Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конспект лекций по Автоматике КАЗ - 1 курс-...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
640.51 Кб
Скачать

2 Темiр жолдардағы сигнализация негiздерi

Сигналдар көлікте поездардың жүрісінің қауіпсіздігін және маневрлік жұмыстардың толық орындалуын қамтамасыз етеді. Сигнал шартты белгі және ол арқылы бұйрықтар беріледі. Сигналдың берген бұйрығын шартты түрде орындау қажет. Жол бойында тек көлік министрі бекіткен сигналдар қолданылады. Сигнал белгілері күндіз де түнде де ауа-райының қолайсыздығына да қарамай байқалып және тез арада анықталуы керек. Сигналдар көзге көрінетін және дыбыспен берілетін болып бөлінеді. Көрінгіш сигналдар өзінің түсімен, түрімен, орналасу жағдайымен және санымен анықталады. Олар светофорлар, кедергілер, шамдар және жалаулар, сигналдық көрсеткіштер мен белгілер арқылы алыс қашықтыққа беріле алады. Берілу уақытына қарай сигналдар күндізгі, түнгі және тәулік бойынша мағлұмат беретін болып үшке бөлінеді.

Күндізгі сигналдар тәуліктің жарық кезінде кедергілермен, жалаулармен және көрсеткіштер арқылы беріледі.

Түнгі сигналдар тек тәуліктің қараңғы кезінде қолданылады. Бұл сигналдарға қолдағы, поездағы, көрсеткіштердегі шамдар жатады. Түнгі синалдар боран немесе тұман күндері күндіз де қолданылуы мүмкін.

Тәуліктік сигналдардың белгілері күндіз де түнде де біркелкі. Бұл сигналдарға светофорлардың тағайындалған түстері,маршруттық және басқа да жарқырауық көрсеткіштер, жылдамдық азайтқыш тұрақты дискілер,жүк поздарының артындағы қызыл дискілер және басқа да сигналдар мен белгілер жатады.

Дыбыстық сигналдар бір-бірінен дыбыс санымен және дыбыс ұзақтығымен ажыратылады. Бұлар локомотив ысқыртқышымен, қолдық, дрезиналық және моторлы поездардағы ысқыртқыштармен, сиреналармен, гудоктармен және петардалармен беріледі.

қолданылуы жағынан көрінгіш сигналдар тұрақты және тасымалды болып бөлінеді.

Тұрақты сигналдар жол бойында белгілі бір жерде немесе локомотив кабинасында орнатылады. Тасымалды сигналдарға әртүрлі щиттер,жалаулар, шамдар жатады. Бұлар аралықтарда немесе станцияларда жөндеу жұмыстары жүріп жатқанда қолданылады. Тұрақты сигналдарға әртүрлі бағдаршамдар (светофорлар) жатады. Светофорлардың негізгі көрсеткіштері қызыл, жасыл, сары түсті болып келеді.

Жасыл түс тұрақты жылдамдықпен жүруге арналған; сары түс жүруге ұлықсат ете отырып жылдамдықты азайтуды талап етеді; қызыл түс тоқтауды талап етеді.

Маневр жұмыстарында мынадай сигналдық түстер қолданылады: ақ-маневрлік жүріске ұлықсат , көк-маневрге ұлықсат жоқ.

Поездардың жылдамдығының артуына байланысты сигнализация да өзгере бастады:енді светофорлар поездарға қандай жылдамдықпен жүру керектігін көрсететін болды.

Сигнал көрсеткіштерінің санын көбейту үшін олардың түстерін, бір уақытта жанатын оттар мөлшерін пайдалануға тура келді.

Мазмұны бойынша светофорлар мынадай түрлерге бөлінеді:кіріс, шығыс, дөңестік, локомотивтік, маршруттық, қайталаушы, ескертпе, өтпе, паналау, қалқалау.

Кіріс светофоры Н и Ч (1.1, а-сурет) станцияны жанындағы аралықтан қалқалайды және де поездың станцияға сырттан кіруне немесе кірмеуне бірінші бағыттамағы немесе шекті қадаға 50 м жетпей орналастырылуы керек. Электрленген жол аралықтарында кіріс светофорлары станция мен аралықты бөлетін 300 м түйіспе желісінің алдынан қойылады.

Шығыс Н1, Н3, Н5, Ч1,Ч5 (1.1, а-сурет) светофорлары шығуға немесе шықпауға рұқсат етеді және олар әрбір шығар жолға орналастырылады.

1.1-сурет

Маршруттық НМ светофоры поездарға станцияның бір торабынан екінші торабына жүруіне не жүрмесіне белгі береді.

Паналау 12, 13, 14, 15 (1.1, б-сурет) светофорлары теміржолдардың бірімен-бірі қиылысқан жерінде немесе теміржолдың трамвай жолымен қиылысқан жерінде, осы қиылыстардан 50 метр қашықтықта қойылады. Бұл светофор қызыл не жасыл оттармен белгі береді.

Өтпе 7, 8 светофорлар бір блок-аралықтан екінші блок-аралыққа өту не өтпеуге белгі береді.

