Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ Туризмдегі зерттеу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
646.35 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары

  1. Туризмнің бір түріне сапалық және сандық сипаттаманы қалай беруге болады?

  2. Туризмдегі зерттеуде ұқсастық, қайшылық, жеткілікті негізділік заңдары қалай көрінеді?

  3. Туризмнің нақты бір түрінде менеджерге логикалық қайшылықтың мәнін анықтау қажет пе?

  4. Туризм туралы ғылымның заңдарының, қағидаларының, ережелерінің шынайылығын қалай анықтауға болады?

  5. Абстрактіден нақыға өту әдісі туризмде қандай практикалық және теориялық мәнге ие?

  6. Мамандарда теориялық және практикалық ойлаудың біртұтастығын қаыптастыру үшін не қажет?

  7. Нарық жағдайындағы менеджердің шығармашылық қызметінің рөлі қандай?

  8. Нарық жағдайындағы менеджердің шығармашылық қызметінің ерекшеліктері неде?

Қорытынды

Зерттеу практикасы турбизнесті жүргізудің тәсілдерін, кәсіпорынды басқару әдістерін, персоналды оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жағын қамтамасыз ету үшін қажет. Менеджердің әрекет ету нысаны – экономика заңдарының бірі – ұсыныс пен сұраныс көрініс табатын қызмет көрсету нарығындағы жұмыс. Зерттеу практикасының нысаны – турөнімнің тәжірибелі үлгілерін сату. Математикалық дістер және компьютелік техникамен есептеулер, болжамдар, тексеріледі, жаңа ұсыныстар жасалады, одан кейін практикада қолданылады.

Дәрістерге әдістемелік нұсқау

Студенттер туризм туралы ғылымның сәтті дамуы жетекшілер мен мамандарда шығармашылық қабілеттерді табуды, олардың дамуы мен жетілуі үшін жағдайлар жасауды, ғылыми шығармашылықтың дамуының маңызды шарттарын, менеджердің шығармашылық қабілеттерін жинақтайтын ынталандырушылық факторларды, шығармашылық қызметіне практиканың әсерін тереңнен меңгерулері керек.

Әдебиеттер

1.Барчуков И.С. Методы научных исследований в туризме: учеб. пособие. – М.: Издательский центр «Академия», 2008.

2.Ильина Е.Н. Туризм – Путешествия. Создание туристской фирмы. Агентский бизнес: Учеб. – М.: РМАТ, 1998.

Дәріс 7. Экскурсияларды ұйымдастыру әдістемелері және денсаулықты сақтау әдістері

Дәріс сұрақтары:

1.Экскурсия даярлау және өткізу әдістемесі

2.Экскурсияларды жүргізу

3.Туризмде қолданылатын медико – биологиялық әдістер

4.Туристер үшін сауықтыру бағдарламаларын модульді тұрғызу

Дәрістің мақсаты: Экскурсия дайындаудың кезектілігі мен экскурсия жүргізудің тақырыптары, экскурсия маршрутын таңдау, объектінің паспортына енгізілуі қажет мәліметтер, оларды өткізу, түрлері. Сонымен қатар экскурсия жүргізушісінің жұмысы,туризмде қолданылатын медико – биологиялық әдістер ментуристерге сауықтыру бағдарламаларының модульдік тұрғызуы жайлы сұрақтар қарастырылады.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: экскурсия маршруты, ландшафт, экскурсовод, климактерий тәсілі, биотелеметрия әдісі және т.б.

Экскурсия дайындаудың кезектілігі. Экскурсия ұйымдастыру үшін, экскурсия жүргізушісі тақырыпты өңдейді, оның ерекшеліктерін нақтылайды, тақырыпқа байланысты материалдарды зерттейді. Экскурсия жүргізу үшін келесі тақырыптарды қолдануға болады:

Экскурсияға танысу немесе зерттеу үшін келесідей классификациялауға болатын объектілерді қосуға болады:

  • Халықтың өміріндегі тарихи оқиғалармен байланысты есте қаларлық орындар, мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ордабасы ауданында өткен бүкіл қазақ съезі және Ақтастыдағы, Бұланты жеріндегі «Қалмақ қырылғын» шайқастары кіреді.

  • Мазмұны бойынша – бір жоспарлық (кескіндеменің шығармасы, өзен, өсімдік, жануар, үй) және көп жоспарлық ( архитектуралық ансамбль , орман, өріс, көше, қала алаңы).

  • Функционалдық міндеті – негізгі тақырыпты ашатыны және қосымша көшу уақытын көрсететіні.

  • Сақталу дәрежесі – толығымен сақталған, біздің күнге дейін өзгерістермен жеткен, жартылай сақталған немесе жоғалған.

Материалдарды зерттеу үшін экскурсия жүргізуші фотосуреттерден, сызбалардан, карталардан, схемалардан, сурет және репродукциядан тұратын « экскурсия жүргізушінің портфелі» деген папка дайындайды.

Экскурсияның әр түріне (қалалық, қала сыртындағы, өндірістік, мұражайлы, жаяу және автобустық саяхаттар үшін) сонымен қатар әр тақырыпқа әдістемелік кешендерді дайындайды.

Экскурсия тақырыбы, көбінесе біртұтас қосылған жақсы әңгіме және қатысу, объектіні көрсету. Әңгіме үшін шынайы дәлелдер және мәліметтерді дайындайды. Объектілерді дұрыс іріктеу, олардың саны, көрсетілімдердің тізбектілігі экскурсия сапасына елеулі әсер етеді.

Экскурсия маршрутын таңдау. Экскурсия объектілеріне туристердің қызығушылығын арттыру үшін экскурсия тақырыбының ерекше белгілерін жарықтандыру қажет. Тарихи оқиғамен немесе дәуірмен тығыз байланысын обьектінің танымдық құндылығы қолданылады, әйгілі ғылым және мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығы және өмірімен, оларды туристердің эстетикалық тәрбиелеу мақсатында қолдану мүмкіндігі.

Туристерге қызығушылық арттыру үшін экскурсияға ең үлкен әйгілілікке ие болатын объектілерді қосқан орынды. Мысалы, Жібек Жолы бойындағы қалалар, орталық Қазақстандағы археологиялық қазбалар орналасқан жерлер (Әлкей Марғұлан маршруты бойымен). Объект туралы әңгіме айтқанда тарихи, мәдени ескерткіштің немесе құрылыстың өзгешелігін, ерекшелігін ерекше атап өткен жөн. Мысалы,Ұлытаудағы Жошы хан, Алаша хан кесенелері, Ахмет Йассауи кесенесі. Объектінің айқындалуына, демек оның өзгеше фонымен немес қоршаған ортасымен өзара әрекеттесуіне зейін қойған жөн. Мысалы, Санкт – Петербордағы ажырасатын көпір.

