, автофургонға, автотіркемеге, доңғалақтағы үй мен туристік лашыққа арналған жабық алаңда орналастырылатын ұжымдық объектілер.
Сырттан келгендерге арналған жатақхана - қонақ үйдің алуан түрлілігі; Қонақ үй кәсіпорындарының бір жолғы сыйымдылығы нөмірлерде қойылған тұрақты кереует саны бойынша анықталады.
5 Билет.
4. Қала, ауыл туралы мәтінмен жұмыс.
Мен Астана қаласында тұрамын. Қалам өте әдемі. Мен өз астанаммен мақтанамын. Қаланы көркейтуге барлық күшімді саламын. Қалада өте үлкен бизнес компаниялары, саябақтар, мәдени орындар көп. Бұл қалада көптеген ұлттар тату тұрады. Қалаға Қазақстанның жастары көп келеді. Шетелден келген адамдар да осында білім алып, жұмыс істейді. Қаланың түнгі көрінісі де өте әдемі.
Менің атам мен әжем ауылда тұрады. Олардың тұратын жерлерінің табиғаты керемет әдемі. Әсіресе жазда онда жасыл жайлау, таза ауа, тұнық су, әсем табиғатты тамашалауға болады. Мен жазда демалуға атам мен әжемнің ауылына барамын, оларға шаруаға көмектесемін. Қала ауылсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан ауылды көркейту керек.
6 Билет.
4. Қала, дала табиғаты туралы мәтінмен жұмыс.
Қаланың табиғаты үлкен үйлерімен, жарықтарымен, зәулім ғимараттарымен ерекшеленеді. Әсіресе көгалдандырылыған көшелер мен отырғызылған гүлзарлар қалаға ерекше сән береді. Қалада жеке меншік көліктер, ірі зауыттар мен фабрикалар көп болады, сондықтан ауа тез ластанады. Қалаға көптеп жасыл ағаштар егу керек.
Ал ауылдың жөні басқа. Ауылдағы табиғат жасанды емес. Ондағы жасыл желек, мөлдір бұлақ, таза ауа, жайқалған дала гүлдері адамға ерекше көңіл-күй береді. Ауылда қаладағыдай қарбалас жүріс те болмайды. Халқы жайдарлы, кең болады. Ауылдың кез – келген мезгілі өте әдемі болады.
7-билет.
