- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Туризм кафедрасы
- •5В090200- «Туризм» мамандығының білім алушылары үшін
- •5В090200- tour 22117 «Туризмдегі зерттеу»
- •1.Tour 22117 «Туризмдегі зерттеу» модулі бойынша силлабус
- •5В090200 - «Туризм» мамандығының бакалавриатына арналған
- •1.Курс оқытатын «Туризм» кафедрасының доцент м.А., э.Ғ.К. Ш.С.Нұрмұхамедова
- •5.5.Модульді оқытудың жоспары
- •8. Оқу тәртібінің саясаты
- •2. Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар
- •3.Дәріс конспектісі және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау конспектісі Шолу дәрісі
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Қосымша әдебиеттер
- •5. Теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар
- •6. Білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •1.Туристік кәсіпорында қолданылатын қаржылық-экономикалық қызметтердің әдістері
- •2.Туристік кәсіпорынның қаржылық қызметіндегі ішкі аудиторлық бақылау әдістері мен ревизия
- •3.Туристік қызметтер зерттеулеріндегі психология әдістері және кезеңдері
- •4.Туризмдегі зерттеулерде психологиялық әдістерді қолдану
- •5.Туризмдегі мамандардың шығармашылық қызметтерін ғылыми зерттеу
- •6.Туризмдегі ғылыми зерттеулер және менеджердің шығармашылық қызметтерінің ерекшеліктері
- •7.Экскурсияларды ұйымдастыру әдістемелері және денсаулықты сақтау әдістері
- •8.Статистикалық мәліметтерді топтаудың маңызы мен мақсаты
- •9. Туризмдегі статистикалық сұрыптау әдістері
- •10. Ішінара бақылаулар түрлері
- •13. Туризмдегі ғылыми болжам әдістері және оларды математикалық өңдеу
- •14. Туризмде маркетингтік зерттеулерді қолдану әдістері
- •15. Туризмде қолданылатын негізгі маркетингтік зерттеу әдістері
- •7. Практикалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау
- •8. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •9. Оқу пәнінің мультимедиялық материалдары
Бақылау сұрақтары
Туризмдегі мамандардың шығармашылық қызметінің мәні қандай?
Ммандардың шығармашылық қызметіндегі интуицияның рөлі қандай?
Сезімдік танудың сипаты қандай?
Сезімдік танудың нысандары қандай?
Туризмдегі ғылыми зерттеуде шығармашылық бастаманың рөлі қандай?
Туризмде шығармашылық қызмет қандай рөл ойнайды?
Қорытынды
Туризм мамандарының шығармашылық қызметінің маңыздылығының артуы шығармашылық үдеріс мәнін, оның әдістемелік және психологиялық негіздерін, жүзеге асырудың практикалық жолдарын ашып көрсету қажеттілігін туғызды. Шығармашылық үдерісті талдауға, туризмдегі менеджерлердің шығармашылық қызметін арттыру жолдарын іздеуге арналған көптеген еңбектер пайда болды.
Мамандардың шығармашылығын ашу тәсілдерінің ғылыми әдістемелік алғышарты, тәжірибелік қызметінің негізінде шынайылықтың адам санасында белсенді түрде көрініс табу үдерісі ретінде тану мәнін түсіну, яғни диалектика болып табылады.
Қабылдаудың сапалылығы менеджердің жүйке жүйесі мен көңіл күйінің жағдайына тәуелді болып келеді. Егер ол ашулы күйде болатын болса, онда болып жатқан оқиғаларды объективті түрде қабылдай алмайды. Қабылдаудың бұл ерекшелігін күтпеген жағдайлар көп кездесетін, психологиялық қабылдау артып кететін нарық жағдайында ескеру қажет.
Дәрістерге әдістемелік нұсқау
Студенттер мамандардың шығармашылығын ашу тәсілдерінің ғылыми әдістемелік алғышарты, тәжірибелік қызметінің негізінде шынайылықтың адам санасында белсенді түрде көрініс табу үдерісі ретінде тану мәнін түсіну, туристік қызмет көрсету нарығы сегментін қабылдай отырып менеджер, алға қойылған міндеттерді орындауға қажетті жақтарын жан-жақты білуі керек.
Әдебиеттер
1.Барчуков И.С. Методы научных исследований в туризме: учеб.пособие. – М.: Издательский центр «Академия», 2008.
2.Баканов М.И. Теория экономического анализа. – М.: Финансы и статистика, 2002.