Объектінің орналасуы да маңызды: объектіге дейінгі қашықтық, подъезд ыңғайлылығы, автокөлік үшін жолдардың жарамдылығы, туристерді тасымалдау, табиғи немесе индустриалды ландшафт. Экскурсия кезінде тәулік уақытына, мезгіліне, ауа райына, басқа да күтпеген жағдайларға байланысты объектіге бару және көру мүмкін емес болғанда объектімен танысудың уақыт шектеулілігі туындайды.

Экскурсияны көп мөлшердегі объектілерге барумен шамадан тыс асыруға болмайды. Бұл оның ұзақтығын көбейтіп, туристердің шаршағандығын тудырады. Әдетте, қалалық экскурсияның ұзақтығы 2 сағат, бұл жағдайда экскурсанттар 15 объектіні ғана қызығушылықпен қарайды. Объектілердің жиынтығы экскурсия тақырыбына, оның мазмұнына және де экскурсиялық топтың құрамына байланысты жасалады.

Шолу экскурсиясы тек қана мүсін ескерткіштері және монументтерді көрсетілуінде құрастырылуы дұрыс емес болып саналады. Экскурсия объектілерін көрсетілуін біркелкіліктен тыс болу керек. Егер маршрутқа ғимарат және көше, алаң, тарихи орындар, табиғат объектілері басқа да назар аударарлық орындарының көрсетілуі болмаса экскурсанттардың әсері толық емес болады.

Объектінің паспортына енгізіледі:

  • Объектінің атауын ( бастапқы және қазіргі)

  • Тарихи оқиғаға байланысты, оқиға датасы

  • Орналасуы, пошталық адрес, олардың қандай территорияда орналасқаны ( қала, село)

  • Сипаттама (оған әкелетін жол, автор, құрылыс датасы, қандай материалдардан жасалған, мемориалдық жазбалардың мәтіні

  • Мағлұматтардың қайнар көзі (әдебиет қай жерде белгіленген және оған байланысты оқиғалар, мұрағаттық мәліметтер, негізгі баспа жұмыстары және жарияланбаған жұмыстардың сақталу территориясы)

  • Сақталуы ( оның орналасқан жердегі территория жағдайы, ең соңғы жөндеудің мерзімі, реставрация) сонымен қатар, күзет ( кімге міндеттелген)

  • Қандай экскурсияларда қолданылады;

  • Төлқұжаттың жасалған уақыты, жасаған адамның тегі және лауазымы.

Төлқұжатқа объектінің қазіргі және бұрынғы түрі, фотосуреті, қосылады. Мысалы, архитектуралық (ғимарат) ескерткіштерінің төлқұжатына оның ішіндегі мүсіндер барлығы, қыш тақташалар, декоративті әсемдіктер (сыртқы және ішкі), ғимараттың конструкциясы және түрі жайындағы ақпарат, оның техникалық күйі (сақталу дәрежесі) кіреді.

Ел аймақтарында экскурсиялық объектілерге паспорттың болуы, жаңа сапалы тақырыптарды әзірлеуге, тарихи ескерткіштерді, Қазақстан Республикасының азаматтарын адамгершілікке тәрбиелеуді кең қолдануға мүмкіндік береді.

Экскурсияларды өткізу. Экскурсия логикалық реттілікпен құрылуы тиіс: туристердің жиналуы, оларды объектілерге ауыстыру, маршрутта объектілерді көрсету, экскурсовод әңгімесі, аялдамалар ұзақтығын орнату. Туристтердің өзге тақырыптар бойынша әңгімелесуін және гидтің екінші ретті объектілерге алаңдамауын алдын – ала ескеру қажет.

Жаяу экскурсияларды объектілерді таныстырып өтуге үш сағат шамасында, ал автобуспен – төрт сағат шамасында уақыт қажет болады.

Туристтер көргендерін ұғыну және есте сақтаулары үшін экскурсовод әңгіме айту барысында эмоционалдық, ымдар мен мимикаларды, объектте топтауда ара – қашықтықты, дыбыстық құралдар, объекттер арасындағы үзілістер, экскурсия тақырыбының мазмұнына логикалылықты қосу, әңгіменің көрсетулермен байланысты болуын есте сақтау. Ол туристтерді объектті бақылауға дайындау алуы тиіс. Анықтамалардың, цитаталардың, әдеби монтаждың, түсіндірулердің ұзақтығы созылған болмауы керек.

Объектінің орналасуы әңгіменің пішіні және құрылымына байланысты. Мысалы, басында көркем өнер галлереясында суреттердің ішіндегі біреуінің жасалынуын жарықтандыруға болады, кейін оның авторына сипаттама беру , ол қай дәуірде өмір сүрген және суретті салғаны туралы. Әңгіме және көрсетілім, экскурсанттар тарихи оқиғаны дұрыс қабылдауы үшін, оған өзінің бағасын бере алуы осындай болуы керек. Гидке қатысушылардың эмоциясына олардың, қуаныш, таң қалу, мақтаныш, ашу немесе ызасын тудыра отырып әсер ету қажет.

Экскурсия жүргізушінің әңгімесіне тән болуы керек: қысқалық, нақтылық тұжырымдамасы, нақты материалдың болуы, тақырыптың ашылуы, әдеби тіл. Экскурсия жүргізуші объект туралы әңгіме айту барысында алдын – ала «экскурсия жүргізушінің портфелінде» дайындалған көрнекті құралдарды қолдануына болады, әрбір тақырып бойынша географиялық карта, сызба және суреттер қолданылады. Материалдар тізбесі тақырыптар бойынша күнделікті толықтырылады.

Егер экскурсия автобусты болса, онда орын және объектіні көруге шығатын уақыт, топтың объектілер арасында қозғалысы, материалды көрсету ұзақтығы ( экскурсия жүргізушінің портфелі) анықталады. Автобус жүргізушісіне парақ беріледі, онда : қай жерге автобусты қою, объектіні жақсы көру үшін жылдамдықты азайту керектігі көрсетіледі. Туристтерге автобустан шығарда объектілерде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ұсыныс беріледі. Туристтердің экскурсия жүргізушісімен және жүргізушімен таныстыру рәсімін міндетті түрде орындау қажет, автобуста мінез – құлық тәртібі еске салынуы керек, сұрақтар қою уақыты анықталады.

