Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК этнография и демография проверено, нет лек...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
642.05 Кб
Скачать

9 Дәріс. Еуропа халықтарынның этникалық тарихы

Жоспары:

  1. Болашақ мамандарды дайындаудағы ғылымның ролі және негізгі мағыналар, ұғымдар және категориялар.

  2. Қазіргі заман жағдайындағы қр-ның демографиялық саясатының негізгі бағыттары..

Әрбір елдің өз саясаты мен заңдары бар, олардың көзделген мүдделері де әр түрлі болады. Осы тұста, қазақ отбасыларының Қазақстанға көшіп келуі барысында кездесіп отырған кедергілерге тоқталып өтсек [6].

Бүгінгі таңда көршілес ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНДА бір миллионнан астам бауырларымыздың тұратындығы мәлім. Олардың басым көпшілігі Іле-Қазақ автономиялық облысын мекендеген. Өз ұрпағының келешегін ата-қоныспен жалғастыру ниетін білдірушілердің саны кейінгі кезде көбеюде. Қазіргі уақытта қазақтардың Қытайдан қоныс аудару мәселесі қазақ-қытай қарым-қатынасында маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Күрделігі мен ерекшелігін ескере отырып, бұл мәселе Қытай жағымен болған әр түрлі деңгейдегі кездесу мен келіссөздерде қаралып келеді.

Көші-қон мәселесі ең алғашқы рет Елбасы Н.Назарбаевтың 1993 жылы қазан айында Пекин ресми сапары, 1994 жылы сәуірде Шанхай кездесуі кезінде, 1993 жылы қараша айында Қытайға жасаған арнайы сапары барысында да талқыланып өтті. Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің басты міндеттерінің бірі – шет елде Қазақстан азаматтарының құқығын қорғаумен қатар, сырттағы қазақ диаспорасының ерікті түрде ата-жұртына қоныс аударуына жәрдемдесу. Сол себепті, жыл сайын өтетін қазақ-қытай консулдық қызмет басшыларының өзара басқосуында аталмыш тақырып үнемі көтеріліп отырады. Биылғы осындай Пекинде өтетін кездесуде де осы мәселені талқыға тағы да салмақпыз. Оралмандардың талап-тілектеріне байланысты, Қытай жерінде тұратын қазақ ағайындарымыздың көшіп-қонуына қолайлы жағдай жасау мақсатында 1995 жылы Қытай елшілігіне «Қытай халық Республикасында тұратын қазақ отбасыларының тарихи отаны Қазақстанға ерікті қоныс аударуы туралы екіжақты мемлекетаралық келісімнің » жобасын жолдаған болатын. Қытай тарапынан аталмыш жоба бойынша қанша сұрасақ та, әлі күнге дейін ресми жауап қайтармады.

Қазақстанға шетелдегі қандастарымыз келісімен тәртіптер бойынша жеке туыстық және заңды тұлғалардың шақыртулары арқылы келеді. Мұндай шақыртулар бойынша кейінгі жылдары Қытайдан біраз қазақ отбасылары елге қоныс аударды, басым көпшілігі Нарьчу провинциясынан. Алайда, соңғы кезде Қытай тарапы шақырту жасау тәртібіне енгізген өзгертулер бойынша, туыстық шақырту мен көшіп-қонуға шақыртуды бір-біріне тек бір әке, бір шешеден туған етене жақын адамдар ғана жасай алады.

Тағы бір айта кететін жайт, Шыңжан өлкесінен сырт елге шығатын, оның ішінде тұрақты тұруға шығатын азаматтар үшін арнайы шағын квота саны енгізілген.

10. Дәріс. Демография пәні, зерттеу обьектісі, маңызы.

Жоспары:

1.Республиканың халық санағының қорытындылары.

2.Халықтың құрамындағы сандық және сапалық өзгерістер.

3. Халықтың табиғи қозғалысындағы өзгерістер.

4. Демографиялық процестерде олардың көріну формалары.

Жалпылама түрде демографияны халық туралы ғылым деуге болады. Бірақта демографияның нақты екенін білу үшін бұл анықтама жеткіліксіз.

