- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Туризм кафедрасы
- •5В090200- «Туризм» мамандығының білім алушылары үшін
- •5В090200- tour 22117 «Туризмдегі зерттеу»
- •1.Tour 22117 «Туризмдегі зерттеу» модулі бойынша силлабус
- •5В090200 - «Туризм» мамандығының бакалавриатына арналған
- •1.Курс оқытатын «Туризм» кафедрасының доцент м.А., э.Ғ.К. Ш.С.Нұрмұхамедова
- •5.5.Модульді оқытудың жоспары
- •8. Оқу тәртібінің саясаты
- •2. Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар
- •3.Дәріс конспектісі және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау конспектісі Шолу дәрісі
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Қосымша әдебиеттер
- •5. Теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар
- •6. Білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •1.Туристік кәсіпорында қолданылатын қаржылық-экономикалық қызметтердің әдістері
- •2.Туристік кәсіпорынның қаржылық қызметіндегі ішкі аудиторлық бақылау әдістері мен ревизия
- •3.Туристік қызметтер зерттеулеріндегі психология әдістері және кезеңдері
- •4.Туризмдегі зерттеулерде психологиялық әдістерді қолдану
- •5.Туризмдегі мамандардың шығармашылық қызметтерін ғылыми зерттеу
- •6.Туризмдегі ғылыми зерттеулер және менеджердің шығармашылық қызметтерінің ерекшеліктері
- •7.Экскурсияларды ұйымдастыру әдістемелері және денсаулықты сақтау әдістері
- •8.Статистикалық мәліметтерді топтаудың маңызы мен мақсаты
- •9. Туризмдегі статистикалық сұрыптау әдістері
- •10. Ішінара бақылаулар түрлері
- •13. Туризмдегі ғылыми болжам әдістері және оларды математикалық өңдеу
- •14. Туризмде маркетингтік зерттеулерді қолдану әдістері
- •15. Туризмде қолданылатын негізгі маркетингтік зерттеу әдістері
- •7. Практикалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау
- •8. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •9. Оқу пәнінің мультимедиялық материалдары
Бақылау сұрақтары
1.Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерін тексерудің арнайы әдістері мен амалдарының маңыздылығы неде?
2.Аудит дегеніміз не?
3.Туристік кәсіпорынның ішкі бақылау процедурасы нені білдіреді?
4.Тексеру комиссиясы туркәсіпорынның құжаттарын және қаржылық-экономикалық қызметін жылынаа қанша рет тексереді?
5.Туристтік кәсіпорынның қаржылық қызметінің ішкі аудиторлық тексерісін жүргізу тәсілдерін атаңыз?
6. Ішкі бақылау дегеніміз не?
7. Туркәсіпорындағы тексеру комиссиясының қызметі қандай құжатпен реттеледі?
Қорытынды
Бұл дәрістетуристтік кәсіпорынның қаржылық қызметінің ішкі аудиторлық тексерісін жүргізу тәсілдері, аудиторлық бақылау қаржы есеп бойынша бұрыс фактілерді анықтауға мүмкіндік береді. Аудиторлық бағалауға турөнімдегі жеке баптардағы шығындардың абсолюттік және салыстырмалы рәсімдерді жатқызуға болады. Олар дұрыс болуы мүмкін, бірақ есеп кезде регистрден басқаға аударғанда қателіктер болуы мүмкін. Сол себепті ішкі бақылаудың талдаулық процедураларды пайдаланған кездегі талдау нәтижелерін кемшіліктерді жою және оларды болашақта болдырмау үшін жағдай жасау мақсатында басқару шешімдерін қабылдау үшін қорытындылаудың қажеттіліктері жайлысұрақтар ашып қарастырылды.
Дәрістерге әдістемелік нұсқау
Студент бұл дәрістен туристік кәсіпорынның қаржылық қызметінің ішкі аудиторлық тексерісінің жүргізу тәсілдерін, санаториялық жолдамаларды іске асырудағы ішкі бақылау, санаториялық жолдамаларды іске асырудағы ішкі бақылау мәселелерін меңгерулерітиіс.
Әдебиеттер
1.Барчуков И.С. Методы научных исследований в туризме. Учеб.пособие. – М.: Изд.центр «Академия», 2008.
