- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Туризм кафедрасы
- •5В090200- «Туризм» мамандығының білім алушылары үшін
- •5В090200- tour 22117 «Туризмдегі зерттеу»
- •1.Tour 22117 «Туризмдегі зерттеу» модулі бойынша силлабус
- •5В090200 - «Туризм» мамандығының бакалавриатына арналған
- •1.Курс оқытатын «Туризм» кафедрасының доцент м.А., э.Ғ.К. Ш.С.Нұрмұхамедова
- •5.5.Модульді оқытудың жоспары
- •8. Оқу тәртібінің саясаты
- •2. Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар
- •3.Дәріс конспектісі және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау конспектісі Шолу дәрісі
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Қосымша әдебиеттер
- •5. Теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар
- •6. Білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •1.Туристік кәсіпорында қолданылатын қаржылық-экономикалық қызметтердің әдістері
- •2.Туристік кәсіпорынның қаржылық қызметіндегі ішкі аудиторлық бақылау әдістері мен ревизия
- •3.Туристік қызметтер зерттеулеріндегі психология әдістері және кезеңдері
- •4.Туризмдегі зерттеулерде психологиялық әдістерді қолдану
- •5.Туризмдегі мамандардың шығармашылық қызметтерін ғылыми зерттеу
- •6.Туризмдегі ғылыми зерттеулер және менеджердің шығармашылық қызметтерінің ерекшеліктері
- •7.Экскурсияларды ұйымдастыру әдістемелері және денсаулықты сақтау әдістері
- •8.Статистикалық мәліметтерді топтаудың маңызы мен мақсаты
- •9. Туризмдегі статистикалық сұрыптау әдістері
- •10. Ішінара бақылаулар түрлері
- •13. Туризмдегі ғылыми болжам әдістері және оларды математикалық өңдеу
- •14. Туризмде маркетингтік зерттеулерді қолдану әдістері
- •15. Туризмде қолданылатын негізгі маркетингтік зерттеу әдістері
- •7. Практикалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау
- •8. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •9. Оқу пәнінің мультимедиялық материалдары
Бақылау сұрақтары
1.Туризмде зерттеудің қандай психологиялық әдістері қолданылады?
2.Психология дегеніміз не?
3.Туристік қызметтерде бихевиоральді әдіс қандай жағдайларда қолданылады?
4.Туризмдегі психологиялық зерттеулердің негізгі кезеңдерін атаңыз?
Қорытынды
Бұл дәрістетуризмдегі психологияның негізгі міндеттері,туристік кәсіпорын қызметкерлерінің психикалық қасиеттерін зерттеуде қолданылатынәдістер мен кезеңдер түрлері жайлы сұрақтар, туризмдегі психологияның негізгі міндеті туристік кәсіпорынның қызметкерлерінің – менеджерлердің, туроператорлардың, маркетологтардың, осы қызметтерді тұтынушылардың, сонымен қатар басқа туристік компаниялар өкілдерінің де психикалық қабілетін зерттеуқарастырылды.
Дәрістерге әдістемелік нұсқау
Білімгерлер туризмдегі психологияның негізгі міндеті туристік кәсіпорынның қызметкерлерінің – менеджерлердің, туроператорлардың, маркетологтардың, осы қызметтерді тұтынушылардың, сонымен қатар басқа туристік компаниялар өкілдерінің де психикалық қабілетіне зерттеулер жүргізуді меңгерулері қажет.
Сонымен қатар, туристік іс-шаралар қозғаушы әрекеттермен, белгілі бір ыңғайсыздықтармен, әртүрлі тосқауылдарды жеңумен байланысты екенін де ұмытпаған жөн.Туризмде бірлік, мысалы экстремалды туризм кезінде көшбасшылық, ұйымдастырушылық, өзін өзі бағалай білу, топтар мен жеке туристердің сарапшы бағалары секілді тұлғаның жеке қасиеттері, туристік кәсіпорын қызметкерлерінің психикалық қасиеттерін зерттеу үшін қолданылатынәдістержөнінде де толық мағлұмат алуы керек.
