- •Пәннің оқу-әдістемелік кешенін кафедрасының доценті, п.Ғ.К. Аманжолова а.А. Дайындады__________________________________________________ пәндері кафедра отырысында талқыланды
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі Қазақ гуманитарлық заң университеті экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі
- •Пәнің тақырыптық мазмұны
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Пән бойынша соөж тапсырмалардың өткізуінің және мазмұнының графигі
- •Пән бойынша сөж тапсырмалардың орындауы және тапсыру графигі
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •І рейтинг сұрақтары
- •Іі рейтинг сұрақтары
- •1 Практикалық сабақ
- •2 Практикалық сабақ
- •3 Практикалық сабақ
- •4 Практикалық сабақ
- •5 Практикалық сабақ
- •6 Практикалық сабақ
- •7 Практикалық сабақ
- •8 Практикалық сабақ
- •8 Практикалық сабақ
- •9 Практикалық сабақ
- •10 Практикалық сабақ
- •Емтихан сұрақтары
- •Батыс Еуропа халықтары
- •Демографияның пәні, объектісі, ұғымдары.
- •Батыс Еуропа халықтары
- •Демографияның пәні, объектісі, ұғымдары.
- •Глоссарий
- •Әлеуметтік – психологиялық бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, соөж сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Әлеуметтік – психологиялық пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік – психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
- •1 Дәріс. Этнография пәні, зерттеу обьектісі, ұғымдары.
- •Этнографияның ғылым ретінде қалыптасып дамуы, оның мақсаты мен міндеттері, даму кезеңдері
- •Демография және басқа ғылымдарның пәні
- •3 Дәріс. Әлем халықтарының негізгі классификациясы
- •1.Әлем халықтарының географиялық, антропологиялық, тілдік,
- •2. Ресей демографиясының тарихи ерекшелігі
- •6 Дәріс. Орта Азия халықтарының этникалық тарихы және этногенезі.
- •Халықтардың этникалық тарихы.
- •Аймақ бойынша этникалық прцестердің даму ерекшеліктері.
- •9 Дәріс. Еуропа халықтарынның этникалық тарихы
- •Болашақ мамандарды дайындаудағы ғылымның ролі және негізгі мағыналар, ұғымдар және категориялар.
- •Қазіргі заман жағдайындағы қр-ның демографиялық саясатының негізгі бағыттары..
- •12 Дәріс. Миграция формалары мен негізгі бағыттары.
- •1.Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- •2.Халықтың көші-көны. Хх ғ. 20-40 жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •13 Дәріс. Қазақстан Республикасындағы хх ғасырдың 70-90 ж.Ж
- •1.Қазақстанның әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайы.
- •2.Халықтың құрамындағы демографиялық жағдайлар
- •15 Дәріс. Халықтың көші-қоны: оның формалары, түрлері, ерекшеліктері және мәселелері.
- •1. Көші-қонның типтері және формалары
- •2. Әлеуметтік-экономикалық салдарлары.
6 Дәріс. Орта Азия халықтарының этникалық тарихы және этногенезі.
Жоспары:
Халықтардың этникалық тарихы.
Аймақ бойынша этникалық прцестердің даму ерекшеліктері.
Материалдық және рухани мәдениеттің дәстүрлері.
1991 жылы 9-11 мамыр аралығында Целиноградта өткен «Оралдағы, Сібірдегі, Орта Азиядағы және Қазақстандағы демографиялық процестер» атты конференцияда талданған. Негізгі тақырыптары: Республика тұрғындары санының динамикасы, Қазақстанның ұлттық құрамының құрылуы, тұрғындардың өнуі, ана мен баланың өлімі, миграциялық процестер және т.б. Б.Я.Двоскин «Қазақстан тұрғындарының санының динамикасындағы облысаралық айырмашылық», И.Д.Никифоров «Кеңестік Қазақстан қалалық тұрғындарының санының динамикасыт (республикааралық миграциялық материалдары негізінде)», Базанова Ф.Н. «Кеңестік Қазақстан тұрғындарының құрылымының ұлттық құрылуы (1920-1979ж.ж.)», «Кеңестік мемлекеттің миграциялық саясаты және оның өтпелі кезеңде Қазақстанда жүзеге асуы», Е.Қалдыбаев «Тұрғындардың миграциясының кейбір мәселелері», К.Е.Есенбеков «Қазақстандағы миграция», А.Н.Алексеенко «Миграцияның тығыздыққа әсері және Шығыс Қазақстандағы тұрғындардың ұлттық құрамы (1979-1989 жылдардағы материалдарға негізделген)», И.Н.Хаирлиев, И.С.Джусупов «Орталық Қазақстан тұрғындарының динамикасы», В.А.Амиреев «Қазақ КСР-дағы тұрғындардың туу тенденциялары», У.И.Искаков, А.Г.Айдаров «Республиканың тұрғындарының отбасылық жағдайының анализі», Н.А.Саллонова «Қазақстандағы ана мен бала өлімі мәселесі», М.Ж.Түлепбаев «Қызылорда облысындағы жалпы өлімнің динамикасы» және т.б.
