- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Туризм кафедрасы
- •5В090200- «Туризм» мамандығының білім алушылары үшін
- •5В090200- tour 22117 «Туризмдегі зерттеу»
- •1.Tour 22117 «Туризмдегі зерттеу» модулі бойынша силлабус
- •5В090200 - «Туризм» мамандығының бакалавриатына арналған
- •1.Курс оқытатын «Туризм» кафедрасының доцент м.А., э.Ғ.К. Ш.С.Нұрмұхамедова
- •5.5.Модульді оқытудың жоспары
- •8. Оқу тәртібінің саясаты
- •2. Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар
- •3.Дәріс конспектісі және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау конспектісі Шолу дәрісі
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Дәрістерге әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Қосымша әдебиеттер
- •5. Теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар
- •6. Білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •1.Туристік кәсіпорында қолданылатын қаржылық-экономикалық қызметтердің әдістері
- •2.Туристік кәсіпорынның қаржылық қызметіндегі ішкі аудиторлық бақылау әдістері мен ревизия
- •3.Туристік қызметтер зерттеулеріндегі психология әдістері және кезеңдері
- •4.Туризмдегі зерттеулерде психологиялық әдістерді қолдану
- •5.Туризмдегі мамандардың шығармашылық қызметтерін ғылыми зерттеу
- •6.Туризмдегі ғылыми зерттеулер және менеджердің шығармашылық қызметтерінің ерекшеліктері
- •7.Экскурсияларды ұйымдастыру әдістемелері және денсаулықты сақтау әдістері
- •8.Статистикалық мәліметтерді топтаудың маңызы мен мақсаты
- •9. Туризмдегі статистикалық сұрыптау әдістері
- •10. Ішінара бақылаулар түрлері
- •13. Туризмдегі ғылыми болжам әдістері және оларды математикалық өңдеу
- •14. Туризмде маркетингтік зерттеулерді қолдану әдістері
- •15. Туризмде қолданылатын негізгі маркетингтік зерттеу әдістері
- •7. Практикалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау
- •8. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •9. Оқу пәнінің мультимедиялық материалдары
Бақылау сұрақтары
1.Экскурсияны дайындаудың кезектілігі қаншалықты?
2.«Экскурсия жүргізушісінің портфелін» қалыптастыру үшін қандай әдістер қолданылады?
3.Экскурсия маршрутын қалай таңдайды?
4. Экскурсияны жүргізуге қойылатын талаптар қандай?
5.Экскурсияны қалай жүргізеді?
6.Сіздер экскурсияның қандай түрлерін білесіз?
7. Экскурсия жүргізушісі қандай қасиеттерге ие болуы керек?
8. Сіздер экскурсияныжүргізудің қандай тәсілдерінбілесіз?
9.Экскурсияны әдістемелік өңдеу қандай бөлімдерді қамтиды?
10.Жаңа экскурсияны дайындау үшін қандай тәсілдер менәдістерқолданылады?
11. Туризмде пайдаланылатын медико-биологиялық әдістер қалай сипатталады?
12.Туристік қызметтерде медико-биологиялық әдістердің ерекшелігі қандай?
13.Туристердің резервтік мүмкіндіктері деп нені айтады?
14.Туристер үшін сауықтыру бағдарламаларының «модульдық тұрғызуы» дегеніміз не?
Қорытынды
Экскурсия дайындаудың кезектілігі мен экскурсия ұйымдастыру үшін, экскурсия жүргізушісінің тақырыпты қалай өңдеу керек, оның ерекшеліктерін нақтылауға байланысты, тақырыпқа байланысты материалдарды зерттейтіндігі, экскурсия жүргізу үшін қажет тақырыптар, экскурсия объектілеріне туристердің қызығушылығын арттыру үшін экскурсия тақырыбының ерекше белгілерін жарықтандыру қажет.
Туристтер көргендерін ұғыну және есте сақтаулары үшін экскурсовод әңгіме айту барысында эмоционалдық, ымдар мен мимикаларды, объектте топтауда ара – қашықтықты, дыбыстық құралдар, объекттер арасындағы үзілістер, экскурсия тақырыбының мазмұнына логикалылықты қосу, әңгіменің көрсетулермен байланысты болуын есте сақтау.. Анықтамалардың, цитаталардың, әдеби монтаждың, түсіндірулердің ұзақтығы созылған болмауы керек.
