Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жастармен ӘЖ проверено.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
802.3 Кб
Скачать

С.Торайғыров «Адасқан өмірде» ---

Бұл жаста көп: бересі-аласы да,

Алдымда толған мақсат, толған таңдау.

Алайын мынасын ба, анасын ба?

Әр үміттің қиялы сәулеленіп,

Түн бойы ұйқы бермес толқып ішім...

Күн сайын тұрады артып қайрат – күшім,

Асығыс жоқ, мен әлі жетем деймін, --

«Дәл бүгін жетпедім деу бекер», - деймін.

Ірі мақсат болмаса ұсақ іске,

Неге мен алданамын уақыт бөліп?!

2-тақырып.

Жастардың жас ерекшелігінің әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаттамасы.

Ғалымдар "құндылық" түсінігіне көп түрлі анықтама беріп, түрлі типологиясын көрсеткен: құндылықтар-нормалар, құндылықтар-мотивтер, құндылықтар-мақсаттар, құндылықтар-күтулер тағы сол сияқты.Мұның барлығы қарапайым түрінде.Жалпы ғылымда құндылықтарға қатысты үш түрлі концепциясы бар. Солардың біріншісі- функционалды ол берілген категорияны қоршаған дүниенің адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырытын пәндер мен құбылыстар қабілеті ретінде қарастырады.Екінші концепция- бағалы, онда құндылықтар идеал, ұмтылыс, субъектінің объектіге қатынасы ретінде берілген,өмірлік маңызы бар объектілерді саналы түрде бағалы таңдау нәтижесі болып табылады.Үшінші концепция- сигнификативті, яғни мағыналы.Ол бойынша, сәйкес жағдайлардағы қоғамдық нормалар құндылығы адам үшін түрлі құндылық мағынасын беруі мүмкін (4;45).Құндылықтар- ол қанағаттандырылуға тиіс нәрсе, индивидуалды, топтық және қоғамдық қажеттіліктер.Құндылықтар мен қажеттіліктер тығыз байланысты,ол бір бүтіннің екі жағы деуге де болады.Егер қажеттілік адамның ішіндегі итермелеуші күш болса,құндылық сол қажеттіліктерді қанағаттандыратын объектілерді білдіреді.Құндылықтар проблемасына жүйелік қызығушылық кезеңі 50-60 жылдарға жатқызылғанымен,оның негізі бұдан бұрын қалыптасқан.

Сондықтан, құндылықтар мәселесі қазіргі ғылымның аса маңызды мәселесінің бірі болып табылады. Ол олардың адамзат тұрмысының фундаменталды сұрақтарымен түсіндіріледі. Қоршаған дүниенің пәндері мен құбылыстары тек объективті қасиеттермен иеленіп қана қоймайды, олар адаммен белгілі бір байланыстарда болып, солайша белгілі өмірлік мақсаттар мен жоспарлардың жетуіне көмектеседі немесе кедергі болады. Сондықтан адам шындықты қана танып қоймайды, оның көз қарасы тұрғысынан өзінің қажеттіліктерін, қызығушылықтарын бағалайды. Осы құндылықтың ұстанымдары арқылы активті позиция ашылып, өмірлік мақсаттарға бағытталу жүйесі ретінде тұлғаның ең жоғарғы диспозициялық деңгейі болып табылады. Олардың құрылуы өзін-өзі дамыту мен қызметтің нақты әлеуметтік-тарихи формаларында өзін танытудағы тұлғаның жоғарғы әлеуметтік қажеттіліктеріне жауап береді. Осыдан шығатыны, берілген деңгей тұлғаның тәртібін реттеуде шешуші рөл атқарады.

Демократиялық жолды таңдап алған қазақстандық қоғамның алдында жас ұрпақты жалпы адамзаттық құндылықтардың ең жоғарғы сатысынан тәрбиелеу міндеті тұр. Қазіргі таңда қазақстандық жастардың құндылық бағыттарының дамуы мен орнауына жанұя мен білім беру құрылымдарынан басқа, қазіргі таңдағы өмірдің әлеуметтік шындығы да әсер етуде. Осының нәтижесінде, жастардың бос уақытарында қабылданған әсерлері мен күйзелістері жастардың құндылық қалауларының нақты бейнесін береді. Жастардың бос уақытарын өткізуі өмірлерінің негізгі жасаушысы бола отырып, ерекше әлеуметтендіруші фактор да болып табылады. Бос уақытты тиімді пайдаланудың мағынасы тұлғаның өзіндік дамуы мен жас азаматтардың мәдени ой-өрістерінің өсу мүмкіндіктерін анықтайды. (1;89)