Дәріс 6. Туризмдегі ғылыми зерттеулер және менеджердің шығармашылық қызметтерінің ерекшеліктері
Дәріс сұрақтары:
1.Туризмдегі ғылыми зерттеулердің шығармашылық бастамасы
2. Нарық жағдайындағы менеджердің шығармашылық қызметінің ерекшеліктері
Дәрістің мақсаты:туризмдегі ғылыми зерттеулердің шығармашылық бастамасы туралы, сонымен қатарнарық жағдайындағы менеджердің шығармашылық қызметінің ерекшелік-терін талдау болып табылады.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: әлеуметтік, шығармашылық шешім, танымдық қабілет,тұлғалық, үлгі.
Туризмдегі шығармашылық қызметтің нәтижелері тек қана қабылданып қоймай, сонымен бірге тез арада тәжірибеге енгізілуі керек. Қалыптасып қалған елестердің шегіне сәйкес келмейтін жаңа нәрселерден бас тартуға болмайды. Жаңа нәрсені бағалау мен қабылдау мамандардың ойлауындағы психологиялық кедергілерді жеңуді білдіреді. Жаңа нәрсені қабылдау қабілетін қалыптастыру, жаңаны іздеуге ұмтылатын ойдың батылдығы – ғылыми зерттеулердің маңызды міндеті.
Туризм туралы ғылымның ерекшелігіне теориялық есептеулер мен практика арқылы тексеруден өтіп қол жеткен жетістіктердің міндетті түрде бағыну керек болатын ұсыныстар, қағидалар, ережелер түрінде сәйкес құжаттарда тіркелуі жатады. Бұл мамандардың бірыңғай көзқарастары мен әрекеттерін талап ететін туристік қызмет ерекшелігімен шарттастырылған.
Туризмдегі шығармашылық бекітілген нормативтермен, канондармен шектелмеуі керек, себебі, бұл шығармашылық ойдың дамуын болдырмайды, таяздандырады.
Туындайтын мәселенің шығармашылық шешімінің маңызды шарты фантазия – шығармашылық қиялдау мен ойлау қабілеттілігі болып табылады. Турбизнесте фантазия нақты шынайылықтың фактілерінен ажырамауы тиіс. Ол қазіргі заманғы туризмнің сипатын, мүмкін болатын бәсекелестердің көзқарастарын, ресурстардың нақты ара қатынасын, шағын және орта бизнестің объективті заңдылықтарын дәл есептеп отыруы керек.
Шығармашылық қызметтің тиімділік деңгейі көптеген факторлардың қосындысына тәуелді. Олардың маңыздыларына зерттеушінің мынадай танымдық қабілеттері жатады: ойлау икемділігі, құмарлық, жаңа мәселелерді белгілеу мен шешудегі батылдық, негіздеу, есептеу, тексеру, дәлелдеу шеберлігі. Бұл қабілеттер туризмнің шығармашылық негізі туралы терең білімнің барлығында, ой-өрістің кеңдігінде, зерттеу қызметінің әдістерін иемденгенде көрінеді.
Туризм туралы ғылымның сәтті дамуы жетекшілер мен мамандарда шығармашылық қабілеттерді табу, олардың дамуы мен жетілуі үшін жағдайлар жасауды талап етеді. Ғылыми шығармашылықтың дамуының маңызды шарттарына келесідей менеджердің шығармашылық қабілеттерін жинақтайтын ынталандырушылық факторлар жатады:
Әлеуметтік – бұл белгілі бір ғылыми мәселелерді шешудегі қоғамдық қажеттіліктер, оларды шешу қажеттілігін зерттеушінің сезінуі;
Танымдық – бұл ақиқатқа ұмтылу;
Тұлғалық – бұл зерттеу нәтижелерімен қанағаттандыратын материалдық және моральдық стимулдар.
Зерттеушілік қызметтің тиімділігі онсыз шығармашылық мүмкін болмайтын эмоционалды көтерілуді жасайтын факторлар сәйкестігіне тәуелді. Жағымды эмоциялар жинақталған білімдердің ішкі бірігуі үшін оңтайлы жағдайлар жасайды. Шығармашылық қызметте эмоционалды көтерілудің жоғары деңгейі, белсенділіктің артуымен, ойлау үдерісінің жоғары интенсивтілігімен сипатталатын шабыт болып табылады. Оның шарты мәселені шешудің қоғамдық маңыздылығын сезіну, жасалып жатқан идеяға құмарлық болып табылады. Шабыттың алғышарттары еңбек, ойлау, толғану болып табылады.
