
- •Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
- •1 Бөлім. Экономикалық теория ғылым ретінде
- •1 Тақырып. Экономикалық теория пәні мен әдістері
- •Экономикалық теория.
- •Экономиканың зерттеу әдістері.
- •Экономикалық теорияның функциялары.
- •Экономикалық теория
- •2 Тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері
- •1. Экономикалық ресурстар мен экономикалық факторлар.
- •2. Қоғамдық өндірістің құрылымы.
- •3. Өндіріс және ұдайы өндіріс.
- •1. Меншік қатынасына байланыстылар:
- •Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •Қоғамдық ұдайы өндірістің жалпы кестесі
- •Ұлғаймалы өндірістің түрлері:
- •Орташа ауыспалы шығындар жалпы ауыспалы шығындарды өндірілген өнімдердің санына бөлу арқылы құрылады:
- •3 Тақырып. Экономикалық жүйелердің түрлері
- •Экономикалық жүйе және оның элементтері.
- •Экономикалық жүйелер типтерінің жіктелуі.
- •Аралас экономикалық жүйе.
- •Нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •2 Бөлім. Экономикалық теорияның фундаменталдық негіздері.
- •4 Тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рӨлі.
- •Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
- •Меншік объектілері мен субъектілері.
- •Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері мен мәселелері.
- •Жекешелендірудің тәсілдері
- •5 Тақырып. Қоғамдық шаруашылықтың түрлері. Тауарлы шаруашылық.
- •Шаруашылық жүргізудің тәсілдері: натуралдық және тауарлық.
- •Тауарлы шаруашылықтың мәні.
- •Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері.
- •6 Тақырып. Нарық шаруашылығының жалпы сипаттамасы.
- •Нарықтың мәні және түрлері.
- •Нарық механизімнің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке қабілеттілігі.
- •Нарықтың атқаратын қызметтері. Нарықты экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •Артықшылығы
- •Кемшіліктері
- •Тауарлар мен қызметтер нарығы
- •Қаржы нарығы
- •7 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері.
- •8 Тақырып. Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық мәні.
- •9 Тақырып. Капитал айналымы.
- •Негізгі және айнымалы капитал.
- •Негізгі капиталдың физикалық және материалдық тозуы.
- •Инвестиция өндірістік қорлардың қаржыландыру көзі.
- •10 Тақырып. Кәсіпорын шығындары мен табысТаРы.
- •Шығындардың мәні.
- •Шығындардың түрлері.
- •Табыс және пайда.
- •Ш ығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
- •Бухгалтерлік шығындар
- •Экономикалық шығындар
- •Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •Орташа өнім (ар) – көрсеткіш жалпы өнімді (q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:
- •11 Тақырып. Өндіріс факторлар нарығы жӘне факторлық табыстардың қалыптасуы.
- •Еңбек нарығы және жалақы.
- •Капитал және процент.
- •Жер нарығы және жер рентасы.
- •Өндіріс факторлар нарығы
- •Еңбек нарығы
- •Жер нарығы
- •Мерзімдік
- •Жұмыс х Бір сағаттың
- •Қоғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі.
- •4 Бөлім. Ұлттық экономика деңгейіндегі ұдайы өндіріс.
- •12 Тақырып. Ұлттық экономика жүйесі ретіндегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
- •Ұлттық экономикалық жүйе.
- •Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
- •Макроэкономикалық тепе-теңдік.
- •Мұнда а – амортизациялық жарнаның сомасы.
- •13 Тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция макроэкономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.
- •Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері.
- •Жұмыссыздықтың зардаптары.
- •Инфляция түсінігі және қазіргі кездегі инфляцияның салдары.
- •Инфляция түрлері. Инфляция қарсы саясат.
- •14 Тақырып. Экономикалық циклдің дамуы жӘне экономикалық Өсуі.
- •Экономикалық өсудің факторлары:
- •15 Тақырып. Мемлекеттің ақша – несие жүйесі.
- •Ақша жүйесі түсінігі мен типтері.
- •Ақша нарығындағы тепе-теңдік.
- •Несиенің мәні мен формалары.
- •Қазақстан Республикасының банктік жүйесі.
- •Несиенің түрлері
- •Несиелік белсенділікті басқару
- •16 Тақырып. Мемлекеттің қаржы жүйесі.
- •17 Тақырып. Мемлекеттің сыртқы экономикалық
- •Дүниежүзілік шаруашылық.
- •Халықаралық қатынастар жәәне оның негізгі көріну нысандары.