2.Ильина Е. Н., Туроперейтинг: организация деятельности, Москва, 2005
Дәріс 3. Туристік қызметтер зерттеулеріндегі психология әдістері және кезеңдері
Дәріс сұрақтары:
1. Туристік қызметті зерттеулердегі психологияның әдістері
2. Туризмдегі психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері менкезеңдері
Дәрістің мақсаты: Туризмдегі психологияның негізгі міндеттерін,туристік кәсіпорын қызметкерлерінің психикалық қасиеттерін зерттеуде қолданылатынәдістер мен кезеңдер түрлерін қарастыру болып табылады.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: Роршах әдісі, анамнез әдісі,бихевиоральді әдіс,индукция және дедукция, аналогия мен экстраполяцияжәне т.б.
Туризмдегі психологияның негізгі міндеті туристік кәсіпорынның қызметкерлерінің – менеджерлердің, туроператорлардың, маркетологтардың, осы қызметтерді тұтынушылардың, сонымен қатар басқа туристік компаниялар өкілдерінің де психикалық қабілетін зерттеу болып табылады.
Туристік қызметте психологиялық әдістерді қолдану келесі субьективті факторларға себепші болып отыр: қызығушылықтар, бағалаулар, өзін өзі бағалаулар, таңдау, ішкі ниеттер, мақсаттар, өмірлік жоспарлар.
Сонымен қатар, туристік іс-шаралар қозғаушы әрекеттермен, белгілі бір ыңғайсыздықтармен, әртүрлі тосқауылдарды жеңумен байланысты екенін де ұмытпаған жөн.
Психологиялық тұрғыдан қарағанда, туристік кәсіпорынның қызметкерлері келесі қасиеттерге ие болуы қажет: саяхаттар мен экскурсиялаға икемді болуы; ерікті қасиеттер – мақсатқа ұмтылу, жауапкершілік, сенімділік, туристік саяхаттар кезіндегі үлкен психологиялық ауыртпалықтарға төзе білу.
Туризмде бірлік, мысалы экстремалды туризм кезінде көшбасшылық, ұйымдастырушылық, өзін өзі бағалай білу, топтар мен жеке туристердің сарапшы бағалары секілді тұлғаның жеке қасиеттері үлкен рөл атқарады.
Туристік кәсіпорын қызметкерлерінің психикалық қасиеттерін зерттеу үшін келесі әдістер қолданылады.
Роршах әдісі бойынша қызметкерлерге 10 түрлі – түсті кестелер ұсынылып, оларды сипаттау, өз ойларын білдіру тапсырылады, түстер кестелер бойынша ажыратылған. Одан кейін осы жазылған әңгімелердің күрделі түсіндірулері жүргізіледі. Суреттерді жалпы және бөлшектей сипаттайтын жауаптар саны; түстердің ерекшеліктерінің сипатталуы, ойдағы бейнелер мен оқиғалардың тұрақтылығы және қозғалысы, сурет бөліктерінің пішіндері; пікірлердің дұрыстығы бағаланады. Жалпы алғанда бұл әдіс психикадағы патологиялық әсерлердің болу мүмкіндігін тексеретін тест ретінде сипатталады. Тест жүргізу үшін арнайы жасалған кестелер қолданылады, сонымен қатар психодиагностикада қажетті тәжірибесі бар мамандар жұмылдырылады.
Жарысу әдісі еңбек қызметі үрдісінде қызметкердің тәрбиелік потенциалын анықтайды және қызметкерлерге тәрбиелік әсерлерді күшейтуші катализатор қызметін атқарады.
Сендіру әдісі қызметкердің санасына, сезімі мен еркіне бағытталған және дәлелді түрде әсер ету мақсатында қолданылады.
Психологиялық әсер ету әдісі қызметкерлердің өз дәрежесіне сай білімдері, тәжірибелері мен дағдыларының қалыптасуына бағытталған. Оларға форматталған, программаланған, мәселелі және интерактивті әдістер жатады.
Форматталған әдіс жаңа күрделі лауазымды міндеттемелерді жаттау үшін қолданылады.
Программаланған әдіс жеке таңдау негізінде арнайы құжат жағдайларын меңгеру, ұғыну және оларды орындау барысында өзін – өзі белсенді түрде басқару үшін қолданылады.
Мәселелі әдіс қалыпты емес жағдайларда тәсілдер мен әрекеттерді меңгеруге бағытталған.
Интерактивті әдіс мәселені талқылау, тұтынушымен қарым – қатынас барысындағы жеке элементтерді талдау үрдісі кезіндегі әдістер мен әрекеттерді меңгеру үшін қолданылады.
Қызметтерді тұтынушы психологиясының зерттеу пәні сана емес, сыртқы орта әсеріне (стимулдар) бағытталған сөздік және эмоционалды жауаптармен (реакциялар) түсіндірілетін әрекет ретінде көрінеді. Бұл мәселелерді бихевиоральді әдіс көмегімен шешуге болады.