Әдебиеттер
1.Барчуков И.С. Методы научных исследований в туризме: учеб. пособие. – М.: Издательский центр «Академия», 2008.
2.Биржаков М.Б. Введение в туризм: – М.: СПб.: Невский фонд, Олбис, 1999.
3.Квартальнов В.А. Туризм: Теория и практика. Избранные труды.В 5 т. Т.1: Гуманитарные проблемы развития туризма: история и современность. Т.3: Новые цели и функции туризма: экономика и управление.– М.: Финансы и статистика, 1998.
Дәріс 4. Туризмдегі зерттеулерде психологиялық әдістерді қолдану
Дәріс сұрақтары:
1.Туризмдегі психологиялық зерттеулердің түрлері мен әдістері
2.Туризмде қолданылатын психодиагностикалық әдістер
Дәрістің мақсаты:Туризм теориясы мен тәжірибесінде психологиялық зерттеулердің қалыптасу түрлерін, әдістер жіктелімін, ғылыми бақылаудың ішкі және сыртқы түрлерін, психологиялық және зертханалық эксперимент
Тақырып бойынша негізгі түсініктер:ғылыми бақылау, интроспекция, сауал-сұрақ,
Туризм саласының теориясы мен тәжірибесінде психологиялық зерттеулердің келесі түрлері қалыптасқан:
Ұйымдастырушылық:
Нақты, олардың мақсаты психологиялық құбылыстар мен үрдістердің ерекшеліктерін, заңдылықтары мен тенденцияларын, қызметкердің санасын, топтардың психологиясын зерттеу болып табылады; жетістікке жету құралдары – психологиялық әдістер;
Контекстік, олардың мақсаты психологиялық құбылыстар мен үрдістердің ерекшеліктерін, заңдылықтары мен тенденцияларын, қызметкер санасын, топтар психологиясын зерттеу шарттары мен оларды функциялау факторларын толық зерттеу болып табылады; жетістікке жету құралдары – әлеуметтік-гуманитарлық тану әдістері;
Нысаны, пәні мен өткізу шарттары бойынша:
Тікелей, оның нысаны қызметкердің санасы мен психикасының құбылыстары мен үрдістері, топтардың психологиясы болып табылады, ал пәні – психикалық құбылыстар мен үрдістердің ерекшеліктері, заңдылықтары мен тенденциялары, қызметкердің санасы, топтардың психологиясы; шарттары – қызметкердің іскерлігі, дау-жанжалға дайындық, оның нәтижесінде жеңе білу;
Жанама түрдегі, оның нысаны қызметкердің психикасы мен санасының жанама құбылыстары мен үрдістері, топтардың психологиясы ретінде көрінеді; пәні – қызметкердің психикасы мен санасына, топтардың психологиясына әсер ететін жанама құбылыстар мен үрдістердің ерекшеліктері, заңдылықтары мен тенденциялары; шарттары - қызметкердің іскерлігі, жанжалдардың алдын алуға даындық, олардың оң нәтижесіне жету, кез – келген басқа тіршілік әрекеттерінің шарттары;
Құбылыстар мен үрдістердің көріну мен нәтижелерді ұсыну деңгейлері бойынша:
Ғылыми, оның пәні психикалық құбылыстар мен үрдістердің ерекшеліктері, заңдылықтары мен тенденциялары, топтардың психологиясы; жетістікке жету құралы – психологияның ғылыми әдістері; нәтижелері – ғылыми жалпыламалар мен ғылыми негізделген ұсыныстар;
Үйреншікті, оның пәні психологиялық құбылыстар мен үрдістердің деректері, қызметкердің санасы, топтардың психологиясы болып табылады; жетістікке жету құралдары – құбылыстар мен үрдістердің үйреншікті көріну әдістері; нәтижелері – талқылаулар, бағалаулар мен пікірлер.