- •Қазақстанның әлемдік шаруашылықтағы рөлі
- •Курстың түсіндірме сөздігі (глоссарий)
- •Абстрактылы еңбек - тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам
- •4. Семинар сабағының тапсырмалары
- •Студенттердің өзіндік жұмысқа дайындалу тапсырмалары (сөж)
- •Фрикциондық жұмыссыздық
- •Дағдарысқа қарсы саясат
- •Акция Ақша массасы Банк
- •Акция Ақша массасы Банк
- •Есеп-жаттығулары
- •Тест сұрақтары
- •8.Қолданылған негізгі әдебиеттер:
- •8.1.Қосымша әдебиеттер:
- •Мазмұны
Нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Таза нарықтық экономика жүйесі – таза нарықты экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.
Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін рөлі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.
Нарықтың экономикаға тән қасиеттер:
Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктің болуы.
Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген
нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.
Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тұтынушылардың болуы.
Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйені пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:
Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.
Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай, мемлекеттік реттеумен толықтырылады.
Мұнда экономикалық саясатты жоспарлы түрде жүргізу қоғамның нарық талаптарына белсенді бейімделіп отыруына мүмкіндік тудырады. Сонын нәтижесінде экономиканы дамытудың күрделі мәселелері жаңаша әрі дұрыс шешіледі. Мысалы: өнімдердің құрылымы мен көлемі кәсіпорындарды маркетингтік зерттеу арқылы және қоғамдық қажеттіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы (және қоғамдық қажеттіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы) анықталып отырады: бұл кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне және ол арқылы пайдасын молайтуға жағдайлар жасайды.
Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттің ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.
Аралас экономикалық жүйенің бірнеше үлгілері бар.
Американдық үлгі – нарықтық капиталистік үлгі. Мұнда жекеменшік басым, нарықтық бәсеке механизмі толық жұмыс істейді. Ірі кәсіпкерлер мен талапты жұмыскерлерді қорғайды. «Өз күшіңді өзің көр».
Жапондық үлгі – бұл реттелетін корпоративтік капитализм үлгісі. Мұнда капиталдық көбею (қорлану) мүмкіндігі мемлекеттің белсенді реттеу ролі мен байланысып отырады.
Шведтік үлгі - бұл әлеуметтік үлгі. Оған өте жоғары деңгейдегі әлеуметтік кепілдік сипаты тән. Мұнда кәсіпкерлердің бәрін қолдайды, бәріне пайда табуға жағдайлар жасайды. Кәсіпкерлерден түскен салықты бюджетке жинап, оны салықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге тегін білім алумен емделуге жұмсайды. Шведтік социализм деп айтатын себебіміз де осыдан.
Қытайлық үлгі – бір жағынан нарық механизімімен экономиканың мемлекеттік емес секторының, екінші жағынан жоспарлау негізіндегі мемлекеттік реттеу мен әлеуметтік кепілдіктің үйлесімділігі Қытай экономикасында социалистік үлгінің қалыптасқанын көрсетеді.
Экономикасы дамыған елдерде осы уақытқа дейін дәстүрлі экономика жүйесі сақталуда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және ұлттық шаруашылықтың әртүрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе түрі сақталуда.
Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілеріне жалпы сипаттама берсек: Меншік барлық қоғамдық құрылысқа тән объективтік қатынас болып қаралып, қашан болмасын ойшылар назарынан тыс қалмаған. Әртүрлі өркениетті өкілдер меншіктің табиғаты туралы және қоғам дамуындағы рөлі туралы өз пікірлерін ортаға салып өткен.
Меншіктің әртүрлі формалары мен түрлерінің мәндік қасиеттері экономикалық жүйелерде байқалады. Экономикалық жүйе халықтың шаруашылық практикасының нақты жағдайында пайда болатын, қоғамның ерекше құрылымын бейнелеп көрсетеді. Бұнда халықтың шаруашылық дағдысы, дәстүр- салты, рухани қал- жағдайы, оның құрметтеп бағалайтын жайттары және өмірге, дүниеге деген ерекшелік көзқарастары қамтылады.
Экономикалық жүйенің ерекше қасиеттері болады, экономиканы реформалағанда солармен есептесу керек.
Біріншіден, экономикалық жүйе сыртқы ортамен зат және қуат айырбастасып отыратын ашық жүйе болады, әлемдік тәжірибе айырбасына кедергі жасамайды, өзінің элементтерін жаңартып отырады, т.б.
