
- •Дәрістер жинағы
- •1. Сигнализация, орталықтандыру жӘне блокировка мIндеттерI мен тҮрлерI
- •2 Темiр жолдардағы сигнализация негiздерi
- •3 Бағдаршам құрылымы және түрлерi
- •4. АвтоматиканыҢ анықтамалары және ұҒымдары
- •5 Басқару жҮйелерIн сҰрыптау
- •6 Автоматты жҮйе элементтерI
- •7. АвтоматтандырылҒан қондырҒылардыҢ жалпы қҰрылымы
- •8 Автоматика қондырҒылары арқылы ақпарат беру
- •9 Автоматика жҮйелерIнIң қабылдаушы бӨлшектерI
- •10. Бинарлы бергіштер
- •11. Аналогтық түрлендіріп бергіш.
- •12. ПотенциометрлIк ЖәНе индуктивтiк тҮрлендIргIштер
- •13. Реленің әрекет ету принципі және жіктелуі
- •Тұрақты ток релесі
- •13.2 Ауыспалы ток релесі
- •14. Электрмен қоректендіру аппаратурасы
- •15. Рельстік тізбектер
- •15.1 Рельс тізбегінің құрылысы, жұмыс істеу принциптері және рельс тізбегінің міндеттері
- •15.2 Рельс тізбектерін топтау
- •15.3 Рельс тізбектері жұмысының негізгі режимдері
- •16. Жолды блоктау жүйелері
- •16.1 Автоблоктау жүйелерін құру принциптері
- •16.2 Автоматты автоблоктау құрылғыларын электрмен қоректендіру
13.2 Ауыспалы ток релесі
Темір жол автоматикасы мен телемеханикасы құрылғыларында ауыспалы токтың ДСШ екі элементті секторлық релелері пайдаланылады. Бұл релелер жиілігі 25 және 50 Гц ауыспалы токтың рельстік тізбектерінде жолдық ретінде пайдаланылады. Жұмыс жасау принциптері бойынша екі элементті секторлық релелер индукциялықтарға жатады. Реленің магниттік жүйесі гистерезис шығындарын азайту үшін өзектерде болат беттерінен жасалады. Бұл релелер сенімділігі І класс релелерге жатады, ал іске қосылу уақыты бойынша – қалыпты жұмыс жасаушыларға жатады.
Штепсельді қосылатын екі элементті секторлық ДСШ релесі (7,а сурет) тағайындалуы бойынша екі түрлі орамалар оралған темір өзектерден тұратын электрмагниттік жүйеден тұрады. Олардың бірі жергілікті элемент деп аталады, екіншісі – жолдық элемент. Бұл элементтер бір-біріне қатысты симметриялы орналастырылады.
Жергілікті элемент орамасы 2 бар Ш-тәрізді өзектен тұрады, ол кернеуі 110-220 В ауыспалы токтың жергілікті көзіне қосылады. Жолдық элемент орамасы 9 бар өзектен 8 тұрады, ол рельс тізбегі арқылы жолдық трансформаторға ЖТ қосылады. Жергілікті және жолдық элементтер өзектері полюстарының арасына алюминий сектор 4 орналастырылады, ол осьте айналады және күйенте 3 мен тартқыш 5 көмегімен түйіспелік жүйені 6 басқарады. Реледе таяныш аунақшалар 7 және 10 бар, олар сектордың жоғары және төмен қозғалысын шектейді.
7-сурет - ДСШ релесі
Реле жұмысы жергілікті және жол элементтері орамаларының магниттік ағындарының жылжымалы алюминий секторындағы құйын токтармен әрекеттесуге негізделген. Реленің бір немесе екі элементі де токсыз тұрған уақытта, сектор өзінің салмағы әсерінен шеткі төменгі орында болады және өзінің қырымен төменгі таяныш аунақшаны 7 басады.
Ауыспалы ток жергілікті элемент орауышынан 2 өткен уақытта жергілікті элемент тоғы туғызған магниттік ағын секторды 4 қиып өтіп, онда э.д.с. туғызады, ол оны туғызған ағыннан 90° фаза бойынша қашықтықта болады. Осының нәтижесінде секторда құйын токтар пайда болады, олар жол элементінің полюстары астымен өтіп, оның магниттік ағынымен әрекет етіп, секторды бұруға тырысатын айналдырушы момент туғызады. Жол элементінің магниттік ағыны туғызған құйын токтардың жергілікті элементтің магниттік ағынымен әрекет ету нәтижесі де осындай нәтиже береді.
Магниттік ағындар тең болып, фаза бойынша сәйкес келген уақытта магниттік ағындар мен құйын токтардың әрекет ету күштері тең болады және қарама-қарсы бағытталады, соның нәтижесінде сектор төменгі күйде қалады.
Секторды оның көтерілу бағытында айналуын туғызу үшін жергілікті және жол элементтерінің магниттік ағындары немесе олардың токтары арасындағы фазаны белгілі дәрежеде жылжыту қажет.
Сонымен, максимум айналдыру моменті жергілікті және жол элемент-терінің токтары немесе магниттік ағындары арасындағы фазаны φ=90° бұрышқа жылжытқан уақытта пайда болады. Бұл айналдырушы момент секторды 4 жоғары орынға жылжытады. Сектормен бірге күйенте 3 мен тартқыш бұрылады, ол түйіспелерді 6 ауыстырып қосып, сыртқы Т түйіспелер-ді ажыратып, фронттық түйіспелерді Ф тұйықтайды. Жол элементінің тоғы өшірілген уақытта магниттік ағын жоғалады, және сектор 4 өзінің салмағының әсерінен төменге түседі және түйіспелерді бастапқы орынға әкеледі: фронттық Ф түйіспелерді ажыратады және сыртқы Т түйіспелерді тұйықтайды.
ДСШ релесі мен оның түйіспелерінің шартты белгілері 7,б-суретте келтірілген. ДСШ релесінің негізгі артықшылығы сенімді фазалық талғамды-лығы, сондықтан бұл релелер фазаға сезімтал деп аталады. Талғамдылық қасиеті фазаға сезімтал жол релесінің шектес рельс тізбектерінің оқшаулаушы түйіспелердің тұйықталуы кезінде қорек көзінен жалған іске қосылу мүмкіндігін болдырмайды, себебі реленің жол орамалары оң айналдырушы момент пен сектордың жоғарыға қарай көтерілісі өзіндік рельс тізбегі тоғынан ғана болған жағдайда қосылады.
Сонымен қатар, фазаға сезімтал реле жиілігі бойынша сигналдық жиілік токтан бірнеше ғана герц айырмашылығы бар тартқыш токтың кедергілері әсерінен сенімді қорғайды. Фазаға сезімтал реле жергілікті элемент орамасын-дағы ток жиілігімен бірдей жиілігі бар токтан ғана іске қосылады, олар арасында белгілі бір фазалық ара қатыс болуы тиіс.