
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешенін кафедрасының доценті, п.Ғ.К. Аманжолова а.А. Дайындады__________________________________________________ пәндері кафедра отырысында талқыланды
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі Қазақ гуманитарлық заң университеті экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі
- •Пәнің тақырыптық мазмұны
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Пән бойынша соөж тапсырмалардың өткізуінің және мазмұнының графигі
- •Пән бойынша сөж тапсырмалардың орындауы және тапсыру графигі
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •І рейтинг сұрақтары
- •Іі рейтинг сұрақтары
- •1 Практикалық сабақ
- •2 Практикалық сабақ
- •3 Практикалық сабақ
- •4 Практикалық сабақ
- •5 Практикалық сабақ
- •6 Практикалық сабақ
- •7 Практикалық сабақ
- •8 Практикалық сабақ
- •8 Практикалық сабақ
- •9 Практикалық сабақ
- •10 Практикалық сабақ
- •Емтихан сұрақтары
- •Батыс Еуропа халықтары
- •Демографияның пәні, объектісі, ұғымдары.
- •Батыс Еуропа халықтары
- •Демографияның пәні, объектісі, ұғымдары.
- •Глоссарий
- •Әлеуметтік – психологиялық бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, соөж сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Әлеуметтік – психологиялық пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік – психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
- •1 Дәріс. Этнография пәні, зерттеу обьектісі, ұғымдары.
- •Этнографияның ғылым ретінде қалыптасып дамуы, оның мақсаты мен міндеттері, даму кезеңдері
- •Демография және басқа ғылымдарның пәні
- •3 Дәріс. Әлем халықтарының негізгі классификациясы
- •1.Әлем халықтарының географиялық, антропологиялық, тілдік,
- •2. Ресей демографиясының тарихи ерекшелігі
- •6 Дәріс. Орта Азия халықтарының этникалық тарихы және этногенезі.
- •Халықтардың этникалық тарихы.
- •Аймақ бойынша этникалық прцестердің даму ерекшеліктері.
- •9 Дәріс. Еуропа халықтарынның этникалық тарихы
- •Болашақ мамандарды дайындаудағы ғылымның ролі және негізгі мағыналар, ұғымдар және категориялар.
- •Қазіргі заман жағдайындағы қр-ның демографиялық саясатының негізгі бағыттары..
- •12 Дәріс. Миграция формалары мен негізгі бағыттары.
- •1.Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- •2.Халықтың көші-көны. Хх ғ. 20-40 жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •13 Дәріс. Қазақстан Республикасындағы хх ғасырдың 70-90 ж.Ж
- •1.Қазақстанның әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайы.
- •2.Халықтың құрамындағы демографиялық жағдайлар
- •15 Дәріс. Халықтың көші-қоны: оның формалары, түрлері, ерекшеліктері және мәселелері.
- •1. Көші-қонның типтері және формалары
- •2. Әлеуметтік-экономикалық салдарлары.
12 Дәріс. Миграция формалары мен негізгі бағыттары.
Жоспар:
1.Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы.
2.Халықтың көші-көны. Хх ғ. 20-40 жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
Миграция - [лат. migratio - көші- қон, қоныс аудару] - адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала және т.б.). Осы негізде ең алдымен, халықаралық (мемлекетаралық) және ішкі миграцияны анықтайды. Ӏшкі көші-қон ел халқының жалпы санын өзгертпейді, халықаралық көші-қон әлем елдеріндегі халық санының өзгеруіне әкеледі, көбіне азаматтықты өзгерту орын алады. Сондай-ақ қала ішіндегі аумақтық көші-қондар ("қала-қала"), ауылдық жерлердегі ("ауыл-ауыл"), қалалық және ауылдық жерлердің өзара көші-қон алмасуы ("ауыл-қала", "қала-ауыл"). Мерзімдік белгілеріне қарай қайтып оралмайтын (ішкі көші-қон, эмиграция, иммиграция) және қайтып оралатын миграция (ұзақ мерзімді, мезгілдік, үздік- создық, ауық-ауық көші-қон) түрлері анықталған. Түрлеріне қарай ерікті, мәжбүрлі, заңсыз көші-қон болып бөлінеді. Халықтың көші-қоны себептеріне қарай жіктеу де аса маңызды. Келесідей себептер анықталады:
экономикалық,
әлеуметтік,
әскери,
демографиялық (отбасы бірлесуі, некелік миграция),
мәдени,
саяси,
діни және
этникалық.
