
- •2. Пән туралы мәлімет:
- •Болжамалы оқу уақытын бөлу
- •5. Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •6.1. Практикалық-зертханалық сабақтарының тізбесі
- •7. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •10. Білімнің бағалануы туралы ақпарат
- •11. Баға қою саясаты Пән бойынша білім бағалау кестесі
- •Глоссарий
- •Қазақша - орысша сөздік
- •Кедергі - сопротивление
- •Шырақ – свет, источник
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
- •3. Мәтінді оқыңыз. Мәтін үлгісін пайдалана отырып, бір мамандық туралы әңгімелеңіз.
- •4. Сәйкестігін табыңыз.
- •5. Мәтінді оқыңыз, қазақ тіліне аударыңыз. Аталған мамандықтың лауазымдық міндеттерін атаңыз.
- •6. Сұхбатты жалғастырыңыз.
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4. Сәйкестігін табыңыз.
- •5. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтіндегі оймен келісесіз бе? Өз ойларыңызды білдіріңіз.
- •6. Мәтінді қайта оқып, сөйлемдерді толықтырыңыз, тыныс белгілерін қойып, сөйлемдердің түрін анықтаңыз.
- •7. Тиісті жалғауларды қойып, жалғаулардың түрін анықтаңыз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударып, мазмұнын айтыңыз.
- •2. Энергия көзін үнемдеуге бағытталған факультеттегі Ғылыми орталық туралы хабарлама дайындаңыз.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Мәтінді мазмұндау үшін жоспар құрыңыз.
- •3. Сәйкестігін табыңыз.
- •4. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Мәтін бойынша хронологиялық кесте жасаңыз.
- •5. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Мәтін мазмұнын айтыңыз.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4. Мәтінді оқыңыз. Қатемен жазылған сөздерді табыңыз.
- •5. Сәйкестігін табыңыз.
- •6. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Мәтінге ат қойып, мазмұндаңыз.
- •7. Төменде берілген сөз тіркестерін аударып, мағынасын түсіндіріңіз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
- •2. Елімізде энергетика және минералдық ресурстарды сақтауға бағытталған қандай бағдарламалар бар? Тақырып бойынша баяндама дайындаңыз.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Жерасты энергиясын өндіретін стансы
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Сәйкестігін табыңыз.
- •6. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Тірек сөздер арқылы мазмұнын айтыңыз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
- •2. Мәтінді оқып, қазақ тіліне аударыңыз. Мәтінде қай энергия түрі туралы айтылады?
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Мәтінді мазмұндау үшін жоспар құрыңыз.
- •3. Сәйкестігін табыңыз.
- •4. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Мәтіндегі оймен келісесіз бе? Өз ойларыңызды білдіріңіз. Как экономить электроэнергию?
- •5. Сөйлемдерді толықтырып, тыныс белгілерін қойыңыз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
- •2. Елімізде өтетін «Экспо-2017» көрмесі туралы (тақырыбы, мақсаты, күтілетін нәтиже) хабарлама дайындаңыз.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Жел электр стансылары
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4. Сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.
- •5. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтінді мазмұндау үшін сұрақтар құрастырыңыз.
- •6. Сәйкестігін табыңыз.
- •7. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Мәтінді мазмұндау үшін тақырыптық топтарға бөліңіз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, қазақ тіліне аударыңыз.
- •8. Мәтінді пайдаланып кестені толтырыңыз.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Мәтін бойынша хронологиялық кесте жасаңыз.
- •3. Сөйлемдерді оқып, тиісті жалғауларды жазыңыз.
- •4. Мәтінді оқыңыз. Мәтінде берілген терминдерді көшіріп, мағынасын түсіндіріңіз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
- •2. Ретсіз жазылған әріптерді дұрыс оқысаңыз, мәтінді оқисыздар. Мәтін не туралы?
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Мәтін мазмұнын тірек сөздер арқылы айтыңыз.
- •3. Мәтінді оқыңыз. Сөздерге тиісті қосымшаларды қосып, түрін анықтаңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •4. Мәтінді оқыңыз. Мәтінде кездесетін қателерді түзетіп, мәтіндіегі ойды жалғастырыңыз.
- •5. Сәйкестігін табыңыз.
- •6. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.
- •7. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Мәтінде айтылған ойды жалғастырыңыз.
- •3. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Мәтінде берілген ойды жалғастырыңыз.
- •4. Төменде берілген сөздерді сөздік арқылы аударыңыз.
- •2. Сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз. Түсіндірме сөздігін пайдаланып, сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз. Мәтінді мазмұндау үшін жоспар құрыңыз.