Әлеуметтік-демографиялық процестерді зерттеу, соның ішінде 10 жылдық санақта зерттеу В.В.Козинаның кандидаттық диссертациясында қарастырылған. 1979-1989 жылдардағы Бүкілодақтық санақ материалдары негізінде республика тұрғындарының саны динамикасын, территориялық орналасуын, әлеуметтік құрамын, білім деңгейін, миграциядағы өзгерісін зерттейді. Бірінші рет демографиялық аспектіде химиялық және ядролық өлмнің экологиялық жағдайға әсерін және Қазақстанның әр түрлі аймақтарында әлеуметтік мәселелердің өршуін көрсеткен.
Халықтың орналасуы туралы сұрақтарға философтардың, экономистердің, географтардың көптеген еңбектері арналған: М.Тәтімовтың «Халықтың дамуы және демографиялық саясат», «Демографиялық процестердің әлеуметтік бейімділігі», Е.Гладышеваның «Тұрғындардың құрылуының ерекшеліктері және Қазақстанның еңбек ресурстарының қолдануының негізгі мәселелері», Е.Барабтарлоның «Халық режимінің өзгеру факторлары», А.Рогачеваның «Ауылдық еңбек ресурстары: өлім және қолдану», У.Кескибаевтың, И.Амереевтің «Біздің көбеюіміздің көрсеткіштері», У.Искакованың «Қазақстанның қалалары және олардың әлеуметтік-экономикалық мәселелері» .
7 дәріс. Америка халықтарының әлеуметтік-этникалық дамуы.
Жоспар:
1.Аймақ бойынша халықтардың этникалық тарихы және этногенез.
2. Этностардың тілдік ерекшеліктері.
3.Халықтың антропологиялық құрамы.
4.Мәдени өмірдің және шаруашылықтың формалары.
Америка Құрама Штаттарының халық санағы бойынша Бюросының мәліметіне сәйкес, Америка халқының саны 300 миллионға жетті. Осыдан 39 жыл бұрын ғана - 1967-нші жылы – АҚШ халқы 200 млн.-ға тең болатын. Халықтың осылайша жедел өсуі – иммигранттардың ағылып келуі, адам өмірінің ұзаруы және жаңа туғандардың тұрақты өсуі сынды бірнеше фактордың нәтижесі болып табылады. “Азаттық” Радиосы тілшісінің Вашингтоннан жолдаған хабарына қарағанда, осы 3 фактордың ішінен халық санының жедел өсуіне ең зор үлес қосқаны, дау жоқ, иммиграция болып отыр.
Кеңсесі Вашингтонда орналасқан Қоныс аудару саясаты Институтының мәліметіне сәйкес, әрбір 30 секунд сайын АҚШ-қа 1 адам иммиграцияға келеді. Бұл, Американың халық санағы бойынша Бюросының хабарына сәйкес, АҚШ халқы 17-нші қазан күні 300 миллионға жетті деген ұғымды білдіреді. Тексас университетіндегі халық саны бойынша зерттеу Орталығының директоры Марк Хэйуордтың (Mark Hayward) мәлімдеуінше, мұндай зор өсім сарапшыларды таң қалдырған жоқ.
М.ХЭЙУОРД: “Біз бірашама уақыттың ішінде өстік. Біздің халық Еуропа халықтарына қарағанда әлдеқайда жас. Оның бір сыры – Еуропа елдерімен салыстырғанда, біздің бала туу көрсеткішіміз біршама жоғары. Сонымен бірге дәл қазір біздің халқымыздың өсіміне маңызды үлес қосатын айтарлықтай иммиграция толқыны тағы бар”.
Осы күні АҚШ-та өмір сүретін, бірақ шетелдерде туып өскен шамамен 36 млн. адам бар. Хэйуорд бұл көрсеткішті Америкада азаматтықтың қайсыбір мәртебесіне ие болған адамға отбасын көшіріп алып келуіне мүмкіндік беретін АҚШ саясатының жемісіне жатқызады. 2003-інші жылы заңды түрде Америкада тұрақты қалуға рұқсат алған иммигранттардың 70 пайызы америкалықтың немесе АҚШ-тан баспана алған азаматтың туысы болған.
М.ХЭЙУОРД: “Өткен 20 жыл ішінде иммиграцияны “қоректендірген” нәрсенің бірі – иммиграция заңының отбасын біріктіру сәті болды. Айталық, осында келген иммигранттардың ақыр аяғында өздерінің отбасыларын көшіріп ала алғаны да, осылайша, өте маңызды жайт болды”.