Психологиялық зерттеулер әдістерінің жіктелуі. Туризмдегі психологиялық зерттеулердің әдістерін зерттеу тәсілдерінің, белгілі бір ғылыми мақсатқа жету нәтижесінде алынған тәсілдердің қолдану және түсіндіру реті түрінде де қарастыруғу болады.
Туризмдегі зерттеулер арқылы жүзеге асатын психология әдістерін келесі түрде жіктеуге болады:
Психологиялық зерттеу кезеңі бойынша – тәжірибе, эмпирикалық мәліметтерді өңдеу, ғылыми теорияларды қалыптастыру және оларды қайта тексеру, ғылыми нәтижелерді сипаттау;
Ғылымның салаларын жалпылау деңгейлері бойынша – салыстыру, талдау, сараптау, ұқсастықтарын анықтау, индукция, дедукция, психологиялық тәжірибе және интроспекция;
Себептілік формаларына байланысты – бірқалыпты детерминантты және анық;
Зерттелінетін шындық деңгейі бойынша – физикалық, химиялық, әлеуметтік, психологиялық, пәнаралық;
Туристік бизнестің нақты салаларындағы психологиялық танымдар бойынша.
Туризмде психологиялық зерттеулер әдістерінің келесі келесі топтарын атап көрсетеді: теоретикалық, субъект нысан(зерттеу пәні) үлгісімен ойша қарым-қатынас жасаған кезде; эмпирикалық, бұл кезде субъект пен зерттелетін нысан арасында шынайы сыртқы қатынас жүзеге асады; түсіндірмелі сипаттаушы, мұнда субъект сырттай белгі-символикалық нысандармен – үлгілер, графиктер, кестелер мен схемалармен байланысады.
Туризмдегі психологиялық зерттеулердің эмпирикалық тобына келесі әдістерді жатқызуға болады: әдебиет көздерін зерттеу, теоретикалық талдау және саралау, дерексіздендіру мен нақтылау, модельдеу, ойша тәжірибе, бақылау, анкеталық сұраулар, сұхбаттасу, қызметтің нәтижелерін зерттеу, құжаттарды саралау, тәжірибені зерттеу және қорытындылау, тәжірибелік жұмыстар, тәуелсіз мінездемелерді қорытындылау, өзін – өзі бақылау, өзіне – өзі есеп беру, тестілеу, жобалау, талаптанулар деңгейін зерттеу, толықтырылу үрдісін зерттеу, тұлғаны биографиялық зерттеу әдісі, социометрия, келісімдерді өңдеу, топтық қызметті модельдеу, гомеостатикалық әдіс, жұп сөзді үлгі мен әлеуметтік бірліктер әдісі, аутокинетикалық әсер көмегімен топты сендіруді зерттеу, жеке және топтық қызметтің салыстырмалы сараптамасы.
Түсіндірмелі – сипаттамалық әдістер тобына түсіндіру және сипаттау әдістері жатады.
Туристік қызметтегі психологиялық зерттеулерде ерекше тәсілдер қолданылады: ішкі және сыртқы ғылыми бақылау; психологиялық тәжірибе; зертханалық тәжірибе; қызметкерлер ісінің сараптамасы; тестілеу.
Туризмде ғылыми бақылау кездейсоқ күнделікті бақылаулардан біршама жоғары көтерілуге мүмкіндік береді.
Ішкі бақылау (интроспекция немесе өзін – өзі бақылау) ішкі психикалық үрдістерді зерттеу барысында көрінеді, мысалы, туған жерге саяхат жасау барысында туристердің эмоциялары байқалған кезде. Өзін-өзі бақылау әдісімен өзінің психикасын танып білу жанама түрде сыртқы қызметті бақылау арқылы жүзеге асады. Өзін-өзі бақылау үрдісі шындығында тұлғаның ішкі әлемін зерттеудің тек бір қыры ғана болып қалады.