Тұрғындарды зерттейтін ғылымдар өздері зерттеп жатқан ғылымның атауын таңдауды ұзақ таңдады. «Демография» сөзі осы ғылым пайда болғаннан 200 жылдан кейін дүниеге келді. Оған дейін басқа терминдер де ұсынылды. Осы жаңа ғылымға атау берем деп тырысқан швейцар математигі Христофор Бернулли (Bernoulli Ch., 1782-1863). Ол 1841 жылы жаңа ғылымды «Популяционистика» атты кітабы жарық көрді.

Сонымен «демография» терминін ғылыми айналымға енгізген Француз ғалымы Ахилл Гийяр. 1855 жылы Парижде оның «Элементы статистики населения, или сравнительная демогрфия» атты кітабы шықты. Бұл кітапта А.Гийяр демографияны адамның нақты және әлеуметтік тарихы ретінде және тұрғындарды математикалық игеру, оның өзгерісін, физикалық, азаматтық, интеллектуалды және моральды шарттары ретінде анықтады.

Бұл анықтамаға демография бойынша XIX ғасырда қалыптасқан демография ретінде анықтады. Ол статистикалық суреттеу бейнесіне ие және өте кең көлемді тұрғындарды математикалық зерттеуден бастап оның интеллектуалдық және моральдық шарттарына дейін қамтыды. Ол «демография» сөзінің ежелгі грек тіліндегі мағынасына толық сәйкес.

А.Гийяр анықтамаға халықтың және бүкіл тұрғындардың әлеуметтік өмірі мен мінездемесін көрсетпеген жағдайда өте қиын. Соған қарамастан ұзақ уақыт бойы демографияның бұл анықтамасын кең көлемді таралды және оны көптеген ғалымдар ұстанды. Мысал ретінде, А.Гийярдың кітабының атын атауға болады, немесе басқа XIX ғасырда ірі ғалым Жак Бартийон (Bertillion J., 1851-1922) берген басқа атау: «Демократия» ұжымдық өмірді зерттеумен айналысады. Оның мақсаты қоғамның даму қайта құрылу, өрлеу немесе құлау себептерін зерттейді. Ол әр халықтың физикалық, өзіне сай ерекшеліктерін анықтайды. Ол елдің өмір сүруі үшін немен және қалай айналысатынын қарастыру; тағы да адамдар қалай және неге отбасын құратындығын, қанша мөлшерде көбейетінін және балаларды қалай тәрбиелейтіндігін қарасырады; Сонымен қатар ол адамдар қандай жағдайда, қай жаста және қандай себептермен өлетінін анықтайды [38].

Отандық әдебиетте «демография» термині ең алғаш рет 1872 жылы Е.Анучиннің «Значение статистики как науки и международный конгресс» атты еңбегінде қолданды. Сонымен қоса, Ресей ғалымдарының арасында да ол ұзақ уақыт бойы «Тұрғындардың статистикасы» атты түсінікке синоним ретінде қолданды. Мысалы, атақты орыс статистигі А.В.Фортунатов 1907 жылы демография туралы «популяционистика немесе тұрғындардың статистикасы» атты атау берді.

11 дәріс. ХХ ғасырдың 30 -40 ж Қазақстандағы әлеуметтік демографиялық ахуал.

Жоспары:

1 .Республиканың халық санағының қорытындылары.

2.Халықтың құрамындағы сандық және сапалық өзгерістер.

3.Халықтың табиғи қозғалысындағы өзгерістер.

4.Демографиялық процестерде олардың көріну формалары.