Экскурсия жүргізушісіне өзінің әдістемелік шеберлігін жоғарылату үшін қажет:

  1. өзінің білімін жүйелі түрде жаңартып, семинарлар немесе конференцияларға қатысу;

  2. экскурсия жүргізушінің портфелін жаңа мағлұматтармен толықтыру;

  3. экскурсия тақырыбы және туристтер құрамының ерекшелігіне есепке ала отырып, байланысты көрсету және айтудың әдістемелік тәсілдер технологиясын жетілдіру;

  4. туристермен байланысты шебер орнату және сақтау үшін психология және логика негіздерін меңгеруі қажет.

Экскурсия мазмұны , оның танымдық құны әдістемеші және экскурсия жүргізушінің біліміне , олардың туристтерге ықпал ету тәсілдерін және тиімді әдістерін таңдап білуіне байланысты. Тақырып қиындығына байланысты жаңа экскурсияны 3 – 7 мамандар дайындайды, кеңесшілер ретінде мұражайлардың ғылыми жұмысшыларын, жоғарғы оқу орындарының және мектеп оқытушыларын шақырады.

Экскурсия логика бойынша үш өзара байланысқан бөлімдерден тұрады. Кіріспеде туристтерді тақырыппен және маршрутпен, экскурсия басы және соңымен, санитарлық бекеттермен, қауіпсіздік ережелерімен және мінез – құлқымен таныстырады. Негізі бөлімде объектілерді көрсету және экскурсия тақырыбы бойынша әңгімелеу. Соңында қорытынды жасалынады.

Экскурсияның мақсаты, туристерге тарихи және мәдени ескерткіштерді , басқа да назар аударарлық орындарды көрсетерде туған өлкеге деген сезімді тәрбиелеу , қоршаған ортаның эстетикалық қабылдауы болып табылады.

Экскурсия жүргізушінің алдынан әрқашан, қалай алуан түрлі объектілерден ақпараттық толымдылық бойынша ең қызықты дегендерді таңдау, дұрыс таңдалған объектілер тақырыпты ашуға мүмкіндік беру мәселесі тұрады.

Экскурсия түрлері. Экскурсиялар қалалық, қала шетіндегі, өндірістік, мұражайлық, жаяу және автобусты болады. Мысалы, автобусты экскурсия ұйымдастыру барысында жол жүру ережесін, жолаушыларды тасымалдау, нормативтік актілерді негізге алады. Маршрутта белгіленген негізгі объектілер экскурсияның тақырыбын ашуы керек, ал қосымша объектілер туристтердің көшуінде немесе өтуін байланыстыратын буын болып табылады.

Объектілердің көрсетілуі көше , алаң немесе көпір бойымен қайталап жүру болмауы, объектіге немесе алаңды көру үшін қол жетімді болуы керек. Объектілер арасындағы өту немесе көшу ұзақтығы 10 – 15 минут, көрсетілім немесе әңгіме кезіндегі үзіліс қысқа болуы керек. Автобустарға тұрақ жасақталынады, маңында санитарлы – гигиеналық орын болуы тиіс.

Автобусты экскурсия өткізу барысында көліктік «кептеліске» байланысты, жөндеу жұмыстары мен қалалық магистральдарда жүру нұсқаларын дайындайды. Автобустың маршрутын дайындау, маршруттың сызбасының және төлқұжаттың келісілуімен және бекітілуімен, километраж есептеуімен және автокөліктің қолданылу уақытымен аяқталады.

Автобусты экскурсияны құрастыру соңында көшелермен және алаңдармен таныстыру өткізіледі, объектілердің орналасу жері, автобус тұрақтары нақтыланады. Объектілерді көрсету, экскурсия ұзақтылығының хронометражы жүргізіледі, объектілердің көрсетілу нүктелері таңдалады, туристердің қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі қарастырылады.

Экскурсия жүргізушісі жасайтын жеке мәтін. Экскурсия жүргізушісі тізбектілігі және мазмұндама кезектілігі анықталған жеке мәтінді қолданады. Экскурсияның жеке мәтіні әдістемелік өңделімге сай құрылады. Материалдар объектінің көрсетілуі бойынша сол кезектілікпен орналасады. Жеке мәтінде, экскурсия уақытында не туралы әңгіме айту керектігі туралы айтылады. Дәлелдемелер нақты мерзімдерге, шынайы ақпарат көздеріне сүйене отырып айтылады. Экскурсия жүргізушінің әңгімесі әрбір тақырып бойынша объектілерге байланған болуы тиіс. Сай келетін қорытынды жасалынады.

Жақсы сөз сөйлеу және туристтердің эмоцияларына шебер әсер етуі экскурсия жүргізушінің шеберлігі туралы айтылады. Әңгіме сәттілігі мәтінде қаншалықты экскурсия жүргізушінің сөйлеу ерекшелігі оның логикасы, дәлелдемесі, тақырыптағы жаңашылдықты қолдануына байланысты болады.

Туристтерге бір объектімен танысу үшін 5 – 7 минут қажет, сол үшін объект туралы әңгіме соншалықты уақыт алуы тиіс, егер бұл орындалмаса онда ешқандай әңгіме жандылығы, ешқандай әдістемелік тәсілдер экскурсанттың көңілін аударта алмайды.

Экскурсия жүргізушісінің маршрут туралы қысқа мәліметтер карточкасын қолдануы естегі мәліметті жаңартуға көмектеседі. Карточкаларды қолдану ыңғайлылығы үшін оларды кішкене өлшемде жасайды, реттік нөмір береді, экскурсия тақырыбы бойынша салады. Тәжірибе жинағаннан кейін бұл қажеттілік жойылады.

Экскурсияларды бағалау. Өткізілген экскурсияны экскурсиялық бюроның басшысы, шығармашылық топтың және экскурсия дайындалған жердегі әдістемелік секциясының мүшелері, басқа да құрылым басшылары бағалайды.

Экскурсияны шығармашылық дискуссия, пікір алмасу кемшіліктерін анықтау пішінінде бағаланады. Экскурсияны бағалауға қатысушылар бақылау мәтінімен және әдістемелік өңдеуімен, маршрут сызбасымен, «экскурсия жүргізушісінің портфелінің» мазмұнымен, қолданылған әдебиеттер тізімімен алдын – ала танысады.

Туристік кәсіпорынның бухгалтериясы экскурсияның бағасын есептеу және аудит жасау, жаңа экскурсияның мүмкін табысының нормасын анықтайды. Экскурсиялық бюроның басшысы оң шешім қабылданғанда жаңа экскурсиялық тақырыпты және экскурсия жүргізушілер тізімін бекітуге қаулы шығарады. Кейін сынама экскурсия жүргізіледі.

