- •Дәрістер жинағы
- •1. Сигнализация, орталықтандыру жӘне блокировка мIндеттерI мен тҮрлерI
- •2 Темiр жолдардағы сигнализация негiздерi
- •3 Бағдаршам құрылымы және түрлерi
- •4. АвтоматиканыҢ анықтамалары және ұҒымдары
- •5 Басқару жҮйелерIн сҰрыптау
- •6 Автоматты жҮйе элементтерI
- •7. АвтоматтандырылҒан қондырҒылардыҢ жалпы қҰрылымы
- •8 Автоматика қондырҒылары арқылы ақпарат беру
- •9 Автоматика жҮйелерIнIң қабылдаушы бӨлшектерI
- •10. Бинарлы бергіштер
- •11. Аналогтық түрлендіріп бергіш.
- •12. ПотенциометрлIк ЖәНе индуктивтiк тҮрлендIргIштер
- •13. Реленің әрекет ету принципі және жіктелуі
- •Тұрақты ток релесі
- •13.2 Ауыспалы ток релесі
- •14. Электрмен қоректендіру аппаратурасы
- •15. Рельстік тізбектер
- •15.1 Рельс тізбегінің құрылысы, жұмыс істеу принциптері және рельс тізбегінің міндеттері
- •15.2 Рельс тізбектерін топтау
- •15.3 Рельс тізбектері жұмысының негізгі режимдері
- •16. Жолды блоктау жүйелері
- •16.1 Автоблоктау жүйелерін құру принциптері
- •16.2 Автоматты автоблоктау құрылғыларын электрмен қоректендіру
5 Басқару жҮйелерIн сҰрыптау
Автоматты басқару жүйесін басқару әдісі және қызмет белгісі бойынша жіктеуге болады (2.1-сурет). Басқару әдісіне қарай жүйелер: кәдімгі-өздігінен бапталмайтын және адаптивті-өздігінен бапталатын болып үлкен екі класқа жіктеледі. Кәдімгі жүйелер қарапайым категориясына жатады да, басқару процесінде өз құрылымын өзгертпейді. Олар-тұйықталмаған, тұйықталған және аралас басқару жүйелері болып қосалқы үш класқа ажыратылады. Ал тұйықталмаған АБЖ автоматты нық басқару жүйесіне (АНБЖ) және қозу бойынша басқару жүйесіне бөлінеді.
Бірінші жүйеде Р реттеуіші (2.2, а-сурет) х()шама мен z() сыртқы қозу мәндерінен тәуелсіз нәтижеде БО басқару объектісіне әсер етеді. қозу бойынша басқару жүйесінде (2.2, б-сурет) y() басқарушы әсер, басқару объектісіне ықпал етуші z() сыртқы қозу әсерінің мәніне байланысты туады.
Бұған мысал ретінде бөлме ішін жылыту жүйесін алуға болады. Бөлмедегі жылытқыштарға берілетін ыстық судың шығыны даладағы ауаның температурасына байланысты болады. Мұнда ыстық судың шығыны y() басқарушы әсер ретінде болса, даладағы ауаның температурасы z() сыртқы қызу әсері болып табылады.
АБЖ
Басқару
әдісіне қарай
Кәдімгі ж¸йелер
Адаптивті
жүйелер
қызмет белгісі бойынша
Тетіктер
жұмысын үйлестіретін жүйе
Технологиялық
процестердің параметрін реттеу жүйесі
Автоматты
бақылау жүйесі
Автоматты
қорғау және құлыптау жүйесі
2.1 - сурет
Ауытқу принципі бойынша жұмыс істейтін автоматты басқарудың тұйықталған жүйесін автоматты реттеу жүйесі (АРЖ) деп те атайды. Олардың ерекшелігіне сигнал өтуінің тұйық контурының, яғни СЭ салыстыру элементінің кірісіне х() реттелетін шама мәні туралы мәлімет берілетін кері каналдың болуы жатады (2.2, в-сурет).
Автоматты реттеу жүйесі реттелетін шаманы тұрақтандыру (тұрақтандыратын АРЖ), реттелетін шаманы белгілі (программалы АРЖ), не белгісіз (қадағалаушыАРЖ) пролграммалар бойынша өзгерту секілді үш мәселені шешуге арналған. Тұрақтандырушы АРЖ-да реттелетін шаманың берілген мәні де тұрақты болады. Программалы АРЖ-да реттелетін шаманың мәні уақыт өтуімен алдын ала құрылған (белгілі) программа бойынша өзгереді. қадағалауыш жүйеде реттелетін шаманың мәні уақыт барысында алдын ала ескерілмеген (белгісіз) программа бойынша өзгереді. қадағалауыш және программалы жүйелер тұрақтандырушы АРЖ-дан берілетін сигналды өндеу принципімен ерекшеленеді. қадағалауыш АРЖ-ның мысалы ретінде жылыту пешіндегі от жану процесін реттеу үшін берілетін отын және ауа шығындарының құрамдық үлестерін берілген бірқалыпта автоматты түрде ұстап отыруды алуға болады.
