- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Туризм кафедрасы
- •5В090200- «Туризм» мамандығының білім алушылары үшін
- •5В090200- tour 22117 «Туризмдегі зерттеу»
- •1.Tour 22117 «Туризмдегі зерттеу» модулі бойынша силлабус
- •5В090200 - «Туризм» мамандығының бакалавриатына арналған
- •1.Курс оқытатын «Туризм» кафедрасының доцент м.А., э.Ғ.К. Ш.С.Нұрмұхамедова
- •5.5.Модульді оқытудың жоспары
- •8. Оқу тәртібінің саясаты
- •2. Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар
- •3.Дәріс конспектісі және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау конспектісі Шолу дәрісі
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Қосымша әдебиеттер
- •5. Теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар
- •6. Білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •1.Туристік кәсіпорында қолданылатын қаржылық-экономикалық қызметтердің әдістері
- •2.Туристік кәсіпорынның қаржылық қызметіндегі ішкі аудиторлық бақылау әдістері мен ревизия
- •3.Туристік қызметтер зерттеулеріндегі психология әдістері және кезеңдері
- •4.Туризмдегі зерттеулерде психологиялық әдістерді қолдану
- •5.Туризмдегі мамандардың шығармашылық қызметтерін ғылыми зерттеу
- •6.Туризмдегі ғылыми зерттеулер және менеджердің шығармашылық қызметтерінің ерекшеліктері
- •7.Экскурсияларды ұйымдастыру әдістемелері және денсаулықты сақтау әдістері
- •8.Статистикалық мәліметтерді топтаудың маңызы мен мақсаты
- •9. Туризмдегі статистикалық сұрыптау әдістері
- •10. Ішінара бақылаулар түрлері
- •13. Туризмдегі ғылыми болжам әдістері және оларды математикалық өңдеу
- •14. Туризмде маркетингтік зерттеулерді қолдану әдістері
- •15. Туризмде қолданылатын негізгі маркетингтік зерттеу әдістері
- •7. Практикалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау
- •8. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •9. Оқу пәнінің мультимедиялық материалдары
Бақылау сұрақтары
1.Туризмде модельдеу және конструкциялау әдістері қандай мақсаттар үшін қолданылады?
2.Туристік қызметтердің табиғи жағдайларында эксперимент нені білдіреді?
3.Психологиялық зерттеулерде тестілеу қандай мақсаттар үшін қолданылады?
4.Идентификация әдісінің ерекшелігі неде?
5.Басқа қызметкердің ішкі дүниесінде интерпретация әдісі нені білдіреді?
Қорытынды
Туризмдегі психологиялық зерттеулердің әдістерін зерттеу тәсілдерінің, белгілі бір ғылыми мақсатқа жету нәтижесінде алынған тәсілдердің қолдану және түсіндіру реті түрінде де қарастыруғу болады.
Туризмдегі психологиялық әдістердің көптігі туристік кәсіпорын қызметкерлері мен тұтынушылардың арнайы ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Дәрістерге әдістемелік нұсқау
Студенттер туризмдегі зерттеулер арқылы жүзеге асатын психология әдістерін жіктелуін,
туризмдегі психологиялық зерттеулердің эмпирикалық тобына жатқызуға болатын әдістерді: әдебиет көздерін зерттеу, теоретикалық талдау және саралау, дерексіздендіру мен нақтылау, модельдеу, ойша тәжірибе, бақылау, анкеталық сұраулар, сұхбаттасу, қызметтің нәтижелерін зерттеу, құжаттарды саралау, тәжірибені зерттеу және қорытындылау, тәжірибелік жұмыстар, тәуелсіз мінездемелерді қорытындылау, өзін – өзі бақылау, өзіне – өзі есеп беру, тестілеу, жобалау, талаптанулар деңгейін зерттеу, толықтырылу үрдісін зерттеу, тұлғаны биографиялық зерттеу әдісі, социометрия, келісімдерді өңдеу, топтық қызметті модельдеу, гомеостатикалық әдіс, жұп сөзді үлгі мен әлеуметтік бірліктер әдісі, аутокинетикалық әсер көмегімен топты сендіруді зерттеу, жеке және топтық қызметтің салыстырмалы сараптамасы жайлы толық мағлұмат алулары қажет.
Әдебиеттер
1.Барчуков И.С. Методы научных исследований в туризме: учеб. пособие. – М.: Издательский центр «Академия», 2008.
2.Ильина Е.Н. Туризм – Путешествия. Создание туристской фирмы. Агентский бизнес: Учеб. – М.: РМАТ, 1998.