70-80 жылдары Қазақстанның революцияға дейінгі демография мәселелерін қарастырылған жұмыстар тізбесі пайда болды. Н.Е.Бекмахановтың «Қазақстандағы және Солтүстік Қырғызстандағы көпұлтты халықтың құрылуы (XVIII-60 жылдары XIXғғ басы)», «Капитализм эпохасындағы Қазақстан мен Қырғызстанның көпұлтты халқы (XIXғ. 60-жж.-1917 ж.)», Н.В.Алексеенконың «Революцияға дейінгі Қазақстанның халқы (1830-1914 ж.ж. саны, құрамы, құрылымы)», А.Ғалиевтің «Қайтақұрылым кезеңінің соңында Қазақстан тұрғындары: саны, ұлттық және әлеуметтік-кәсіби құралы» атты декларациясында, 1926 жылғы тұрғындардың Бүкілодақтық санағының материалдарының негізінде, мұрағатты және әдеби қайнаркөздермен халықтың құрамы 3 аспектіде қарастырылады: этнографиялық, тұрғындардың мінездемесі және әлеуметтік–кәсіби деңгейі. Автордың айтуынша Қазақстан тұрғындарының динамикасы тарих, шаруашылық-тұрмыстық, табиғи-климаттық, этно-демографиялық, әлеуметтік-кәсіби және тағы басқа факторладың өзара әрекеттесуі мен қиын саяси және экономикалық жағдайда қалыптасқан. А.Ғалиев басты назарын қазақ және орыс тұрғындарының жастық-жыныстық құрылымын зерттеуге бөледі. Қазақтардың отбасы құрылымына, тұрғындардың географиясына, әлеуметтік құрылымына және кәсіби құрамына талдау жасаған.

1926 жылы тұрғындардың Бүкілодақтық санағы материалдары негізінде тұрғындардың демографиясын өңдеуді И.Никифоров өзінің «Социалистік индустрализация тұсында Қазақстанның қалалық тұрғындары» атты мақаласында жалғастырды. Ол қала халқының статистикалық анализін жүргізді. 1920 ж. 20 тамызында , 1923 жылдың 15 наурызында және 1926 жылдың 17 желтоқсанында қарастырды.

А.Петров қала тұрғындары мәселесін «Қазақстан қалаларының тұрғындарының құрылуының аймақтық ерекшеліктері» атты мақаласын арнады (XX ғасырдың 60-70 ж.ж.). Онда автор өндірістік даму қала тұрғындарының бір жерде шоғырланып, көп болып дамуына әкеледі дейді.

80 жылдары Қазақстанның демографиялық мәселелері бойынша екі кандидаттық диссертация қорғалған. Бұл А.А.Алексеенконың «Социализмнің дамуы жағдайындағы Қазақстанның ауыл тұрғындары» (1959-1985ж.) (Өскемен, 1987 ж.). 1959,1969,1979ж.ж. санақ материалдары, 1985 жылы сайлау және КСРО-ның ЦСУ және КазКСР материалдарының негізінде автор мынандай мақсат қояды: тұрғындардың санының динамикасын, ұлттық және әлеуметтік кластың құрамын және оның қалыптасу дәрежесін зерттеу.

Екінші кандидаттық диссертация И.Д.Никифоровтыкі «Қазақстанның қалалық тұрғындары (1917-1939ж.ж.)». 1920,1923 (қалалық), 1926,1939 (басылымға шықпаған), 1959 жылдардағы халық санағы материалдарын, мұрағат анализінің материалдарын зерттеуге кешенді келіс негізінде қойылған мақсат: Қазақстанның қала тұрғындарының санын социализмге өту кезеңінде қалыптастыру, қала халқының құрылуындағы әдістер мен жолдардың негізгі заңдылықтарын қорытындылау және саны динамикасы, жастық-жыныстық және әлеуметтік құрылымын, танымдығын, білімдік деңгейін, еңбекпен қамтылғандығын қорытындылау.

Ф.Н.Базанованың «Қазақ КСР-ның тұрғындары құрылымының құрылуы және дамуы » атты моногрфиясында 1920 жылдан 1979 жылға дейін қамтитын Қазақстан халқының ұлттық құрылымының қалыптасуының қиын және көпжоспарлы тарихи кезеңін қорытындылайды. Онда бірінші рет аймақтық бөлімде Қазақстан тұрғындарының дамуының әлеуметтік-демографиялық аспектілері қарастырылады. Онда елде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық дамуда болатын және тарихи революциялық өзгерістер мен байланысты демографиялық өзгерістер қарастырылады және Қазақстанның болашаққа деген әлеуметтік-демографиялық даму болжамын береді [20].