тәжірибелік жұмыс
біліктілігін және білімін игеру;
тәжірибе базасында
әрекет ететін жұмыс режимін, ішкі
ережелерді және техникалық қауіпсіздік
талаптарын сақтау;
тәжірибе
бағдарламасында, күнтізбелік жоспарда
және тәжірибеден өту жоспарында
қарастырылған тапсырмаларды толық
көлемінде және уақытылы орындау;
кафедра жетекшісі
мен өндірістік тәжірибе базасы басшылығы
тарапынан берілген бұйрықтарды орындау;
кәсіпорын, ұйым
не фирманың коллективінің қоғамдық
жұмыстарына белсене қатысу;
бекітілген нысанда
күнделік ұстау, онда жұмыстың негізгі
кезеңдері тіркеледі (күнделікте
кәсіпорын тарапынан тағайындалған
тәжірибе басшысының қолы қойылуы тиіс);
өндірісітік
тәжірибе қорытындысы бойынша кафедра
бекіткен нысанда және уақытта есептілікті
ұсыну және қорғау. Есептілікпен қатар
кәсіпорын басшылығы берген
студент-практиканттың мінездемесін
ұсыну керек;
кафедра басшылығы
берген жеке тапсырманы орындау;
қорытынды біліктілік
жұмысын (дипломды жұмыс) жазуға қажетті
мәліметтерді, тәжірибелік ақпараттарды
жинау, талдау және жүйелеу.
Өндірістік тәжірибе
бағдарламасын орындамаған студент
дипломдық жұмысты қорғауға және
мемлекеттік емтихандарды тапсыруға
жіберілмейді.
Жұмыстардың
мазмұны мен тізімі өндірістік тәжірибе
өткізілетін база қызметінің түріне
негізделеді, жұмыстар тізімі төменде
келтірілген.
№ р/р
|
Жұмыс
атауы және мазмұны
|
1
|
Зерттеулер
және статистика департаменті
Келесі
мәселерді қарастыру:
|
|
1) ақша-несиелік
саясат саласында зерттеулер жүргізу,
оның экономиканың
жағдайына
әсерін бағалау, қаржы секторының
ағымдағы ахуалына
және даму перспективаларына
талдау
жасау;
2) ақша-несиелік
саясат бойынша
статистиканы,
қаржы секторы мәселелері жөніндегі
ақпаратты қалыптастыру және тарату,
халықаралық стандарттарға сәйкес
статистиканың методологиясын
жетілдіру;
3)
ақша-несиелік
саясаттың
құралдарын пайдалану жөнінде
зерттеулер
жүргізу және
ақша-несиелік
саясатының негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштерінің
болжамдарын
дайындау.
|
|
2
|
Төлем балансы
және валюталық реттеу департаменті
Келесі
мәселерді қарастыру:
|
|
1) халықаралық
методологиялық стандарттарға сәйкес
Қазақстан Республикасының
төлем
балансын, халықаралық инвестициялық
позициясын
және жалпы сыртқы
борышын бағалауды
қоса алғанда сыртқы сектордың
статистикасын
қалыптастыру мен тарату;
2) Қазақстан
Республикасындағы валюталық
құндылықтардың айналысы тәртібін
белгілеуді қоса алғанда Ұлттық
Банктің
валюталық
реттеу және валюталық
бақылау
саласындағы
саясатын методологиялық
және нормативтік қамтамасыз
ету және оны іске асыруға қатысу;
3) резиденттер
мен резидент
еместердің валюталық операцияларының
және ішкі валюта нарығындағы сұраныс
пен ұсыныс көздерінің мониторингі
бойынша жұмыстарды ұйымдық және
методологиялық қамтамасыз ету;
4)
экономиканың
сыртқы
секторының
ағымдағы жай-күйін және
оның
даму
перспективаларын талдау,
сыртқы сектордың
негізгі
макроэкономикалық
көрсеткіштерінің болжамын
дайындау.
|
|
3
|
-
Монетарлық
операциялар департаменті
|
Келесі мәселерді
қарастыру:
|
|
1) Ұлттық
Банктің ақша және валюта нарықтарындағы,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығындағы
операцияларын қоса алғанда, Ұлттық
Банктің ақша-кредит саясатын іске
асыру;
2) ҚРҰБ
Алтын валюта активтерін және ҚР
Ұлттық қорын басқару саласында
инвестициялық саясат қалыптастыру
және жүзеге асыру;
3)
капиталдың
және қаржы құралдарының халықаралық
нарықтарына талдау жасау және
бағалау,
Қазақстан
Республикасының ішкі қаржы нарығының
ахуалына жүйелі түрде талдау,
сыртқы сектордың
негізгі
макроэкономикалық
көрсеткіштерінің болжамын
дайындау.
|
|
4
|
-
Бухгалтерлік
есеп департаменті
|
Келесі мәселерді
қарастыру:
|
|
1) бухгалтерлік
есеп және қаржылық есептілік жүйесін
реттеу, сондай-ақ Секьюритизациялау
туралы Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес құрылған қаржы
ұйымдарында және арнайы қаржы
компанияларында бухгалтерлік есеп
жүргізудің автоматтандырылуын
бақылау;
2) Ұлттық Банктің
қаржылық есептілігін жасау және оны
басқа ұйымдарға (Президент Әкімшілігі,
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі, Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі және т.б.)
