Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конспект лекций по Автоматике КАЗ - 1 курс-...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
640.51 Кб
Скачать

РМҚК «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»

ҚР БҒМ

Сапа менеджмент жүйесі

Университет стандарты

Оқу-әдістемелік кешен құрылымы

СМЖ ЕҰУ С 04-2008

Бет. 10 ден 68

Дәрістер жинағы

1. Сигнализация, орталықтандыру жӘне блокировка мIндеттерI мен тҮрлерI

Темір жол жүйелері аралықтар мен оларды шектеп тұратын қосындардан (станция, айрылыстан) тұрады.

Сигнализация, орталықтандыру және блокировка (СОБ) құрылымдарының тікілей міндеттері:

  • Поездар жүрісінің қауіпсіздігін күшейту;

  • Аралықтар (перегон) мен қосындардың (бекеттердің)

өткізгіш қабілетін асыру;

  • Маневрлік жұмыстардың өнімділігін арттыру;

Аралықтардағы СОБ құрылымдары, егер осы аралықты немесе оның блок-аралығында поездар орналасқан болса оған басқа поездардың келуіне мүмкіндік тудырылмайды.

Станциялық СОБ құрылымдары поездардың станцияға кіру және шығу жұмыстарын реттейді; бағыттамалардың (стрелка) жұмыс-жағдайларын тексеріп, оларды бір шеткі орынға бекітеді; жолдар мен бағыттамалардың бос немесе бос еместігін тексеріп бағыттама мен бағдаршамның (светофор) жұмыстарын алыстан басқаруға мүмкіндік туғызады.

Темір жолдардағы барлық СОБ құрылымдарын ең үлкен үш топқа бөлуге болады:

  • Сигнализация құрылымдары (С) - станциялар мен аралықтардағы поездардың келу, кету және маневр жасау жұмыстарын басқаратын жұмыс иелеріне нұсқау береді.

  • Орталықтандыру құрылымдары (О) - тек қана станцияларда қонданылады; онда орналасқан бағыттамалар мен бағдаршамның өзара жұмыстарын бір орталықтан басқаруға жағдай тудырады. Бұл жұмыстар автоматтандырылған басқару және тексеру құрылымдарымен іске асады.

  • Блокировка құрылымдары - станция және оның бөлімдері арасында, перегондағы блок-бөлімшелердің арасында поездар жүру-тұру, тоқтау кездерінде өзара байланыс жасауға жағдай тұғызады.

Ал енді осы үш топқа мынадай СОБ құрылымдары кіреді:

1.Сигналдар - бұның құрамына бағдаршамдар (светофорлар) мен арнаулы белгілер кіреді.

2.Электрожезлдік құрылым - жалғыз теміржолдық жүйеде қолданылады. Поезді перегонға шығарар алдында оның машинистіне арнаулы темірден жасалған қондырғы - жезл беріледі.

3.Жартылай автоблокировка - бұл жүйеде поездардың перегондағы жүріс-тұрысы электр тоғының әсерімен ашылып-жабылатын арнаулы сигнал арқылы басқарылыды.

4.Автоблокировка - ең жоғарғы сапалы құрылым. Бұл құрымда темір жол бөлімдерінің бостығы мен рельстердің бүтіндігі тексеріліп және поездар жүріс-тұрасын реттейтін перегондық сигналдар автоматика жүйелерімен басқарылады. Бұл жүйелер адамның қатысуынсыз жұмыс істейді.

5.Автоматтандырылған локомотив сигнализациясы және автотоқтау - пергондағы бағдаршамның көріністерін рельс арқылы локомотивтегі жүргізушінің отырған жеріндегі локомотивтік бағдаршамға қайталап көрсетіп және жабық сигналдың алдында поезды тоқтауға мәжбүр етеді.

6.Автоматтандырылған өткел сигнализациясы және автотоспа - теміржол өткелдерінде орналастырылады. құрылымның мақсаты - өткелге тақалған автокөлік иелерін поездың тақалып қалғанын ескерту.

7.Жол бағдарын (маршрут) тексеруші құрылымдар - станция кезекшісінің бағыттамашы жұмысшысының маршрутті дұрыс ұйымдастырғанын тексеруге арналған.

8.Электрлі орталықтандыру - бос емес жолдарға поездарды қабылдамау жағын ұйымдастырады және бір орталықтан электротетік арқылы ағыттамалардың жұмысын басқара отырып сигналдар мен бағыттаманың өзара қарым-қатынасын ұйымдастырады .

9.Диспетчерлік орталықтандыру - бір орталықтан көптеген станциялар мен разъездердің сигналдар менен бағыттамалардың өзара жұмыстарын басқаруға мұмкіндік туғызады.

10.Дөңестік автоматтандырылған орталықтандыру - сұрыптау дөңестерінде электротетік және вагондар жүрісінің жылдамдығын азайтатын құрылымдар арқылы поездар жүйесін құрастырады.