Ғылыми білімнің қазіргі заманғы даму кезеңінде кешенді ғылыми мәселелерді шешуге септігін тигізетін ұжымдық (корпоративтік) шығармашылық қызмет үлкен мәнге ие. Сонымен қатар ұжымдық зерттеулер жүргізу әрбір зерттеушіге тапсырылған жұмыс учаскесіне жеке бастамашылық пен жауапкершілік үйлесімін табуы тиіс.
Туризм мәселелерімен айналысатын ғалымдарды шартты түрде келесідей бағыттарда топтастыруға болады: 1) шығармашылық ойлау қабілеті басым, мәселелерді оригиналды шешуге қабілеттілер; 2) дәл зерттеуге бейім келетін, мәселенің мәнін түсінуге ұмтылушы теоретик-жүйелегіштер; 3) елеусіз, маңызсыз құбылыстар массасының ішінен заңдылыққа бағыттайтын негізгі үрдісті таба алатын экспериментаторлар; 4) сыни ойлауға бейім, барлығына күманданатын, бірақ мәселелерге оңтайлы шешім бере алмайтындар; 5) энциклопедиялық білімге ие, бірақ оларды шығармашылық қолдануға қабілетсіз эрудиттер.
Алайда мамандардың көп бөлігінде бір немесе бірнеше көрсеткіштер кездеседі, мысалы сыни ойлау көбінесе шығармашылықпен үйлеседі.
Өзінің құрамында әр түрлі ойлау деңгейдегі және бір-бірін іскерлік сапалықтарымен толықтыратын зерттеушілері бар ғылыми ұжымдар жемісті болып келеді. Бұл жағдайды шығармашылық ғылыми ұжымдарды қалыптастыру кезінде есепке алған жөн.
Ұжымдық шығармашылықтың тиімділігі көбінесе ғылыми ұжымдағы қарым-қтынастар атмосферасына тәуелді болады, онда шынайы шығармашылық жағдай, батыл ізденіс атмосферасы, жемісті дискусиялар, серіктестік ескертулер болғаны маңызды.
Менеджердің қызметіне қойылатын талаптар.Турбизнесте жетістікке жету жетекші мен персоналдың белсенділігінсіз, бастамашылдығынсыз және шығармашылығынсыз мүмкін емес. Бұл жетістікке жетуге бағытталған шешімдер, жоспарлар және бұйрықтар қабылданатын ерекше шарттармен анықталады. Нарық оның элементтерінің, байланыстаының және қатынастарының қайталанбайтындығымен сипатталады. Мұнда бір типтес жағдайлар туындайды. Нарықтың ерекшелігі де осында. Осыған байланысты менеджер алға қойылған міндеттерді орындау үшін нақты бір жағдайдағы болып жатқан нәрселерді дұрыс түсінуі, нарық дамуының динамикасын сезіне алуы міндетті болып табылады.
Турбизнестегі сәттілік – қатаң бәсекелі күрестің нәтижесі. Сондықтан менеджер бәсекелестердің іс-әрекеттеріне өзінің еркін білдіруге, барынша аз өндірістік шығындар арқылы қысқа уақытта жетістікке жетуге мүмкіндік беретін мәселелерді шешу тәсілдерін қарсы қоюы керек. Нарықтың өзгермелі жағдайында кездейсоқтық маңызды рөл ойнайды. Бұл жағдайда менеджерге нақты туындаған оңтайлы кездейсоқтықты максималды деңгейде пайдаланған жөн, ал ұтымсыз, жетістікке жетуге кедергі болатындарының әсерін болдырмауы қажет. Менеджердің өнері қазіргі жағдайға дейін қарастырылмаған бизнесті жүргізу тәсілдерін табу қасиетінде көрініс табады.
Турбизнестегі бәсекелестерге қарсы қолданылатын әдістерді жағдайлар өзгерген кезде өзгертіп отыру керек. Белсенділік, бастамашылық, шығармашылық сияқты қасиеттер әсіресе менеджер үшін қажет. Менеджердің маңызды көрсеткіші бәсекелестерді шатастыратын олар күтпеген әрекеттер тәсілін қолдану болып табылады.
Менеджердің шығармашылық қызметінің көрініс табуының бірі – бұл бәсекелесті шынайылыққа сәйкес келмейтін шешім қабылдауға мәжбүрлеу үшін қолданылатын кәсіпкерлік қулық, тапқырлық. Бұл үшін көптеген әдістер мен тәсілдер бар.