Екіншіден, нақты өркениеттің мәдени құндылығының бір көрінісі ретінде, экономикалық жүйе, алдымен өркениеттің осы типін ұдайы өндіруге мақсатталады. Сондықтан ол қатал, тұйық жүйе болып әрекет етеді: бір экономикалық жүйеде пайда болған үлгінің, басқа экономикалық жүйелерде қолданылу мүмкіндігі төмен, шектелген болады. Табиғи шек қоюшы тетіктер рөлін осы қоғамның тұрақтылығын және оның өзін- өзі ұдайы өндіру қабілетін сақтауға атсалысатын, экономикалық жүйенің әдет- ғұрыптары атқарады.
Бұрынғы социалистік елдердің нарыққа өтуі - адамзат қоғамы дамуындағы қайталанбас нәрсе. Олардың нарықтық экономикаға өтуінің өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл өту құбылысы дәстүрлі түрде емес, жоспарлы экономикаға енетін аздаған мемлекеттердің өзіне қатысты ерекшелігімен сипатталады.
Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан Республикасындағы басты міндеттері мыналар:
Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру.
Қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы (еңбекке қабілетті тұрғындардың жалпы санының 10-15% қамту).
Нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы, басты нәрсе – тауар мен қор биржасы және басқа да әртүрлі нарықтық құрылуы.
Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы монополиясыздандыру.
Бағаны либерализациялау, сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықтық сипаттағы бағаға көшу.
Экономиканың қаржылық тұрақтануы.
Өтпелі кезеңде тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін мықты қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері:
Біріншіден, өтпелі экономиканың ерекшелігі сонда Қазақстан нарықтық экономикаға өтуді тұтастық шеңберінде, егемендікте және өз мемлекеттілігінде жүзеге асырды.
Екіншіден, нарықтық экономикаға өтуде Қазақстан алғашқы рет әлемдік практикада әкімшілік - әміршілікпен ғана емес, сондай-ақ қоғамдық меншіктегі жоспарлы экономикалық жүйеден, жеке және аралас меншік түрінде негізделген нарыққа өтуді жүзеге асырды. Әкімшілік-әміршілік экономикадан нарыққа өтудің халықаралық тәжірибеде Жапония мен Оңтүстік Кореядағы басқарудың әкімшілік-әміршілік элементін қолданғандығы қажет болды. Бірақ та әлемдік өркениеттің біздің ұлттық құндылығымыз бен дәстүрімізге сай болатындай тенденциясына бағыт ұсталды.
Үшіншіден, Қазақстанның территориялық географиялық жағдайы - өркениеттіліктің батыс пен шығысты қосатын ерекше орны болып табылып, өтпелі кезеңдегі экономикаға айрықша әсер етеді.
Төртіншіден, Қазақстан Республикасындағы экономиканы реформалау созылған экономикалық дағдарыс жағдайында өтуде болды.
Бесіншіден, өнеркәсіптегі мемлекеттік сектор негізінен ірі кен-байыту, металлургиялық, химиялық және химия – мұнай кәсіпорнынан тұрады. Ауыл шаруашылығында ірі кәсіпорындар – кеңшарлар көп болды. Республикада 2059-ға жетіп, барлық ауыл шаруашылығы кәсіпорынның 75% құрады. Осындай ерекшеліктер жекешелендіру сипатына әсер етпей қоймады.
Нарықтық экономика кезінде макроэкономикалық процестерді мемлекеттің реттеуі тікелей және жанама тәсіл арқылы жүргізіледі.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, тікелей тәсіл-мемлекеттік экономикалық бағдарламаны жасау мен өткеру арқылы жүргізіліп, қысқа, орта, ұзақ мерзімді міндеттерді шешуге атсалысады. Бұдан басқа да қалыпты және төтенше бағдарламалар жасалуы.
Мысалы, соғыстан соң Оңтүстік Кореядағы экономиканы орнынан тұрғызуға қабылданған төтенше бағдарламаны, ал Жапонияда «Автомобиль жолын салудағы төтенше шаралар» заңы ескерілді. Жапонияда мемлекеттің 10-нан астам институттары нарық дамуының жоспары мен бағдарламасын жасайды.
Өтпелі экономикада ақша айналымы мемлекет бақылауынан шықпауы керек. Бұл жағдай Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань – тәжірибесімен расталады. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесі Чехословакияда қолданылған модельге ұқсастықпен жүзеге асырылды.