Автоблокировкамен құрастырылған жол аралықтарында өтпелі светофорлармен мынадай шартты белгілер беріледі:

  • бір жасыл от - «Тағайындалған жылдамдықпен жүруге болады; алда бір немесе екі, не одан да көп блок-аралық бос»;

  • бір сары от - «Тоқтауға әзірлікпен жүруге ұлықсат; келесі светофор жабық»;

  • бір қызыл от - «Тоқта! Белгіден әрі жүруге болмайды».

Төртбелгілі автоблокировкада өтпелі светофорлармен мынадай белгілер беріледі:

  • бір жасыл от - алда үш немесе одан да көп блок-аралық бос;

  • бір сары мен бір жасыл от - алда екі блоқ-аралық бос. Сары немесе қызыл оттардың көрсеткіштері үшбелгілі автоблокировкадағы сияқты.

Қалқалау светофорлары 31 және 32 (1.1, б-сурет) өткелдерде, ірі жасанды құрылыстарда және вагондар мен локомотивтерді жөндеу кезінде қолданылады. қауіпті жағдайлар жоқ уақытта бұл светофорлар сөніп тұрады. қауіпті жағдай туғанда бұл светофорлар қызыл отпен белгі береді. Ескертпе светофорлар ПН (1.1, а-сурет) кіріс, өтпе және паналау светофорларының алдынан қойылады. Егер жолда автоблокировка жүйесі болса, онда кіріс светофорларының алдында орналасқан ескертпе светофор қызыл, жасыл не сары оттардан бөлек тағы мынадай белгі бере алады:

  • жыпылықтаушы жалғыз сары от - «Тұрақты жылдамдықпен жүруге ұлықсат; кіріс светофоры ашық және оны шамалы жылдамдықпен өту қажет; поезд станцияның қаптал жолына қабылданады»;

  • жыпылықтаушы жалғыз жасыл от - «Тұрақты жылдамдықпен жүруге ұлықсат; кіріс светофоры ашық және оны 80 немесе 120 км/сағ аспайтын жылдамдықпен өту керек; поезд станцияның қаптал жолына қабылданады».

Қайталаушы светофорлар шығыс, маршруттық не дөңестік светофорлардың берген белгілері көрінбесе, соларды қайталап көрсетеді. қайталаушы светофорда жасыл оттың жануы-шығыс немесе дөңестік светофорлардың ашылғанының шарты. Жәй уақытта қайталаушы светофор сөніп түрады.

Маневрлік светофорлар М3, М5, М7, М9 (1.1, а-сурет) станцияда орналастырылады және маневр жасауға не жасамауға белгі береді.

Бұл светофорлар мынадай белгі береді:

  • бір ақшыл от - «Маневр жасауға ұлықсат»;

  • бір көк от - «Маневр жасауға ұлықсат жоқ».

1.2 а-суретте маркалары 1/9, 1/11 бұрмалы бағыттамалар мен автоблокировка қолданылған станциядаға кіріс және шығыс светофорларының белгі беру сызбалары көрсетілген.

1.2 а - сурет

Ал, 1.2, б-суретте 1/18, 1/22 маркалы бұрмалы бағыттамамен жабдықталған станциядағы поездарды қабылдау және жөнелту кезіндегі сигнал белгілерінің қарым-қатынасы көрсетілген. Локомотивтегі светофор (ЛС) жүргізушінің кабинасында орналастырылады да поездың бір блок-аралықтан екіншісіне журу-жүрмеуіне белгі береді. Бұл жағдайда, жүріп келе жатқан поездың алдындағы өтпе светофордың сигналы рельс тізбегі арқылы ЛС-ке беріліп отырады.

1.2 б - сурет

Егер жол аралығы автоблокировкамен және автоматттық локомотивтік сигнализациямен жабдықталған болса, онда ЛС мынадай белгілер бере алады:

  • жасыл от - «Жүруге ұлықсат; алда орнатылған жолдағы светофорда жасыл от жанып тұр»;

  • сары от - «Жүруге ұлықсат; поезд тақалып келе жатқан жолдағы светофорда бір не екі сары от жанып тұр»;

  • сары мен қызыл от - «қай уақытта болса да, тоқтауға дайындықпен жүруге ұлықсат; алдағы өтпелі светофорда қызыл от жанып тұр»;

  • қызыл от - «Локомотив бос емес блок-аралыққа шығып кетті (апат болуы мүмкін)»;

  • ақшыл от - «Локомотивтік қондырғылар дұрыс жұмыс істеп тұр; бірақ өтпелі светофорлардан ЛС-ке мағлұмат түспей тұр».

Дөңестік светофорлар сұрыптау дөңестерінде қолданылады. Олар мынадай белгілермен сигнал береді:

  • бір жасыл от - «Тұрақты жылдамдықпен вагондарды сұрыптауға рұқсат»;

  • бір сары от - «Шамалы жылдамдықпен вагондарды сұрыптауға рұқсат»;

  • бір қызыл от - «Тоқта»;

  • қызыл от және ақшыл көрсеткіштегі «Н» әрпі - «Дөңестен вагондарды қабылдау паркіне шегіндіру».