Жаңа экскурсия бекітілген болып саналады, егер келесі құжаттар дайын болған жағдайда:

  • Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі – кітаптар, брошюралар, мақалалар;

  • Маршрутқа кіретін объектілер төлқұжаты – ескерткінің түрі , оның атауы, орналасқан жері;

  • Экскурсияның бақылау мәтіні – тақырыпты ашатын, ақпарат көзі бойынша жинақталған және сенімделген материалдар;

  • Экскурсия жүргізушілердің жеке мәтіндері – экскурсия құрылымы , оның маршруты, объектілер мен оқиғалардың сипаттамасы;

  • Маршруттың сызбасы (картасы) – топтың жүру жолында объектіні көрсету, объектілерге шығу бекеттері көрсетілген;

  • «Экскурсия жүргізушінің портфелі».

Әдістемелік тәсілдерді білуі , гидтің экскурсияны тиімді жүргізетіні және туристтермен байланысты орнатуы, объектіге тұрақты назарды аударта алатынына, қызығушылықты арттыра алатыны, объектіні көрермендік қабылдауын қамтамасыз ететінін білдіреді.

Экскурсияларды жүргізу.Экскурсия жүргізуді қабылдаулардың тізімі. Экскурсияларды жүргізу – бұл дұрыс, жақсы шолу мақсатындағы туристтерге объектілерді таныстыру, мысалы, мұнара биіктігі туралы ойлар қалыптастыру үшін бекініс дуалдарын көрсету. Ескерткіштердің айналасын туристтердің бақылауы олардың ескерткіштің көркемділік мәні мен мәртебелілігін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайға Алматыдағы Панфиловшылар ескерткіші, Астанадағы Отан Ана ескерткіші мысал бола алады.

Экскурсияларды жүргізуде әр түрлі қабылдаулар бар.

Панорамалық көрсетілім тәсілі туристтерге мұнараларды, қоңырау ілінген жерлерді, бекініс қабырғаларын, көпірлерді биіктіктен байқауға мүмкіндік береді. Оған Алматыдағы Көктөбе тауы панорамалық алаңы мысал бола алады.

Көрермендерді қалпына келтірудің тәсілі (жаңғырту, қайта жасау), бұнда экскурсия жүргізушісі тарихи объектінің алғашқы бейнесін ауызша қалпына келтіре отырып жеткізе алады, мысалы, соғыстық қақтығыстар, халықтық көтерілістер, әйгілі жазушылардың, ғалымдардың, композиторлар мен суретшілердің өмірі мен қызметі. Бұл тәсілді сәтті қолданудың негізі гидтің дайындығы болып табылады.

Көрермен монтажы тәсілі экскурсия жүргізішісі бейнені құрастыруда бірнеше ескерткіштердің немесе олардың жеке бөліктерінің айналасындағы сыртқы бейнесін қолданады.

Абстракциялау тәсілінде экскурсия жүргізушісі тұтастан оның бөліктерін бөлуді қолданады. Бұл тәсіл заттың белгілерін тануы арқылы экскурсанттарға негізгі тақырыптың ашылуына, қарастырылуына көмектеседі.

Көрермен салыстыруының тәсілінің мәнібір заттың немесе оның бөлігінің өзге бір объектімен қарама – қарсы қойылуына негізделген; соның нәтижесінде олардың ерекше белгілері, объектінің ерекшелігі, олардың қайталанбастығы мен түпнұсқалылығы анықталады.

Бірлесу (интеграция) тәсілі экскурсия жүргізушісі ұмытылмас орындарды көрсетуде оның әр түрлі жақтарын, бөлшектерін, қасиеттерін бірлікке жинақтау арқылы жүргізеді.

Көрермен аналогиясының тәсілі бір объектінің өзге объектінің суреттерімен немесе фотографияларымен салыстыруға негізделген.

Назар ауысуы арқылы жеткізу тәсіліэкскурсанттар объектіні бақылап болған соң, назарын басқа объектке аударады, мысалы, назардың XIX ғ. салынған үйден, XXI ғ. «биік» ғимаратқа ауысуы. Ғимарат қанықтылығы әсерді молайтады. Мемориалды тақталарды көрсетуде оның құрылуымен байланысты тарихына, өткен оқиғаларға назар аударады.

Экскурсиялық анықтамалар тәсілі бұнда экскурсия жүргізушісі объект туралы мәліметтерді хабарлайды, олар: құрылған датасы (қайта құрылуы), жоба авторлары, өлшемдері, белгіленуі.

Сипаттау тәсілі – туристтер санасындағы тарихи оқиғалардың дәл және нақты елесі болып табылады. Бұл тәсіл автобуспен жүргізілетін экскурсияларда, сонымен қатар туристтердің түсуінде немесе түспей аялдамасыз өткізілуінде қолданылады.

Мінездемелік тәсіл – бұл заттың немесе құбылыстың өзгеше сапасы мен ерекше қасиеттерін анықтауда қолданылады.

Түсіндіру тәсілі – бейнелеу өнерінің шығармасын көрсетуге бағытталған экскурсияларда қолданылады.

Комментарий тәсілі – бұл оқиғаларды, құбылыстарды, мәтіндерді түсіндіріп беру. Бұл тәсіл мәдениет ескерткіші немесе тарихи ескерткіштер авторларының ойын анықтайтын мәліметтерді пайдаланғанда қолданылады.

Репортаж тәсілі – оқиға, құбылыс, үрдістерді туристердің өздері басы қасында болғандай қабылдайтындай етіп жеткізетін экскурсия жүргізушісінің қысқаша мәліметі. Бұл тәсіл болып жатқан оқиғаның импровизациясы болып табылады.

Дәйектеме келтіру тәсілі анықталған тарихи дәуірдің тіл ерекшелігі сақталған тарихи оқиғалардың суретін сипаттауда қолданылады.

Сұрақ – жауап тәсілі экскурсия жүргізушісі туристтердің белсенділігі үшін қолданады.

Көрермендерге сілтеме тәсілі өткен уақыттардағы оқиғаларды жаңадан жасау кезінде қолданылады.

Тапсырмалар тәсілі туристерді ойландырады, ой қызметінің жұмыс жасауын жеделдетеді.

Мәлімет жаңалығы тәсілі туристіердің назарын объектіге аударту үшін оларға жаңа олар білмейтін дәйектер мен мысалдарды айту.

Ауызша (әдеби) тәсіл монтаждары әдеби шығармалардан үзінді алып ұсынуға, экскурсияның тақырыбын ашатын мәліметтер алуға бағытталған.

