Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ Туризмдегі зерттеу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
646.35 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары

  1. Статистикалық график дегеніміз не? Оны қалай құруға болады?

  2. Графикалық әдістің негізгі түрлері қандай?

  3. Картограмма және картодиаграмманың бір –бірінен айырмашылығы қандай?

  4. Орташа шама не үшін қажет?

  5. Мода және медиана дегеніміз не?

  6. Шашыранды немесе дисперсия деп нені атаймыз?

Қорытынды

Статистикалық график – берілген сандық көрсеткіштердің мазмұнын геометриялық сызықтар, нүктелер және фигуралар арқылы бейнелеу немесе географиялық картосхемалар арқылы көрнекті түрде кескіндеу үшін салынған сурет.

Диаграмма. Графикалық әдістің ішіндегі ең жиі қолданылатын және көп тараған түрі. Диаграмма – ( diagramma) – грек сөзі. Бейне, сурет, сызба деген мағынаны білдіреді.

Диаграмманы құру үшін жазықтықтар мен сызықтар, ал кейде диаграммалар бағаналы, сызықты, шаршылы, шеңберлі, секторлы, фигуралы және “Варзардың белгісі” атты болып бөлінеді.

Картограмма географиялық контурлы картаға әр түрлі белгілер арқылы диаграммалар түсіру деген сөз. Орташа шама деп, біртектес жиынтықты белгілі жағдайда және белгілі бір уақытта өздеріне тән белгісі бойынша жинақтап көрсететін орташа сан мөлшерін, яғни біртектес жиынтық бірліктерінің орта есеппен алынатын барлық бірліктерге жатқызылатын сандық шамасын айтады.

Статистикалық қатарлардың ішінде ең жиі кездесетін белгінің үлкен шамасын айтады, яғни өзгермелі сандық қатарда жиіліктің үлкен мәні жатқан белгіні мода деп атайды. Медиана деп статистикалық өзгермелі қатардың ортасында жатқан белгіні айтады.

Статистикалық өзгерме деп жиынтық біріліктерінің белгілеріне әсер етуінен болған сандық өзгерісті айтады, түрлі сандық көрсеткіштермен сипатталады. Сондықтан, бұл көрсеткіштер жүйесінің ауытқу шамасының қаншалықты екенін анықтау үшін өзгерменің негізгі көрсеткіштері есептеледі. Ал олар мыналар: өзгерменің өрісі, орташа сызықтық ауытқу, шашырандылық (дисперсия), орташа шаршылық ауытқу және өзгерменің коэффиценті.

Дәрістерге әдістемелік нұсқау

Студент тақырыпты оқығаннан кейін статистикалық график, графикалық әдіс, картограмма, картодиаграмма, статистикалық өзгерме түсініктерімен танысып, орташа шаманың арифметикалық, геометриялық, құрылымдық, үйлесімдік және шаршылық (квадраттық) орташа шамалар сияқты шамаларды практикалық қолдана алулары керек

Әдебиеттер

1.Басовский Л.Е. Теория экономического анализа. – М.: ИНФРА-М, 2001.

2.Дурович А.П. Маркетинг в туризме. – М.: Экономпресс, 2002.

3.Емельянов Б.В. Экскурсоведение. – М.: Советский спорт, 2004.

Дәріс 13. Туризмдегі ғылыми болжам әдістері және оларды математикалық өңдеу

Дәріс сұрақтары:

1.Турбизнестің даму перспективалары

2.Турбизнестегі болжамдар классификациясы

3.Болжам әдістері

Дәрістің мақсаты: Турбизнестің даму перспективалары мен турбизнестегі болжамдар классификациясын, болжам әдістерін тереңнен қарастыру болып табылады.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: Фактография, экстраполяция, «Турөнім портфелі», Shell/DPM матрица, Бүкіләлемдік туристік ұйымдар,экстраполятив, экспоненциалды орташа әдіс және т.б.

Бүкіләлемдік туристік ұйымдар (БТҰ) сарапшыларының пайымдауларынша соңғы уақыттарда сахаттар мен экскурсиялардың көлемі көбейіп, туристтер келетін мемлекеттер мен аймақтар арасындағы бәсеке ұлғайды. Турөнімнің қауіпсіздігі мен сапасына ерекше көңіл бөлетін толықтай ақпараттандырылған тұтынушылар саны өсуде.

