
- •Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
- •1 Бөлім. Экономикалық теория ғылым ретінде
- •1 Тақырып. Экономикалық теория пәні мен әдістері
- •Экономикалық теория.
- •Экономиканың зерттеу әдістері.
- •Экономикалық теорияның функциялары.
- •Экономикалық теория
- •2 Тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері
- •1. Экономикалық ресурстар мен экономикалық факторлар.
- •2. Қоғамдық өндірістің құрылымы.
- •3. Өндіріс және ұдайы өндіріс.
- •1. Меншік қатынасына байланыстылар:
- •Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •Қоғамдық ұдайы өндірістің жалпы кестесі
- •Ұлғаймалы өндірістің түрлері:
- •Орташа ауыспалы шығындар жалпы ауыспалы шығындарды өндірілген өнімдердің санына бөлу арқылы құрылады:
- •3 Тақырып. Экономикалық жүйелердің түрлері
- •Экономикалық жүйе және оның элементтері.
- •Экономикалық жүйелер типтерінің жіктелуі.
- •Аралас экономикалық жүйе.
- •Нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •2 Бөлім. Экономикалық теорияның фундаменталдық негіздері.
- •4 Тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рӨлі.
- •Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
- •Меншік объектілері мен субъектілері.
- •Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері мен мәселелері.
- •Жекешелендірудің тәсілдері
- •5 Тақырып. Қоғамдық шаруашылықтың түрлері. Тауарлы шаруашылық.
- •Шаруашылық жүргізудің тәсілдері: натуралдық және тауарлық.
- •Тауарлы шаруашылықтың мәні.
- •Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері.
- •6 Тақырып. Нарық шаруашылығының жалпы сипаттамасы.
- •Нарықтың мәні және түрлері.
- •Нарық механизімнің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке қабілеттілігі.
- •Нарықтың атқаратын қызметтері. Нарықты экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •Артықшылығы
- •Кемшіліктері
- •Тауарлар мен қызметтер нарығы
- •Қаржы нарығы
- •7 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері.
- •8 Тақырып. Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық мәні.
- •9 Тақырып. Капитал айналымы.
- •Негізгі және айнымалы капитал.
- •Негізгі капиталдың физикалық және материалдық тозуы.
- •Инвестиция өндірістік қорлардың қаржыландыру көзі.
- •10 Тақырып. Кәсіпорын шығындары мен табысТаРы.
- •Шығындардың мәні.
- •Шығындардың түрлері.
- •Табыс және пайда.
- •Ш ығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
- •Бухгалтерлік шығындар
- •Экономикалық шығындар
- •Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •Орташа өнім (ар) – көрсеткіш жалпы өнімді (q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:
- •11 Тақырып. Өндіріс факторлар нарығы жӘне факторлық табыстардың қалыптасуы.
- •Еңбек нарығы және жалақы.
- •Капитал және процент.
- •Жер нарығы және жер рентасы.
- •Өндіріс факторлар нарығы
- •Еңбек нарығы
- •Жер нарығы
- •Мерзімдік
- •Жұмыс х Бір сағаттың
- •Қоғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі.
- •4 Бөлім. Ұлттық экономика деңгейіндегі ұдайы өндіріс.
- •12 Тақырып. Ұлттық экономика жүйесі ретіндегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
- •Ұлттық экономикалық жүйе.
- •Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
- •Макроэкономикалық тепе-теңдік.
- •Мұнда а – амортизациялық жарнаның сомасы.
- •13 Тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция макроэкономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.
- •Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері.
- •Жұмыссыздықтың зардаптары.
- •Инфляция түсінігі және қазіргі кездегі инфляцияның салдары.
- •Инфляция түрлері. Инфляция қарсы саясат.
- •14 Тақырып. Экономикалық циклдің дамуы жӘне экономикалық Өсуі.
- •Экономикалық өсудің факторлары:
- •15 Тақырып. Мемлекеттің ақша – несие жүйесі.
- •Ақша жүйесі түсінігі мен типтері.
- •Ақша нарығындағы тепе-теңдік.
- •Несиенің мәні мен формалары.
- •Қазақстан Республикасының банктік жүйесі.
- •Несиенің түрлері
- •Несиелік белсенділікті басқару
- •16 Тақырып. Мемлекеттің қаржы жүйесі.
- •17 Тақырып. Мемлекеттің сыртқы экономикалық
- •Дүниежүзілік шаруашылық.
- •Халықаралық қатынастар жәәне оның негізгі көріну нысандары.
- •Қазақстанның әлемдік шаруашылықтағы рөлі
- •Курстың түсіндірме сөздігі (глоссарий)
- •Абстрактылы еңбек - тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам
- •4. Семинар сабағының тапсырмалары
- •Студенттердің өзіндік жұмысқа дайындалу тапсырмалары (сөж)
- •Фрикциондық жұмыссыздық
- •Дағдарысқа қарсы саясат
- •Акция Ақша массасы Банк
- •Акция Ақша массасы Банк
- •Есеп-жаттығулары
- •Тест сұрақтары
- •8.Қолданылған негізгі әдебиеттер:
- •8.1.Қосымша әдебиеттер:
- •Мазмұны
Тауарлар мен қызметтер нарығы
тұтыну тауарларының нарығы – азық - түлік және азық - түлік емес тауарларының нарығы;
қызметтер нарығы;
тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттар нарығы.
Өндіріс факторының нарығы
жылжымайтын мүліктер нарығы;
еңбек құрылымдарының нарығы;
шикізат пен материалдар нарығы;
қуат ресурстарының нарығы;
пайдалы қазбалар нарығы.
Қаржы нарығы
капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар;
несие нарықтары;
құнды қағаздар нарығы (акция, облигация т.б.);
валюта, ақша нарықтары.