Дәріс 5. Туризмдегі мамандардың шығармашылық қызметтерін ғылыми зерттеу
Дәріс сұрақтары:
1.Туризмдегі шығармашылық қызметтің дамуы
2.Туркәсіпорын маманының шығармашылық қызметіндегі сезімдік қабылдау мен елестетудің рөлі
Дәрістің мақсаты:Туризмдегі шығармашылық қызметтің дамуы және туркәсіпорын маманының шығармашылық қызметіндегі сезімдік қабылдау мен елестетудің рөлін қарастыру болып табылады.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер:дайвинг, кеңістік, ғарыш, ғарыштық туризм, түйсік, елестету.
Кең мағынада шығармашылық қызмет қоғамға қажетті жаңа материалдық және рухани құндылықтар мен адамзат жинақтаған білім негізінде оларды алудың жаңа тәсілдерін жасауды білдіреді. Туризмде шығармашылық қызмет көпқырлы болып келеді. Мысалы, менеджерлер мен маркетологтардың қызметінде шығармашылық – басқарудың жаңа ұйымдастырушылық әдістерін қолдану, турөнімді жылжытудың және персоналды оқытудың жаңа тәсілдерін енгізу кезінде көрініс табады.
Өзінің көпқырлылығымен туристік қызмет мамандардан жоғары деңгейдегі шығармашылық мүмкіндіктерді, батыл новаторлықты, жасампаздықты талап етеді. Ерекше туристік жобалар мен бағдарламаларды жасау жаңа шығармашылық бастамасыз, жаңа әдістемелік тәсілдерсіз мүмкін емес. Туризм дамуының қазіргі кезеңінде шығармашылықтың орны ерекше артып отыр. Бұл туризмнің жетілу, шығармашылық тәсілдер арқылы шешілетін жаңа мәселелердің пайда болу, теориялық және тәжірибелік қызметтің күрделену қарқынының күшеюімен түсіндіріледі.
Туризм мамандарының шығармашылық қызметінің маңыздылығының артуы шығармашылық үдеріс мәнін, оның әдістемелік және психологиялық негіздерін, жүзеге асырудың практикалық жолдарын ашып көрсету қажеттілігін туғызды. Шығармашылық үдерісті талдауға, туризмдегі менеджерлердің шығармашылық қызметін арттыру жолдарын іздеуге арналған көптеген еңбектер пайда болды.
Мамандардың шығармашылығын ашу тәсілдерінің ғылыми әдістемелік алғышарты, тәжірибелік қызметінің негізінде шынайылықтың адам санасында белсенді түрде көрініс табу үдерісі ретінде тану мәнін түсіну, яғни диалектика болып табылады.
Сананың белсенділігі мен мақсатты бағытталуы – шығармашылықтың негізі, маманға өзінің қызметін жетілдіруге мүмкіндік беретін шарт болып табылады. Ол ойша алға қойған мақсаттарына жетуге жоғары деңгейде әсер ететін әрекеттер жоспарын жасайды.
Алайда, алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру кезінде шешу керек болатын қандай да бір мәселелер туындауы мүмкін. Туризмдегі мамандар ғылыми зерттеу барысында бұл қиыншылықтарды жою жолдарын табады. Мысалы, дайвинг – су асты әлемін тануға мүмкіндік беретін туризм түрі, – белгілі бір қажеттіліктермен шарттастырылған шығармашылық нәтижесінде туындаған. Бірақ, дайвингпен айналысу үшін келесідей шараларды қамтитын жағдайлар жасалуы қажет: туристерді жүзуге үйрететін мамандарды дайындау; туристерде физикалық және психологиялық қасиеттерді қалыптастыру, мысалы аквалангпен жүзу; бұл спорт түрімен айналысу үшін құралдарды өндіру әрі жетілдіру. Осы және басқа да шаралар жоғарыда айтылып өткен алдағы мақсатқа жету кезіндегі қиыншылықтар болып табылады.
Осы уақытқа дейін ғарыштық туризм болған емес. Оның жасалуы – шығармашылық қиялдың нәтижесі. Ғарыштық туризмді жасау идеясы осыған дейінгі нақты бар алғышарттар негізінде туындаған: жерге жақын кеңістікті игеру, жерге жақын орбитаға ғарыштық құралдарды жеткізу, медициналық ұсыныстар, салмақсыздық кезіндегі өмір сүруді басқару және қамтамасыз ету құралдары, космодром мамандарын дайындау деңгейі. Осылайша, құрамында турист ретінде ғарышқа ұшуды жүзеге асыратын ғарыштық туризмді жасау үшін мүмкіндіктер туды.
