Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конспект лекций по Автоматике КАЗ - 1 курс-...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
640.51 Кб
Скачать

3 Бағдаршам құрылымы және түрлерi

Светофорлар жарық беретін сигналдар арқылы поездардың жүрісін реттейді.

Оптикалық жүйесінің құрылымы бойынша светофорлар линзалық және прожекторлық болып екіге бөлінеді. Линзалық светофорда әрбір сигналға арналған бөлек линзалық жинақ болады. Прожекторлық светофорда үш түрлі сигналға бір оптикалық жүйе болады да оны арнаулы қондырғымен айналдырып отыру қажет. Сондықтан бұл светофорлардың құрылымы күрделі, қымбат және жиі жөндеу қажет болғаннан кейін, бұл светофорларды соңғы кездерде қолданбайды. Кейінгі кезде тек қана линзалық светофорлар қолданылады.

Жергілікті жағдайға байланысты бұл светофорлар діңгекті, ергежейлі, аспалы болып бөлінеді (1.3, а, б, в-суреттер). Аралықтарда, станциялардың басты жолдарында және станцияның қаптал жолдарында, егер бұлармен поезд тоқтамай 40 км/с жылдамдықпен өтетін болса, онда діңгекті светофорлар орналастырылады.

1.3 - сурет.

Станциялардың қабылдау-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындықтарын шектейтін болғандықтан кейін және құрылысының қымбаттығынан бұл светофорлар кейінгі кезде аз пайдаланылады. Ергежейлі светофорлар станцияларда шығыс светофорлары есебінде және маневрлік жұмыстар үшін көп қолданыла бастады. Егер көлемі жағынан жол аралықтары тар болса, онда аспалы светофорлар қойылады (1.3, в-сурет).

Барлық светофорлар поездардың бағдар жүрісінің оң жағынан қойылады; егер поездар қарсы бағыттан қабылданса, ергежейлі кіріс светофорлары кейде сол жақтан орналастырылуы мүмкін.

Діңгекті светофор (1.3, а-сурет) діңгектен 1 (темірбетон не темір) және оған бекітілген бір немесе бірнеше светофор қондырғысынан тұрады.

Әрбір светофор қалқанмен 3 и қүнқағармен 4 жабдықталған. Темірбетонды діңгектердің ұзындықтары 8-10 м жетеді де олар жерге 1800-2200 мм тереңдікке бетон арқылы орнықтырылады.

Егер станцияларда 1/18, 1/22 маркалы бағыттамалар қолданылатын болса, онда кіріс светофорларына жасыл жүсті шойыннан жасалған жарық көрсеткіш 2 орналастырылады. Алдыңғы бетіне көрсеткіштің үш линзалық жинағы, арнаулы тірек арқылы бекітіледі.

Светофорлардың қалпақшалары сигнал көрсеткіштерінің санына қарай бір мағналы, қос мағналы, үш мағналы болып үшке бөлінеді. ¨ш мағналыдан көп көрсеткіштер алу үшін діңгекке тағы да бірнеше светофор қалпақшаларын орнатады.

Іш мағналы светофор, қалпақшасы, есігі бар шойын қондырғыдан тұрады. Бұның ішінде бірінен-бірі бөлек үш линзалық жинақ орнасқан. Жауын-шашыннан, күннің көзінен қорғау үшін күнқағар қарастырылған. Тоқ беретін жүйені жалғау үшін қондырғы бектілген. Светофор қалпақшасының негізгі бөлшегі - линзалық жинақ. Ол денеден, линзадан, қызыл, жасыл, сары, көк, және ақ түсті жарық фильтрден, шамұстағыш және электр шамынан (қуаты 15, 25, не 35 Вт, 12 В кернеу) тұрады.

Ергежейлі светофор (1.3, б-сурет) діңгексіз болып келеді де линзалық жинағы, оның құрылысы басқа да светофорлардың құрымынан айырмашылығы жоқ.

Светофорлардың көрсету қабілетін және жұмыс істеу кестесін электромеханиктер жиі тексеріп тұрулары қажет.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Автоматика, телемеханика и связь на железнодорожном транспорте: Учебник для вузов ж.д. транспорте. А.А.Устинский и др. М.: Транспорт, 1985-439с.

2. Казаков А.А. и др. Устройство автоматики, телемеханики и связи на железнодорожном транспорте. М.: Транспорт, 1992-390с.

3. Кондратьева Л:А. Устройство железнодорожной автоматики и телемеханики. М.: Транспорт, 1983-238с.

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (1- тақырып) [ 1,2,3]

1. Кіріс бағдаршамдары

2. Локоматив бағдаршамдары

3. Ергежейлі бағдаршамдар

4. Сигнал белгілері