Халықтың көші-қонын жекелеген елдердің, аймақтардың және жалпы әлемнің экономикалық-демографиялық дамуына елеулі әсер етеді.
13 Дәріс. Қазақстан Республикасындағы хх ғасырдың 70-90 ж.Ж
Жоспары:
1.Қазақстанның әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайы.
2.Халықтың құрамындағы демографиялық жағдайлар
Тарихи жазылған мәліметтерге қарағанда тұрғындар осы уақытқа дейін көп зерттеушілерді қызықтырады, соның ішінде 70 ж.ж. республикада болған демографиялық процестер қазірге дейін қызықтырады.
Ғалымдардың алдында республиканың даму кезеңіндегі барлық тарихи-демографиялық зерттеулерді игеру мәселесі тұр, яғни Қазақстанның халқы 1916 жылдары қазақтардың қырылып жойылуы, 30 жылдардың басындағы геноцид, Ұлы Отан соғысындағы көп қырылу қазіргі демографияға үлкен әсер етеді, бірақ толық зерттелмеген.
Осы берілген жұмыстардың авторлары төмендегідей мақсат қойды: 70 жылдардың соңынан бастап осы уақытқа дейінгі уақытта Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық аспектілерін қарастырып, бұл кезеңдегі жаңалықтар мен өзгерістер КСРО және соған қоса Қазақстанның да әлеуметтік –экономикалық және саяси өміріне әкеледі. «Қайта құру» кезеңі, Одақтың құлауы және Егемен Қазақстан Республикасының құрылуы демографияға, аймақ халқы санының динамикасына, миграциялық процестерге, халықтың сапалық мінездемесіне көмектеседі. Бұл осы жылдар тәжірибелерінің негативті және позитивті түсінігі, ал қазіргі уақытта нарықтық қатынасқа түсу барысында жас мемлекет тарапынан тұрғындардың мәселесі тұрақты қатынасты талап етеді.
Осы мәселелерді өз уақытында шешу, демографиялық саясатты дұрыс ойлау көп жағдайда қоғамдағы тұрақтылықтан тәуелді, сонымен қоса Қазақстан Республикасының шынайы экономикалық тәуелсіздігіне жетуге және қазақ ұлтын дамытуға әкеледі [16].
Демографияны зерттеу қиын және ол көптеген философтардың, экономистердің, социологтардың, демографтардың бірігіп жұмыс істеуін талап етеді. Сондықтан авторлар өздеріне төмендегідей міндеттерді қойды:
-Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуымен де тығыз байланысты екендігін көрсету;
-Халықаралық және ішкі республикалық миграцияның қала және ауыл халқына әсерін байқау;
-Тұрғындардың сапалық мінездемесі қалай өзгеретінін көрсету - яғни оның әлеуметтік, кәсіби құралы, білім деңгейі;
-Миграциялық тұрғындардың ұлттық құрылымының өзгеруіне әкелерін көрсету;
-Халықтың денсаулығына және біліміне назар аудару;
-Өнеркәсіптің химиялық және ядролық өндірістің экологиялық жағдайға әсер етуі;
Жұмыстарды назарда маңызды қайнаркөздер болып Қазақстан үкіметі экономикалық, әлеуметтік, ұлттық және демографиялық жылнамалар, мұражайлық құжаттар және периодикалық баспалар маңызды болды.
14 дәріс . Өтпелі экономика жағдайындағы ҚР-ның әлеуметтік-демографиялық дамуының сипатты белгілері.
Жоспары:
1.Урбанизацияның әлеуметтік мәні.
2.Республика халқының әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер.
3.Демографиялық процестердің даму ерекшеліктері.