Шығармашылық қызметте қабылданған ақпаратты қайта өңдеу мен қорыту бойынша ойлаудың саналы емес қызметі, яғни интуиция үлкен мәнге ие. Әсіресе, маркетологтар үшін интуитивтік таным қажет, бұл туристік қызметтер нарығындағы қоршаған орта құбылыстарының күрделілігін тезарада түсіну, маңыздысына тоқталу, белгілі бір жұмыс жоспарын ойластыру мүмкіндігі.
Шешім қабылдаудағы интуитивтік таным маңыздылығы бірнеше факторлармен анықталады. Біріншіден, дұрыс шешім қабылдау үшін туризм туралы үлкен көлемдегі мәліметтерге ие болу, оларға талдау жүргізу және баға беру. Екіншіден, алынған мәліметтерді тұрақты түрде толықтырып және анықтап отыру. Үшіншіден, шешімдер қабылдау мен персоналға міңдеттер белгілеудегі уақыты шектеулі менеджер кәсіпорынды тиімді басқаруда қажетті айғақтардың бірі болып табылатын интуицияға ие болуы тиіс.
Туристік қызметті жетілдірудің жаңа тәсілдерін жасау кезінде менеджер туризм туралы білімдеріне сүйенеді, бұлардың негізінде ол алынған мәліметтерді талдауға, негізделген шешімдер мен ұсыныстар жасауға міндетті. Интуиция бұл жағдайда жаңа білімді алудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.
Интуитивті жолмен алынған білімдер өзінше әлі де ғылыми білім болып табылмайды. Интуитивті жолмен пайда болған идея тәжірибелік тексеруді қажет етеді, одан кейін интуитивті білім ғылыми білімге айнала алады. Туризмде бұларды турөнімді жүзеге асыру мен мамандарды оқыту кезінде есепке алған жөн.
Туркәсіпорынның жетекшісі теориялық білімге де және практикалық тәжірибеге де ие болуға міндетті. Себебі, интуицияға деген қабілеттілік интеллекті мен эрудициясы жоғары және ой-өрісі кең адамдарда болады.
Сезімдік танудың сипаты. Тану сезім мүшелерінің көмегі арқылы айналадағы нәрселермен танысудан басталады: сезімдік бейне жасауға көмектесетін көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу. Коммерциялық үдеріс кезіндегі менеджердің ойлау қабілеті оның сезімдік елестетуімен байланысты. Мысалы, туристік қызметтер нарығында менеджер болып жатқан оқиғаларды бақылай отырып, оларды өзінің білімі мен тәжірибесіне сүйене ой елегінен өткізеді.
Туризм туралы ғылым мамандардың қоршаған орта, жекелей алғанда нарықтық қатынастарды сезімдік қабылдау үдерістері кезінде алған білімдері негізінде дамиды.
Сезімдік танудың нысандары.Сезімдік танудың нысандары түйсік, қабылдау және елестету болып табылады.
Түйсік – бұл сезім мүшелері арқылы жекелеген қасиеттердің, ерекшеліктердің және тараптардың көрініс табуы, яғни осылайша қоршаған орта туралы ақпараттар алу. Менеджер ақпараттың ең көп бөлігін көз органдары арқылы қабылдайды. Көзбен алынған ақпараттар басқа сезім мүшелерімен алынған ақпараттармен салыстырғанда мазмұнды болып келеді.
Сезім мүшелерінің мүмкіндіктерін білу психология тұрғысынан қарағанда маңыздырақ болып келеді, мысалы туристік қызметті жекізушілер мен алушылардың мақсатты қарым-қатынастары туралы мәселені шешу кезінде.
Қабылдау – сезімдік танудың жоғары нысаны. Ол заттың сыртқы жақтары мен ерекшеліктерінің жиынтығы ретінде көрініс табады.
Мысалы, клиентке туристік ваучерді көрсетіп, оның мәні туралы айтып жатыр. Егер клиент бірінші рет қабылдап отырса, онда қабылдаудың тиімділігі жоғары болмайды, бірақ оған ваучерді қандай мақсаттармен бергенін түсіндірген кезде, бұл құжаттарды қабылдау күшейе түседі. Түйсік пен қабылдау - білімнің қайнар көздері ретінде заттардың сезім мүшелеріне тікелей әсер ету нәтижесінде жасалады. Бұл әсер ету тоқтаған кездің өзінде қабылданып отырған заттың бейнесі із-түссіз жойылып кетпейді. Ол есте сақталып қалады. Егер бейнелер турөнім әсер ету кезінде мида пайда болып, бұл әсер ету тоқтағаннан кейін жойылып кететін болса, онда менеджер оны таныс емес нәрсе секілді қабылдар еді, сәйкесінше, оны дұрыс сезінбес еді. Бұрынғы әсерлерді сақтау және айту қабілеті, тәжірибе, сонымен қатар, санадағы сақталған әсерлердің қоры - ес деп аталады.