Объектінің орналасуы әңгіменің пішіні және құрылымына байланысты. Мысалы, басында көркем өнер галлереясында суреттердің ішіндегі біреуінің жасалынуын жарықтандыруға болады, кейін оның авторына сипаттама беру , ол қай дәуірде өмір сүрген және суретті салғаны туралы. Әңгіме және көрсетілім, экскурсанттар тарихи оқиғаны дұрыс қабылдауы үшін, оған өзінің бағасын бере алуы осындай болуы керек. Гидке қатысушылардың эмоциясына олардың, қуаныш, таң қалу, мақтаныш, ашу немесе ызасын тудыра отырып әсер ету қажет.туризмде қолданылатын медико – биологиялық әдістер ментуристерге сауықтыру бағдарламаларының модульдік тұрғызуы жайлы сұрақтар қарастырылады.
Дәрістерге әдістемелік нұсқау
Студенттер экскурсия дайындаудың кезектілігі мен экскурсия жүргізудің тақырыптары, өткізу,түрлері.Сонымен қатар экскурсия жүргізушісінің жұмысын,туризмде қолданылатын медико – биологиялық әдістер ментуристерге сауықтыру бағдарламаларының модульдік тұрғызуы жайлы толық мағлұмат алып тереңнен меңгерулері қажет .
Әдебиеттер
1.Барчуков И.С. Методы научных исследований в туризме: учеб.пособие. – М.: Издательский центр «Академия», 2008.
2.Баканов М.И. Теория экономического анализа. – М.: Финансы и статистика, 2002.
3.Ильина Е.Н. Туризм – Путешествия. Создание туристской фирмы. Агентский бизнес: Учеб. – М.: РМАТ, 1998.
Дәріс 8. Статистикалық мәліметтерді топтаудың маңызы мен мақсаты
Дәріс сұрақтары:
1.Статистикалық топтау және оның түрлері
2.Кестелер туралы түсінік
Дәрістің мақсаты:Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған бастапқы мәліметтерді қорытындылаудың негізгі тәсілі туралы, кестелер және олардың түрлерін қарастыру болып табылады.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер:топтау, атрибутивті белгілер, интервал, бастауыш, баяндауыш және т.б.
Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған бастапқы мәліметтерді қорытындылаудың негізгі тәсілі топтау әдісі болып табылады.
Топтау әдісі депқоғамдық құбылыстар мен процестерді өздеріне тән белгілеріне, өзара ұқсастығына немесе аса маңызды өзгешеліктеріне, түрлеріне, үлгілеріне сәйкес бір-бірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлуді айтады. Осы әдіс арқылы мына мәселелер шешіледі:
Жалпы жиынтықты біртектес сапалық бөліктерге, яғни әлеуметтік-экономикалық түрлеріне қарай бөлу. Бұл топтаулар бір үлгідегі топтаудеп аталады. (Мысалы, шаруашылық объектілерін меншік нысаны бойынша топтау, тұрғындарды қоғамдық топтар бойынша және т.б.);
Қоғамдық құбылыстар мен процестердің құрамы және оның құрамдас бөліктерінің өзгеруін зерттеу. Бұл топтаулар құрылымдықдеп аталады. (Мысалы, еліміздің транспорттық балансындағы транспорттың әр түрінің мақсатын анықтау, халық құрамын, жынысы, жасы және басқа белгілері бойынша зерттеу және т.б.);
Қоғамдық құбылыстар мен процестер арасындағы өзара байланыс пен қатынасты белгілеріне қарай анықтау. Мұндай топтаулар талдаулықдеп аталады. (Мысалы, экономиканың белгілі бір саласының кәсіпорындарын еңбек өнімділігінің деңгейі бойынша өнімнің өзіндік әсерін табу).
Топтаудың үш түріндегі шектеулер шартты түрде болып келеді. Көп жағдайларда бір топтау әдісінің өзі-ақ барлық үш мақсатты шешуге мүмкіндік береді.
Топтау талдаулық-синтетикалық процесс болып табылады. Бір-бірінен сапасы немесе өз даму жағдайы бойынша ерекшеленетін, топтастыру кезінде бөлінген бірыңғай бөлімдер бөлшектеп зерттеледі. Сөйтіп, синтетикалық мақсат шешіледі, бұл – процесті тұтас қарастыру, яғни бөлінген топтардың арасындағы қатынас сипаттамасы.