Қазіргі қоғамның құндылық құрылымында жастар басымдылық мақсат ретінде материалдық ауқаттылыққа жетуді көздейді. Сондықтан жастардың көпшілігі бұл мақсатқа лайықты білім алу мен іскер мансапқа жету жолы арқылы өз күштерімен қол жеткізеді. Өмірде табысқа жетудің құралы ретінде жастар білімді, пайдалы байланыстар мен ақшаны, қажырлы еңбекті таңдайды. Жастардың өмірлік бағыттары мен құндылықтарының динамикасын зерттеу қоғам өміріндегі түрлі аспектілері мен оның даму тенденцияларына жасалатын анализінің фундаменті тәрізді.

Абрирайымова Гүлмира Серік қызының «Жастардың құндылық бағыттарының жүйелері және олардың қазіргі Қазақстан қоғамында өзгерістері: әлеуметтік анализ» атты диссетациялық жұмысына сүйендім. Мұндағы зерттеуде қойылған мәселердің бірі – қандай тәсілмен жастар түрлі өмірлік құндылықтарды бағалайтынына қатысты мәселе. Мұнда екі міндет тұрды: біріншіден, жастар маңызды деп санаған шексіз санды құндылықтарды таңдап алу, және, екіншісі, жастар үшін маңызды үш-бес құндылықтар иерархиясын құру. Өмірлік құндылықтар жөніндегі сұрақтар блогына берген жастардың жауаптарын талдай отырып, ішінен басымдылық көрсеткен тоғыз нұсқаны атауға болады: қызықты әрі үлкен табысты жұмыс, отбасылық бақыт, өзінің және туыстарының денсаулығы, тәуелсіздік немесе еркіндік, жетістіктерге қанағаттанушылық, ойын-сауық, білім, карьера, тыныш өмір. Ал жастардың өмірлік құндылықтарының алдынғы қатарына қызықты әрі үлкен табысты жұмысқа ұмтылыс, отбасылық бақыт, өзінің және туыстарының денсаулығы, білім мен карьера жатады.(2;123)

Бірақ та бізге мынаны ескерген жөн. Осы жүргізілген зерттеулер жастардың қалауларын, өмірлік бағыттарын ашып көрсеткенімен, шын мәнінде олардың тілек-талаптарына сай келмейді. Әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайынын едәуір айырмашылығы: отбасылық әлеуметтік статус деңгейлерінің әртүрлілігі, табыстың дифференциалануы, білім алудағы әртүрлі перспективалар, яғни жеке меншік мектептер, элитарлық жоғарғы оқу орындары, шетелден білім алу,престиждік заттардың болуы- мұның бәрі тек жағдайлары көтертін деңгейдегі жастарға тән. Осы құндылық жүйесі маргиналды жастар бөлігіне жетпейді де, осы қажетілікті жастар қылмыстық жолмен алуды көздейді. Осыдан барып жастардың девиациялық мінез-құлықтары арта түседі-ішімдікке салынған жастар санының өсуі,наркомандар,суицид, жасөспірімдер арасында қылмыстың болуы т.б сол сияқты.Сонымен қатар "Көлеңкелі экономика",яғни жоғарғы білімді қажет етпейтін, үлкен ақша әкелетін ,бұл көптеген жасатрға қаржылық мүмкіншіліктер әкелетін жалғыз жол болып табылады.Сондай-ақ байлық құндылық сияқты әрдайым адам өміріндегі негізгі рөл ретінде болғандықтан, жастар көбінесе осы қажеттілікті қанағаттандыру үшін, қазіргі уақытта жұмыс істейтін студенттер саны көбейіп бара жатыр.Көптеген жастар ерікті табыс табуда.Қосымша табыс бір жағынан кіріс әкелсе,екінші жағынан негативті әсер етуде (3;123).Атап айтқанда жастардың санасында қалыптасқан құндылық жүйесі ,оның жүріс-тұрысын анықтайды.Жалпы индивидтің құндылықтар бағыттамасын зерттеу маңызы: олар қоғамның рухани мәдениеттін меңгерудің негізгі каналын, мәдениет құндылықтарының адамдар тәртібінің стимулы мен мотивтеріне айналуын көрсетеді.

