
- •Бағдарламасы Алматы 2012
- •Мазмұны
- •І. Диплом алдындағы өндірістік тәжірибенің мақсаттары, міндеттері және орны
- •2. Тәжірибені ұйымдастыру, өткізу және басқару тәртібі
- •3. Тәжірибеден өтетін студенттің міндеттері
- •4. Өндірістік тәжірибенің мазмұны
- •4.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде диплом алдындағы өндірістік тәжірибені өту мазмұны мен бағдарламасы:
- •4.2 Қазақстан қор биржасы (kase ) мен Еуразиялық сауда жүйесінде (етs) диплом алдындағы өндірістік тәжірибені өту бағдарламасы және мазмұны
- •4.3. Қазақстан Республикасының екінші денгейлі банкінде диплом алдындағы өндірістік тәжірибені өту мазмұны мен бағдарламасы
- •4.5. Қр Сақтандыру Компаниясында өндірістік тәжірибені өту мазмұны мен бағдарламасы
- •4.6. Инвестициялық қорларда өндірістік тәжірибені өту мазмұны мен бағдарламасы
- •4.7. Қазақстан Республикасының экономикасының нақты сектор кәсіпорындарында өндірістік тәжірибені өту мазмұны мен бағдарламасы
- •4.8. Орталық Депозитарийде диплом алдындағы өндірістік тәжірибені өту мазмұны мен бағдарламасы
- •4.9. Микронесиелік ұйымдарда, ломбардтарда, несиелік серіктестіктерде диплом алдындағы өндірістік тәжірибені өту мазмұны мен бағдарламасы
- •5. Өндірістік тәжірибе бойынша есептілікті құрастыру және қорғау
- •Есептілік құрылымы:
- •Есептілікке қосымшалар:
- •6. Өндірістік тәжірибені өту жөніндегі есептілікті қорғау
- •Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭу «Қаржы» факультетінің IV курс студентінің өндірістік тәжірибеден өтуінің күнтізбелік жоспары
- •Банк бойынша есептілікке қосу үшін қаржылық-экономикалық көрсеткіштер кестелерінің ұсынылатын нысандары (және олардың талдамасы)
4.7. Қазақстан Республикасының экономикасының нақты сектор кәсіпорындарында өндірістік тәжірибені өту мазмұны мен бағдарламасы
№ р/р |
Жұмыстардың атауы мен мазмұны |
1 |
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметімен танысу: миссиясы, стратегиялық мақсаты, міндеттері, қызмет түрлері, ұйымдастырушылық-құқықтық құрылымы, менеджменті. |
2 |
Компанияның Жарғысы мен оның қызметін реттейтін нормативтік құжаттардың мазмұнын зерттеу.Кәісіпорынның қаржыөэкономикалық бөлімдерімен танысу: міндеттері, қызметтері, құрылымы, қызметкерлердің міндететрінің жүктелуі, лауазымдық міндеттер, басқа бөлімдермен байланыстары.
|
3 |
Зерттеу объектілері бойынша нақты мәліметтерді жинау, зерттеу, талдау және жүйелеу. |
4 |
Компанияны оперативті қаржылық басқаруды зерттеу және талдау: - айналым активтерін басқару саясаты; - екінші деңгейдегі банктермен, жабдықтаушылар және сатып алушылармен байланыстар; - қойылымдар келісім шарттарын бекіту, олардың орындалуы және олардың қажетті ресурстармен қамтамасыздығы. Қаржылық санкциялар және оларды нақты қолдану; - бағалы қағаздар портфелін басқару саясаты; - ақша ағындарын басқару саясаты. |
5 |
Активтер мен пассивтерді, түсімдерді, шығыстарды талдау және қаржылық ресурстарды бөлу. Қаржы есебін, қаржылық коэффициенттерді, қаржылық тұрақтылықты, іскерлік белсенділікті, рентабельділікті, кәсіпорынның (банктің) бағалы қағаздар нарығындағы жағдайын талдау. Табыстар мен шығыстар құрамы мен құрылымын, операциондық рычагты, пайдасыздық нүктесін/рентабельділік шегі, қызмет түрлері бойынша қаржылық тұрақтылықты, компания өнімдерін, пайда массасын талдау. Кәсіпорынның пайласының бөліну механизмін және дивендтік саясатын зерттеу және талдау. Қарыз құралдарын тарту саясатын, қаржылық рычагты талдау. Капитал құрылымын (қызметті қаржыландыру көздері) талдау. Компанияның құралдарды ашық қор нарығынан IPO және акциялар эмиссисын жүргізу арқылы тарту тәжірибесі. Меншікті капитал талдау. Оны көбейту жолдары. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қарыз көздерін, соның ішінде банк несиелерін, кәсіпорынның кредиторлық қарыздарын талдау. Берілетін қарыздар мен тартылған депозиттердің мерзімі, сомасы, түрлері бойынша ара қатынастары. |
6 |
Кәсіпорынның қаржылық бақылау бойынша бақылау-талдау жұмысы Студент қызметтін келесі негізгі бағыттарын меңгеруі керек: - кәсіпорынның қаржылық бөлімдерінің тауар өнімін сатудан түскен түсімінің жоспарының орындалуын бақылау бойынша жұмысы (сатылым көлемі), басқа табыстары, пайдасы, ағымды шығыстары; - ағымды шығыстарды тұрақты және өзгермелі шығындарға бөлу тәжірибесі, олардың деңгейін бақылау; - кәсіпорынның операциондық рычагының деңгейін және қаржылық нәтижелерге әсерін бақылау; - кәсіпорынның рентабельділігін бақылау: өндіріс рентабельділігінің деңгейі мен динамикасын есептеу, тауарлы өндіріс рентабельділігі және шығарылған өнімдердің негізгі түрлерінің рентабельділігі (орындалған қызметтер мен көрсетілген қызметтер). Өнімдердің негізгі түрлерінің рентабельділігінің баға өсуден, өндіріс шығындарын төмендетуден және сатудан немесе басқа факторлардан өсу мүмкіндігін зерттеу; - компанияның айналым құралдарын тиімді қолдануды бақылау; - қаржылық жағдайды және банкроттылықты болдырмауға бақылау. |
7 |
Банкроттылықты диагностикалау және болжау Кәсіпорындарды қаржылық сауықтандырудың қазіргі механизмі және әдістері Компаниялардың бірігуі мен жұтылуы банкроттылықтан сақтау әдісі ретінде, олардың механизмі. |
8 |
Компанияның бағалы қағаздар нарығындағы қызметі. Компания акцияларының бірнеше жылдардағы нарықты құны,олардың табыстылығы, тәуекелдері және өтімділігі. |