Бірліктер бөлімін топтарда бақылау жүргізуге негіз беретін белгі топтау белгісінемесе топтау негізі деп аталады.
Топтау әдісі бір белгі бойынша (қарапайым топтау) және бірнеше белгі бойынша (біріктірілген топтау) жүргізілуі мүмкін.
Топтастыру белгілерін таңдау әрқашан зерттелетін құбылыстың сапалық табиғатының анализіне негізделуі тиіс. Құбылыс дамуының маңызы мен дамуына жан-жақты теориялық-экономикалық анализ жасап, зерттеу мақсатына сәйкес топтау негізіне маңызды белгілер қоюға бағытталуы тиіс.
Топтау белгілері атрибутивті және сандық болуы мүмкін.
Атрибутивті белгілермәтіндік жазу түрінде тіркеледі (мысалы, жұмысшылар мамандығы, халықтың әлеуметтік тобы).
Сандық белгілерцифрлық көрсеткіштерге ие (жұмыс өтілі, табыс мөлшері).
Атрибутивті белгі бойынша топтастыру кезінде атаулардың саны көп болмаса, топ саны атаулар санына сәйкес анықталады. Егер белгіде әр түрлердің саны көп болса, онда топтау кезінде атаулардың бірқатарын бір топқа біріктіреді. Оларды топтарға дұрыс негізде біріктіру үшін жіктеулер жасалады. Топтауларға қарағанда, жіктеу кезінде топтау белгілері көптеген мақсаттарды алдын-ала ұзақ кезеңге шешу үшін бекіткен, ал бұл уақытта топтаулар нақты зерттеу мақсаттары үшін орындалады. Мысал ретінде экономика салаларының жіктелуі автотранспорттық кәсіпорындарды мақсатты тағайындалуы бойынша жіктеуді (жүк, автобус, таксомоторлық және т.б.) алуға болады. Сандық белгі бойынша топтау кезінде топ саны белгі өзгерісінің сипатына және зерттеу мақсатына байланысты анықталады. Егер сандық белгі үзілісті (дискретті) өзгерсе, яғни тек кейбіреуін ғана қабылдай алса – көбінесе тұтас мәндерді (мысалы, жұмысшылардың тарифтік разряды), онда топ саны белгі мәнінің санына сәйкес келуі тиіс.
Үзіліссіз өзгерісте белгі кез-келген мәнді қабылдай алады (мысалы, жұмыс өтілі немесе жұмысшылар жасы), сондықтан топтар «басынан-аяғына дейінгі интервалдағы белгі» мәндерімен шектеледі. Интервал деп әр топтағы белгінің ең көп және ең аз мәндерінің арасындағы айырмашылықты айтады. Іс тәжірибеде интервалдардың үш түрі пайдаланылады: тең, тең емес (біртіндеп көбейіп отыратын) және мамандандырылған.
Тең интервалдар, егер бір сападағы топтың ішкі белгісінің өлшемінде сандық айырмашылықты сипаттау керек болғанда пайдаланылады. (Мысалы, белгілі бір мамандықтағы жұмысшыларды жұмыс нормасын орындау пайызы бойынша топтау). Тең интервал өлшемі мына формуламен есептеледі:
X max – X min
i = ----------------------------- ,
m
мұндағы Х max , Х min - зерттелетін жиынтықтағы белгінің тиісті ең көп және ең аз мәндері, m – топтардың қабылданған саны.
Бұл формула бойынша интервал өлшемін есептеу үшін алдын-ала топтар санын белгілеп алу қажет (бақылау саны кезінде 200-ден көп болса, 10-15 топ пайдаланады).
Топ санының алдын-ала белгіленуін талап етпейтін, интервал өлшемін анықтайтын басқа да тәсіл бар. Бұл жағдайда Стерджесс формуласыпайдаланылады:
X max – X min
i = ----------------------------- ,
1.000 + 3.3221 lg n
мұнда, n – бақылау саны.Бұл формула бойынша интервал өлшемінің есебін орындағанда, бөлімді алдын-ала тұтас санға дөңгелектеу керек, өйткені, топ саны бөлшек сан болуы мүмкін емес.