Туристік қызметте кейде алдаудың көмегімен тәртіпті анықтау бойынша тәжірибелер жүргізіледі. Ол үшін жорамал ақпарат көзі әдісі қолданылады. Ең алдымен тәжірибеге қатысушыларды психологиялық әсерін өлшеу арқылы пульсометр құралы олардың жеке қондыруларын анықтайтынына сендіреді. Одан кейін тәжірибе жүргізушілерден өлшемдер нәтижесін қорытындылауды сұрайды, осылайша, олардың тәртіптерін анықтайды.
Сонымен қатар, анамнез әдісі – жеке туристті толықтай танып білуге бағытталған зерттеулер стратегиясы және турөнімді ойша немесе шынайы түрде бөлшектерге жіктеуге негізделген аналитикалық әдістер де қолданылады.
Туризмдегі зерттеулердің негізгі әдістері келесідей: қолда бар ақпараттарға; мәселелерді шешудің шарттары мен әдістеріне, бастапқы тұжырымдардың қалыптасуына алдын ала саралау; тұжырымдардың аналитикалық талдауы; тәжірибені жоспарлау және оны өткізу; алынған нәтижелерді жалпылау және талдау; алынған деректер негізінде бастапқы тұжырымдамаларды тексеру; жаңа деректер мен заңдылықтарды шешімді түрде тұжырымдау; түсіндірмелер мен ғылыми жорамалдар алу.
Туризмдегі психологиялық зерттеулерді екі кезеңге бөлуге болады: эмпирикалық және теоретикалық.
Эмпирикалық деңгейде келесі психологиялық әдістер мен тәсілдерді жүзеге асырады:
Зерттелініп отырған нысанды оның табиғи түрінде бөліп алу және белгілеу;
Зерттелінетін нысанға ұқсас жасанды нысандарды жасау және сынау, яғни зерттелініп отырған нысанды модельдеу;
Пәндік талдау, яғни зерттелінетін нысандарды құрамдас бөліктер мен элементтерге жіктеу;
Зерттелініп отырған нысанның бірігуін бірігуін, қайта құрылуын қамтамасыз ететін пәндік саралау;
Нысандар мен олардың арасындағы ара-қатынасына әсер ететін сынақтар мен тәжірибелерді жүзеге асыру;
Нысандар мен олардың элементтерін тәжірибе жүзінде салыстыру және саралау;
Эмпирикалық зерттеулерде өлшемдер мен маңызды рөл атқаратын операцияларды жүзеге асыру;
Теоретикалық деңгейде келесі психологиялық әдістер мен зерттеу тәсілдері қолданылады:
Талдау және саралау, индукция және дедукция, аналогия мен экстраполяция, ойша тәжірибе;
Осының көмегімен психологиялық зерттеулердің екінші немесе теоретикалық нысандары құрылатын модельдеу және құрастыру;
Логикалық талдау және саралау - құрылымдық элементтерді, жеке байланыстарды, маңызды қасиеттер мен қатынастардың ерекшеленетін психологиялық зерттеу пәнін ойша бөлшектеу; пайда болған байланыстар мен қатынастар негізінде бүтінді ойша қайта құру;
Бір-біріне ұқсас және әртүрлі нысандар, олардың қасиеттері мен қарым-қатынастарының ұқсастықтарын анықтауға көмектесетін психологиялық зерттеулердің операциясы;
Дерексіздендіру, яғни оның негізі психика құбылыстары жеке нысан ретінде «таза» түрде қарастырылуымен сипатталады;
Дәріптеушілік – дерексіздендірудің өзіндік жалғасы, «психологиялық құрылым», «психологиялық негіздер» секілді «дерексіз», яғни мінсіз нысандардың, «таза» құбылыстар және психика мен сана үрдістерінің, қасиеттер мен ара-қатынастардың құрылуы;
Нысандау – үлгілердің, схемалардың, кестелердің, формулалардың, сандардың, геомериялық фигуралардың, шартты белгілердің көмегімен мазмұны бойынша ұқсас психика мен сананың құбылыстарының формаларын белгілеу;
Жалпылау – бұл психикамен мен санаға тән ортақ қасиеттер мен ара – қатынастарды кейбір түсініктерде, талқылауларда, деңгейлерде, анықтамаларда, тенденциялар мен заңдылықтарды бірігіп бекітіледі.
Нақтылау және түсіндіру – дерексіздендіру мен нысандауға қарама – қарсы операция, олар дерексіз түсініктер мен анықтамалардан нақта нысандарға, ойша схемалардан олардың нысанды мәніне, заттық мағынасына өтуді қамтамасыз етеді.
