Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ Туризмдегі зерттеу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
646.35 Кб
Скачать

6. Білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау

1.Туристік кәсіпорында қолданылатын қаржылық-экономикалық қызметтердің әдістері

Мақсаты:Туристік кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау әдістері мен қаржылық-экономикалық қызметінің баланстық және ішінара әдістері, қаржылық қызметін талдауды қарастыру,әдебиеттерге шолу жасауды зерттеп қарастыру.

Сабақ түрі: әдебиеттермен жұмыс

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Туристік кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау әдістері

2.Туристік кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметінің баланстық және ішінара әдістері

3.Туристік кәсіпорынның қаржылық қызметін талдау

4.Әдебиеттерге шолу

Тапсырма:

Туристік көрсеткіштер жүйесін қолдана отырып, ҚР-ның статистикалық жинақ мәліметтері негізіндеталдау жүргізіңіздер және ҚР-дағы туристік кәсіпорынның даму жағдайына баға беріңіздер (3 жылдық көрсеткіштер бойынша) және әдебиеттерге шолу жүргізіңіздер, глоссарий әзірлеңіздер

Студенттің міндеті:

  • тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалану;

  • әртүрлі көзқарастарды салыстыра білу;

  • өзінің жеке көзқарасы мен пікірін айта білуі тиіс;

  • ҚР-ның статистикалық жинақ мәліметтерін талдап, түсіндіре білу.

  • Сабақ соңында студенттер тақырып бойынша нақты тұжырымдарын қорытындылау.

2.Туристік кәсіпорынның қаржылық қызметіндегі ішкі аудиторлық бақылау әдістері мен ревизия

Мақсаты:Туристтік кәсіпорынның қаржылық қызметінің ішкі аудиторлық тексерісінің жүргізу тәсілдерін, санаториялық жолдамаларды іске асырудағы ішкі бақылау, санаториялық жолдамаларды іске асырудағы ішкі бақылау мәселелерін қарастыру болып табылады.

Сабақ түрі: зерттеушілік

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.ҚР-ның статистикалық жинақ мәліметтері негізінде талдау жүргізіңіздер.

2.Әдебиеттерге шолу

Тапсырма:

ҚР-ның статистикалық жинақ мәліметтерін қолдана отырып талдау жүргізіңіздер және кәсіпорынның қаржылық қызметіне ішкі аудиторлық тексеріс жүргізіңіздер. (бір жылдық көрсеткіштер бойынша)

Студенттің міндеті:

  • тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалану;

  • өзінің жеке көзқарасы мен пікірін айта білуі тиіс;

  • ҚР-ның статистикалық жинақ мәліметтерін талдап, түсіндіре білу.

  • Сабақ соңында студенттер тақырып бойынша нақты тұжырымдарын қорытындылау.

3.Туристік қызметтер зерттеулеріндегі психология әдістері және кезеңдері

Мақсаты: Туризмдегі психологияның негізгі міндеттерін,туристік кәсіпорын қызметкерлерінің психикалық қасиеттерін зерттеуде қолданылатынәдістер мен кезеңдер түрлерін қарастыружәне студенттердің дайындықтарын тексеру.

Сабақ түрі: Ғылыми бақылау жүргізу

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Туристік қызметті зерттеулердегі психологияның әдістері

2. Туризмдегі психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері мен кезеңдері

Тапсырма:

Туристік көрсеткіштер жүйесін қолдана отырып, туризмдегі ғылыми зерттеулердің ерекшеліктеріне, психологиялық әдістерге талдау жүргізіңіздер және ҚР-да туризмнің даму жағдайына баға беріңіздер.

Студенттің міндеті:

  • тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалану;

  • әртүрлі көзқарастарды салыстыра білу;

  • өзінің жеке көзқарасы мен пікірін айта білуі тиіс;

Сабақ соңында студенттер тақырып бойынша нақты тұжырымдарын қорытындылау.