Болашақтағы халықаралық туризм индустриясының бағыттарын келесідей болжауға болады: мемлекеттердегі табиғи, мәдени және тарихи ресурстарды назарға салып, қызмет көрсету мен нарықты дамыту, туристік іскерлікті дамыту, қауіпсіздікті сақтау мен жоспарлаудағы қалалық және қоғамдық-аймақтық басшылықтың араласуы; туризм мен қалалық құрылым ұйымдастырушылары арасындағы байланысты дамыту.

Мамандардың пайымдауларынша, Болашақта халық жағдайларының жақсаруы, шекара қиындықтарының азаюы салдарынан демалушылар саны көбейе түседі. Туроператорлардың міндеті – туристік қызметтер бағасын туристік индустрияда қолайлы және туристер үшін тұрақты және қол жеткізерлік деңгейде сақтау.

Туризм дамуында инвестиция маңызды проблемалардың бірі. Алайда, капиталды инвестициялауда қоршаған ортаны қорғау сұрақтарына ерекше назар аударған жөн, яғни туристік орталықтар құрылыстарын жүргізу барысында тарихи ескерткіштер немесе табиғи ландшафтілерге нұқсан келтіру мүмкін.

Алдағы перспективаларда менеджерлер маркетингті жүзеге асырса, ал инвесторлар туристік қызметтерді жылжыту үшін қаржы бөледі және туристерге ұсынылған қызметтер бойынша апаратпен қамтамасыз етеді. Бұл туризм индустриясындағы қызметкерлердің кәсіпқойлықтарына тікелей байланысты.

Әлемдік табыстағы туризм 2 трлн АҚШ долларын құрап, туристтер саны 1млрд 600 млн-ға дейін өседі деген болжам бар. Ең көп туристтер келетін мемлекет – Қытай болып, Гонконг экономикасы туризм есесінен жоғары көтеріледі.

Ресейде кұрт өзгертулер пайда болады, мәселен: 2020 жылы шығу туризмі ішкі туризммен салыстырғанда, әлдеқайда жоғары болады.

Еуропа елдер арасында турбизнес Чехия, Нидерланды, Германия, Ұлыбритания, Канада және Жапония елдерінде табысқа жетіп, мемлекет тұрғындары жылына 2 рет саяхатқа аттанады.

Туристік іскерліктің даму перспективаларын анықтау үшін келесідей аналитикалық әдістер қолданылады: «шаруашылықты жүргізу портфелі» және «турөнім портфелі».

«Шаруашылықты жүргізу портфелі» және «турөнім портфелі» анализдерін туристік нарық саласының тартымдылық баға дәрежесін анықтау мақсатымен жүргізіледі. Бұл мақсаттар үшін «нарық деңгейінің жылдамдығы» матрицасы қолданылады. Берілген матрица көмегімен туристік іскерліктің нарықтағы үлесі классификацияланады. Сонымен қатар, бұл матрица бәсекелестердің жүзеге асыратын турөнім сатылымдарының жалпы үлес көлемін сипаттайды. Бәсекелестік күресте нарық үлесінің көлемі неғұрлым үлкен болса, табыс табу мүмкндігі соғұрлым жоғарылай туседі.

«Турөнім портфелі» бағасын анықтауда «бәсекелестік – өмірлік цикл орны» матрицасы қолданылады. Анализ жүргізу барысында турөнім стратегияның үш түрінің біреуіне жатқызылады.

Турбизнесте туристік іскерлік саласын тиімді дамытуда Shell/DPM матрицасы қолданылады. Бұл матрица бойынша, басшының стратегиялық шешімдерді шешу барысында ол өзінің коммерциялық іскерліктеріне көңіл бөлу крек. Бұл көрсеткіштер қысқа мерзімді жоспарлау, инвестицияның пайдалығын бағалауды жүзеге асырады.

Аталған матрицалардың келесідей кемшіліктерге ие: олар қымбат және көпеңбекті қажет етеді, олардың көмегіен көрсеткіштер қатарын өлшеу қиын, ағымдағы мәселелрге көңіл аудартады, жаңа проекттерді жоспарлауда беретін ақпараты аз. Алайда, бұл матрицалар әр түрлі ұсыныстарды салыстыруды жүргізіп, қиын мәселелерді жеңілдетуге тырысады.

Жобалау (грек.prognosis – алдын ала білу) – бұл болашақ туралы ақпаратты жобалау. Мамандар жобалаудың келесідей түрлерін ұсынады:

  1. Уақытқа байланысты болжам жасау: қысқа мерзімді, орта және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді жоспар 1 айға, 1 жылға; орта 2-3 жылға және ұзақ мерзімді 5 немесе одан да көп жылға байланысты.