Қазақстан реформаны өз бетінше 1993 жылы қараша айында ұлттық валютаны кіргізуімен бірге жүргізе бастады. Қазақстан Республикасының дағдарысқа қарсы шаралар мен әлеуметтік – экономикалық реформаны тереңдету бағдарламасында басым бағыттары мына салаларға арналған: энергетика, металлургия, халық тұтынатын тауарлар, азық-түлік және коммуникация (байланыс, теміржол транспорты) салалары. Осындай бастамалардың нәтижесі: 1996 жылдың аяғында өндірістің құлдырауы тоқтатылды. Энергетика, металлургия кәсіпорындарды көтеру үшін шетелдік инвесторлардың тікелей инвестициясын тартты.
Өтпелі экономика жағдайында мемлекеттік кәсіпкерлік ерекше сипатқа ие болады. Мемлекеттің заңды тұлға ретінде жаңа функциясы – кәсіпкерлік қабілетті игеру қажеттілігі.
Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық негізі мемлекеттік меншік болып табылады. Қазақстан Республикасында 2001 жылдың басында мемлекеттік кәсіпорындардың үлесі олардың жалпы санында 23,5% құрады.
Мемлекеттің осындай үлесі ұлттық экономиканың дамуы үшін қажет қызметтер мен тауарлар шығарушы өздерінің меншікті кәсіпорындарының болуына және бір уақытта мемлекет бюджетін толтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік берді.
Осының ең күрделі мысалдары:
Қазақстанның кен өндіру, отын – энергетика мен металлургия кешендерінің аса ірі өнеркәсіптік өндірістерін төлем төлей алмаушылықтан қорғап, дәл уақытында шетел капиталын тарта біледі;
1996 жылдың басында Қазақстан территориясы арқылы өтетін Еуразия теміржолы бойынша транзистік, жүк және контейнерлік тасымалға қатысты Еуропа пен Азияның жеті мемлекеттерінің арасында құжаттарға қол қойылуы бойынша мемлекеттің қызметі көрінді. Қазақстан территориясы арқылы төрт трансконтинентальды темір жол магистральдары өтеді:
Трансазия (Қытай-Қазақстан-Түркия),
Еуразия (Қытай-Қазақстан-Ресей-Еуропа),
Орта Азия мен Ақтау теңіз порты арқылы Батыс магистралі,
Еуропа – Скандинавия- Иран – Парсы шығанағы арасында жүктердің тасымалдау уақытын қысқартуын қамтамасыз ететін «Солтүстік – Оңтүстік» жоба қаралуда.
Осы келісімнің маңыздылығы: барлық магистральдар бойынша қосымша жұмыс орындарын құруға, жоғары табыспен қамтамасыз етуге жол ашады.
Қазақстан Республикасында экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру мәселелері.
Қазақстанның өтпелі экономикасы үшін Жапония мен Оңтүстік Кореяның өнеркәсіптерінің құрылымдық қайта құру тәжірибелері өте маңызды.
Өндірісті құрылымдық тұрғыдан қайта құрудың оңтүстік Кореялық моделіне сүйене отырып, салалардың басыңқы бағыттарының алты критерийі қолданылады:
Саланың экономикалық әлеуеті бағаланады, яғни ұлттық экономиканың салыстырмалы артықшылығына сүйеніп, тезірек экспортты қарқындату мүмкіндігі.
Ішкі нарықта сала өніміне сұраныстың өсуі.
Осы саланың дамуы елдің ең жоғары индустриалды стадиясына жетуге сәйкес келуі тиіс.
Салалар дамуы олардың шикізат пен энергия импортына аз көлемде тәуелді болуы керек.
Елдің сауда балансында тапшылықты аз мөлшерге дейін қысқарту мүмкіндіктеріне баға беру.
Басым бағыттағы сала дамуы қаншалықты жағымды эффект беруге қабілетті болып, сонымен қатар экономиканың басқа сектор мен саласындағы өндіріс тиімділігін қамтамасыз етуі қажет.
Аталған критерийлерді талдаудан кейін таңдап алынған саланы жеделдете дамыту жоспарын құруға кіріседі.
Осы мақсаттарға әлемдік тәжірибе көрсеткендей инвестиция көздеріне мыналар жатады:
халық жинақтарын банктермен, мемлекетпен бүтіндей, жартылай емес, қорғау кепілдіктері негізінде тарту;
шикізат экспортынан табыс пен ұлттық қорды құру;
тікелей және портфельді шетел инвестицияларын тарту;
кәсіпорынның шетел капиталымен бірлескен кәсіпорындар құру.