Өзін-өзі бақылау (осының көмегімен психикалық үрдістердің мазмұны ашылады) және нысанды бақылау(мұның көмегімен нысанды шындықтың құбылыстары айқындалады) бірдей бастапқы деректерді сараптаудағы ұқсас екі бағыт болып табылады.
Психологиялық зерттеулердің 90% - дан астам жағдайларында бақылау әдіс қолданылатыны белгілі. Психолог-зерттеушілер зерттелінетін құбылыстың мәні мен мазмұнын түсіну негізінде бақылаулардың нақты факторлар мен олардың сыртқы тәртіптегі көрінулерінен тәуелділігі туралы тұжырымдаманы алға қойып отыр. Бұл тұжырымдама бақылау барысында тексеріліп, нақтылануы, анықталуы немесе керісінше жоққа шығарылуы мүмкін.
Бақылау ғылыми әдіс ретінде келесі талартарға жауап беруі қажет: сайланатын болуы – нақты мақсатқа бағытталуы, зерттелінетін шындықтың нақты бөлігіне сүйенуі; жомпалы және жүйелі болуы – жоспар негізінде құрылуы және белгіленген мерзім аралығында жүргізілуі; толық болуы – зерттелінетін құбылыстың толық көлемде бекітілуі. Техникалық құралдарды пайдалану барысында бұл бақылау әдісінің нысандылығы жоғарылайды.
Туризм тәжірибесіндегі нысанды бақылаудың маңызды қиындықтары психологиялық деңгейлер мен түсініктердің көмегімен жүлгізілетін сыртқы факторларды түсіну, талқылау, түсіндірудің біркелкі еместігімен байланысты. Бақылау нәтижелерінде біршама жоғары деңгейде бақылаушының тәжірибе дәрежесі мен саралауы көрінеді. Қорытынды деректер тіркеу кезінде нысанды, түсіндіру барысында субъективті болуы мүмкін.
Сыртқы бақылау әдісін таза түрінде зерттеушілер өте сирек қолданады, себебі туристік қызмет тоқтаусыз нысанды бақылаушының позициясын қажет етпейді. Қызмет барысында психолог қызметкердің мінез – құлық ерекшеліктерін жанама түрде, сыртқы көріністер бойынша тірекп отыруы, психологиялық шарттары мен қызмет факторлары, эмоционалды жағдайлары, құбылыстардыі ерекшеліктері және психика мен сананың үрдістерін сипаттауы мүмкін.
Психологиялық тәжірибе туризмдегі психологиялық зерттеулердің бір әдісі ретінде қызметкердің сыртқы іс-әрекеттері саналы түрде оның ішкі психологиялық мазмұнын сипаттайтынжағдай жасауға көмектеседі. Психологиялық тәжірибе кезіндегі шарттардың тәжірибелік өзгертулердің мақсаты әрекет немесе қимылды бір ғана психологиялық түсіндіру кезінде дұрыстығын анықтау болып табылады, мысалы, дайвинг туризмже бір ғана адамды басқа топтардан бөлектеп алу.
Туристік тәжірибе психологиялық эскперименттің үлкен мүмкіндіктерін нақтылайды. Психолог туристік кәсіпорын қызметкерлерін психикалық ерекшеліктері мен әлеуметтік – психологиялық үрдістерге тәжірибенің шарттарымен бекітілген зерттеулердің мазмұны, әдістері, формалары мен тәсілдері бойынша әртүрлі топтарға жіктеп, өзгерістердің оларға ісерін байқауына болады.
Психолог – зерттеушілер психологиялық тәжірибенің үш түрін ажыратады: табиғи, қалыптастырушы және зертханалық (психологиялық - педагогикалық).
