- •Дәрістер жинағы
- •1. Сигнализация, орталықтандыру жӘне блокировка мIндеттерI мен тҮрлерI
- •2 Темiр жолдардағы сигнализация негiздерi
- •3 Бағдаршам құрылымы және түрлерi
- •4. АвтоматиканыҢ анықтамалары және ұҒымдары
- •5 Басқару жҮйелерIн сҰрыптау
- •6 Автоматты жҮйе элементтерI
- •7. АвтоматтандырылҒан қондырҒылардыҢ жалпы қҰрылымы
- •8 Автоматика қондырҒылары арқылы ақпарат беру
- •9 Автоматика жҮйелерIнIң қабылдаушы бӨлшектерI
- •10. Бинарлы бергіштер
- •11. Аналогтық түрлендіріп бергіш.
- •12. ПотенциометрлIк ЖәНе индуктивтiк тҮрлендIргIштер
- •13. Реленің әрекет ету принципі және жіктелуі
- •Тұрақты ток релесі
- •13.2 Ауыспалы ток релесі
- •14. Электрмен қоректендіру аппаратурасы
- •15. Рельстік тізбектер
- •15.1 Рельс тізбегінің құрылысы, жұмыс істеу принциптері және рельс тізбегінің міндеттері
- •15.2 Рельс тізбектерін топтау
- •15.3 Рельс тізбектері жұмысының негізгі режимдері
- •16. Жолды блоктау жүйелері
- •16.1 Автоблоктау жүйелерін құру принциптері
- •16.2 Автоматты автоблоктау құрылғыларын электрмен қоректендіру
16. Жолды блоктау жүйелері
16.1 Автоблоктау жүйелерін құру принциптері
Автоблоктау техникалық белгілері мен орындайтын қызметтеріне байланысты телебасқарудың автоматы жүйелеріне жатады. Басқару объектісі жол бағдаршамы болып табылады.
Автоблоктау кезінде аралық блок-учаскелерге бөлінеді. Әрбір блок-учаске оның жағдайын қадағалайтын рельс тізбегімен жабдықталады (бірқатар жағдайларда екі немесе одан да көп рельс тізбектерімен). Блок-учаскелер басына өту бағдаршамдары орнатылады, олар рельс тізбектеріне жылжымалы бірліктердің әсері салдарынан автоматты түрде ашылып, жабылады. Пойыз болмаған жағдайда өту бағдаршамдарында олардың жабық күйін білдіретін сары жарық жанатын ескерту бағдаршамдарын қоспағанда, жасыл жарық жанады. Автоблоктау құрылғыларына қойылатын негізгі талаптар техникалық пайдалану ережелерінде беріледі (ТПЕ).
Автоблоктау құрылғылары олар қоршап тұрған блок-учаске босатылғанға дейін, бағдаршамның ашылуына жол бермеуі тиіс. Шығу бағдаршамы ашылғаннан кейін бір жолды аралықтарда қарсы бағыттардағы шығу және өту бағдаршамдарының ашылу мүмкіндігін болдырмау қажет. Бағдаршамдағы қызыл жарық жанып кетіп, бағдаршамнан кейінгі блок-учаске бос болмаған жағдайда пойыз жүрісі бойынша алдыңғы бағдаршамда автоматты түрде қызыл жарық жануы қарастырылған.
Автоблоктау сұлбалары оқшаулаушы түйіспелер тұйықталған жағдайда рұқсат беруші сигналдық көрсеткіштердің пайда болуынан және аппаратура элементтеріның ықтимал зақымдануынан қорғанысты қамтамасыз етуі тиіс. Сұлбаларда бағдаршамдар шамдарындағы кернеуді екі есе төмендету мүмкіндігі қарастырылған. Станция бойынша кезекшінің пультінде автоблоктау кезінде станцияға жақын екі алыстау және жақындау блок-учаскелер жағдайын индикациялау қарастырылған. Автоблоктау екі жолды желілердің өткізу қабілетін күніне 200-300 жұп пойызбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Тұрақты токтың рельс тізбегін пайдаланатын қарапайым екі мәнді АБ жүйесінің құрылысы 15,а-суретте көрсетілген. Блок-учаске бос болған уақытта жол релесі ІІ ток астында болады және блок-учаскені қоршап тұрған өту бағдаршамында жол релесінің ІІ фронт түйіспесі арқылы жасыл жарық шамы қосылады.