Интеллектуалды өнімдер нарығы - инновацияландыру, ойлап табудағы информациялық қызметтердің, әдебиет және еңбектерінің нарықтары. Жұмыс күші нарығы – бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмыс күші миграция жасап отырады. Аймақтық нарықтар - жергілікті, ішкі ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.
Экономикалық теориядағы жасырын экономика - әртүрлі себептермен ресми түрде статистика арқылы есепке және бақылауға алынбаған өндіріс, айырбас және материалдық игіліктерді бөлу процестері. Нарықты өмірде жасырын экономика факторын есепке алмау қоғам мүддесіне қайшы келетін өте ауыр әлеуметтік экономикалық салаларға лауазымдық қызметкерлердің қылмысының өсуіне және басқа да әртүрлі қылмыстық істерге әкеліп соқтырады.
Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады.
Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара қатынасы арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке – нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар ретінде көрінетін экономикалық жарысы.
Бәсекені бірнеше белгілері бойынша мынадай түрлерге бөлуге болады:
Даму масштабы бойынша:
Жеке бәсеке – жеке бір қатысушы нарықтың аса қолайлы жағдайларын таңдап алуға талаптанады.
Жергілікті бәсеке – жергілікті қайсыбір территорядағы тауар иелерінің жарысы.
Сала ішіндегі бәсеке – сала ішіндегі жарыс.
Сала арасындағы бәсеке - әртүрлі сала субъектілерінің жарысы.
Ұлттық бәсеке – ел ішіндегі жарыс.
Ғаламдық бәсеке - әр түрлі мемлекет субъектілерінің жарысы.
Жүргізу әсеріне қарай:
Бағалық бәсеке – бағаны төмендету арқылы
Бағасыз бәсеке – тауар сапасы, жарнама, қызмет көрсету арқылы.
Ниет тәсілдері бойынша:
Адал ниеттілік бәсеке
Ниетсіз бәсеке – нарықтық ережелерін бұзу, жалған жарнаманы қолдану және т.б. арқылы.
Бәсеке даму сипатына қарай:
Жетілген бәсеке
Жетілмеген бәсеке (олигополия, монополия, монополистік бәсеке).
Осы айтылғандарға сәйкес нарық былай бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы және жетілмеген бәсеке нарығы.
Жетілген бәсеке нарығы – кез келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын) тауарларды сататын сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан туады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранысты, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді. Себебі, сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа кіру де, шығу да жеңіл.
Жетілмеген бәсеке қандай да тауарлар мен қызмет түрін өндірудегі ерекше өндірушінің пайда болуы. Жетілмеген бәсекенің бірнеше түрлері бар: монополия, олигополия, монополистік бәсеке.
10 кесте
Нарық үлгілерінің сипаты
|
Жетілген бәсеке |
Жетілмеген бәсеке |
||
Таза бәсеке |
Монополистік бәсеке |
Олигополия |
Таза монополия |
|
Анықтамасы |
Нарықта сатушы формалардың саны көп бір-тектес тауар, бірде бір фирма бағаға ықпалын жүргізе алмайды |
Нарықта сату-шылардың саны көп, тауарлары әртектес |
Нарықта бірнеше ірі фирмалар билік жүргі-зеді. (егер де екеу болса, дуополия) |
Нарықта бір ғана сатушы билік жүргізеді, бағаға ықпалы өте күшті |
Фирмалардың саны |
Өте көп |
Көп |
Бірнеше |
Бір ғана |
Тауардың түрі |
Біртектес |
Әртектес |
Жеке дара |
Алмастыратыны жоқ біртектес |
Бағаға бақылау |
Болмайды |
Орташа |
Орташа |
Мемлекет тара-пынан бақылау болады. |
Салаға кіруге кедергілер |
Ешқандай қиыншылық жоқ |
Ешқандай қиыншылығы жоқ |
Салаға кіруге кейбір қиын-шылықтар болады |
Кіру өте қиын |
Бағалық бәсеке |
Болмайды |
Өте жоғары деңгейде болады |
Орташа деңгейде болады. |
Болмайды |
Монополия – ерекше тауардың бір ғана сатушысы, монопсония – тауарды бір ғана сатып алушының болуы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге болады:
Табиғи монополия – сирек кездесетін және өндірілмейтін өндіріс факторына биіктеу жағдайында пайда болады (тұтынушыларға – су отын, энергия қуатын, газ беру және т.б. фирмалар).
Жасанды монополия - фирмалардың бірігу және келісу нәтижесінде пайда болады.
Кездейсоқ монополия - өз шеңберіндегі тұтынушылардың сұраныстың ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады.
Монополияның пайда болуының басты себебі- өндірістің және капиталдың шоғырлануы.
Шоғырланудың бағыттары
К
өлденең
Тікелей
Диверсификация
Бір саладағы компания-лардың бірігуі немесе әлсіз кәсіпорындарды күшпен тартып алу. |
Ортақ технология арқылы әртүрлі саладағы фирмалар-дың бірігуі.
|
Технология жағынан байланысы жоқ әр түрлі саладағы фир-малардың бірігуі.
|
Монополияның ұйымдастыру формалары:
Картель - өндірістің көлемі туралы, бағалар туралы келісу
Синдикат – кәсіпорындардың тәуелсіздігі сақталып, бірлесіп тауар өткізу мақсатымен ұйымдасқан бірлестік.
Концерн - бірнеше бағыттағы формалардың бірыңғай қаржы орталығына бірлесуі.
Конгломерат – шаурашылық іс-әрекетіне байланысы жоқ компаниялардың бірлесуі .
Монополияны шектеуге және тыйым салуға монополияға қарсы
заңдылықтар қолданылады.