  1. Қазақстан жастары – 2004: жай-күйі, үрдістері, келешегі. Таңдамалы баяндама.

Астана -2004-Б89

  1. Абрирайымова Г.С.Система ценностных ориентаций молодежи в современном казахстанском обществе: социологический анализ- Алматы 2003.-С.123

  1. Государственная молодежная политика. Опыт и тенденции развития.Часть 1.Астана 2003.-С.123

  1. Кукубаева А.Х Ценностные ориентации молодежи.Алматы 2005.-№2 (15)С.45

3-тақырып.

Жастар қоғамның ерекше демографиялық тобы ретінде.

Жалпы осы кезеңдердегі кездесетін мекемелермен перспективалық жақтарына тоқталатын болсақ, онда ең алғашында осы кезеңде деген сөз астында біз жеткіншек және оның даму ерекшелігін, жасөспірім, жастықшақ яғни ересек өмірге аттағанға дейінгі кезеңді айып қараймыз.

Жеткіншек жасындағыларды және олардың психологиялық жақтарына тоқталсақ, онда бұл белгілі болғандай «қиын», «өзгерілу», «ауысу жастары» т.б. деп атайды. Соңғы жағдайда «ауысу жасында» жеткіншек балалық кезеңдерден ересек жасына ауысады.

Жеткіншек өзге жастарға қарағанда педагогтар мен тиісті әдебиеттерде көп әңгіме болып жиі көтеріледі. Себебі бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас бала мен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше болады: бұл кезеңдегі тағы бір ерекшелік жеткіншек барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келеді. Жеткіншектер ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше келетінінде емес, сонымен қатар биологиялық дамуы жағынан кеңінен өріс алады. Ал жалпы алғанда, жеткіншек тым өзгеше сипатта келеді. Мысалы: жеткіншек төменгі кластарда оқып жүргенде үйге берілген тапсырманы тек жаттап алатын болса, жеткіншек жасында үй тапсырмасын өз көзімен түсінікті етіп айтуға талпынады. Кейбір жеткіншек жастағылар осы кезеңде бұрынғы қалпынан үлкен адамдармен қарым-қатынаста болғанда мейірімді, сыпайы келсе, енді өрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға икем келеді.

Осы мәселені анықтауда зерттеушілер арасында талас бар. Дегенмен, психиканың бұл ерекшелігі жеткіншекте әлеумет өмірінің өзіндік ерекшелігінің болуынан. Жеткіншек «бәрін өзім істей аламын», «сендер мені әлі бала деп ойлайсыңдар» деп наразылық білдірсе де, оның қолынан әлі де көп нәрсе келе бермейді. Ересектерге ұқсап іске ұмтылады, сол істі орындаудағы мүмкіншілігі кіші мектеп жасындағылардай. Басқаша айтқанда, бір жеткіншек істі игеру жағынан балада, ал талап қою жағынан ересек.

Жеткінгектің осы сияқты қасиеті қазірде де және өткен дәуірлердің жеткіншектеріне де бірдей тән. Мұнымен қатар бүгінгі заман жеткіншектері үлкен адамдардың талабына оңайылықпен көне кетпейді. Себебі, біріншіден қазіргі кезде оқушылардың көпшілігінің соның ішінде жеткіншек жасындағылардың көбінесе оқудан басқа айналысатын тапсырмасы жоқ. Біз ілгеріде өткен дәуірден бала кіші жасынан материялдық игіліктерді өндіруге (мал бағуға, отын не пішен жағуға ) жегілетінін есеркеленбей осындай істер атқарғаны белгілі.