Қатысу тәсілі туристтерді экскурсия арналған оқиғаның қатысушысы болуға тарту үшін қолданылады. Мысалы, «өзіңіз елестетіп көріңіз, қазір біз ұлы ақын А. С. Пушкин өмір сүрген жердеміз» деп экскурсия жүргізушісі топқа үндейді.

Дискуссиялық жағдай тәсілі 2 – 3 турист өзінің ойын айтуына бағытталған болып табылады.

Қарама – қайшы болжамдардың болуы кезіндегі тәсіл қолданылады, мысалы, тарихи оқиғаны бағалау кезінде, қаланың негізі қаланған уақытты бекіту, өзен немесе көлдің атауы.

Дербестеу тәсілі мемлекеттік қызметкерді немесе жазушы кейпін ойша туындату үшін қолданылады.

Мәселелік жағдай тәсілі бұл тәсіл экскурсия жүргізушісі әңгіме барысында міселе қоюына негізделген. Бұл қатысушыларға қойылған сұраққа жауап табуға көмектеседі.

Шегіну тәсілі бұл тәсілде әңгіме барысында экскурсия жүргізушісі аздап тақырыптан ауытқиды, сол үшін ол өз өмірінен мысалдар келтіреді немесе өлең шумақтарын оқиды , кинофильм, көркем шығарманың мазмұнын айтады.

Индукция тәсілі әңгіме кезінде жеке, дара жағдайлардан және дәйектерден жалпы суретке, қорытындыларға ауысу жағдайында, экскурсия жүргізушісі бір ескерткіш сипатынан ансамбльдің немесе инженерлік ғимараттар жүйесінің сипатына ауысуында қолданылады.

Дедукция тәсілі бір объектіні көрсету кезінде жалпыдан дараға өту кезінде қолданылатын пікірдің әдісі .

Климактерийлік тәсіл экскурсанттардың әңгімеге қызығушылығын арттыру мақсатында әңгіме басында аз маңыздылыққа ие және де аса қызықты емес мәліметтер айтылып, соңына келгенде аса маңызды әрі өте қызықты дәлелдемелер айтылады.

Антиклиматерийлік тәсіл объектінің мазмұнын айту барысында аса қызықты да маңызды мағлұматтардан бастап, аса қызықты емес мағлұматтардан аяқтау тәсілі.

Экскурсия жүргізушінің жұмысы. Туристтер тақырыптың мазмұнын жақсы елестету үшін, экскурсия жүргізушісі кейде туристтерді тарихи оқиғалардың қатысушыларымен кездесуді ұйымдастырады.

Тақырып мазмұнының анық ашылуы үшін экскурсия жүргізушілері техникалық құралдарды қолданады ( видеокамералар, ұялы телефондар, видеоүнжазбалар, компьютерлер). Музыкалық және әдеби жазбалар экскурсияның бөлігі әрі жалпы тақырыпқа бағынышты болғаннан кейін ұзақ болмауы тиіс.

Экскурсия жүргізуші жұмысында дағдылар мен әдістемелік тәсілдердің қатынасын нақты білуі қажет. Егер тәсіл –экскурсиялық мәліметті жеткізудің ерекше тәсілі болса, онда дағды – бұл әдістемелік тәсілдерді егжей – тегжейлі білуі болып табылады.

Дағдыларды жетік меңгеру экскурсия жүргізушісіне тәсілдердің көпшілігін көрсетуге және әңгімелеуге, әр түрлі әдістемелік тәсілдердің нұсқауларын көрсете, жеткізе алуға мүмкіндік береді.

Экскурсия жүргізушісі әдістемелік тәсілдердің кешенін қолданады: көрсетілімде – қайта құрастыру (реконструкция) және оқшаулау (локализация) тәсілдері, әңгімеде – салыстыру және жаңашылдық мәліметтерінің тәсілі.

Сонымен, экскурсия жүргізудің тиімділігі өңдеушілерге, әдістемешілерге және экскурсия жүргізушілерге байланысты, олардың негізгі тапсырмасы – туристтерге экскурсиядағы маңыздылықтарды, соның ішінде қоршаған әлемнің назар аударарлық жерлерін түсінуге және есте сақтауға көмектесу.

Мысал ретінде автобустық экскурсия кезіндегі экскурсия жүргізушінің жұмысын келтіре аламыз.

Экскурсия жүргізушісі автобуста жүргізуші қасындағы алдыңғы орынға ие болады. Қауіпсіздік ережелеріне сай туристтерге автобуста тұруға рұқсат берілмейді.

Экскурсия жүргізушісі өзін және автобус жүргізушісін сонымен қатар, туристерге қызмет көрсеткен бюроны таныстырып өтеді. Экскурсия тақырыбы айтылады, топпен әңгімелесудің ережелері орнатылады. Аялдамалардың саны және туристтердің автобустан шығу қажеттілігі жарияланады. Аялдама кезінде экскурсия жүргізушісі автобустан бірінші болып түсіп, объектіге қозғалысты бағыттайды.Егер бұл аялдамалар санитарлық немесе кәдесый алу мақсатында болса, экскурсияның уақыт тәртібін сақтау мақсатында автобустың жөнелтілу уақыты, маршрут бойынша автобустың қозғалу графигі жарияланады.

Объектіде топты орналастыру кезінде басқа экскурсиялық топтың қатысуы есепке алынады. Ыстық күндері топты көлеңкеде орналастырады, жаңбырда – ағаш астында. Экскурсия жүргізуші барлық жағдайда объектіні қарау кезінде туристердің автомагистральдан өту кезінде де қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

Туристтердің автобустан объектіге қозғалысында және қайтуында экскурсия жүргізушісі топтың ортасында болуы керек. Топ шағын болып жүреді, қатысушылар арасындағы қашықтық 7 метрден аспауы қажет, экскурсия жүргізушінің түсініктемелері жақсы естілуіне мүмкіндік береді.

Топтың жүру ырғағы топтың құрамына (балалар, жастар, қарт адамдар), жергілікті жердің рельефі, жолдар сапасына байланысты.

Топтың кеш жиналуы немесе автобустың кешігуі кезінде экскурсия жүргізушісі екінші дәрежедегі егжей – тегжейді қалдырып, тақырып ашуға арналған уақытты қысқартады.

Егер экскурсия кезінде экскурсия жүргізушіге сұрақ қойылса, ол әңгімені тоқтатпай жылдам жауап бермеуі тиіс. Сұрақтарға экскурсия біткесін жауап беруі керек. Жауаптардың мазмұны дискуссиялық мінезде жанжады жағдайлар жасамау үшін болмауы тиіс.

Экскурсия жүргізушісі жол жүру кезінде туристтер көргенін және естігенін меңгеру үшін үзілістер жасайды.