Туристік қызметтің табиғи тәжірибесі, әдетте, бақылаудың жүргізілуі мен оның өту барысымен танысумен қатар жүреді. Туристік ортаның шарттарында тәжірибенің бақылаумен қатар жүруі қызметкердің психологиясын зерттеудің оңтайлы алғышарты болып саналады. Психологтардың табиғи тәжірибе мүмкіндіктерін пайдалануы олардың кәсіби шеберлігінің жоғарылауына, психологиялық – педагогикалық ойлау қабілетінің қалыптасуына оң ықпалын тигізіп, өз ісіне деген шығармашылық тұрғыдан қарауға баулиды.
Қалыптастырушы тәжірибе – психологияның негізгі тәсілдерінің бірі. Оның маңызды қасиеттері кәсіби қызмет үрдісінде қызметкердің дамуына бейімделу, осы үрдістің ұйымдастыруды тәжірибелік үлгісіне теория жүзінде негізделу, деректерді алудың дәлелді және сенімді түрін ұсынатын зерттеу ұзақтығы болып саналады. Қалыптастырушы психологиялық тәжірибенің міндетті шарты болатын нәтижелерді алдын-ала болжау, зерттеушілердің зерттеу барысына, тәжірибе нәтижелеріне және оған қатысушы нысандарға жауакершілік болып табылады.
Зертханалық (айғақтайтын) тәжірибені зерттеуші псизиканың қалыптасан формаларын зерттеуде қолданады. Ол тіркейді және қызметкерге оның психикалық даму деңгейінің қаншалықты жетілгені туралы айтады.
Қызметкерлердің ісін сараптау үрдісін адамның психикалық дамуының заңдылықтарын теория жүзінде алдын-ала саралау арқылы жүргізеді. Ол үшін қызметкердің қалыптасқан маңызды қасиеттері мен қабілеттерінің шарттары мен сипатын зерттейді, арнайы жобаланаған шарттарға сәйкес зерртелінетін қабілеттердің тұжырымдық үлгісін құрастырады. Жасалынған психологиялық үлгі міндетті түрде әртүрлі сала мамандарымен тексеріліп, бағаланады, олар – психологтар, менеджерлер, басқарушылар, маркетологтар, медицинм қызметкерлері. Тәжірибе барысында қызметкердің психикалық дамуының заңдылықтары, меанизмдері, өзгеріс динамикасы, тенденциялары мен ерекшеліктері мен туристік топтардың психологиясы анықталады. Тәжірибе нәтижесі зерттелініп отырған құбылыстың немесе үрдістің алдын – ала жасалынған даму моделін қолдауды, толықтыуды немесе жоққа шығаруды көрсетеді.
Тестілеу негізгі психологиялық зерттеулер түріне жатады.Тестілеу нақты қызметкерлер немесе туристік топтардың жағдайлары, ерекшеліктері, сипаттамаларын талдау, саралау немесе бағалауды ұйымдастыру үшін қолданылады. Тесттер кәсіби дайындықтар жүйесі, қызметкерлерді әртүрлі қаматамасыз етулер олардың психикасына қаншалықты әсер ететінін көрсете алады. Тестілеудің маңызды мақсаты – қызметкерлерді бейімділіктері, қабілеттері, білімді игеру деңгейінің бағалаулары, тәжірибелері, кәсіби дайындық біліктіліктері, кәсіби – бейімделу жұмыстары, өзін-өзі тану және дамытуы бойынша жіктеу.
Тестілеу мен тәжірибені зерттеушінің зерттелушіге ұсынылатын белгілі бір тапсырмалар немесе сынақтар жүйесінің болуы біріктіреді. Сынақ тәжірибе негізінде жасалады. Сынақтың соңғы рәсімделуі белгілі бір норалар мен стандарттар анықталған кезде жүзеге асырылады. Сынақтың өткізілу нәтижесі сандық көрсеткіштер арқылы бағаланады. Сынақтар әртүрлі нормалар – мағыналық деңгей түрінде болады, мысалы, жастық және әлеуметтік.