Жас кездегі негізгі мәселелердің бірі ретінде олардың дене құрылысы мен физиологиялық дамуына және жеткіншектің өзіне тән ерекшелігін теориялық тұрғыдан пайымдаудың дәлелденуі бала жеткіншек жасынан дене және физиологиялық жағынан үлкен өзгерістерге ұшырады. Егер бастауыш кластарда баланың денесі белгілі бір мүшелерінен біртіндеп өсетін болса, жеткіншек кезінде тез өседі. Бірақ өсуі бір мөлшермен іске аспайды. Кейде тым шапшаң, кейде баяу дамиды. Мұндай түрліше қарқынмен өсу 11-16 дейін созылады да, кейін өз қалпына келеді. Қыздардың денесінің тез өсуі 13 жаста, ұлдарда 15 кездеседі. Бұл кезде ересектердің сүйегі мен шеміршектері нығайып, бұлшық еттері күшейеді. Оның нәтижесінде 13 сандағы күш жағынан шешесінен кем емес, 15 жастағы ұлдың күші әкесінің күшіне жақындайды. Жеткіншектердің дене құрылысы онша үйлесіп жарымайды. Мұнымен қатар жеткіншіліктің қан айналыс системасы недәуір өзгерістерге ұшырайды. Жүрегінің көлемі тез өсіп, салмағы артады. Артериялық қан айналыс түтіктерінің диаметрі өсіп жарымайды. Осының нәтижесінде жүрек қанды көп алдайды да, түтіктің тесігінің көлемі (диаметрі) кішкентай болғандықтан, қанның қысымы көбейеді, сөйтіп жүрек жұмысын нашарлататын болады.

Жеткіншіліктің эндокрин системасы жағынан да біраз өзгерістерге ұшырап, гипофиздық гармондары бездердің (әсіресе жыныс бездерінің) жұмысын әсерлендіріп, жеткіншекті жыныс өміріне даяр етеді.

Жалпы алғанда, жеткіншектердің дене құрылысы мен физиологиялық қызметінде жастық ерекшелігіне орай недәуір өзгерістер кездесетіні рас болғанымен, осылардың морфологиялық және физеологиялық қызметіне тәртіп бұзуға, не үлкендердің сөзіне көнбеуге ықпалын тигізетін еш нәрсе жоқ. Бірақ осылай дәуден биологиялық факторға түкке тұрмайтын деген қорытынды шығаруға болмайды.

Қазіргі әлеумет психологиясында «қымбат нәрсені көздеу» деген термин бар, ал мұның мағынасы мынандай: әр кімнің өмірінде дене қымбат тілек, көздейтін мақсат бар. Бірақ қымбат дейтін әркімнің жанына жақын нәрсе, үнемі нәрсе отырады. Бала кезіндегі қымбат деп санамайтын қасиеттер қазір қызық емес, өзінің бұрынғы құнын жоғалтты да, оның орнына бүгін «қымбат» деп саналатын тілектер пайда болады. Сол сияқты бала кезіндегі қымбат дейтін нәрсе, жеткіншек жасына толғанда өзінің құнын жоғалтып, оның әуестігі өзге қымбат деп саналатын жаңа тілектерді өзіне бұйым етіп тілеп алады.

Соның нәтижесінде барлық балалық жас кезіне көшкен сайын оның «мен» деген қасиеті өзгеріп, үнемі жаңа мағына, мазмұнға ие болып отырады.

Бұл «мен» қасиетін жете түсіну үшін оның үлкендермен қарым-қатынасын, әсіресе екі ортадағы кездесетін қайшылықтарына тоқталайық, қайшылық жас кезіндегілердің есейіп қалуы мен үлкендердің оған әлі болса деп қарауының келіспеушілігіненболғандықтан, біз осыны ілгеріде әдейі ескерткен едік.

Жас кездегілердің әрине перспективалық жақтары көп болады. Дәлірек айтқанда ол сол жастағы адамның өзінің бойында жаңа қасиеттерді тәрбиелеу, жаңа тәжірибелерге сүйену, әрбір сәт үстіндегі жағыдайда шешімді дәл және де тура қабылдауға байланысты осыдан оның болашағы, жалпы болашақтағы перспективалық дәрежесі анықталады. Қорыта келе, болашағын оның күтетін жемістері әрбір адамның әрбір өмірлік жолын дұрыс таңдау, оны дұрыс игеребілуіне қарай әрине оның перспективасы да соған байланысты болады.

Жалпы айтылатын түйін,меніңше, ол адамдар өз болашақтарын өздігінен бағыттап, бағдарлауға мүмкіншіліктері өз қолдарында.

Ересектер және кәрілік шақ психологиясы.

Ересек деп отырғанымыз бұл, әрине, (35-60) жас аралығындағы тұлға. Тұлға деп отырғанымыздың өзі же жай бостан-бос емес, себебі бұл жастағылар өз кезінде, өзіне бұл өмірде не нәрсені керек ететіндігі, оған қалай жету жолдарын толығымен біледі. Ересек кезінде адамдардың ақыл-ойы толықсу үстінде толықсый берген, өзіндік өмірлік ұстанымы бар, әрбір затты өте салмақты түрде кеше білетін адамдар.