ұсыну;
3)
Ұлттық Банктің орталық аппаратының
бөлімшелері, филиалдары, өкілдіктері,
еншілес ұйымдары үшін Ұлттық Банк
жүргізетін барлық операциялар
бойынша халықаралық қаржылық
есептілік стандарттарына негізделген
бухгалтерлік есеп және есеп беру
саласында, салықтық есепке алу
саласында бірыңғай методологиялық
саясатты және қағидаттарды қамтамасыз
ету.
|
|
5
|
-
Ішкі аудит
департаменті
|
Келесі мәселерді
қарастыру:
|
|
1) тәуекелдерді
басқару тиімділігін бағалау;
2) ішкі бақылау
жүйесінің сенімділігін және
тиімділігін бағалау;
3) түрлі деңгейдегі
шешімдер қабылдау кезінде белгіленген
рәсімдер мен өкілеттіктердің
сақталуын бақылау;
4)
мемлекеттік қызмет көрсету сапасын
бақылау жұмысын ұйымдастыру.
|
|
6
|
-
Қолма-қол
ақшамен
|
Келесі
мәселерді қарастыру: жұмыс
департаменті
|
|
1) Қазақстан
Республикасының Президенті бекіткен
Ұлттық валюта - қазақтандық теңге
банкноттары мен монеталарының
дизайны тұжырымдамасы негізінде
банкноталар мен монеталардың
номиналдары және дизайнының құрылымы
бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ
қолма-қол ақша айналысы үшін қажет
банкноталар
мен монеталарды дайындау көлемі
жөніндегі ұсыныстарды Ұлттық
Банк Басқармасына дайындау және
бекітуге ұсыну;
2) ұлттық
валютаның ақша белгілерін шығару,
олардың айналысын және оларды
айналыстан алуды ұйымдастыру жөнінде
Ұлттық Банктің ерекше құқығын
қамтамасыз етуге бағытталған
іс-шараларды жүргізу;
3) айналысқа
шығарылған банкноталар
мен монеталардың төлем
қабілеттілігінің, тозған және
бүлінген ақша белгілерін айналыстан
алу және жоюдың тәртібі мен
белгілерін айқындау;
4)
банкноталар
мен монеталарды сақтау, тасымалдау
және инкассациялау, банкноталар
мен монеталардың резервтік қорларын
(бұдан әрі – резервтік қорлар) құру
және жоспарлау тәртібін айқындау.
|
|
7
|
-
Төлем жүйелері
департаментi
|
Келесі мәселерді
қарастыру:
|
|
1)
Қазақстан Республикасының төлем
жүйелерінің қызмет етуін қамтамасыз
ету;
2) Қазақстан
Республикасында төлемдер мен ақша
аударымдарын жүзеге асырудың
тәртібін, жүйесін және нысандарын
анықтау;
3) банктердің
корреспонденттік шоттарын ашу және
жүргізу, аударым операцияларын,
банкаралық клиринг жүргізу, төлем
карточкаларын шығару, аккредитив
ашу (ұсыну) және растау және олар
бойынша міндеттемелер орындау
тәртібін, сондай-ақ Қазақстан
Республикасында чек кітапшаларын
шығару және вексельдердің айналымы
тәртібін айқындау;
4)
банктер арасында Қазақстан теңгесімен
ақша аударымдарын уақытылы және
үздіксіз жүргізуді қамтамасыз ететін
төлем жүйелерінің қызмет етуін
ұйымдастыру және қадағалау.
|
|
8
|
Операциялар
басқармасы
Келесі
мәселерді қарастыру:
|
|
1) Ұлттық Банкінің
әкімшілік-шаруашылық іс-әрекетімен
байланысты өткізілген операциялары
бойынша дұрыс, уақытылы
және толық есебін қамтамасыз ету;
2) Ұлттық Банкі
негізделіп отырған бухгалтерлік
есеп әдістері мен нормативтік
құқықтық актілеріне сәйкес,
бөлімшелердің өткізген есептік,
кассалық және басқа операциялардың
уақытылы
және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз
ету;
3)
Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есеп
шоттар жоспарына сәйкес монетарлық
емес қызметі бойынша операцияларын
баланстық және баланстан тыс
шоттарында дұрыс және ашық
көрсетуін қамтамасыз ету.