- •3. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Мәтінде айтылған оймен келісесіз бе? Өз ойларыңызды білдіріңіз.
- •4. Мәтіндегі белсенді етістіктерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңыз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Мәтінге ат қойып, мәтіндегі ойды жалғастырыңыз.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығы
- •3. Мәтіндегі белсенді етістіктерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңыз.
- •4. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Мәтін бойынша хронологиялық кесте жасаңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
- •Электр энергиясын өндіру секторы
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Мәтінді тірек сөздер арқылы мазмұндаңыз.
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3. Тмд сөзін аударыңыз.
- •4. Мәтінді оқыңыз. Түсіндірме сөздікті пайдалану арқылы мәтінде берілген терминдердің мағынасын түсіндіріңіз. Электр өрісі
- •5. Мәтінді оқыңыз. Сын есімдерге тиісті жұрнақтарды қойып, сын есімнің түрін анықтаңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •6. Төменде берілген сөздерді сөздік арқылы аударыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. Электр энергиясын жеткізу секторы
- •Электрмен жабдықтау секторы
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Мәтінді тірек сөздер арқылы мазмұндаңыз. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы жүйесі
- •Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу келесі мақсаттарда жүзеге асырылады:
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. Элегазды ажыратқыштар
- •Өзін-өзі бағалауға арналған тест сұрақтары
- •54. Сточные воды, сила течения, водопад, водохранилище сөздері мен сөз тіркестерінің аудармасын табыңыз.
- •55. Үнемдеу, жұмсау, тұрмыстық техника сөздері мен сөз тіркестерінің аудармасын табыңыз.
- •116. Лидер сөзінің аудармасы:
- •126. С.Сейфуллин есімі қату-ға қашан берілді?
- •Мазмұны
1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. Элегазды ажыратқыштар
Қазіргі уақытта электр қондырғыларында майлы және ауалы ажыратқыштарымен қатар элегазды ажыратқыштар кең пайдалануда. Электр қондырғыларында пайдаланылатын коммутациялық аппаратын (110, 220, 500 кВ-тық ажыратқыштар) тізбектен ажыратқанда, оның түйіспелерінің арасында электр доғаның пайда болатындығын барлық электроэнергетика мамандары біледі. Сол түйіспелердің арасындағы электр доғаны сөндіруге көбінесе минералдық май немесе ауа пайдаланылады.
Қазіргі уақытта жоғары кернеулі ажыратқыштардың түйіспелерін ажыратқанда олардың арасындағы электр доғаны сөндіруге элегаз жиі пайдаланылады. Элегазды ауамен салыстырғанда, элегаздың электр доғаны сөндіру қабілеттілігі 5-6 есе артық және электрлік беріктігі 2,5-3 есе жоғары. Сонымен қатар, элегаз жанбайды. Қалыпты жағдайда элегаздың түсі, иісі және дәмі жоқ. Элегаздың молекулярлық салмағы 146,06. Оның құрамында 21,95% күкірт және 78,05 % фтор бар. Элегаздың электр доғаны сөндіру қабілеттілігі, ол электр доғаның бос электронын өзінің бейтараптама молекуласына қосып алатындығы. Яғни, теріс зарядталған иондар, оң зарядталған иондармен жеңіл араласады да, жаңа бейтараптама молекулаларды құрайды. Соның нәтижесінде жоғары кернеулі элегазды ажыратқыштар тізбекті ажыратқанда екі түйіспенің арасында пайда болатын электр доғаны тез сөндіреді.
Элегазды ажыратқыштардың құндылығы
Өртке және жарылысқа қауіпсіз;
Тізбекті ажыратқанда, элегаз ажыратқыштың екі түйіспелерінің арасындағы электр доғаны тез сөндіреді;
Тізбекті ажырату қабілеттілігі өте жоғары;
Үйдің ішінде немесе сыртқа орналастырып іске қосуға болады;
Ажыратқыштың салмағы және габариті аз;
Өртке және жарылысқа қауіпсіз;
Дыбыссыз;
Әмбебапты жасауға болады.
Элегазды ажыратқыштардың кемшіліктері
Элегаздың құны өте жоғары;
Элегазды ажыратқыштардың корпусын тығыздауды қамтамасыздандырудың қиындығы;
Ажыратқыштарды элегазбен толтыру, қайтадан үрлеу және тазалау үшін арнайы құрылғылардың қажеттілігі.
2. Сөйлемдерді мәтіндегі тәртібі бойынша толықтырыңыз.
