Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конспект лекций по Автоматике КАЗ - 1 курс-...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
640.51 Кб
Скачать

7. АвтоматтандырылҒан қондырҒылардыҢ жалпы қҰрылымы

Автоматты басқару жүйесі құрылымы жағынан әр түрлі болуы ықтимал. Жалпы жағдайда бүл құрылымға белгілі бір ерекше қасиеттерімен және аралық әсер беру жолдарымен жіктелген автоматты жүйені түзетін дербес бөліктердің жиынтығы жатады. Автоматты басқару жүйесінің алгоритмдік, функционалдық және конструкциялық құрылымдары болады.

Автоматты басқару жүйесінің алгоритмдік құрылымы деп, әр бөлігі ақпаратты түрлендірудегі белгілі бір алгоритмді орындауға арналған құрылымды айтады.

Автоматты басқару жүйесінің функционалдық құрылымында әрбір бөлік белгілі бір қызметті атқарады. қызмет ретінде автоматты басқарушы құрылғының ақпарат алу, оны өңдеу, т.б. осы секілді негізгі қызметін, сонымен бірге сигналды беру, оларды салыстыру, ақпаратты беру түрін өзгерту тәрізді дербес қызметін айтуға болады.

Егер автоматты басқару жүйесі құрылымының әр бөлігі жеке конструкциялық тұтастық құратын бөлік болса, ондай құрылымды конструкциялық құрылым деп атайды.

Басқару жүйесінің құрылымын график бойынша кескіндеуді құрылымдық схема дейді. Белгілі бір ерекшеліктерімен топталған автоматты жүйе бөлігін график түрінде, ішінде бұл жүйенің оның қандай бөлігі екіндігін білдіретін шартты белгісі бар төртбұрышпен кескіндейді. Автоматты жүйенің бөліктерінің арасында берілетін әсер жолын, сол әсер берілетін бағыт бойымен бағыттауыш сызықпен кескіндейді.

Автоматты басқару жүйесінің, не автоматты құрылғының құрылымдық схемасындағы бөліктері арасындағы берілетін әсердің бағыты мен жолын көрсететін қарапайым құрамдас бөлігін құрылымдық схеманың байланысы деп атайды.

Автоматты жүйенің құрылымдық схемасының байланысы негізгі, қосымша және кері байланыстар болып ажыратылады.

Негізгі байланыс деп, автоматты басқару жүйесінің негізгі тізбегі бойындағы бөліктерінің арасындағы түзілетін байланысты айтады.

қосымша байланыс деп, негізгі тізбекке не оның қайсыбір бөлігіне қосалқы түрде әсер берілу жолын түзетін автоматты басқару жүйесінің құрылымдық схемасының байланысын айтады.

Мысал ретінде 2.3-суретте басқару объектісінен (БО), басқарушы (Бқ), және салыстырушы(Сқ) құрылғысынан тұратын автоматты басқару жүйесінің қарапайым құрылымдық схемасы көрсетілген. Автоматты басқару жүйесінің кірісі және шығысы болады.

Кіріс деп, сырттан жүйеге не құрылғыға, оның жеке бөліктеріне тікілей әсер берілетін автоматты басқару жүйесінің әсер тізбегінің бөлігін айтады. 2.3-суретте әсер беру тізбегінің бір бөлігі жүйенің g(t) жоспарлау әсері берілетін кірісі де, екінші бөлігі f(t) қоздыру әсері берілетін кірісі.

Шығыс деп, автоматты жүйеде не оның элементтерінде қызмет алгоритміне сәйкес қалыптасқан әсерді сырт жаққа беретін автоматты басқару жүйесінің әсер тізбігінің бөлігін айтады. 2.3-суретте Х автоматты басқару жүйесінің шығысы.

f

БО

(t)

U х

х

СҚ g(t)

БҚ

¥

2.3 - сурет

Автоматты басқару жүйесінің әсер тізбегі деп ішкі және сыртқы әсерлер берілетін жеке жолдардың жиынтығын айтады. құрылымдық схемада әсер тізбегінің жеке жолдары тұтас және бағыттауыш сызықтармен кескінделеді.

Автоматты басқару жүйесінің не оның қарастырылатын бөлігінің шартты түрде бөлінген, кірісінен шығысына қарай бағытталған әсер тізбегін жүйенің негізгі әсер тізбегі деп атайды.

Негізгі әсер тізбегі автоматты жүйені немесе жүйе бөлігін қандай мақсат үшін пайдаланатынына қарай іріктелінеді.

Жалпы алғанда автоматты жүйені басқарушы құрылғысы негізгі әсер тізбегіндегі функионалды құрылғысынан (Фқ), қосымша байланыс құрылғысынан (ҚБҚ) және қосымша кері байланыс құрылғысынан (ҚКБҚ) тұрады.

ҚҚБҚ

ФҚ

АТ

Т

РО

Объектттт

g(t) СУ х

ҚБҚ

ӨҚ

Қ

2.4 - сурет

Басқарушы құрылғы өзінің шығыс тізбегінде тұрған атқарушы тетікке(АТ) әсерін тигізеді, ал ол кезегінде реттеуші орган(РО) арқылы басқарылатын объектіге(БО) әсер етеді. Басқарылатын шама өлшеуіш құрылғысымен(ӨҚ) өлшенеді.

Сонымен жалпы жағдайда автоматты реттеу жүйесінің құрылымын атқарушы тетігінде қосымша байланыс тізбегі бар, 2.4-суретте келтірілгендей функционалды схема түрінде көрсетуге болады.