Иммигранттар елдің жүзін танымастай өзгертті. АҚШ-тың халық санағы бойынша Бюросының есебі бойынша, халықтың 1/3-ін ақ нәсілділерден басқа этникалық топтар құрайды. Нью-Йорк халқының 36 пайызы және Лос-Анжелес қаласы халқының 40 пайызы шет елден келгендер. Американың Лос-Анжелес және Хьюстон сынды қалаларындағы Латын Америкасынан қоныс аударып келген иммгранттар – ең ірі этникалық топтар.
Испан тілділер – Латын Америкасынан көшіп келген мейлінше тез өсетін және Америкадағы азын-аулақ этникалық топтардың мейлінше ірісі болып табылады. Олар 43 миллионға тең. Одан кейінгі ірі топ – 40 миллионды құрайтын афро-америкалықтар. Үшінші болып – 14.5 миллионға жететін Азиядан шыққандар тұр. АҚШ-қа жаңадан келген заңды иммигранттардың тең жартысы 10-ақ елден – Мексика, Үндістан, Филиппин, Қытай, Сальвадор, Доминикан Республикасы, Вьетнам, Колумбия, Гватамела және Ресей сынды елдерден қоныс аударды. Ресей бірқатар елді “ығыстырып”, осы ондыққа таяуда ғана қосылды. Украина мен Босния және Герцоговина бұл ондықтан шығып қалды. Америка Құрама Штаттарындағы халықтың өсуі, негізінен, жақсы құбылыс болып табылады. АҚШ-тың халық сирек тұратын аймақтары әлі көп, демек қоныс аударушыларға жер әлі жетіп артылады. Бірақ, иммигранттар жұмыс табуға оңай ірі қалаларға шоғырланады. Осы күні иммигранттар Америкадағы барлық жұмыс күшінің 14 пайызын құрайды.
8 дәріс. Африка халықтарының этнографиясы.
Жоспары:
1.Халықтың антропологиялық құрамы.
2. Кельт бөлігінің және герман тобының халықтары.
3.Славян тобы халықтарының мәдениеті мен шаруашылығы.
4.Оңтүстік және шығыс славяндар: этникалық тарихы және тілдік ерекшеліктері.
Африка- Жердің, Евразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауданы -30,3 млн. км2, аралдарсыз -29,2 млн. км2.
Африка материгі Евразиямен тығыз байланысты: оларды тек Қызыл және Жерорта тенізі бөліп тұр. Африка мен Евразия шығыс жарты шардың біртұтас құрлық массивін құрайды, бұларды басқа материктерден мұхиттардың, орасан зор кеңістіктepi бөліп тастаған.
Материктің шеткі нүктелері солтүстікте - Эль-Абьяд мүйісі (37˚20' с.е.), оңтүстікте - Игольный мүйісі (34˚52'с.е.). Африка солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км созылып жатыр. Материктін eң жалпaқ бөлігі экватордан солтүстікте 10˚ пен 16˚ аралығында жатыр, мұнда Африка 17˚33 б. б. бастап (Альмади мүйісі), 51˚24 ш. б. (Хафун мүйісі) дейін созылып, ені 7500 км-ге жетеді.
Африка жағалауында аралдар онша көп емес. Олардың ішіндегі ең үлкені - Мадагаскар. Үнді мұхитында одан басқа Сокотра, Занзибар, Пемба, Мафия, Комор, Маскарен аралдары бар. Олар түгелдей дерлік материктен пайда болған және материкке таяу жатыр.
Атлант мұхитында материктік және вулкандық аралдар бар. Олар: Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс, Масиас-Нгема-Бииого, Принсипи, Сан- Томе, Аннобон.
Орографиясы жағынан әр түрлі және тым бөлшектенген Евразияғаа қарағанда Африканың жері керісінше бет кұрылысы біркелкі және пішінінің карапайым болуымен ерекшеленеді. Оның рельефінде биіктігі 200 метрден 1000 метрге дейін баратын жазықтар мен тау үстірттері басым. Жерінің 10 процентке жуығы ойпатты, ал 20 проценттен біраз астамы таулы болып келеді. Материктің шеткі бөлігі, әдеттегідей, ішкі аудандармен салыстырғанда көтеріңкі келеді. Олардың орташа биіктігі 750 метр кұрайды.
Африканың экватордың екі қапталындағы нсгізінен тропиктік-экваторлық кеңістік алабындағы орны жоғары температураның басым болуына себепші болса, ішкі бөліктерінің онша тілімденбеуі әрі тұйықтығы Африкаға тән континенттілік туғызады. Тегіс рельеeфтiң басым болуы және географпялық орны зоналықтың айқын көрінуіне жағдай жасайды. Табиғат жағдайлары біршама біртектес болып келетін ендікті бойлай созылып жатқан жалпақ өңірлер экватордан солтүстікке және онтүстікке қарай бірін-бірі заңды түрде алмастырады. Зоналық құрылым, әсіресе, материктің барынша сом және рельефі бірсыдырғы солтүстік бөлігінде айқын көрінеді.