Элегазды ауамен салыстырғанда, элегаздың электр доғаны сөндіру қабілеттілігі ........ және электрлік беріктігі ......... . Сонымен қатар, ......... жанбайды. ........... элегаздың түсі, иісі және дәмі жоқ. Элегаздың молекулярлық ......... 146,06. Оның құрамында 21,95% ....... және 78,05 % ....... бар.
Өзін-өзі бағалауға арналған тест сұрақтары
1. Инженер-энергетик мамандығының кәсіби қызмет ауқымын атаңыз.
А.ғылым мен техника саласы
Ә.электроэнергетиканы өндіру кәсіпорындары
Б.электроэнергетиканы тарту және жеткізу кәсіпорындары
В.электроэнергетиканы тұтыну кәсіпорындары
Г.барлық жауап дұрыс
2. Сөйлемді тиісті сөздермен толықтырыңыз. Инженер-энергетик техника қауіпсіздігінің ережелерін ............ және ........... керек, өйткені ол төменгі және жоғары кернеулермен жұмыс істейді.
А.айту, жаттау
В.тексеру, орындау
С.білу, қатаң сақтау
Д.бақылау, қадағалау
Е.құрастыру, қорғау
3. Сөйлемді тиісті сөздермен толықтырыңыз. Мамандық иесінің қайсысын алсаңыз да олар ..........., .......... қызмет етеді.
А.мұғалім, отбасы
В.мұғалімге, отбасына
С.халық, ел
Д.халқына, еліне
Е.үкімет, елбасы
4. Өмір жолына бастау кімнен тарайды?
А.отбасынан
В.мұғалімнен
С.халықтан
Д.елінен
Е.үкіметтен
5. Кімнің беделі ата-анадан да жоғары?
А.туыстардың
В.үкіметтің
С.халықтың
Д.достың
Е.мұғалімнің
6. Ол - ана, өз баласын да, халқының баласын да, яғни жалпы адамзат баласын сүйеді, жақсы көреді, жақсы көргендіктен ешқашан да ерінбейді, шаршамайды. Міне, сондықтан да оған құрмет көрсеткен орынды. Мәтінде қай мамандық иесі туралы айтылады?
А.дәрігер
В.тілші
С.мұғалім
Д.кітапханашы
Е.аспаз
7. Берілген сөздер мен сөз тіркестерді аударыңыз. Нагрузка, эксплуатация, оборудование, сети.
А.жүктеме, апат, құрал, желі
В.жүктеме, пайдалану, құрылғы, жүйелер
С.жүктеме, пайдалану, құрылғы, желілер
Д.жүктеме, қамтамасыз ету, құрылғы, желі
Е.жүктеме, пайдалану, құрылғы, жүйе
8. Берілген сөздер мен сөз тіркестерді аударыңыз. Предприятие, авария, испытание, потребитель.
А.жүктеме, апат, құрал, пайдаланушы
В.жүктеме, пайдалану, құрылғы, тұтынушы
С.жүктеме, пайдалану, құрылғы, желілер
Д.кәсіпорын, апат, сынақ, тұтынушы
Е. жүктеме, қамтамасыз ету пайдалану, құрылғы, жүйе
9. Берілген сөздер мен сөз тіркестерді аударыңыз. Установка, топливо, давление, трубопровод, пар.
А.жүктеме, апат, құрал, пайдаланушы
В.жүктеме, пайдалану, құрылғы, тұтынушы
С.жүктеме, пайдалану, құрылғы, желілер
Д.кәсіпорын, апат, сынақ, тұтынушы
Е.жүктеме, қамтамасыз ету, пайдалану, құрылғы, жүйе
10. Берілген сөздер мен сөз тіркестерді аударыңыз. Пресная вода, соленая вода, горячая вода, питьевая вода.
А.ащы су, тұздалған су, жылы су, ішетін су
В.ішкен су, тұзды су, қайнаған су, ауыз су
С.ащы су, тұзсыз су, ыстық су, ішетін су
Д.кәсіпорын суы, тұздың суы, жылы су, ішілген су
Е.тұщы су, ащы су, ыстық су, ауыз су
11. Берілген сөздерді аударыңыз. Принимать, обеспечить, готовить, разработать.
А.пайдалану, қамтамасыз ету, дайындалу, тұтыну
В.қабылдау, қамтамасыз ету, дайындау, құрастыру
С.қамтамасыз ету, пайдалану, қабылдау, дайындалу
Д.кәсіпорын, апат, сынақ, тұтынушы
Е.жүктеме, қамтамасыз ету, пайдалану, құру
12. Берілген сөздер мен сөз тіркестерді аударыңыз. Предупреждение, подземные воды, плавающая станция, свет.