Алынған ақпараттар сақталатын ес - сезімдік тануда маңызды рөл ойнайды, мысалы турөнімді жобалауға және қалыптастыруға оқыту кезінде. Есті - қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді деп ажыратады.
Белсенді қызмет кезеңінде менеджердің оперативті есіне арасында қажетті, кейде практикалық мәні жоқ болатын өте көп көлемдегі ақпараттар келіп түседі. Ұзақ мерзімді еске оның мыңнан бір бөлігі барады. Менеджер қабылданып отырған материалды іріктеп игеру көмегімен есте сақталғандарды белсенді түрде бағыттап отыра алады.
Естегі қабылданатын құбылыстарды бекіту тәсілдерінің бірі жаттауға бағыттау болып табылады, яғни тәжірибеде қажет болатын мәліметтерді саналы түрде іріктеу. Менеджер мен персоналға тура мағынасында ақпарат ағыны құлайтын қазіргі нарық жағдайында оны бастысын қосымшасынан, ақиқатын кездейсоғынан, жалғанынан ажыратып, тез талдап ой елегінен өткізе алу керек.
Персоналды оқыту кезінде нарық жағдайын сезімдік қабылдау үдерісінде менеджер алдағы міндеттерді орындауға қажетті мәліметтерді мақсатты түрде іріктеп алатынын есепке алу қажет. Бұған оларды дұрыс түсінудің маңыздылығын көруге болады. Мысалы, менеджер бәсекелес фирманы бақылау міндетін алға қоя отырып, бұл міндетті тереңірек түсінуге тырысады: ең бірінші неге мән беру керек, дұрыс шешім қабылдау үшін қандай мәліметтер алу қажет.
Туристік қызмет көрсету нарығы сегментін қабылдай отырып менеджер, алға қойылған міндеттерді орындауға қажетті жақтарға назар аударады. Сондықтан, бәсекелестерде оны міндеттерді қалай орындағанына байланысты қабылдайтын болады.
Қабылдаудың сапалылығы менеджердің жүйке жүйесі мен көңіл күйінің жағдайына тәуелді болып келеді. Егер ол ашулы күйде болатын болса, онда болып жатқан оқиғаларды объективті түрде қабылдай алмайды. Қабылдаудың бұл ерекшелігін күтпеген жағдайлар көп кездесетін, психологиялық қабылдау артып кететін нарық жағдайында ескеру қажет.
Елестету – бұл адам санасындағы бұрын қабылданған ақпараттарды жаңғырту болып табылады. Елестету шынайылықты сезімдік танудың маңызды нысаны бола отырып логикалық ойлауға өтпелі баспалдақ рөлін атқарады.
Менеджердің нақты жағдайды ауызша баяндау бойынша ойша елестету қабілеті нарық динамикалылығы жағдайында қабылдау қиындығы кезінде оның шығармашылық қызметінде үлкен мәнге ие. Менеджерге шынайылықты дұрыс елестету қажет, мысалы, баяндамада мазмұндалатын «нарық пульсін» әрқашан сезіну.
Елестетуде жалпылаудың кейбір элементтері кездеседі. Менеджер өзінің елесінде әр түрлі қабылданған заттардың бөліктерін бір нәрсеге біріктіре алады. Бұл қиял деп аталады. Елестету және қиял – сезімдік танудың маңызды нысаны.
Менеджерге қызметтер мен бәсекелестер нарығы туралы толық мәліметтерсіз алдағы коммерциялық қызметті жиі елестетуге тура келеді. Менеджерден, персоналдан, зерттеушілерден шарттар мен сипаттамаларды объективті елестету талап етіледі, мысалы туристік қызмет көрсету нарығының сегментін. Бұл міндет өте күрделі, бірақ қолжетімді.
Сезімдік елестетудің белсенділігі танудың мақсаттылығы мен талғамы арқылы анықталады. Менеджер өзінің санасында шынайлықтың белгілі бір практикалық мәселені шешу үшін қажетті мағыналар, байланыстар мен қарым-қатынастар кездесетін жақтарын көрсетеді. Мұнда қабылдау мен елестетудің талғау сипаты байқалады. Кәсіпорын алдында мынадай мәселе тұр деп алайық – жаңа турөнімді жүзеге асыру. Менеджер, осы мәселеге сәйкес нарықтық жағдайды бағалай отырып әрекеттерінің мақсатын, қызмет көрсету нарығында жүзеге асыру уақытын белгілеуді, бәсекелестердегі ресурстарды анықтауға көмектесетін бәсекелестер әрекеттерінің ерекшеліктерін анықтауға ұмтылады.