Туризмде қолданылатын медико – биологиялық әдістер. Денсаулықты жақсарту және ағзаны шымырлату әрбір туристтің негізгі мақсаты болып табылады. Қонақжайлылық индустрияның мамандары адамның анатомия негізін, физиологиясын, биомеханика және гигиенасын, алдын алу медицинасын, емдік физикалық мәдениетті білетін болса, осы мәселелерді жақсы шешетін болады.

Туристік іс – шара (спорттық – сауықтыру, экстрималды, рекреациялық туризм және т.б.) адамның қозғалу белсенділігімен , физикалық мәдениетпен және спортпен тығыз байланысты.

Медико – биологиялық әдістерді зерттеуі туристік әрекет арқасында болатын ағзадағы үрдістерді білуге мүмкіндік береді. Осы әдістер арқасында қозғалу аппараты, бұлшық етті және демалу жүйесін, қан айналымын, жүйке әрекетіне және нейротуморалды регуляцияны, ас қорыту , адамның басқа да жүйесіне диагностика жасауға болады.

Медико – биологиялық әдістер қолдану мақсаттары бойынша диагностикалыққа – қазіргі уақытта ағзаның жағдайын зерттеу әдістері және болжаулық – туристік әрекеттің әсері, мүмкін нәтижелерді зерттеу әдісі. Солардың арқасында адамның туристік іс – шараға жарамдылығын анықтайды. Реабилитация әдістері кең қолданылады, шекті және шектен аса тиеуден кейін, жорықта және саяхатта ағзаның жүйелі функционалдылығын қалпына келтіру.

Физикалық – емдік әрекетті зерттеуінде қолдану мінезі бойынша медико – биологиялық әдістер адамның физикалық даму дәрежесін анықтау әдістері бой, дене массасы, өкпе сыйымдылығы, жүрек соғуының жиілігі, қолдың күшін зерттеу әдістері, экстрималды туризм түрлерінде аса маңызды болып бөлімшелерге бөлінеді. Мысалы, медико – биологиялық әдістер туристтің атты туризмге, теңіз және өзен круиздарында ұзақ мерзімді жорықтарға жалпы физикалық дайындығын анықтауға қолданылады.

Медико – биологиялық әдістер жүргізу барысында, адам ағзасындағы өзгерістерді зерттеуге мүмкіндік береді. Мысалы, су астына сүңгу (дайвинг – туризм) , табиғи механизм құрастырылу және қозғалуды білуін және сапасын жетілдіру, ағзаның психикалық салмақтылықтарда бейімделі механизмі. Мысалы, спелео туризм, таулы туризм түрлері, ағзаның биік шыңдарға бейімделуі маңызды рөл атқарады. Медико – биологиялық көрсеткіштер қысымды анықтауға негіз болып қызмет етеді, туристтің денсаулығын қадағалауға, оптималды демалыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Медико – биологиялық әдістерінде жабдықтарды қолдану органометрикалық (визуалды, жанасуы), зерттеу аспаптары (антропометрия, спирометрия, динамометрия, пульсометрия, электрокардиограммалау, электромиограммалау, электроэнцефалограм-малау) болып бөлінеді.

Биотелеметрия әдістері – бұл қарапайым үрдістердің өлшенуі, адам ағзасында болып жатқанды, онымен тікелеі байланыссыз, туристтерді қарапайым динамикалық жағдайларда зерттеуге мүмкіндік береді.

Медико – биологиялық әдістердің туристік әрекеттегі басты ерекшелігі белсенділік көрсететін адам ағзасын зерттеу. Адам ағзасына зақым келтіруі мүмкін әдістерді қолдануға тыйым салынады, препараттар және жаттығуларды адамдардың өздерінің рұқсатынсыз қолдануға болмайды. Туризмді медико – биологиялық әдістерді қолдану жалпы ғылыми талаптарға сай келуі керек: әділділік, қадағалануы, нәтижені қайталау мүмкіндігі.

Туристердің резервті мүмкіндіктеріне қоршаған орта факторларына бейімделу , терморегуляция механизмі, шынығу деген түсініктер кіреді. Олардың функционалдық байқауы , физикалық дамуын бағалау , жүрек тамырларының және демалу жүйесінің жағдайын диагностикалау, денсаулық көрсеткіші ретінде жұмысқа қабілеттілігін, резервті мүмкіндіктерін зерттеу үшін қолданылады.

Туристік шаралар ұйымдастыру барысында әр түрлі әдістерді, әдістер және әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып, туристтердің психикалық және физикалық жағдайын, олардың эмоциясын есеңгіреуге шыдамдылығын, туристтердің невротикалық жағдайын алдын алуды жүргізуін жоғарғы дәрежеде ұстап тұруға болады.

Осы мақсатта туристтермен сауықтыру жаттығулары әлі жететін жүктемелер, олардың жеке және дайындалушының сай келетін әдістер мүмкіндігіне есепке алу арқылы жүргізіледі.

Фитнес клубтарда туристтерге аэробика (20 шақты түрі бар) , шейпинг, гимнастика, басқа да белсенді қозғалу түрлері жаттығулар спектрі ұсынылады. Туристтермен сауықтыру жаттығу жасау алдында , алдымен олардың денсаулық жағдайын бағалайды ( медициналық тестілеу, аурудан кейін қайтаданжаттығуды жалғастыру мерзімі), функционалды тестілеуді жасау ( степ - тест) , икемділік және күштің шыдамдылығына арналған тест, антропометрикалық тестілеу ( салмақ ұзындық өлшемдері, келбетті анықтау, қамту өлшемдерін өлшеу), физикалық және психологиялық дайындықтың деңгейін анықтау.

Шейпингпен айналысатын әйелдер үшін тестінің нәтижесін салыстыру (жаттығу мақсаты ) , дене мүшелерінің қамту өзгерісін талдау, өзгеру себебі, абсолютті көлемділікті салыстыру: салмақ (кг), май (кг), қамту (см) өлшеуді қателесуді есепке алуынуға арнайы жасалған. Фигураны субъективті бағалау әдістемелерін қолдану және оларды классификациялау ( шейпинг – модель, фигура , өлшемдер, пропорциялар, пішіндер, тері асты майлары, пропорционалдылық, бұлшық еттілік, жалпы шейпинг – әсерлері). Осының бәрі шейпинг рейтингі жүйесі бойынша объективті және субъективті бағаланады.