Интервал өлшемін әдетте, тұтас санға дөңгелектейді, тек белгінің аз ғана тербелуі зерттелген жағдайларда ғана басқаша болады.
Тең емес интервалдар(біртіндеп көбейетін) талдаулық топтауларда жиі қолданылады. Бұл жағдайда интервалдар, қалыптасқан топтардағы бірлік саны үлкен етіп, (яғни топтар шамамен бірдей толтырылуы) таңдалынуы тиіс.
Топтау интервалдары ашық және жабық болуы мүмкін. Жабық интервалдар – бұл төменгі (яғни «басынан»), және жоғарғы (яғни «дейін») шекаралары бар қарапайым интервалдар.
Ашық интервалдар – бұл белгілі бір ғана – жоғарғы немесе төменгі шекарасы бар интервалдар. Олар белгі теңсіздіктен кең ауқымда өзгерген жағдайда қолданылады, сондай-ақ белгінің одан үлкен мәні жиі кездеспейді.
Кейде бар топтауларды біршама өзгерту қажет: алдын-ала белгіленген қатысты түрдегі кіші топтарды әлдеқайда ірілеу топтарға біріктіру немесе топтауды басқалармен салыстырып отыру үшін бұрынғы топтардың шекарасын өзгерту. Алғашқы топтаудың нәтижелерін қайта топтау немесе екінші топтау деп атайды.
Топтаудан кейінгі статистикалық бақылау материалдарын жүйелеу және жинақтау сатысы статистикалық жиынтық болып табылады. Статистикалық жиынтық деп – сөздің тар мағынасында, топтау кезінде бөлінген топшалар мен топтардағы бірлік сандарының есебі және сандық белгілері бойынша қорытынды жасау түсінігін айтады.
Топтау нәтижелері мен материалдар жиынтығы статистикалық кесте түрінде көрсетіледі.
Статистикалық кесте екі элементтен тұрады:
Бастауыш(әдетте, бірінші тік немесе көлденең жолда орналасады) – бақылау бірлігінің барлық салмағы бөлінген бірлік немесе топтар тізімі.
Баяндауыш – бастауышта көрсетілген бірліктер немесе топтар сипатталатын сандар.
Кестенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасады, онда қысылған нысанда кестеде көрсетілген мәліметтерге қатысты оның негізгі мазмұны, уақыты мен орны орналасады.
Статистикалық кестенің мәліметтері оперативті басқару, өзара байланыс пен қолда бар резервті ашуға мүмкіндік беретін ғылыми анализ мақсаттары үшін пайдаланылады. Мақсаттардың айырмашылығы бастауыштың сипатына әсер етеді.
Бастауыштың сипатына байланысты кестенің үш түрін бөліп қарастырады: 1)қарапайым, 2)топтық , 3)біріктірілген.
Бастауыштың қарапайым кестелерінде зерттеу объектісін (кәсіпорын, аудан, республика және т.б.) құрайтын бірлік немесе топ тізімі беріледі, бірақ бастауыш бірлігі бір сападағы топ болып табылмайды. Бұл кестелердің баяндауышында зерттеліп отырған қоғамдық құбылыстардың деңгейін көрсететін нақты өлшемдер негізгі маңызға ие. Қарапайым кестелер анықтама материалдарын береді; олар әдетте, еліміздегі және аймақтардағы ресурстардың нақтылығы мен бөлінуін бейнелейді.
Ғылыми анализдің мақсаты үшін топтық және біріктірілген кестелер пайдаланылады.
Топтық кесте деп - бастауышы, белгілі бір белгісі бойынша бірліктерді топтау нәтижесінде қалыптасқан кестені айтады. Егер топтық кестенің баяндауышында, топ санын сипаттайтын тек бір ғана жол болса, онда мұндай кесте бөліну қатары деп аталады.
Біріктірілген кестеде бастауыш екі және одан да көп белгілер жиынтығының бірліктері топтау нәтижесінде қалыптасады. Бұл жағдайда барлық бірліктер топқа алдымен бір белгісі бойынша, ал содан кейін әрбір бөлінген топтың ішінде – басқа белгісі бойынша топшаға бөлінеді.
Топтың және біріктірілген кестелердің баяндауышында нақты өлшемдер негізінде зерттеліп отырған құбылыстың ерекшелігі мен даму заңдылығын ашуға мүмкіндік беретін орташа және қатысты өлшемдерді есептейді.