«Қазақстан –2030» стратегиясы»
Бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты – Қазақстан Республикасының жоғары индустриалды дамуға қол жеткізуді және дамушы елдер қатарынан, қазіргі «азиялық жолбарыстары» деп аталатын Оңтүстік Корея, Малайзия, Бруней, Сингапур, Тайвань сияқты Азияның гүлденген индустриалды елдер қатарына өтуін жүзеге асыру. Осы мақсатқа жетудегі жолдар:
Бизнестің барлық төрт деңгейінде: өтпелі экономиканың барлық сфераларында ғылыми-техникалық жетістіктердің ашу мен енгізу жолдарында ішкі және сыртқы мемлекетаралық кәсіпкерлік қызметтің (шағын, орта, ірі және мемлекеттік) қалыптастыру мен ынталандыру саясатын жалғастыру.
Экономикада салалық, құрылымдық қайта құруды жүзеге асыру.
Қазақстан ғалымдары атап көрсеткендей, Қазақстанда өз уақытында жүргізілген индустриализация – ірі экономикалық іс-әрекет қалыптастыруға жол ашты. Бірақ та, республикадағы индустриализация процесінің өзі, егер оны экономикалық техникалық құрылымының өзгерістерімен байланыстырғанда - ол аяқталады, оның себептері:
технологиялық базистің үштен екісі төменгі ескішеге негізделген алғашқы машиналы технологияларды құрайды;
автоматтандырылған және кешенді механикаландырылған өндіріс техникалық базистің үштен бірін құрайды;
кибернетикалық техника мен ақпараттық технология технологиялық базисте жекеленген ошақтармен берілген.
1997 жылдың қараша айындағы ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өтпелі кезеңдегі әлеуметтік – экономикалық қорытындының шығарылуы, тежеуші факторлары айқындалып, 2030 жылға дейін жүзеге асыруға көзделген жеті ұзақ мерзімді мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілді.
Ұзақ мерзімді жеті басымдық:
Ұлттық қауіпсіздік.
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген – экономикалық өсу.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.
Энергетика ресурстары.
Инфрақұрылым. Әсіресе, көлік және байланыс.
Кәсіби мемлекет.
Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін мына үш кезеңде болуы қажет:
1998-2000 жылдар,
2001-2010 жылдар,
2011-2030 жылдар.
2000 жылдың 21 ақпанында Республика Үкіметімен кездесуінде Қазақстан Республикасы Президенті ұзақ мерзімді стратегияда анықталған реформалардың І кезеңі аяқталғанын атап көрсетті:
әлеуметтік ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік қызметті одан әрі дамыту;
басқарудың тиімділігін арттыру;
өндіріс секторына несие беру;
экономикалық шикізат бағдарын өзгерту;
аймақтық диспропорцияларды жою
Президент әлеуметтік ахуалды жақсарту деп ең маңызды мәселе халықты жұмыспен қамту мәселесі екенін атап көрсетті. Жұмыспен қамту мәселесін шешуде шағын кәсіпкерлікке маңызды рөл берілді. Осы мәселелер туралы дайындалатын бағдарламаларда шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, олардың өкілдері Қазақстан шикізатын өңдеуді кеңейтуге негізделген өндірістерді құрауға және дамытуға атсалысу қажеттілігі көзделеді.
Экономикада шикізат бағдарын өзгерту мәселесі шешумен байланысты кешенді құрылымдық саясат жүргізу, яғни отандық шикізаттың жаңа, бірінші, екінші, үшінші және төртінші сатыларын құруда, ауыл шаруашылығын өңдеу өнеркәсібін құру мен дамытуда айқын белгіленген стратегия, импортты алмастыру бағдарламасын құру.
Мұнай өңдеуді ұйымдастыру, мұнай химиясының басқа да өнімдерінің өндірістерін ұйымдастыру, мұнай өңдеу мен мұнай өндіру үшін машина жасау өнеркәсібін дамыту міндеттері қойылды. Осы жұмыстың негізгісі – бәсекеге қабілетті баға мен технология сапасын қамтамасыз ету, яғни бәсекеге қабілетті өңдеу өнеркәсібін құру.
Экономикалық саясаттың тағы бір бағыты аймақтар дамуындағы диспропорциялар, әсіресе, оңтүстік пен солтүстік аудандардағы диспропорциялар, оңтүстік аудандарда солтүстік аудандармен салыстырғанда жұмыссыздықтың басымдылығынан болатын төмен табыстар мен кедейлік деңгейі бойынша халықтың жіктелуінен көрініс табады. Осындай диспропорция салдары халықтың елдің ең қолайлы аудандарына қоныс аударуынан көрінеді.
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің әлі іске жаратылмаған әлеуетінде жаңа жұмыс орындарын құруды, шағын және орта бизнесті дамытуда қарастырылатын көші - қон саясатын жасау міндеті қойылды.