Шығармашылық қызметте менеджерге басқару үдерісін жылдамдататын техникалық құралдар көмектеседі. Оған алынған ақпаратты тез және дәл бағалау мүмкіндігін беретін, күрделі есептер жүргізетін, қабылданған шешімдерді негіздейтін компьютерлік техника жатады.
Нарықтық жағдайларда менеджердің шығармашылық қызметі сәйкес жағдайлар болса толығымен ашылып қажетті әсер беруі мүмкін. Ол үшін менеджер бастамашылық, белсенділік және тапқырлық секілді қасиеттерге ие болуы керек.
Туризмдегі шығармашылық қызметтің материалдық және рухани факторларының мағынасы.Туризмнің дамуы үшін материалды және рухани факторлардың ара қатынасы маңызды болып табылады. Материалдық факторлар турөнімді және материалдық-техникалық базаны, қамтамасыз етудің әр түрлі құралдарын құрайды. Туризмдегі матриалдық факторларға мамандар, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары: туркәсіпорынның орналасқан жері, климаттық жағдайлар және т.б. жатады.
Рухани факторларға білімдер, мәдениеттің рухани деңгейі жатады.
Туризмдегі материалдық және рухани факторлардың ара қатынасы нақты жағдайларда әр түрлі, көпфункционалды, қозғалмалы болып келеді.
Бұл арақатынасты туроператордың қызметінде есепке алу керек. Ол қызмет көрсету нарығына жаңа турөнімді жылжыту туралы шешім қабылдау кезінде бәсекелестің әрекеттері және өзінде ресурстардың бар болуы сияқты материалдық факторларды ғана емес, қызметті тұтынушыларды турөнімнің рухани байытуы секілді рухани факторларды да есепке алады. Материалдық және рухани факторлардың бәсекелесетін бір біріне қарсыласатын нарықта жағдайлар туындауы мүмкін жағдайларды ескерген жөн. Мысалы, белгілі бір қызметтердің көрсетілуі үшін ерікті түрде ақшасын берген турист оның орнына ештеңе алмаған кезде.
Туристік қызметтегі объективті мен субъективтілер.Туризмдегі материалдық және рухани факторлардың ара қатынасының нақты көрініс табуы объективті мен субъективтінің ара қатынасы болып табылады.
Субъект жеке менеджер, туркәсіпорын немес қызметті тұтынушылар тобы болуы мүмкін; объект – турөнім, шраларды жүргізу үрдісіндегі басқару, бәсекелестер, персоналдың кәсіби қасиеттері.
Туризмнің бұқаралығының артуымен турбизнесте жүргізуде заңнама мен экономиканың әсері де артып келеді.
Туризм дамуыың объективті негіздерін турбизнесті жүргізу нысандары мен тәсілдері, мамандарды дайындау, менеджерлердің турбизнесті жүргізудегі ескі әдістедің жетілуі мен жаңа әдістердің пайда болуына әсер ететін рухани және шығармашылық қызметі құрайды.
Туризмдегі субъективті қызметке турөнімді жүеге асыратын менеджерлердің, персоналдың, теоретик-маркетологтардың белсенділігі жатады. Ткрбизнесті жүргізудің жаңа тәсілдерін қалыптастыру үдерісі – менеджерлер мен персоналдың үлкен шығармашылық жұмысының нәтижесі. Туркәсіпорынды сәтті басқару үшін мәселелерді шешудің типтік әдістерін қолдану жеткіліксіз. Бұл жерде жаңа, оригиналды, бәсекелес үшін күтілмеген әдістер мен тәсілдер қажет, олар шығармашылықтың, шабыттың, батылдықтың, шешімділіктің, көріпкелдіктің және тәуекелдің жемісі болып табылады. Талантты менеджер үшін оған ғана тән басқару стилі болуы керек.
Менеджер жүргізілген туристік шаралардың тәжірибесін жалпылауға және есепке алуға міндетті, бизнесті жүргізуді жетілдіруге өз үлесін қосуы керек. Жаңа жағдайларда шығармашылық қызмет ұйымдастырылған, мақсатты және басқарылатын үдерістің сипатына ие болады.
Туризмдегі мамандардың шығармашылық қызметіне практиканың әсері.Практика – әсер ету нәтижесінде заттың қайта құрылуы. Туризмде қайта қалыптасудың басты объектісі бәсекелес және оның материалдық ресурстары.
