Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка по практике 26.12.12.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.66 Mб
Скачать

Есептілік құрылымы:

  1. Шаруашылық жүргізуші субъектінің жалпы сипаттамасы (құқықтық және техникалық-экономикалық), қызмет түрлері;

  2. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы бөлімдерінің (коммерциялық банк бөлімдері, салық инспекциясы және басқа да зерттеу объектілерінің бөлімдері) сипаттамасы және жұмыс талдамасы;

  3. Компаниядағы оперативті және стратегиялық қаржылық басқаруды ұйымдастыру;

  4. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызмет тиімділігін бағалау;

  5. Кәсіпорын қызметін қаржылық жоспарлау және болжау;

  6. Компанияның қаржылық менеджментін жетілдіруге қатысты ұсыныстар;

  7. Қорытынды;

  8. Пайдаланылған әдібиеттер тізімі (ақпараттар көзі);

  9. Қосымшалар (жылдық қаржылық есептілік (көрсеткіштерді 3 жылдан кем емес уақыт динамикасында көрсету керек), компания мен қаржылық-экономикалық бөлімдерінің ұйымдық құрылымы, нақты және статистикалық мәлімет кестелері, графиктер, зерттеу тақырыбына байланысты мәліметтер).

Есептілікке қосымшалар:

  1. Кәсіпорын (ұйым/мекеме) тарапынан тағайындалған өндірістік тәжірибе жетекшісінен берілетін практикант-студенттің жұмысын сипаттайтын, жетекшінің қолы мен мөрі қойылған мінездемесі;

  2. Өндірістік тәжірибеден өту орнына байланысты жетекші тарапынан бекітілген және мөрімен куәландырылған күнтізбелік-тақырыптық жоспар (қосымша 1);

  3. Қол мен мөрмен куәландырылған өндірістік тәжірибеден өту күнделігі;

  4. Практикант-студенттің келуі мен кетуі жөніндегі бағыттама-жолдама;

  5. Студенттің дипломдық жұмысына компания жетекшісі тарапынан берілетін рецензия;

Барлық қосымша мәліметтер талаптарға сәйкес безендіріліп, іс-папкісіне ұқыпты тігілуі тиіс. Қосымшаларды қоса есептіліктің жалпы көлемі 40-60 бет болуы керек.

Текстті енгізу барысында келесідей жиек мөлшерлерін сақтау керек: сол жағынан – 3 см, оң жағынан – 1,5 см, үстіңгі және төменгі жағынан – 2 см-ден. Шрифт өлшемі кегль 14. Беттердің нөмірленуі титулдық беттен бастап реттілікпен және араб цифрлерімен, беттің астыңғы жағында ортасынан орналасуы тиіс.

Титулдық бет нөмірленбейді және бірегей нысаны бар, ол 2-қосымшада көрсетілген. Есептіліктің титулдық бетінен соң «Мазмұны» қарастырылған бет орналасады, онда нақтылы бағдарламаның құрылымы және есептіліктің әр позициясына (бөлім, параграф) сәйкес келетін бет нөмірлері бейнеленеді.

Қорғауға ұсынылған есептілік мәнінің өндірістік тәжірибе бағдарламасының мазмұндық талаптарына сәйкес келуіне ерекше назар аударылуы тиіс.

Есептілікті бағдарламаны орындау сапасы мен толықтығына байланысты тексеру оның пунтері арқылы оңай жүзеге асырылады. Сәйкесінше, практикант жасалған есептіліктің сапасының оның көлеміне емес, жасалған зерттеу және талдамалық жұмысқа, сондай-ақ қорытындылар мен ұсыныстарға байланысты екендігін естен шығармауы тиіс.

6. Өндірістік тәжірибені өту жөніндегі есептілікті қорғау

Өндірістік тәжірибе аяқталған соң, универстиетте «Қаржы» кафедрасында өндірістік тәжірибе есептілігін қорғау ұйымдастырылады.

Есептіліктерді қорғауға өндірістік тәжірибенің барлық талаптарын орындаған және ғылыми жетекшісіне диплом жұмысын ұсынған студенттер жіберіледі.

Есептілікті кем дегенде үш адамнан құралатын комиссия қабылдайды:

  • кафедра тарапынан тәжірибе жетекшісі;

  • кафедра оқытушылары;

  • есептілікті қорғау барысында өндірістік тәжірибені өткізу объектісі – компания тарапынан тағайындалған жетекші қатысуы мүмкін.

Есептілікті қорғау үрдісінде өткізілген өндірістік тәжірибенің сапалық деңгейі, кәсіпорынның оперативті қаржылық басқару мәселелері мен қаржылық жоспарлау шараларын кәсіби ұйымдастыру, студенттің кәсіпорынның қаржылық қызметінде айқындаған кемшіліктері мен оларды жақсарту жолдары бойынша көзқарасы анықталады. Сондай-ақ даярланған есептіліктің безендірілу сапасы, бағдарлама мен безендірілу талаптарында қарастырылған мәселелерді қамту тереңдігі ескеріледі.

Есептілікті қорғау нәтижелеріне сәйкес баға қойылып, мінездеме жазылады.

Өндірістік тәжірибе бойынша есептілікті қорғамаған студенттер мемлекеттік емтихан тапсыруға жіберілмейді және академиялық қарызы бар студенттер университеттен шығарылуы мүмкін.

Қосымша 1

«Бекітемін»

Жетекші________________

«_____»________________2013ж.