  2. Іздеу, нормативті, шығармашылық көрініс. Жобаның «іздеу» түрі қолда бар ақпаратқа жүгінеді, ол өз ішінде экстраполятивті (ұлттық) және альтернативті (новаторлық) болып бөлінеді.

Экстраполятивті жоба бойынша туристік кәсіпкерліктің экономикалық және басқа да салалары үзбей даму үстінде. Жоба жай ғана проекция (экстраполяция) болуы мүмкін.жобаны жасау үшін туристік кәсіпкерліктің өткен көрсеткіштеріне және олардың даму тенденцияларына қарап, оларды болашаққа айналдырады. Альтернативті жоба турбизнестің ішкі және сыртқы орта әсерінің өзгеруінен тұрады. Бұл жағдайда туристік кәсіпорын дамуының нақты нұсқалары бар. Біріншіден, туристік кәсіпорындардың даму әдістерін біріктіру, екіншіден таңдалған көрсеткіштерді біріктіріп жобалау жасау.

Экстраполятивті және альтернативті жобалау жобалаудың сандық және сапалық әдістеріне жүгінеді. Нормативті (Нормативті-мақсаттық) жобалау туристік кәсіпорынның болашақ мерзімге жасалған мақсаттар мен стратегияларды болжамдайды. Шығармашылық көркемділік түрін жобалауда прогнозисттің субъективті білімі қолданылады. Жобаның бұл түрі «утопия» және «антиутопия» формаларына ие.

3.Ықтималдылық жобалау бойынша болжам жасау вариантты немесе инвариантты болуы мүмкін. « Вариантты» жобалауда болашақ ортаның неғұрлым белгісіздік және бірнеше нұсқалардың дамуы жобаланады. «Инвариантты» тек бір ғана нұсқа ұсынылады. Жоғарыда көрсетілген барлық нұсқалар турбизнестің спецификалық даму ортасын, оның негізгі параметрлерін анықтайды.

4.Жобалау нәтижесі интервалды және нақты болып бөлінеді.

Нақты жобалар – жобалау көресеткіштерінің жалғыз мағынасы, мысалы, ортакүндік тауарқозғалыс келесі айда 5 пайызға жоғарылайды.

Интервалды жоба - болашаққа мүмкін болатын болжамдар жасау, мысалы ортакүндік тауарқозғалыс келесі айда 5 – 8 пайыз болуы мүмкін.

Жобалаудың басқа да түрлері қолданылады. Мысалы, болжам жаһандық болуы мүмкін, аймақтық, локальды (жүйелі). Ол мемлекетті толықтай немесе белгілі бір аймақты қамти алады.

Болжау әдістері жай ( бірыңғай) және кешенді (болжалынатын жүйелерімен).

Жай әдістер бірыңғай мазмұны және болжау әдістерінің қолдану құралдары бойынша біріктіреді (мысалы, тенденцияны экстрополяциялау, морфологиялық талдау).

Жай (бірыңғай) әдістер фактографиялық, экспертті және біріктірілген болып бөлінеді.

Фактографиялық әдістер (оларды іздестіру болжамдары деп атайды) өз кезегінде статистикалық (параметрлік), оның ішінде экстрополяция, интерполяция және ұқсастық әдістері, публикациялық, оның ішінде жариялау динамикасын талдау және патенттеу болып бөлінеді. Мысалы, статистикалық әдістер; болжау объектісінің құру динамикалық реттерінің мінездемелері (параметрлерін) және талдауға негізделген. Солардың ішінде экстрополяция, интерполяция, ұқсастықтың әдістері (ұқсастықтың үлгісі), параметрлік әдістер.

Эксперттік әдістер (оларды нормативті болжаулар деп атайды) жеке және топтық болып бөлінеді.

Жеке әдістерге аналитикалық өңдеусіз әдістер бұл интервью, идеяларды генерациялау әдісі, аналитикалық эксперттік бағалау жатады.

Топтық әдістерге аналитикалық өңдеуімен: сценарийларды құрастыру, мақсат ағашы әдісі, морфологиялық талдау, топтық эксперттік бағалау әдісі, «Дельфи» әдісі, қалыптамалық әдіс жатады.

Кешенді әдістерге (болжау жүйелері) графаны болжау әдісі, Паттерн әдісі, профайл әдісі кіреді. Кешенді әдістер – әдістер комбинациясын арнайы болжаулар жүйесімен іске асырылатынын көрсетеді (мысалы, болжау графа әдісі, Паттерн әдісі).