Менеджердің туристік қызметінің мәне мақсаты бәсекелеске әсер ету арқылы оны қызмет көрсету нарығынан шығарып тастау болып табылады.
Туризмдегі практика қызметтің ерекше түрі ретінде өзіне тән сапалық қасиеттері бар: 1) өзінің қызмет көрсету нарығында жұмыс жасау, оған мамандарды дайындау, қалыптастыр кезінде басқару, баға қалыптастыру, турөнімді стандарттау және жүзеге асыру; 2) персоналмен қызмет көрсету сапасын арттыруға және пайда алуға бағытталған сабақтар, тренингтер, ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу.
Маманның туристік қызметіндегі практикасы – бұл объективтілік пен субъективтіліктің біртұтастығы, яғни бір жағынан, мамандар қызмет үдерісінде сәйкес материалдық ресурстарды пайдалана отырып өздеріне шынайылыққа тәуелсіз объективтіні құрайды, екінші жағынан, - олар, олардың әрекеттерін болжайтын алдын ала белгіленген мақсаттарға өзінің қызметінің бағытын бағындырады. Бәсекелеске әсер етуге қолданылатын нысандар мен тәсілдер материалдық ресурстарға, күштер қатынасына, қойылған міндет мазмұнына, қабылданған басқару шешіміне тәуелді болады.
Практиканың субъективті жағы объективті жағдайлармен шарттастырылған. Менеджер қызметінің мақсаттары қызмет көрсету нарығының объективті жағдайымен шарттастырылған. Практиканың субъективті жақтары: турөнім, материалд ресурстар, қоғамдық орта, қызмет көрсету нарығының жұмыс жасауы және дамуының объективті заңдары. Менеджер нарық жағдайында мақсаттылық пен белсенділік пайда болғанда бұл үдерістерді баяулата және күшейте алады. Қызмттің бұл шекарасын туристік практиканы анықтағанда есепке алу керек.
Практиканың объективті жақтары: бәсекелес, оның есурстық қамтамасыз етілуі, ол қолданатын әдістер мен тәсілдер; қызмет ету барысындағы оның күштері мен құралдары; жергілікті және климаттық жағдайлар; мамандардың еркі мен қалауына тәуелсіз қызмет көрсету нарығының заңдары. Туризм тарихына сүйенсек: көрсетілген объективті факторлар кәсіпкерліктің жетістігін қамтамасыз етіп келген әне қамтамасыз етуде, оларды ескермеу банкроттыққа алып келеді.
Туристік қызметке басқару құрылымдарының менеджерлерінің, персоналының жеке қасиеттері үлкен әсерін тигізеді. Қоғамдық практиканың қазіргі кезеңінің өзіне тән белгісіне оның тек ғылым жетістігін мамандардың қолдануы кезінде ғана сәтті жұмыс істеуі мүмкін болатындығы жатады.
Практикалық қызметтің мәні туризмдегі белгілі бір экономкалық мақсаттарға жетуде. Мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты практика регрессивті де, прогрессивті де сипатта болуы мүмкін.
Жоғары практикалық қызметке деген персоналдың коммерциялық және психологиялық дайындығы кәсіпорынның имиджін, оның экономикалық күшін арттыруға, клиенттерге сапалы ызмет көрсету бойынша тренингтерге, өзінің қызметтік міндеттерін білуге бағытталған. Мұның барлығы турөнімді қызмет көрсету нарығында сәтті жүзеге асыруға бағытталған.
Зерттеу практикасы турбизнесті жүргізудің тәсілдерін, кәсіпорынды басқару әдістерін, персоналды оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жағын қамтамасыз ету үшін қажет. Менеджердің әрекет ету нысаны – экономика заңдарының бірі – ұсыныс пен сұраныс көрініс табатын қызмет көрсету нарығындағы жұмыс. Зерттеу практикасының нысаны – турөнімнің тәжірибелі үлгілерін сату. Математикалық дістер және компьютелік техникамен есептеулер, болжамдар, тексеріледі, жаңа ұсыныстар жасалады, одан кейін практикада қолданылады.
Практика – туризмдегі таным мақсаты. Практиканың қажеттілігі мамандар үшін танымдық қызметтің стимулы болып табылады. Білім жаңа идеяларды тудырады. Зерттеулердің мақсаттары мен міндеттері туризмнің практикалық қажеттіліктерімен анықталады, зерттеу мәселелерінің шешімі туризмнің практикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