Ересек жастағылардың негізгі әрекеті оқу мен еңбек, бұлар еңбектің неше түрімен, сонымен бірге мектептің жұмысыменде айналыса алады.

Ересектің өзіндік ересек қабілеттерінің көрініс беруіне тоқталсақ, бұл жерде ересекте біз «азамат» немесе «личность» ретінде қарастырамыз.

«Азамат» терминінің психология ғылымындағы өзіндік сипаты ерекше мағына айтылады. Мысалы психика жағынан оның өзіне-өзі күмәнсіздігі өте зор болады.

«Азамат» деген ұғым көбіне жекелілік не сол адамның екінші рет қайталанбайтындай қасиеті ретінде сипатталады.

Ересектердің дүниетанымы өте кең және олар өзіндік бір кез-келген оқиға, іс-әрекетке қатысты өзінің пікірін жеткізе алатын шеберлікке ие болады.

Ересектердің енді тек өзін ғана ойлап қоймай, енді отбасы немесе отбасының өзі бар болса өзінің балалары үшін ең бірінші ойлаушысы, соларға жағыдай жасауға тырысушы болып көрінеді.

Ересектік шақ өзіндік қызықтарға толы болғанымен бұл шақ белгілі бір таңдауларда тоқтау, өзіне тиімді шешімдерді өз еркімен ешбіреудің ықпалынсыз қабылдауға ие болу қабілеті жетілетін шақ.

Ал енді осы жерде кәрілікке тоқталатын болсақ, бұл бір адам үшін физиологиялық процестердің пайдалы жақтарының қарқынының өсу емес қайта төмен түсе бастаған кезі десек те болады. Бұл шақтағы психологияға тоқталсақ адамның бұл бір өмір бойы жыйып-терген еңбегінің табыстарының, жан-ұясының жемісін көретін кезі.

Осы жас кезінде адамда көз қыратылығының нашарлай түсуі немесе басқа да адам өмірі үшін қажетті дене мүшелердің адамға көп жыл бойы қызмет етудегі таза бастау кезі деп есептеледі. Осы шақ адамға өмірінде істеген істерін толығымен өз бетінше анализдеуге қабілетінің тууына мүмкіншілік берілетін кез.

Кәрілік кезде адам өте ақылды, әрбір жағдайға сай келтіре кеңес беруге деген қабілеті жоғары шыңына жетеді.

Қорыта келе айтылатын сөз бұл, әрине, адам әуел бастан өз өмірін дұрыс бағытта ұстап, тізгінін тура ұстаған болса, ол адам тек қана өз-өздігінен өсіріп, тәрбиелеген бала-шағасының қызығын көріп, адамдар арасында сыйлы болып өтеді.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Петровский А.В. Возрастная и педогогическая психология

  2. Лопохов Л.Ф. Возрастная и педогогическая психология

  3. Мұханов М.М. Жас ерекшелік және педагогикалық психология

  4. Мухина В.С. Возрастная и педогогическая психология

  5. Обохова Л.Ф. Детская психология

4-тақырып.

Жастарды әлеуметтік қорғау жүйесі: мәні, мақсаты, принциптері.

Қазіргі мектептегі балалар ұйымының түрлері, міндеттері мен жұмыс мазмұны, сипаты.

Кеңес одағы ыдырап, ҚР өз алдына егеменді ел болғалы көптеген өзгерістер болды, ол өзгерістер халыққа білім беру саласында да орын алды.

Совет мектебіндегі бұрынғы балалар ұйымы- Октябряттар, пионер ұйымы бұл күнде жұмысын толық тоқтатты. Комсомол ұйымы жұмыс істемейді.

Егемендікпен байланысты жасалған қазақ орта мектептерінің тұжырымдамсында мектепте қазақ тілі мен әдебиетін, мәдентетін өнерін, музыкасын, Қазақстан тарихын, жағрапиясын, экологиясын т.б. жан- жақты оқыту және оқушыларға ғылыми негізде терең білім беру көзделген.