Тәуелсіздік алған Қазақстанның демографиялық дамуы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатына да байланысты. Көп ұлтты Республикада ұлтаралық қатынастар дамуының тізгінін тең ұстап, сабыр мен салқындыққа негізделген саясат жүргізіп отырған Президент Н.Ә.Назарбаевтың аласапыран мына заманда алуан ұлттың өкілдерін ұлтаралық жарасым мен ынтымақта ұстауының өзі бүкіл әлемді таң қалдыруда. Қазақ елі ерте заманнан тыныш жатқан ел, достарын сыйлаған, дұшпанын аямаған ел. Қазіргі қазақ жұртының жеткен жетістіктері талай тарих тығырынан, сынақтан өтіп келген. Демография саласындағы көрсеткіштер де, қазіргі демографиялық жағдайымыздың бастауы да сол тарихтан жеткен. Енді сол тар жол, тайғақ кешуге көз жүгіртейік. Біз Қазақстан Республикасының Қазіргі демографиялық жағдайды қарастырмастан бұрын оның әр түрлі тарихи кезеңдерге байланысты өсіп кемігендігін қарастырайық.
Қазақстандағы соңғы жылдардағы демографиялық ахуал республикада бала туудың азаюы, өлім деңгейінің жоғарылығы, және халықтың көші-қонының едәуір ұлғаюының салдарынан қолайсыз деп бағаланып отыр.
Қазақстан Республикасының Халқының саны 2008 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің алдын-ала деректері бойынша 15620,6 мың адам болды. Республикада 16426,5 мың адам тұрған 1993 жылдың басымен салыстырғандағы халық саны 1584,6 мың адамға немесе 9,6 пайызға азайды.
1999 жылы бала туу 1000 адамға 14,2 баладан келіп, ХХ ғасырдың соңғы онжылдық ішінде ең төменгі коэффициент белгіленді, бұл республикада бала туудың ең шырқау шыңы белгіленген 1987 жылғы деңгейдің 55,3 пайызы болды. 2000 жылы бала туу деңгейі өсті, бала туу коэффициенті - 1000 адамға 14,69 баладан келді [62].
Профилактикалық медицина Академиясы мен Макро Интернешнл Инк 2006 жылы Қазақстанда жүргізген медициналық-демографиялық зерттеуі 1989 жылдан бергі кезең ішінде бала туу жиынтық коэффициенті (БТЖК) қазақ әйелдері арасында 3,6-дан 2,5-ке дейін, орыс әйелдері арасында 2,2-ден 1,4-ке дейін төмендегенін, ал Қазақстан бойынша жалпы БТЖК 2,9-дан 2,1-ге дейін азайғанын көрсетті. Осы орайда ауылдық жерлерде және қалада тұратын әйелдер арасындағы бір әйелге шаққандағы бала туу санының арақатынасы, іс жүзінде өзгеріссіз қалып отыр. Ауылдық жердегі әйелдердің БТЖК, іс жүзінде екі есе жоғары.
Бұл Қазақстанның демографиялық дамуына нақ ауылдық жерлерде тұратын әйелдер неғұрлым елеулі үлес қоса алатындығын, сондай–ақ экономикалық шектеулілік жағдайында халықтың осы тобына елеулі мемлекеттік және қоғамдық қолдау көрсетілуі қажеттігін аңғартады.
Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында басталған бала туу деңгейінің төмендеуі өтпелі кезеңнің залалдарынан туындап отыр.
Халықтың өсіп-өну денсаулығының көрсеткіші төмендеуде: түсік тастау гинекологиялық аурулардың жиілігін ұлғайтады, бала көтермейтін халге келтіреді, перинатальдық ауруларды көбейтеді, қаназдық денсаулық сақтаудың ең басты мәселелерінің бірі болып қалып отыр, еркектердің өсіп-өну жүйесі ауруларының саны көбеюі байқалады.
Халық арасында өлім деңгейі жоғары болып отыр. Өлім коэффициенті 2000 жылы 1000 адамға 10,1 адамнан келді, бұл 1990 жылғы деңгейден 27,8 пайыз жоғары.
Әлі күнге дейін сәбилер өлімі мен аналар өлімінің деңгейі, сондай-ақ еркектер өлімінің деңгейі жоғары болып қалыр отыр.
Халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығы төмен деңгейде қалып отыр. 1999 жылы 65,5 жас, ал еркектерде небары 60,3 жас болды [25]