Африкада халықтың ұдайы өсуі бүкіл дүние жүзінде ең жоғары қарқынға жеткенін біздер білеміз. Бұл едәуір дәрежеде көп балалы болуды қолдайтын ежелгі дәстүрлерге байланысты. Африкада "Ақшаң жоқ болса – кедейлігің. Ал балаларың жоқ болса – сорың" дейді. Оның үстіне, континенттегі елдердің көпшілігі белсенді демографиялық саясат жүргізбейді, соңдықтaн мұнда бала туу көрсеткіші ең жоғары дәрежеде болып отыр. Кенияда, Бенинде, Угандада, Нигерияда, Нигерде, Танзавияда бала туу 1 мың тұрғынға 50 нәрестеден асады, яғни ол Еуропадағыдан төрт-бес есе жоғары.
Африка әлі де халықтың өлімі ең жоғары аймақ болып отырғанымен, оның халқы өте тез өсуде және болжам бойынша 2000 ж. қарай ол 900 млн. адамға жетпек. Бұл балалар үлесінің өте жоғары болатынын, жұмысқа орналасу; білім беру, дeнcayлық сақтау проблемаларының одан әрі шиеленісетінін көрсетеді. Буған қоса, Африкадағы халықтың "сапасы" да ең төменгі дәрежеде, өйткені ересектердің жартысынан астамы сауатсыз, СПИД – пен ауыратындар да көбейіп барады.
Аса ала-қулалығымен көзге түсетін Африка халқының этникалық құрамына байланысты бірқатар проблемалар бар. Этнограф – ғалымдар континенттен 300-500 этносты бөліп көрсетеді. Олардың кейбіреулері, әсіресе Солтүстік Африкада қазірдің өзінде ірі ұлттарға айналған, бірақ көпшілігі әлі де ұлыстар деңгейінде қалған; рулық-тайпалық құрылыстың қалдықтары сақталуда.
Африканың азаттық алған елдері бір кезде этникалық ерекшеліктерді ескерместен жүргізілген отарлық шекараны мұра етіп алған. Оcының нәтижесінде көптеген біртұтас халықтар шекараның түрлі жағыңда қалып қойған. Мұның өзі осы уақытқа дейін этникааралық жанжалдар мен жер дауын туғызып отыр, бұл кейде әскери қақтығыстарға (Африка Мүйісі) , "этникалық босқындар" санының артуына ұласуда. Әлі күнге дейін Африка елдерінің көпшілігінің мемлекеттік (ресми) тілі бурынғы метрополиялардың тілі - ағылшын, француз, португал тілдері болуы да өткеннің мұрасы екені айқын.
Африкада халықтың орташа орналасу тығыздығы (1 км-ге 22 адам) шетелдік Еуропа мен Азиядағыға қарағанда бірнеше есе кем. Азиядағы секілді, Африкада да халық өте әркелкі орналасқан. Сахарада адам мүлде қоныстанбаған дүние жүзіндегі ең үлкен территория бар. Ылғалды тропик ормандары зонасында да халық сирек орналасқан. Алайда халықтың айтарлықтай шоғырланған жерлері де бар, бұл әсіресе жағалауға қатысты. Кейбір елдерде халықтың орналасуы тіпті өзгеше болып келеді. Египет осы айтылғанға жарқын мысал болады. Іс жүзінде оның бүкіл халқы дерлік (55 млн. адам) Нілдің атырауы мен аңғарларында тұрады, ал бұл территория оның жалпы жер көлемінің не бары 4 %-ін құрайды. Бұл осында 1 км-ге 1300-1400 адамнан келетінін, ал шөлде - 1 адамға да жетпейтінін көpcедi.
Урбандалу деңгейі жөнінен Африка басқа аймақтан әлі де көп артта қалып отыр. Мұның қала халқының үлесіне де, үлкен қалалар мен "миллионер" қалалардың санына да (олардың барлығы 20) қатысы бар. Африкада қала агломерациялары жаңадан қалыптаса бастады. Алайда мұндағы урбандалу қарқыны дүние жүзінде ең жoғары дәрежеде; кейбір қалалардың халқы әрбір 10 жыл сайын екі есе өсуде. Бірақ қалалық жарылыстың мұндай көрінісінің бірқатар теріс зардаптары да бар. Өйткені негізінен астаналық қалалар мен "экономикалық астаналар" өседі, оның өзінде күнкөріс қаржысы жоқ қыстақ тұрғыңдары шеткі лас аудандар қатарына ұдайы келіп қосылуынан өсіп отыр.