Оқушвлар қазақ халқының шежіресімен, шешендік өнерімен, ел билеген, ел қорғаған азаматтардың өнегелі өнерімен танысу ісін мектептен бастауы күн тәртібіне қойылды. Осы мақсатпен 1992- жылдан бастап мектептердің жанынан « Атамекен» отауы құрылып жұмыс істейді. Ол 1-11 сыныптарға арналған бағдарлама бойынша жұмыс істейді.

Алдымен мектепте, ауданда, қалада, облыста, республикамызда Атамекен» ордасы құрылады, сосын орданың төрағасы, орыбасарлары тағайындалады.

Сондай-ақ ту , елтаңба, төсбелгі, ұран белгілерін , ұлттық киімдер киеді, әрбір жерлерде тарихи-этнографиялық музейлер ашылады. « Атамекен» отауы 30 бағытта жұмыс істеді. Мүше ант беру арқылы салтанатты түрде қабылданды. Сонымен бірге мектептерде» Елім-ай» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіледі. Ол өнер сайысы ретіндн өтеді. Түрлі жорықтар жарияланады.

«Атамекен» , «Елім-ай» бағдарламалары жүйемен жұмыс істеп, мектептерде оқушыларды Отан сүйгіштікке , ұлттық дәстүрді сыйлап құрметтеуге, интернационалдық тәрбиені өрістете жүргізуде біраз тәжірибелер жинақтады. Мақсат сол тәжірибелерді жинақтауда. Оны іс жүзінде асыру бүгінгі жастарды абыройлы борышы болмақ.

Бала тәрбиесіндегі ұжымның рөлі, оның дамуының әлеуметтік мәні.

Жеке адамның тәрбиесімен ұжымның тигізетін әсері орасан үлкен. Баланы ұжым арқылы тәрбиелеу сонау көне заманнан бері күн тәртібіне қойылып келеді. Солардың ішіде балаларды ұжвмдық негізде тәрбелеу мәселесін тәжірибе арқылы іске асыру әрекетін жасаған швейцар педагогы И:Г. Песталоцци болды. Ол балалар ұйымын ұйымдастырып, оны үлкен отбасына айналдыруға тырысты, онда мейірбандық бірліккен әрекет және еңбек әуені орын алды. Ал теориялық жағынан бұл мәселені көтерген атақты «Әрекет мектебінің» негізін салған неміс педагогы Вильгельм Август Лай болды. Ол еңбек бірлестігі, қоғамдық әрекет жасауды педагоикалық принциптің негізі ретінде ұсынды. Шын мәнінде ұжым арқылы, ұжымда тәрбиелену мәселесі көне Египетте, орта ғасырлық замктарда т. Б. Орын алған деп көрсетті.

Капитализмнің таптық мақсатына ұжымдық тәрбие қайшы келеді. Американдық педагог Джеймс Каунтс америка мектебі жалпы америка қоғамы тәрізді барлық жағынан жарысты қуаттауға бар, ұжымдық сезімді қуаттаудан гөрі деп жазды.

А. С .Макаренко . « Ұжым дегеніміз ұйымдасқан, ұжым органдары бар адамдардың белгілі бір мақсат қойған жинағы болып табылады», А.С Макаренко жеке адам тәрбиесіне қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, белгілерін көрсетті.

1. Ұжым тәрбиесінің мақсаты және обьектісі , жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.

2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.

3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бір бөлігі.

4. Ұжымның өзін- өзі басқару органдары және өкілдері ұйымдастырушылары болады.

Әрбір ұжым – бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым байланысты және негізгі блып екіге бөлінеді. Байланысты ұжым- бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым – бұл байланысты ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, байланысты ұжым- бұл студенттер тобы, негізгі ұжым- факультет т.б.

Ұжым творчествалық біріккен іс- әрекеттің әдісіне ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс- әрекеттері, ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру кіреді.

Кеңес дәуірінде ұжым мәселесіне әсіресе көңіл бөліп, ұжымда жеке адамның, баланың рөлі ескеріле бермейді. Адамды жеке тұлға ретінде қарау , сөз жүзінде болды да, іске асыру ұмыт қалды. Жеке бастың мүддесі , оның дамуы, оқушымен жеке жұмыс жүргізу , таланттарға жол ашу, белсенді, іскер адам тәрбиелеу күн тәртібіне қойылмады.