|
|
9
|
-
Бюджетті
жоспарлау және бақылау басқармасы
|
Келесі мәселерді
қарастыру:
|
|
1) Ұлттық Банктің
мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес
оның бюджетін (шығыстар сметасын),
кірістері мен шығындарының болжамын,
мемлекеттік сатып алулар жоспарын
қалыптастыру;
2) Ұлттық Банктің
бюджетін (шығыстар сметасын), кірістері
мен шығындарының болжамын жоспарлаудың,
олардың орындалуы туралы есептіліктің,
Ұлттық Банк ұйымдарының және Ұлттық
Банк акционері болып табылатын
акционерлік қоғамдардың қызметін
бизнес-жоспарлаудың, Ұлттық Банк
құрылымында баға белгілеудің және
өнім (жұмыс, қызмет) дайындау құнын
есептеудің бірыңғай методологиясымен
қамтамасыз ету;
3)
Ұлттық Банктің негізделген және
теңгерілген бюджетін, кірістері мен
шығындарының болжамын, мемлекеттік
сатып алулар жоспарын қалыптастыру,
олардың орындалуын талдау және
бақылау арқылы Ұлттық Банктің
қаражатын тиімді жұмсауды және
пайдалануды қамтамасыз ету.
|
|
10
|
ҚР
Ұлттық
Банкінің
қаржы
нарығын
және
қаржы
ұйымдарын
бақылау
мен
қадағалау
Комитеті
(ҚҚК)
Студент
келесі мәселерді қарастыруы қажет:
ұйым
жарғысығы және қаржы институттары
жүзеге асыратын негізгі операция
түрлері;
жарғылық
қор және құрылтайшылар;
ұйымның
ұйымдық құрылымын және оның басқару
құрылымын зерттеу;
бағалы
қағаз нарығы бойынша барлық
нормативті-құқықтық және инструктивті
құжаттарды мұқият зерттеу.
10.1. Талдау және
стратегияны басқару
Студент
өндірістік тәжірибеден өтуі барысында
келесі
мәселерді қарастыруы
қажет:
қаржы
ұйымдарымен және қаржы нарығын реттеу
мен қадағалау бойынша Комитетінің
есебін құру және талдау мәліметтері:
бағалы
қағаздар нарығын дамыту жөніндегі
бағдарлама құжаттарының жобаларын
құру;
сыртқы
көздерден және құрылымдық бөлімдерден
ақпаратты жинау және өңдеу процесі;
нормативті
–құқықтық базаны электронды түрде
актуализациялау;
басқа
мемлекеттердегі бағалы қағаз нарығын
және халықаралық қаржы нарығының
жағдайы туралы ақпараттарды жинау
және талдауды процесін зерттеу;
бағалы
қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының
қарым-қатынастарының тәртібі, бағалы
қағаздардың сатылуын ұйымдастырушылар,
бағалы қағаздар эмитенттері және
бағалы қағаздар нарығының басқа да
қатысушылары.
10.2.
Лицензиялау және қадағалауды басқару
Студент
өндірістік тәжірибені өту барысында
келесілерді білуі қажет:
бағалы
қағаздар нарығын реттейтін нормативті
– құқықтық актілерді пайдалана алу
тәжірибесін үйрену;
бағалы
қағаздар нарығының қатысушыларының
қызметінің қорытындысы бойынша есепті
қарастыру;
бағалы
қағаздар нарығының қатысушыларының
қаржылық жағдайын қадағалауды жүзеге
асыру процесімен танысу;
ұйымдастырылған
және ұйымдастырылмаған бағалы
қағаздар нарығындағы бағалардың
өзгеру мониторингінің процесін
зерттеу;
бағалы
қағаздарды ұстаушылардың реестрлерін
жүргізетін эмитенттердің және нарық
қатысушыларының қызметін тексеру
тәртібімен танысу;
бағалы
қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге
асыру үшін лицензия беру тәртібімен
танысу.
Студент сондай-ақ
келесілерді білуі керек:
бағалы
қағаздар нарығындағы қатынастарды
реттейтін нормативті – құқықтық
құжаттармен танысу;
бағалы
қағаздар нарығының субъектілерінің
қызметіне міндетті талаптарды
бекітетін нормативті – құқықтық
актілермен танысу;
лицензиялардың
және бағалы қағаздар нарығында
қызметті жүргізуге берілетін
рұқсаттардың Мемлекеттік реестрін
жүргізу тәртібімен танысу;
лицензия
беру және рұқсат беру үшін берілетін
құжаттарды тексеруді жүзеге асыратын
процеспен танысу;
ішкі
регламент қызметінің және бағалы
қағаздарды ұстаушылардың реестірін
жүргізу туралы ішкі ережелерді
тексеру тәртібімен танысу.
