
- •Дәрістер жинағы
- •1. Сигнализация, орталықтандыру жӘне блокировка мIндеттерI мен тҮрлерI
- •2 Темiр жолдардағы сигнализация негiздерi
- •3 Бағдаршам құрылымы және түрлерi
- •4. АвтоматиканыҢ анықтамалары және ұҒымдары
- •5 Басқару жҮйелерIн сҰрыптау
- •6 Автоматты жҮйе элементтерI
- •7. АвтоматтандырылҒан қондырҒылардыҢ жалпы қҰрылымы
- •8 Автоматика қондырҒылары арқылы ақпарат беру
- •9 Автоматика жҮйелерIнIң қабылдаушы бӨлшектерI
- •10. Бинарлы бергіштер
- •11. Аналогтық түрлендіріп бергіш.
- •12. ПотенциометрлIк ЖәНе индуктивтiк тҮрлендIргIштер
- •13. Реленің әрекет ету принципі және жіктелуі
- •Тұрақты ток релесі
- •13.2 Ауыспалы ток релесі
- •14. Электрмен қоректендіру аппаратурасы
- •15. Рельстік тізбектер
- •15.1 Рельс тізбегінің құрылысы, жұмыс істеу принциптері және рельс тізбегінің міндеттері
- •15.2 Рельс тізбектерін топтау
- •15.3 Рельс тізбектері жұмысының негізгі режимдері
- •16. Жолды блоктау жүйелері
- •16.1 Автоблоктау жүйелерін құру принциптері
- •16.2 Автоматты автоблоктау құрылғыларын электрмен қоректендіру
16.2 Автоматты автоблоктау құрылғыларын электрмен қоректендіру
Автоблоктаудың электрмен қоректендіру жүйесі көптеген жағдайда оның ауытқусыз жұмыс жасауын анықтайды. Автоблоктауды жобалау кезінде сыртқы энергиямен қамдаудың сенімділігіне байланысты электрмен қоректен-дірудің екі жүйесі пайдаланылады: электр тартымы жоқ учаскелерде – көбінесе аралас аккумулятор батареяларынан жартылай немесе толық резервтелген, электр тартымы бар учаскелерде – батареясыз ауыспалы ток. Қазіргі заманғы және болашағы молы – батареясыз жүйе, ол негізінен автоблоктаудың жоғары вольтты желісінен қоректенеді, ал резервтік қоректендіру электрді жеткізіп беру желісінен ЭЖЖ жүзеге асырылады. Электрді жеткізіп беру желілері әдетте контакт желісі тіректеріне ілінеді және желі тұтынушыларының тағы екі қосылысы пайдаланылады (жарықтандыру жүктемесі, электр құрал және т.б.). Электр тартымы жоқ учаскелерде әдетте екі тізбекті жоғары вольтты желі жобаланады: ір тізбек автоблоктау құрылғыларын қоректендіруге арналған, ал екіншісі – сызықты тұтынушылар үшін. Аккумулятор батареялары жоғары вольтты желіде қоректендіру жоғалған уақытта сигналдық құрылғыларды 24 сағат бойы қоректендіруге арналады.
Сигналдық қондырғыны электрмен қоректендірудің аралас жүйесі бойынша қоректендіру 16,а-суретте келтірілген сұлба бойынша жүзеге асырылады. Күш тірегінде жалғыз немесе қосарланған сигналдық құрылғы түріне байланысты ОМ-0,63/10 (ОМ-0,63/6) немесе ОМ-1,25/10 (ОМ-1,25/6) типті сызықтық трансформатор СТр бар.
16-сурет - Автоблоктау құрылғыларын электрмен қоректендіру сұлбасы
Осы трансформаторлар арқылы жоғары вольтты желідегі кернеу 10 кВ (6 кВ)-дан 230В дейін төмендейді. Трансформаторлардың шығыс қуаты 0,63 немесе 1,25 кВ- А тең. Сосын кернеу сымдар бойынша кабель жәшігіне КЖ жетеді, сосын реле шкафына РШ, сигнал трансформаторына Стр, кодтық жол трансмиттері КПТ қозғалтқышына, батарея шкафына БШ, буферде жол батареясымен ЖБ жұмыс жасайтын ВАК-14Б түзеткішке және буферде сигналдық батареямен СБ жұсыс жасайтын ВАК-13Б түзеткішке жетеді. ЖБ мен СБ аккумуляторлық батареялары әрқайсысының кернеуі 2,2В АБН-72 типті бірізділікпен қосылған бір және алты аккумулятордан тұрады. Ауыспалы ток жоғалған жағдайда А апат релесі токсызданып, токты СБ бағдаршам шамдарына қосады (СХ, МСХ қыспақтары), бұл ретте рельс тізбегі ЖБ қоректенеді.
Электр тартқышы бар тұрақты токтың (16,б-сурет) сигналдық нүктені электрмен қоректендіру сұлбасындағы сызықтық трансформатор СТр дәл алдыңғы сұлбадағыдай қызметті атқарады. 230 В кернеу А апаттық реле орамасына беріледі. Жоғары вольтты желі тоғының кернеуі болған уақытта А релесі қозады және оның фронттық түйіспелері арқылы ток кернеуі рельс тізбегін қоректендіріп тұрған жол трансформаторына ЖТр беріледі, бағдаршамның сигнал шамдары, кодтық жол трансмиттері КПТ қозғалтқышы мен сызықтық тізбектерді қоректендіріп тұрған ВАК-11 түзеткішін қоректен-діретін төмен вольтты орама (12 В) арқылы сигналдық трансформаторға беріледі СТр. Егер 230 В негізгі қоректендіру жоғалса, онда А апат релесі токсызданып, оның сыртқы түйіспелері арқылы сигналдық нүкте аспаптары резервтік қоректендіру көзіне қосылады. А1 апат релесі резервтік қоректен-дірудің болуын қадағалайды. Ауыспалы токтың электр тартымы кезінде рельс тізбегі 25 Гц автоблоктауды электрмен қоректендіру сұлбасы қоректендіруші ұшына ПЧ 50/25 типті статикалық түрлендіргіштің қосылуымен ғана және тізбекте трансформатор резервін пайдаланумен ерекшеленеді, себебі резерв ретінде түйіспелік желі тіректерінде кернеуі 27,5 кВ сызықтық тұтынушыларды электрмен жабдықтау ДПР желісі пайдаланылады.