Елімізде орын алып отырған білім берудің алуан түрлі салаларындағы бүгінгі өзгеріс, адамды ұжымда , ұжым арқылы тәрбиелей отырып, оның жан-жақты дамуына, өз мүмкіншілігін толық пайдалана отыпып дамуына кең жол ашуды көздейді.

5-тақырып.

Жастармен әлеуметтік жұмыстың мемлекеттік құқықтық негіздері.

6-тақырып.

Мемлекеттік жастар саясаты.

Кез келген ұйымның, кәсіпорынның дұрыс, тиімді қызмет етуі және қабылданған шешімді ойдағыдай жүзеге асыруы үшін қайшылықты, шиеленісті жағдайларды алдын ала болжай білуі қажет. Мұндағы басты мақсат – шиеленістердің алдын алу, егер бастала қалса, оларды шешудің жолдары мен әдістерін білу. Шиеленестердің алдын алу дегеніміз, оларды туғызатын басты себептерді анықтау және оларды жою. Бұл істе кәсіпорын немесе мекемедегі психиологиялық қызметтің маңызы зор. Мәселен, Батыс елдерінде соңғы жылдары әр мекемедегі адам ресурстарын басқару бөлімінің шеңберінде арнайы құрылым қызмет атқарады. Мұндай құрылым еңбек ұжымы шеңберінде қақтығысты жағдайлардың алдын алу, ұжым мен әкімшілік арасында келіссөздер жүргізу сияқты істермен шұғылданады. Бұл істе ұжым мүшелерін психиологиялық біліммен қаруландырудың да маңызы үлкен.

Қазіргі кезде Ресейдің көптеген фирмалары мен мекемелерінде әлеуметтік-психиологиялық пікір алысу (тренинг), психиологиялық кеңестер ұйымдастыру кең таралған.

Қорыта айтқанда, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, еңбек процесінде психиологиялық қызметті пайдалану жақсы нәтижелер беруде. Коллективтің табысқа қол жеткізуінің басты шарты – онда қолайлы моральдық-психиологиялық жағдайдың болуы. Адамның басқалармен өзара түсінікте, келісімде өмір сүріп, қызмет ете білуі – тұтас алғанда қоғамның да тұрақтылығына, тұтастығына ықпал ететіндігін естен шығармауымыз қажет. Сондықтан да, осы жұмысымыздың мақсаты қазіргі кездегі жастарға әлеуметтік жағынан көмек көрсету орындары мен олардың міндеттері жөнінде қысқаша тоқталып өтеміз.

Қоғамдағы әлеуметтік мәселелер.

Мемлекеттің жастар туралы саясаты

Қазақстан Республикасында жүріп жатқан түбегейлі өзгерістер қоғам өмірінің бас саласын қамтуда. Нарықтық экономикамен демократиялы саяси жүенің қалыптасуында ғылым мен білімнің маңыздылығын өмір дәлелдеп отыр. Бүгінгі күнгі басты мақсаттардың бірі білім беруді қоғамның, жастардың қажеттіліктеріне лайықтап құру. Жастарға әлеуметтік психиологиялық көмек беруде қоғам дамуының жалпылама заңдылықтары қоғам өмірінде болып жатқан әлеуметтік мәні бар оқиғалар мен процестерді, құбылыстарды терең түсінуге мүмкіндік бере отырып, жастардың саналы өмір сүруіне ықпал ету.

Әлеуметтiк орталықтар көп мазмұнды кең ұғым ең кең мағынада алғанда, бұл ұғым жеке адамдар мен топтардың әрекет ету тәсiлдерiнiң жүйесiн, әлеуметтiк бақылау құралдары мен институттардың әpeкeтiн, қоғaм мүшелерiнiң әлеуметтiк өмipiн реттеп, қамтамасыз eтeтiн, өмiрде орын алып отыратын конфликттер мен проблемаларды шешiп отыру жүйесiн бiлдiредi.