15-сурет - Автоблоктауды құру принциптері:
а – екі мәнді; 6 – сызықты тізбекті; в – кодтық
Берілген блок-учаскеге пойыз қойылған жағдайда жол релесі ІІ токсыз-дандырылады және оның сыртқы түйіспесі арқылы қызыл түсті шам жағылады, ол пойыз блок-учаскені толық босатқанға дейін жанып тұрады. Қызыл жарық шамы рельс желісінің бүтіндігі бұзылған жағдайда да қосылады. Әрбір сигналдық нүктеде автоблоктаудың үш мәнді жүйесін жүзеге асыру үшін алдыңғы жақта жатқан екі блок-учаскелердің жағдайы туралы ақпаратты білу қажет. Алыстағы блок-учаске жағдайы туралы ақпаратты үш мәнді бағдаршам-ды басқару үшін берілген сигналдық нүктеге беру қажет. Бұл ақпаратты беру үшін қосымша сызықтық тізбектер (кабель, байланыстың әуе желілері) немесе рельс желісін пайдалануға болады. Егер ақпаратты беру үшін қосымша сызықтық тізбек пайдаланылса, онда негізінен токтың полярлық сапалары пайдаланылады, ал егер рельс желісі пайдаланылса, онда ақпарат сандық немесе жиілік кодпен беріледі. 3 блок-учаске бос болған жағдайда (15,б-сурет) Л1, Л2 сызықтық тізбекке сызықтық реле Л түйіспелері арқылы 3 сигналдық нүктесінде токтық тура полярлығы беріледі, ал ол бос болмаған жағдайда – кері полярлық.
5 сигналдық нүктесінде токтың полярлық сапаларын ажырататын қабылдағыш құрастырылған типтегі сызықтық реле Л болып табылады, оның бейтарап және полярланған зәкірлері бар. Сызықық реле түйіспелері 5 бағдаршам жарықтарын басқарады.
3 блок-учаске туралы ақпаратты кодтау (15,в-сурет) кодтық жолдық трансмиттер арқылы сандық кодпен жүзеге асырылады. Блок-учаске 3 бос болған уақытта 5 блок-учаскесінің рельс тізбегіне 3 сигналдық нүктесінен Ж немесе З коды беріледі, ал ол бос болмаған жағдайда КЖ коды беріледі.
Бұл кодтар 5 сигналдық нүктеде 5 блок-учаске бос болған уақытта ЗБФ қорғаныс блок-сүзгісі арқылы және И релесінің түйіспелері арқылы дешифраторлық ұяшықпен ДҰ рельс тізбегіне қосылған реле импульсімен И қабылданады. 5 блок-учаскесі бол болмаған жағдайда И релесі импульстік режимде жұмыс жасайды, Ж мен З релелері токсыздандырылған, 5 бағдарша-мында қызыл жарық жанып тұр. Егер 5 блок-учаскесі бос, 3 блок-учаскесі бос емес болса, 5 рельс тізбегіне КЖ коды беріледі және 5 сигналдық нүктесінде Ж релесі қоздырылады – бағдаршамда сары жарық жанады. 3 блок-учаскесі бос болған уақытта 5 блок-учаскесінің рельс тізбегіне Ж немесе З коды беріледі (пойыз жағдайына байланысты). 5 сигналдық нүктесінде Ж және З релелері қоздырылады және бағдаршамда жасыл жарық жанады.
Отандық жолдарда негізінен үш мәнді автоблоктау пайдаланылады, ал қозғалысы қарқынды қалаға жақын желілерде төрт мәнді автоблоктау пайдаланылады.
Егер автоблоктау сигналдары бойынша пойыздар қозғалысы әр жол бойынша бір бағытта болса, автоблоктау бір жақты деп аталады. Бір жолды желілерде екі жақты автоблоктау пайдаланылады, бұл жерде пойыздар автоблоктау сигналдары бойынша екі бағытта да қозғалады. Линзалы және прожекторлы бағдаршамдары бар автоблоктау жүйелері болады, ал бағдаршам шамдарының жұмыс жасау режимі бойынша – қалыпты жанатын және қалыпты жанбайтын жарықты болады. Соңғы жағдайда бағдаршам шамы пойыз бағдар-шам аллдындағы блок-учаскемен жүрген кезде ғана жанады. Жаңа құрылыста тек жарықтары қалыпты натын линзалы бағдаршамдар пайдаланылады. Қазіргі уақытта автоблоктау құрылғылары міндетті түрде автоматты локомотив сигнализациясы мен диспетчерлік бақылау құрылғыларымен толықтырылады.