Ғылыми негізделген психологиялық сынақты құрастыру – өте қиын әрі ұзаз мерзімді жұмыс, ол туристік кәсіпорынның тәжірибелік қызметінде көп ақтала бермейді.
Мамандан тестілеу кәсіби психологиялық дайындықты талап етеді және ол зерттеушінің этикалық нормаларын қабылдаумен байланысты.
Психозерттеу мақсаттарының бірі – туристік кәсіпорынға жаңадан қабылданған қызметкердің психикалық даму деңгейінің нақты бір мамандықтың талаптарына, нормалар мен стандарттарына сәйкестігін бағалау болып табылады.
Туристердің психоталдауын жүргізу үшін келесі әдістер қолданылады.
Психологиялық зерттеулердегі сұрау әдісі сауалнама мен пікір алысу (интервью) түрінде жүзеге асырылады. Сұрау кезінде ақпарат көзі ретінде туристің жазбаша немесе ауызша пікірлері қолданылады. Сенімді деректер алу үшін арнайы сауалнамалар құрастырылады, олар белгілі бір тұжырымға сәйкес келетін ақпаратты алуға мүмкіндік береді және ол ақпараттар айқын әрі сенімді болуы қажет. Психологияда сұрақтар құрастырудың арнайы ережелері мен сұрақтардың орналасу реті мен топтарға жіктеу белгілері қарастырылған.
Сұрау әдісі психологиялық зерттеулерде көбіне қосымша немесе көмекші әдіс ретінде қолданылады. Олар туристер қонақ үйден кеткен кезде жүзеге асырылады. Қызметтерін жоғарылату мақсатында қонақ үй басшылығы тарапынан туристтерге сауалнама бойынша бірнеше сұрақтарға жауап беру ұсынылады.
Егер сұрау сауалнама көмегімен жазбаша түрде жүргізілетін болса, онда бұл сұрауға бірнеше туристерден құралған топ қатыса алады. Алынған деректер статистика әдісімен өңделеді. Психологтар тәжірибесінде сұрау әдісі кеңінен қолданылады, бірақ сенімді әрі шынайы деректер алу үшін жоғары кәсіби білім қажет екенін ұмытпаған дұрыс. Сұрау әдісі бастапқы тұспалдау құралы ретінде көрінеді. Алынған деректерді қызметкерлер немесе туристер тобының психологиясын әрі қарай зерттеу үшін жіберіледі.
Менеджерлер қызметінің нәтижесін сараптау әдісі тәртіп пен қызметтің ішкі психикалық үрдістері және сыртқы формаларының арасындағы байланыстың жалпы алғышарттарынан бастау алады. Қызметті сараптау әдістерінің тағы бір нұсқасы белгілі – контент-сараптау (мазмұнды сараптау), ол әртүрлі мәтіндердің арнайы сипаттамаларын тауып, бағалау және олардың негізінде кәсіпорын қызметкерлері немесе туристік топтардың психологиялық мінез-құлықтарын анықтауға, бағалауға мүмкіндік береді. Осы әдісті жүргізу барысында мәтіндік ақпаратты зерттеудің математикалық үлгісі, компьютерлік техника қолданылады.
Қызметті саралау әдістерінің арнайы формасы графология болып табылады, оның негізінде жазудың сипаты жазушының белгілі бір психикалық қасиетімен байланысты деген тұжырымдама жатыр.
Контент сараптау және графология қызмет нәтижелерін сараптаудың ғылыми негізделген, қалыптасқан және стандартталған формасы болып табылады. Бұл әдістерді қолданып зерттеушінің арнайы дайындығын, психологиялық тәжірибе мен оны қолдану біліктігін талап етеді.