Практикант игеруі
керек:
бағалы
қағаз нарығындағы жұмыстарға мамандарды
дайындау бойынша типтік оқу
бағдарламасын оқып үйрену;
оқу
орталығының қызметіне қадағалау
тәртібі;
берілген
квалификациялық куәліктердің базасын
актуализациялау;
лицензия
беру тәртібі.
Тәжірибеден
өту барысында студент білу қажет:
зейнетақы
жүйесінің қызмет ету сұрақтары бойынша
нормативті- құқықтық актілерді;
зейнетақы
активтерін басқару бойынша компанияларды
тексеру тәртібін;
зейнетақы
активтерін инвестициялық басқару
бойынша қызметті жүзеге асыру үшін
, лицензия алу үшін берілген
арызданушыларды есебі мен құрылтайшылық
құжаттарын тексерудің тәртібі;
зейнетақы
активтерін инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйым банк-кастодиандардың
қызметінің нәтижесі туралы есеп беру
тәртібі.
10.3.
Корпоративті қаржыларды басқару
Осы
бөлімдегі студент қарастыратын
мәселелер:
бағалы
қағаздардың мемлекеттік реестіріне
мәліметтерді енгізу және өңдеу
процесі;
ақпарат
базасын шапшаң бақылау, өзектендіру
және жүргізу процесі;
бағалы
қағаздарға ұлттық идентификациялық
нөмірлерін бекіту бойынша жұмыстар;
акция
эмиссиясын және қайтарылуын (жабылуын)
мемлекттік тіркеу шығарылым бойынша
қорытынды есепті қарастыру және
АҚ-дың акцияларын орналастыру процесі;
бағалы
қағаздарды орналастыру және шығару
қорытындысы бойынша есептерді
қарастыру жұмыстары;
бағалы
қағаздардың айналысын және элементтердің
шығарылым шарты бойынша орындалуын
бақылау, акциялар эмиссиясының
проспектісін тексеру;
ашық
қоғамдардың акцияларымен ірі
келісім-шарттарды жүзеге асыру
шарттары бойынша орындалуын бақылау
процесі;
бағалы
қағаздар нарығына қатысты сұрақтар
бойынша жобаларды құру;
халықтық
қоғам беделін алу үшін жүргізілетін
жұмыстары.
|
11
|
Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы
қаласындағы өңірлік қаржы орталығын
дамыту Комитеті
Студент
өндірістік тәжірибені өту барысында
Алматы
қаласындағы өңірлік қаржы орталығын
дамыту комитетінің
құрылымымен
танысу керек. Осы департаменттің
қызметі бойынша талдау ақпаратын
жинау.
Процестердің
тұрақты нәтижелігін қамтамасыз ету;
Қаржылық
орталықтың қызметін қамтамасыз ететін
әдістемелік нормативтік құжаттарды
жинау және тарату
Арнайы
сату алаңында қаржылық құралдарды
зерттеу, дайындау және енгізу
басқа
қор биржаларымен қарым – қатынастарын
жасау, олардың тәжірибесін Арнайы
сату алаңы жұмысында қолдану
11.1.Әкімшілік-
қаржылық департамент
Негізгі
мақсаттарымен танысу:
департаменттің
қызметін ақпараттық, материалдық -
техникалық, қаржылық және кадрлық
ұйымдастырылуы;
құжаттардың
айналысы және жұмыстардың бағытталуы
менеджмент жүйесін жақсарту мақсатында
ұйымдастыру.
Негізгі
міндеттермен танысу:
мемлекеттік
қызмет аумағында АӨКО –мен біртұтас
саясатын ұйымдастыру;
Агенттіктің
бюджетін жоспарлау және оның орындалуы;
Агенттіктің
активтерінің сақтығын ұйымдастыру
мемлекеттік
сатып алуларды, тауарларды, жұмыс
және қызмет жүргізу және ұйымдастыру;
Агенттіктің
телекоммуникациялық –ақпараттық
жүйесін ұйымдастыру;
Агенттіктің
кадрлық құрлымын білу;
құжаттармен
жұмыс істеу;
құжаттарды
мемлекеттік тілге аударуды қамтамасыз
етенін құрлымды қамтамасыз ету;
Агенттіктің
менеджментінің жүйесін
еңгізуді
ұйымдастыру.
11.2. Тіркеу
департаменті
Қызметтің
негізгі мақсаттары мен міндеттерімен
танысу керек:
сапалы мемлекеттік
қызметтердің ұсынылуын қамтамасыз
ету;
АӨҚО
– ның қатысушыларының заңды тұлғалардың
қызмет етуіне жағдай жасау;
қаржылық
орталықтың дамуына бағытталған
іс-шаларды ұйымдастыру;
халықтың
қаржылық біліктілік денгейін және
инвестициялық мәдениетін көтеруге
бағытталған іс- шараларды ұйымдастыру.
|