Көптеген туристтер, емдік – физикалық мәдениет жаттығуларымен белсенді айналысатын, өзінің денсаулығын диагностикалау және өзін ұстауды білуі тиіс. Жеке денсаулық деген түсінік, науқастық , иммунитет жағдайы, физикалық дамуы, физикалық еңбекке қабілеттілігі, функционалды дайындалғандығы, негізгі қозғалу сапасының даму деңгейі, психологиялық деңгейі, моральды – еріктілік және құндылықты – мотивациялық қондырғылар сияқты сипаттамаларын қосады.

Сауықтыру орталықтарында демалушының денсаулық деңгейін анықтауға әр түрлі тәсілдемелер бар, осында диагностикалық модельдер арқасында, нозологикалық диагностика сияқты денсаулықты тікелей көрсеткіштер арқылы диагностикалау.

Физикалық жағдайы және туристтердің денсаулығы болжауға арнайы дайындалған тесттер арқылы білінеді. Ол үшін жасын, жынысын, қан айналымының типі, конституционалды ерекшеліктерін, қан тобын білу қажет.

Зерттеу және адамның физикалық дамуын бағалау кезінде антропометрикалық өлшеу және индекстер әдістері, сонымен қатар, соматоскопия әдістері қолданылады. Соңғысы балалар және ересек балаларды тестілеуге, биологиялық жетілу, деңгейін бағалау әдістерін әр түрлі жастық топтарға қолданылады.

Туристтердің негізгі физикалық сапасының даму деңгейін анықтау үшін, арнайы бағалау әдістемелері қолданылады, мысалы, күштің мүмкіндіктерін өлшеу ( статикалық және динамикалық қабілеттілігі) шыдамдылық күші, жылдамдылықты күшті қабілеттілігі бағаланады. Тесттер көмегімен буындар қозғалуын бағалауға болады (икемділік).Сонымен қатар, координациялық қабілеттілігі .

Мамандар туристтің жүрек тамырлар жүйесін , жүректің соғу жиілілігінің динамикасы арқасында бағалай білуі керек.

Жүректің тамырлы жүйесі бұзылған туристтерге дозаланған физикалық жүктеу жүйесі белгіленеді.

Осыдан туристтер су асты жүзуімен, тереңдікке сүңгумен айналысқысы келсе мамандар тыныштықта сыртқы дем жүйесінің физикалық жағдайы бойынша зерттеу жүргізуі тиіс, физикалық жүктеу әсері мен ( Шафрановскийдің сынамасы , Розентальдің сынамасы), жүйке жүйесінің және жүйкелі бұлшық ет аппаратының функционалдық жағдайы . Ромберг сынамасы арқылы вестибулярлы аппараттың жағдайын бағалауға болады.

Туристтердің жалпы физикалық белсенділік дәрежесін анықтау үшін субмаксималды PWC 170 тесті , PWC 170 тестін қадамдап жүргізу әдістемесі, ағзаның аэробты өндірістігінің интегралды көрсеткішін есептеу үшін зерттееулер жүргізуі тиіс. Көбінесе Гарвардтық степ – тестінің жүргізу әдістемесі және бағалауы 12 минуттік Купер тестін жүргізу әдістемесі қолданылады.

Мысалы, атты саяхат және экстрималды туризм түрлерінің ұйымдастырушыларына туристтердің мінезін және темпераментін білу қажет. Осы үшін жүйкелілік жүйені диагностикалау әдістемесі ( темпинг тест) , қауіптілікті бағалау (спилберг – хонина әдістемесі), өзін бағалау ( Дембо – Рубинштейн әдістемесі), ӨБК тесті (өзінің сезімі, белсенділік, көңіл – күй).

Туристтерде әр түрлі ауытқуларды анықтау үшін сауықтыру шаралары бойынша арнайы әдістемелер жасалынады. Туристтік жорықтан кейін қайта қалпына келі үшін маңызды құрал болып өздік массаж саналады. Қарын – ішек ауруларын алдын алуға қатты көңіл бөлген жөн. Демалу мүшелерінде әр түрлі ауытқулар болуы мүмкін, әсіресе, пневмония, бронхит, бронхиалды астмамен ауыратындарда. Ондай жағдайда әр түрлі әдістемелер қолданылады, мысалы, баяу жүгіру.

Туристік шара үрдісінде демалушы әр түрлі әдістемелер бойынша балшық, жылулық және сулық процедуралар қолдануы мүмкін. Әртүрлі себептерге байланысты жоғарғы және төмендетілген эмоционалды жағдайға душар жандарға әр түрлі психологиялық реабилитация және медициналық процедуралар әдістемесі ұсынылады.

Туристтерге сауықтыру бағдарламаларын модульді ұйымдастыру.Сауықтыру бағдарламасын модульді құрастыру – бұл мамандарды іс – әрекеттің арнайы түріне мақсатты түрде дайындалуы. Осы бағдарламаны маман - жасаушылардың әрекеттерінің тізбектілігі келесі бағыттарда ойластырылады:

  1. Проектілеу, қайсында сауықтыру бағдарламалардың әдістемелік негіз құрастыруы анықталған.

  2. Сауықтыру бағдарламалардың немесе олардың бөліктерінің қолданбалы мазмұны тұтынушылық қызмет үшін жасалынады, сондықтан тақырыпты , көптеген және алуан түрлі процедураларлар түрін қосып есептегенде мұқият құру керек.

  3. Сауықтыру процедурасын ұсынуының логикалық кезектілікті бүкіл сауықтыру бағдарлаамасының логикасымен сай келуі тиіс.

  4. Сауықтыру бағдарламаларын ақпараттық қамтамасыз ету: көрнекті құралдар, оқу және әдістемелік материалдар, құрылымды – логикалық сызбалар және кестелер, слайдтар, оларды компьютерлік жүйелер арқылы көрсетілімі.

Тәжірибе модульдерді жасау және енгізу әрбір турист үшін сауықтыру бағдарламасын қалыптастырудың артықшылығын, тиімділігін көрсетуге болады. Модульдік құрастырудың құындылығы болып: мазмұнның толықтығы және бағдарламаны құрудағы логикалық кезектілікті іске асыруға бағытталған, модульмен маневр жасаулар мүмкіндігі, ол сервис құрылымына сәтті енді, мәселелерді шұғыл шешуі, бағдарламаларды құрудағы әдістемелік қосақталушыларға байланысты.

Тәжіриебенің көрсетуі бойынша, мамандардың әрекеті сауықтыру бағдарламасын жобалау біліктілігін жоғарылатуға бағытталған болуы тиіс. Ең қолайлы пішінді және әдістемелік жұмыстың әдістерін таңдау, зерделеу, жалпылау және алғы шепті тәжіриебені қолдану.