Психологиялық зерттеулердегі математикалық әдістер алынатын деректердің сенімділігін нығайту, нысандылығы мен дәлдігін жоғарылату мақсатында қолданылады. Бұл әдісті қорытынды тұжырым жасау және оны негіздеу, сонымен қатар психологиялық зерттеулердің нәтижесін талдау барысында қолданылады. Психологиялық зерттеулердегі математикалық әдістер белгілі бір деңгейлерде қосымша тәсілдер ретінде қолданылады. Кейбір математикалық әдістер сынақтардың шынайылығын тексеру мақсатында жасалады. Айрықша математикалық өрнектер мен формулалар сынақтарды зерттеудің нәтижесін қорытындылау мақсатында қолданылады.
Туризмдегі психологиялық зерттеулердің жеке бөлімі психологиялық сипаттау болып келеді, оған: интроспекция, өзіне-өзі есеп беру, кірісірілген бақылау, эмпатикалық тыңдау, идентификация, диалог түрінлегі сұхбаттасу, биографиялық әдіс, түйсік, басқа адамның ішкі дүниесін түсіндіру, герменевтика жатады.
Интроспекция әдісі адам психикасының негізгі ерекшеліктері – оның рефлекстік табиғаты, ол субъектке өзінің психикалық жағдайын ұсыну кезінде анықталады. Интроспекция – бұл ішкі сана үрдістері, жан дүниенің құбылыстары, психикалық бастан кешкен оқиғалар.
Интроспективтік психологияны түсінудегі интроспекция мақсаты - арнайы сараптау әдісімен барлық пәндік сыртқы дүниенің байланыстардан сананың құбылыстарын ерекшелеп алу.
Өзі - өзіне есеп беру интроспекция әдісінен келіп шығады, ол өзін бақылаудың нәтижелері жазбаша және ауызша түрде сипаттау, яғни қызметкердің өзін – өзі психикалық құбылыстарын сипаттауы. Бұл қатынаста өзіне – өзі есеп беру сыртқы сараптау үшін қол жетімді болып келеді. Есеп берудің рәсімделген түрлері: хаттар, автобиографиялар, жазбалар, күнделіктер. Есеп беруді гуманитарлық психология әдісі ретінде қарастырудың маңызды қасиеті – мұнда туристің немесе туристік кәсіпорын қызметкерінің ішкі дүниесін қатынастар бірлігінде көрсетеді.
Психологтар осы туристік кәсіпорындардың өзіндік есептеулерінде қателіктер болуы мүмкін деп ескертеді. Олардың маңыздысы – автордың өзін біршама позитивті жағдайда көрсетуі. Мұндай талпыныс психологиялық тұрғыдан қарағанда, автордың жеке құндылықтарын, өзіне және өзгелерге деген көзқарасын көрсетеді. Алайда, хаттар, автобиографиялар, күнделіктер, жазбалардың көпшілігіне автордың ішкі қобалжулары мен ойларын анықтау, шынайы өмірлік жағдайлардағы әрекеттерінің ішкі себептерін сараптау ынталары тән.
Кірістірілген бақылау нысанды бақылауға қарағанда қызметкердің сыртқы тәртібінің бөлшектерін зерттейді, шындығында зерттеушінің тәжірибеге, топтық талқылауға, мастер-класстарда, дөңгелек үстелдерде, іскерлік жіне арнайы ойындарда қатысуын қамтамасыз етеді. Зерттеуші зерттелушімен теңдей дәрежеде әрекет етеді, өзінің қобалжуларын білдіріп, жеке ерекшеліктері мен қасиеттерін аңғартады. Кірістірілген бақылау кезінде зерттеуші және зерттелуші деп бөлінбейді. Осы әдістің әрбір қатысушысы өзінің немесе өзгенің қасиеттерін зерттеу мүмкіндігіне ие болуы мүмкін.
Эмпатикалық тыңдау маманның зерттеу барсында қызметтерді тұтынушылардың қажеттіліктерін білу мүмкіндңктеріне сипатталады. Сұхбаттасу барысында олардың арасында бірлесу немесе эмоционалдық қасиеттер пайда болуы мүмкін. Әріптеспен сұхбаттасу әдісі ретінде эмпатикалық тыңдау зерттеуші мен зерттелуші арасындағы әрекеттерді сипаттайды. Эмпатикалық тыңдау өзге адамның ішкі дүниесін тану, басқа әріптестің фенеменологиялық аймағына ене отырып, оның түсінігінің дұрыс дамып келе жатқандығын зерттеу.