Әлеуметтiк орталықтардың қызметi eкi тәсiлмен iске асады: формальды және формальды емес тәсiлмен. Формальды әлеуметтiк орталықтар жұмысы тиісті қоғамдық мекемелер тағайындаған ережелердi, құқықтық тәртiптi сақтау жолымен реттеледi, Формальды eмеc орталықтар күнделiктi өзара әрекеттесу барысында туып, қалыптасқан әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер арқылы ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын ауытқымалы мiнез-­құлық нормаларын орындудан көрiнедi. Бұндай орталықтар әлеуметтiк топта қоғамда қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерді қорғау жөнінде, олардың өздігінен білім деңгейлерін тереңдетуге көптеген жағдайлар жасалуда, оқып білім алуға басқа елдерге шығып әдіс алмасуына, ақпаратты технологиялармен қамтамасыз етуде барынша жағдайлар жасалып отыр

Қоғамда орнатылған тәртiп бұзылмау үшiн, ауытқымалы мiнез-құлықтарды болдырмау үшiн әлеуметтiк бақылау жасалады, яғни тағайындалған мiнез-құлық нормалары мен ережелер жиынтығын орындату ұйымдары әрекет етедi. Бұл үшiн үгiттey, сендiру әдiстерiмен қатар зорлау әдiстерi де колданылады.Дамыған елдер жүзжылдықтың басында-ақ өз адамдарына қауіп төнген жағдайда, жұмыс орнынан қысқарған cәттe, жұмыссыздық қауласа қаржылай жәрдем мақсатында әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн енгiзген.

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік, тәуелсіздік алған жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, алуан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейманханалардың, т.б. жеке меншік иелері. Тіпті бұдан басқа да өзгерістер бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес дәуіріндегі таптар мен әлеуметтік топтардың өздері де біршама өзгеріп кетті. Қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысып, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел-жұрттың миграция мәселелері мен үдестері де ерекше болып отыр. Жалпы алғанда, негізінде табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәулеті орташа, кедей адамдар пайда болды. Қоғам мүшелерiнiң бұлайша жiк­телуiне меншiк формасының өзгеруi, жалпы нарық қаты­настарының орындалуы ықпал еттi.

Көпшілікке мәлім, нарықтық экономика меншiктiң алуан түрлiгiн қажет етедi. Ал, осы жағдай Қазақстанның әлеуметтiк құрылымына зор әсер eттi, өйткенi меншiк нысанның алуан түрлiлiгi жалпы экономиканың одан әpi бөлшектелiнуiн күшейттi, яғни қоғамдық меншiктi жекеше­лендiру процесi басталды. Осыларға сәйкес меншіктің жаңа типтерi қалытасуда. Олар: жеке, корпоративтiк, акционерлік, ұжымдық, жартылай жеке, жартылай мемлекеттік т.б. Орта, кiшігірім мекемелерге, сауда үйлерiне, мeймaнxaнa­ларға, дүкендерге, әр түрлi акционерлiк қoғaмдapға қожалық eтетiн иелер пайда болды.

Республикада меншiк иелерi табы елi қaлыптасу үстінде болғандықтан оның көлемін санмен көрсету әзірге қиын.

Сонымен Қазақстан ірі орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын бизнесмендер тобы қалыптасып келеді..

Кәсiпкерлiк - бұл заңды әлеуметтiк-экономикалық құбылыс. Кәсіпкерлік немесе бизнес қоғамның ілгерілеп дамуына елеулі ықпалын тигізеді. Сондықтан еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік тұрақтануында ірі, орта және шағын бизнестің рөлі зор.

Академик К. А. Сағадиевтің пікірі бойынша, Қазақстан Республикасындағы бизнесмендерді 4 топқа жіктеуге болады.

1 – топқа: номенклатуралық бизнес жатады, яғни бизнесмендердің бұл тобы өздерінің жоғары билікпен байланыстарын пайдаланып, мемлекеттік, несиелер алудың арқасында байлыққа, меншікке ие болған;

2 – топқа: табиғатын бизнеске жақын адамдар жатады. Олардың бизнес өздерінің жинақтаған қорларының және сауда-саттықпен айналысудағы тәжірибелерінің негізінде қалыптасқан;

3 – топқа: кәсіби бизнестің өкілдері жатады. Бұлар өз күштерiмен бастапқы кезден бастап қaжымай-талмай еңбектену нәтижесiнде қалыптасқан бизнестi нeгiзгi кәсiпке айналдырған адамдар;

4 – топқа жаппай бизнес жатады. Бұл топaғы адамдар қолда бар кез келген мүмкіндігі бизнес жасауға пайдаланады. Бұл топтағы адамдардың бастапқы капиталының болмауы бизнесте көптеген қиындықтарды тудырып отыр. Соған байланысты олардың таыстарының көлемі де айтарлықтай емес.