Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка по практике 26.12.12.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.66 Mб
Скачать

2. Тәжірибені ұйымдастыру, өткізу және басқару тәртібі

Өндірістік тәжірибе экономиканың қаржылық секторының әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерінде ұйымдастырылады, атап айтсақ: ҚР Ұлттық банкі мен екінші деңгейлі банктерінде, Қазақстанның тауар және қор биржаларында, инвестициялық және брокерлік компанияларында, сақтандыру ұйымдары мен зейнетақы қорларында, микронесиелік ұйымдар мен несиелік серіктестіктерде жүзеге асырылады.

Студенттердің өтетін өндірістік тәжірибесінің сапалылығын қамтамасыз ету мақсатында тәжірибе Қазақстан Республикасының қаржы институттарында ұйымдастырылады.

Өндірістік тәжірибенің базасын студенттің өзі «Қаржы нарығы және банктік бизнес» кафедрасымен келісе отырып таңдайды.

Өндірістік тәжірибеден өту базасы мен жетекшіні бекіту студенттің оған кәсіпорын (ұйым), яғни тәжірибе базасы тарапынан берілетін кепілхатты ұсынуы негізінде университеттің беретін бұйрығы арқылы жүзеге асырылады.

Тәжірибеден өту мерзімі Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ ректорының бұйрығы негізінде анықталады.

Әрбір студент өндірістік тәжірибе бойынша жетекшілерімен бірге тәжірибені өткізудің жеке күнтізбелік жоспарын жасайды, оған студенттің меңгеруіне тиіс барлық орындалатын жұмыстары кіреді. Онда қаржы институтының/ұйымның бөлімдері, жұмыс мазмұны және оны орындау мерзімі көрсетіледі. Кәсіпорын (ұйым немесе фирма) басшысы тарапынан күнтізбелік жоспардың бекітілуі маңызды, ол өз кезегінде басқа да қажетті бөлімдердің қызметімен танысуға ресми рұқсат алуға мүмкіндік береді.

Өндірістік тәжірибеден өту мерзімінде әрбір студенттің күнделігі болады, онда орындалған жұмыс көлемі мен мерзімі тіркеледі. Күнделік үнемі тәжірибе базасының басшылығы тарапынан тексеріледі және қолы қойылып отырады.

Тәжірибе кезінде студенттер ұйымның қаржылық қызметінің негізгі бағыттарымен толық танысулары керек. Тәжірибе барысында студенттің зерттейтін негізгі мәселелері кестеде беріледі Тәжірибе өту үшін арналған сұрақтар

Сұрақтар атауы

1

Диплом алдындағы тәжірибе тапсырмаларын және жоспар-графикті дайындау

2

Қаржы-несиелік ұйымдардың қызметінің нормативтік-құқықтық негіздерін зерттеу

3

Ұйымның ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымын анықтау

4

Қаржылық құжаттардың, қаржылық есеп формаларының, құжаттар айналым сызбаларының түрлерін зерттеу

5

Соңғы үш жылдағы шолу және есеп-талдау кестелерін құру

6

Қаржы ұйымының пассивті және активті операцияларын талдау

7

Ұйымның меншікті қаржы ресурстармен қамтамасыздығының негізделуі

8

Ұйымның сипаттамасы

9

Банктңғ инвестициялық қызметін талдау

10

Ұйымның қаржылық қызметін зерттеу

11

Ұйымның қызметіндегі негізгі тенденциялар мен заңдылықтарды айқындау

12

Ұйымның қызметінің негізгі проблемалары мен перспективті бағыттарын

анықтау

13

Ұйымның қызметінің кейбір бағыттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау

14

Тәжірибе өтудің есебін дайындау

Тәжірибеге жалпы оқу-әдістемелік жетекшілікті Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ тарапынан « Қаржы нарығы және банктік бизнес» кафедрасы жүзеге асырады.