Кешенді әдістерге аралас ақпараттық негіздер әдістері экспертті ақпаратпен бірге фактографиялық әдістер қолданылады.

Соңғы уақытта келесі болжау әдістерінің түрлері кең қолданылады: статистикалық, орташа және экспоненциалды орташа.

Статистикалық әдістерде болжау (экстраполяция орташа сырғанауы бойынша) қысқа мерзімді зерттеулерде қолданылады, егер динамикалық реттер мәліметтері қандай да даму тенденциясының (тренд) сол немесе басқа үрдісті анықтауға мүмкінік бермейді (бастапқы деректердің кездейсоқ және мезгілді ауытқуынан).

Болжаудың статистикалық әдістерінің бірі динамикалық реттердің мезгілді ауытқуы деңгейі негізгі болжауларды есептеу болып таылады. Мезгілді ауытқу деп жыл мезгілінің ықпалымен болатын динамикалық қатардың деңгейнінің өзгеруі деп түсіндіріледі. Олар әр түрлі туристік қызметтің түрлері және пішіннің әр түрлі интенсивтілігімен көрінеді: құрастыру, баға белгілеу, өнімді жылжыту және оны тұтыну. Мезгілді ауытқулар циклді, олар әр жыл сайын қайталанады. Ол үшін әрбір тоқсанның ауытқудеңгейінің болуы (ай, декада).

Мезгілді ауытқу статистикалық болжаулық әдістемесі, оларды экстрополяциясына негізделген, демек, мезгілді ауытқудың параметрі болжанатын уақытқа дейін сақталады.

Мезгілді ауытқуды өлшеу үшін әдетте, мезгілділік индексімен есептеледі, салыстыру базасы негізінде қатысатын бастапқы (эмпирикалық) деңгейлердің динамикалық қатары теоретикалық (есепті) деңгейімен, қатынастарымен анықталады. Мезгілді ауытқуға кездейсоқ ауытқулар жайылу мүмкін, оларды жою үшін жеке индекстерді орташалау жүргізіледі, бір аттас жыл ішілік кезең динамикасымен таладанады.

Сол үшін әрбір жылдық циклдің кезеңі үшін орташа мезгілді индекс жалпыланған көрсеткіштері анықталады.

Мезгілді ауытқуы болжау әдістемесі мезгілділік индексін есептеуіне негізделеді. Орташа мезгілділік индекс әдісі көлемді және сапалы көрсеткіштердің болжауын құру үшін қолданылады: бағалар өзгеруі, еңбек өнімділігі, өндіріс шығындары және үндеу, табыс және т. б.

Турөнімді іске асыру үшін сызықтық регрессия әдісімен болжау жүргізіледі. Екі өзгермелі (жұптық корреляция әдісі) қара байланыс талдауы факторлы көрсеткіштің варияциялық әсері, мысалы жарнамаға кеткен шығын және нәтижелік көрсеткіш мысалы, ол сату көлеміне негізделеді.

Орташа сырғитын әдіс динамикалық есептік жолдардың нақты деңгейге ауыстырылуынан тұрады, олар бастапқы деректерге қарағанда ең төмен ауытқуда көрсетеді. Дегенмен, орташа нақты уақыт аралығындағы деректер тобымен есептеледі. Әрбір кезекті топ бәр жылға (айға) жылжумен құрылады. Нәтижесінде бастапқы динамикалық жолдың ауытқуы жазылады. Бұл динамикалық жолдың жазылуы деп аталады (негізгі даму тенденциясы байсалды (плавный) сызықтар түрінде көрсетіледі). Болжау кезінде шамалау жоғалады, келесі уақыт көрсеткіші өзінің ауқымдылығымен орташамен теңеседі, соңғы уақыт аралығы бойынша санағанда.

Экспоненциалды орташа әдіс ретінде нақтылау мақсатында сырғитын орташада қадағалау қаншалықты «жоғары» , соншалықты ол сырғитын орташаның үлкендігіне төмен әсер беруі тиіс, орта анықтағанда, өткен бақылаулардың әсері өшірілген уақытынан бастап төмендегенде қолданылады.

Әдістің негізгі идеясы ағымдағы және өткен бақылаулар сызықтық комбинацияларды болжам ретінде қолдану.

Сырғитын және экспоненциалды орташаны болжауды бағалауға қолдану деңгейлердің аздаған ауытқуларын көрсетеді. Берілген әдістер болжаудың кең таралған әдістерінің экстрополияция трендінің бірі болып табылады.