Аралас жүйе (2.2, г-сурет) ауытқу және қозу бойынша басқару жүйелерінің артықшылықтарын бірдей қамтуы арқасында басқару дәлдігін едәуір арттырады. Бұл жүйеде есепке алынбаған қозу әсері ауытқу бойынша басқарумен өтеледі, не бәсеңдетіледі.
Өздігінен бапталатын (адаптивті) жүйелерді мынадай үш қосалқы класқа бөлуге болады (2.2, д-сурет): экстремальды жүйелер, параметрлері өзі бапталатын және құрылымы өзі бапталатын жүйелер.
БО
z()
z()
х
Р
Р
БО
а) б)
С
Э
z()
z()
х
Р
БО
Р
БО
о()
∆х()
y()
х()
хо()
y()
х(t)
∆
х()
в) г)
ЕҚ
ЖЫҚ
БаОҚ
ОҚ
z()
БО
хо()
х()
АБҚ
БҚ
y()
д)
2.2 - сурет
Экстремальды реттеу жүйесі деп баптауы, программасы, не жаңғырту заңы, басқару объектісінің жұмыс режимін барынша ыңғайлы жасау мақсатында жүйенің ішкі күйі, не сыртқы жағдайдың өзгерісіне сәйкес автоматты түрде өзгеретін тұрақтандырғыш, қадағалауыш, немесе программалы басқару жүйелерін айтады. Мұндай жүйелерде тұрақты баптау не программа орнына арнайы автоматты іздестіру құрылғысы орнатылады. Бұл құрылғы объектінің пайдалы әсер коэффициенті, өнімділігі, үнемділігі және т.б. қайсыбір сипаттамаларына талдау жасауының нәтижісінде, бүкіл жүйе жұмысына ықпалын тигізетін әртүрлі қоздыру әсерінің үздіксіз өзгеріп отырған жағдайында, басқару құрылғысына реттелетін шаманың экстремальды мәнін береді.
Параметрлері өздігінен бапталатын жүйелерде сыртқы жағдайлар немесе реттеу объектісінің сипаттамалары өзгергенде басқару құрылғысының өзгермелі параметрлері автоматты түрде (берілген программа бойынша емес) өз мәндерін ауыстырады. Бұл жағдай жүйе жұмысының орнықтылығын және реттелетін шаманы берілген, не тиімді деңгейде ұстап отыру үшін қажет.
Құрылымы өздігінен бапталатын жүйелерде сыртқы жағдайлар немесе реттеу объектісінің сипаттамалары өзгергенде, жүйе элементтері бір-бірімен басқадай схема бойынша жалғыстырылады немесе жүйе схемасына жаңа элементтер енгізіледі. құрылымды бұлайша өзгертудің (іріктеудің) мақсаты басқару есебін тиімді шешу болып табылады. құрылымды іріктеу есептеуіш және логикалық амалдарды қолдану арқылы автоматты түрде іздестіру жолымен жүзеге асырылады. Мұндай жүйелер сыртқы жағдай мен объект сипаттамаларының барлық өзгерісіне икемделіп қана қоймай, сонымен қатар жеке элементтердің ақауына, не істеп шыққанына қарамастан, жаңа тізбек түзе отырып әрекет жасауы тиіс. құрылымы өздігінен бапталатын жүйелерді жетілдіруге болады. Ол үшін іріктеуді бірнеше нұсқада тез орындап, солардың ішінен ең «тәуірін» таңдап алады.
Қызмет белгісі бойынша жіктеуге сәйкес барлық автоматты басқару жүйелері төрт класқа бөлінеді: тетіктер жұмысын үйлестіретін жүйе; технологиялық процестірдің параметрлерін реттеу жүйесі; автоматты бақылау жүйесі; автоматты қорғау және қармау (блокировка) жүйесі.
Қондырғының жеке тетіктерінің, не тұтастай қондырғы жұмысын үйлестіруге арналған жүйе автоматты қатаң басқару жүйесі (АҚБЖ) болып табылады. Автоматты реттеу жүйесі (АРЖ) технологиялық процестің реттелетін шамасын белгіленген деңгейде ұстап отыруды немесе берілген программма бойынша өзгертуді қамтамасыз етеді. Автоматты бақылау жүйесі (АБЖ) технологиялық процестердің параметрлерінің әр мезеттегі мәндері туралы мәліметті адамның қатысуынсыз алуға арналған құралдар мен әдістерді қамтиді. Автоматты қорғау (АҚЖ) және қармау жүйелері тұрақталған режимде істеп тұрған құралдардың жұмысында апаттық жақдайдың болмауын қамтамасыз етеді.