Мамандар әрекеті келесі мәселелердің орындалуы бойынша құрастырылуы тиіс:

Жобаланған, сауықтыру бағдарламаларының бейінді (профильді) жасалуына бағытталған.

Құрылымдық, сауықтыру бағдарламаларының мазмұнын таңдауға бағытталған.

Ұйымдастырушылық, процедура жүргізуді ең қолайлы әдістемесін анықтауға нақты сауықтыру бағдарламасы бойынша бағытталған коммуникативтік, тұтынушымен мақсатты қарым – қатынастарды құруға бағытталған.

Гностикалық, бағдарламалардың іске асырылу мақсатының адекваттылығы және алған нәтижелеріне, олардың тиімділігін анықтауға бағытталған.

Сауықтыру бағдарламасын жобалайтын мамандарға келесі талаптар ұсынылады: мақсаттарды анықтау және орнату, тұтынушылармен бағдарламаны меңгеру ін анықтау, қойылған мақсатқа сай процедураларды дайындау және өткізу, жобалауға қойған мақсаттарға жетуді объективті бағалау, мысалы, мамандардың қою керек мақсаттар моделі, емдік – сауықтыру бағдарламалардың дайындалуы танымдылық және тәжіриебелік мүмкіндіктерін қамтиды. Ол үшін ақпараттық – құрылымдық, құрылымдық – технологиялық, әдістемелік, гностикалық, жобалау және коммуникативтілік мүмкіндіктерінің бағалау шкаласын анықтайды.

Сауықтыру бағдарламасының тұтынушылардың жеке және топтық мәлімдемелері, сауықтыру процедуралар ассортименті керек. Ұсынылатын әдістемелер семинарларда, консилиумдарда, шығармашылық пікір таласуларда талқыланады.

Өздік дайындық үздіксіз кәсіпқойлылықты жетілдірудің басты талабы болып қалады.

Туризмдегі сауықтыру сервисі өзінің спецификалылығымен сипатталады, демек физикалық тәрбиелеу түсінігімен сәйкес келеді, демек өзінің негізінде адамның салауатты өмір салтын құру үрдісі болып табылады.

Сауықтыру сервисі түсінігі маманданған үрдіс ретінде нақты қызметтерді төлеу арқылы туристтің демалысын ұйымдастыру және салауатты өмір салтын жетілдіруге бағытталған.

Сауықтыру сервисі ұйымдастыруды өзіне жатқызатын: персоналды басқару, сауықтыру сервиспен қамтамасыз ететін, нарықтық қатынастардың өнімі ретінде сауықтыру сервисінің жобалар және бағдарламаларын жасау және жоспарлау; инвестицияны іздестіру және табысты құрастыру; тұтынушының өндірістік және ақыл – ойының әрекетін жоғарылату мақсатында демалысын қамтамасыз ететін, әдістері, пішіндері және элементтері сауықтыру және қайта қалпына келтіру сервисінің құралдарының тұтыну қызметтерінің және бағалауды анықтау критерийлері.

Ерекшеліктеріне байланысты сауықтыру қызметінің белгілі пішіндері орын алды: емдік – қайта қалпына келтіру процедуралары, сауықтыру жаттығуы, инструктордың және өздік басқаруындағы емдік физикалық мәдениеті, туристік шаралар, күндік және ауалық ванналар, су процедуралары, қозғалатын ойындар, эстафеталар. Осы қызметтердің әрбірі белгілі мәселелерді шешеді және өзгешелігінің ерекшелігі бар.

Сауықтыру өнімінің талаптарын және факторларын құру тенденциясы қызмет нарығында пайда болған болып табылады, елдер мен аймақтардың нормативті – құқықтық актілері, ұлттық дәстүрлер, ақпараттық технологиялар.

Ерекше сауықтыру жобаларын және бағдарламаларын құрастыру үшін мамандар қызмет нарығындағы мәселелерді әр түрлі әлеуметтік топтардың психологиясын шеше білуі қажет.

Қазақстан Республикасы физикалық, мәдени – спорттық, сауықтыру, емдік және көңіл көтеру қызметтері ұсынылатын көптеген курорттар мен қонақ үй кешендері, туристік база және балалардың спорттық базалары бар.

Мамандар, тұтынушылар сұранысын қанағаттандыру үшін және пайда табу мақсатында туристік қызметтер нарығын ары қарай дамыту үшін жобалар құрады.

Сауықтыру өнімін құру – қиын және көпсатылы үрдіс; маркетингтік зерделеулерді, нарық сегментін және бәсекелестерді сараптау, болжанған тұтынушылық сұраныс, кәсіпорынның орналасу орны, қызмет нарығының коньюктурасы, құрастыруға, жарнамаға және қызметте өткізуге кеткен шынай шығындарды бағалау.

Сауықтыру бағдарламаларының мақсаты және экономикалық тиімділігін құрастыруды сатып алушының қалауы мен табыстардың мәліметтері негізінде бағалауға болады. Нарық сегменті сауықтыру құрылымының қызметіне мұқият зерттелуі,жалпылауды енгізіледі.Туризмде сауықтыру қызметтері халықтың тұтынудың көп бөлігінен тұрады және спецификалық әлеуметтік – сауықтыру мінезі бар.

Сауықтыру қызметінің шамамен тізімі келесідей болуы мүмкін:медико –қалпына келтіру және әдістемелік кеңес,тестілеу,топта,клубта гимнастикамен.шынығумен айнылысу,мінездемені,бағдарламаларды,жаттығумен айнылысу үшін кешендерді өңдеу және беру,сауықтыру қызметтерін моншамен және сауналармен ұсыну,тренаржерлер қолдану,туризм инструкторларын дайындау қызметтері, жабдықтарды, инвентарьді, құралды және тренажерлерді дайындау қызметтері, келтіру және қондыру.

Туристерге:а льпинизм, аңшылық, балық аулау, саңырауқұлақтар мен жидектер жинау сияқты қалпына келтіру шаралары пайда болады.Әрбір жағдайда демалушымен салауатты өмір салты жөнінде нұсқау жүргізу керек. Осыдан мүмкіндік болса байдаркада есу,суық суда шомылу, жүру, жүгірумен айнылысуға болады. Шайтан арбаға міну, бадминтон, волейбол, гимнастика, шаңғымен жүру, аквалангпен сүңгу, су шаңғысы, су асты балық аулау пайдалы. Балалар үшін танымдық экскурсия, өзендік, теңіздік круиздар өткізу керек, демек белсенді демалысты ұйымдастыру керек.

Өткір сезінуді ұнататындарға тауға мінумен, бодибилдингмен айналысу, кегельбан ойнаумен және т.б арқылы жарысуға болады