Идентификация қызметкердің өзінің орнына басқа біреді ойша қойып көру мүмкіндіктерді жүзеге асыру ретінде көрінеді. Эмоционалды қасиеттерге(эмпатия) қарағанда идентификация формальді логикалық операциялар: салыстыру, талдау, талқылау әдістерін қолданады. Психологияда идентификацияның бірнеше мағынасы бар, мысалы, ол ұқсату, теңестіру, жобалау, психологиялық қорғаныс механизмі ретінде қолданылады.
Диалогтік сұхбаттасу классикалық сұхбат алуға қарағанда екі жақты тең құқыққа және тең позицияға негізделген, мұнда қызметтерді сату бойынша менеджер зерттелінетін нысан ретінде қарастырылмайды.Диалогта екі сұхбаттасушы белсенді: сұрақтар қойып, оларға жауап алу мүмкіндігіне тек жүргізуші ғана емес, сонымен қатар оның әріптесі де құқылы. Диалогта зерттеушінң мақсаты басым емес, ол түзеуші, педагогикалық және басқа мақсаттармен қатар қолданылады.
Биографиялық әдіс туристік кәсіпорын қызметкерінің биографиясын зерттеуге негізделген. Ішкі жан дүниені, дамыған рухани өмірді түсіну өмірдің өткен кезеңдерін сипаттау арқылы жүзеге асады. Бұл әдістің артықшылығы қызметкердің психологиялық қабілеттерін зерттеудің сенімділігі мен шынайылығы болып табылады. Алайда бұл әдіс қиындау және кеңінен қолданыла алмайды, себебі сауалнама, сұхбат, сынақ, автобиография, түйіндеме, әріптестерінің куәліктері секілді анықтамалармен түйіндеседі.
Интуиция алыну жолдары мен шарттары белгіленбеген білім ретінде анықталады, оның күшіне субъектінің өз қарауы бойынша алынған нәтижелері енеді. Егер туризмдегі қызметкердің тәжірибелік немесе танымдық біліктілігі жоғары болса, интуитивтік қарастыру мүмкін болады деп психологияда тұжырымдалған.
Интуитивтік зерттеу – басқа қызметкерлер ішкі жан дүниесін түсіну, ол қызметті тұтынушылармен кәсіби жұмыс жасайтын әріптестер арасында жиі қолданылады.
Өзге бір адамның ішкі жан дүниесін түсіндіру субъектінің ішкі психологиялық әдістер жиынтығы мен өзінің психологиялық тәжірибесін пайдалануына негізделеді. Өзге бір адамның ішкі жүниесін түсіну аналогия механизмі арқылы жүзеге асырылады. Өзге бірейдің ішкі жан дүниесін түсіндіру барысында қызметкер осы адамның сыртқы әрекеттері туралы түрлі деректер жинақтайды: оның іс – әрекеттері, қимылдары, сөйлеу мәнері, эмоционалды әрекеттері.
Туризмдегі герменевтика әртүрлі ақпараттық, діни, тарихи, ғылыми мәтіндерді талдау әдісі ретінде көрінеді. Нысандық психологиядағы герменевтиканың аналогі қызметті саралау әдісі болып келеді. Зерттеушілердің пікірінше, герменевтикалық әдіс оны ажырататын белгілерінің анықталмағанына байланысты жіктеу үшін қиындық тудырады. Герменевтикалық әдістің классикалық нұсқалары графологиялық және физиогномикалық әдістер, психоаналитикалық түсіндіру болып келеді.
Туризмдегі психологиялық әдістердің көптігі туристік кәсіпорын қызметкерлері мен тұтынушылардың арнайы ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді.