Өндірістік тәжірибеден өту үрдісіне жетекшілік ету және бақылау кафедра тарапынан тағайындалатын тәжірибе жетекшісіне және сәйкес кәсіпорын, ұйым басшысына жүктеледі.

Кафедра тарапынан тағайындалатын тәжірибе жетекшісі келесідей функцияларды орындайды:

  • студентке күнтізбелік-тақырыптық жоспар құру, бағдарламаның нақтылы шарттарына сәйкес тәжірибеден өтуі барысында күнделікті толтыру мәселелері бойынша кеңестер ұйымдастыру;

  • студентке қорытынды біліктілік жұмысы үшін қажетті мәліметтерді жинауға қатысты жеке тапсырмаларды дайындау;

  • тәжірибе бойынша барлық мәселелерге қатысты студенттерге кеңес беру;

  • дипломдық жұмысты жазу, өндірістік тәжірибеден өткендігін растайтын есеп үшін қажетті мәліметтерді жинау және талдауға қатысты әдістемелік көмек беру;

  • студенттің өндірістік тәжірибесінің есебіне қысқаша пікір жазу;

  • есептіліктерді қабылдау, олардың сапасын бақылау, орындалған жұмысты бағалау;береді.

  • студенттерге қажетті әдістемелік көмек көрсетеді және тіжірибенің мерзімі мен мазмұнына мониторинг (бақылау) жасайды;

  • тәжірибе базасында қажетті еңбек жағдайларының қамтамасыз етілуін, ішкі еңбек тәртібінің орындалуын бақылайды;

  • қажеттілік бойынша, бірақ кем дегенде аптасына бір рет тәжірибе жетекшісі күнделікті қарап, қойын қойып тұрады.

  • студенттерді тәжірибелік дайындауды жетілдіру бойынша ескертулері мен ұсыныстарымен бірге тәжірибе өту жайлы өзінің есептерін береді.

Тәжірибе нәтижелерін анықтап,студенттердің білімдерін бағалау үшін кафедра меңгерушісі комиссия тағайындайды. Талдау нәтижесі бойынша комиссия студентті екінші рет тәжірибе өтуге қалдыруы мүмкін. Тәжірибені қайталап өту мерзімдерін және жағдайларын факультет деканы әрбір жағдайд үшін ПРО ҚазЭУ 707-08 –ге сәйкес бекітеді. Тәжірибе бағасы диплом қосымшасына тіркеледі.

Кәсіпорын (ұйым, фирма) тарапынан өндірістік тәжірибе басшылығының функциялары қатарына келесілер жатады:

  • берілген бағдарлама көлемінде студенттердің өндірістік тәжірибесін ұйымдастыру;

  • білікті мамандар тарапынан әрбір жұмыс орындарында жетекшілер таңдау және олардың практиканттармен жұмысына бақылау жасау;

  • тәжірибеден өтетін студенттерді жұмыс орындарына бөлу;

  • студенттердің жұмысы үшін қажетті жағдайлар жасау: орналастыру, фактілі мәліметтерді алуда көмек көрсету, кеңес беру қызметін ұйымдастыру және т.с.с.;

  • студенттерге қызметтік пәні мен тәжірибе бағдарламасын орындауына қатысты тиісті талаптарды қамтамасыз ету;

  • әрбір тәжірибеден өтетін студенттің жұмыстары бойынша мінездеме беру. Мінездемеде студенттің тәжірибе бағдарламасын орындау сапасы мен деңгейін, оның жұмысқа деген қатынасын, творчестволық белсенділігін, қаржыларды басқару бойынша кеңестерді жүзеге асыру қабілеттілігін, өзін-өзі көрсете білуін, еңбек тәртібін, өндірістік біліктілікке бейімділігін, кәсіби дайындық деңгейі атап көрсетіледі.

  • өндірістік тәжірибені өту соңында жасалған және қорғауға дайындалған есептіліктің қорытынды нұсқасын тексеру.