А.ащы су, тұздалған су, жылу стансы, шырақ
В.ішкен су, қайнаған су, қалқымалы стансы, шам
С.алдын алу, жерасты сулар, қалқымалы стансы, жарық
Д.тұщы су, ащы су, ыстық су, шымтезек
Е.кәсіпорын суы, жер үсті стансы, жылы су, шырақ
13. Берілген сөздер мен сөз тіркестерді аударыңыз. Сжигание, добыча, переработка, транспортировка.
А.пайдалану, қамтамасыз ету, дайындалу, тұтыну
В.жану, өңдеу, дайындау, құрастыру
С.қамтамасыз ету, пайдалану, қабылдау, дайындалу
Д.жағу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау
Е.жанды, қамтамасыз ету, пайдалану, құру
14. Электр энергиясын жеткізу желілері қандай қызмет атқарады?
А.Электр энергиясының мыңдаған шақырым жерге тез жылдамдықпен жеткізеді
В.тілші
С.мұғалім
Д.кітапханашы
Е.аспаз
15.Электр энергиясын жеткізу желілерін қайда орнатады?
А.адамдарға қауіпсіз биіктікте
А.үлкен қашықтықта
В.қаланың шетінде
С.теңіз астында
Д.үйдің төбесіне
Е.таудың үстінде
16. Электр энергиясын жеткізу желілерін салушылар қандай жағдайларды ескерулері қажет?
А.жел күшін
В.жазғы температура айырымын
С.қысқы температура айырымын
Д.көптеген жағдайларды
Е.барлық жауап дұрыс
17. Электр энергиясы қайда өндіріледі?
А.электр стансыларда
В.жер астында
С.өндіріс орындарында
Д.көлікте
Е.кез-келген жерде
18. Тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін электр станцияларында не болу керек?
А.кішкене шамдар
В.су генераторлары
С.турбиналы генераторлар
Д.қозғаушы күш
Е.энергия қоры
19. Сөйлемді тиісті сөздермен толықтырыңыз. Электр энергиясын ....... пайдаланады.
А.оқушылар
В.студенттер
С.тұтынушылар
Д.мамандар
Е.қызметкерлер
20. Электр стансы түрлерін атаңыз.
А.жылу электр стансысы
В.дизель электр стансысы
С.жел электр стансысы
Д. атом электр стансысы
Е.барлық жауап дұрыс
21. Берілген сөздер мен сөз тіркестерді аударыңыз. Невозобновляемый, возобновляемый.
А.жаңартылмайтын, жаңартылатын
В.толықтырылатын, толықтырылмайтын
С.жақсаратын, жақсармайтын
Д.жаңартылады, жаңартылмайды
Е.барлық жауап дұрыс
22. Қазақстанның табиғи отын қоры - ...... .
А.көмір, мұнай, газ
В.су, жел
С.дизель, бензин
Д.күн энергиясы
Е.жерасты сулары, гейзерлер
23. Жерасты электр станcыcының қуаты қанша?
А. 400-650 кВт
В.100-130 кВт
С.300-330 кВт
Д.500-750 кВт
Е. 4000 мВт
24. Тоқ не арқылы электр тарататын құрылғыға беріледі?
А.күн арқылы
В.адамдар арқылы
С.жел арқылы
Д.сым арқылы
Е.су ағысы арқылы
25. “Адам өміріне қауіпті” сөз тіркесінің аудармасын табыңыз.
А.полезно для жизни человека
В.опасно для жизни человека
С.для человека важно
Д.необходимо человеку
Е.связь с жизнью человека
26. Дизель электр станцияның ерекшеліктері :
А.адам өміріне қауіпті
В.дербес жұмыс істейді
С.отынды аз пайдаланады
Д.энергияны көп береді
Е.бір жерден бір жерге ауыстыруға оңай
27. «Высокое напряжение» сөзін аударыңыз.
А.қуатты трансформатор
В.құбылмалы кернеу
С.жоғары кернеу
Д.оқу трансформаторы
Е.туынды трансформатор
28. Ертеде жер бетіне іркіліп шығып жатқан “майды” адамдар не үшін пайдаланған?
А.жараны емдеуге
В.қайық майлауға
С.жарық көзі ретінде
Д.дәрі жасаған
Е.барлық жауап дұрыс
29. «Эффективный» сөзінің аудармасын табыңыз.
А.қуатты
В.өріс
С.кернеу
Д.тиімді
Е.өткізгіш
30. «Сырье, торф» сөздерінің аудармасын табыңыз.
А.отын, шырақ
В.шикізат, шымтезек
С.ағаш, отын
Д.өткізгіш, отын
Е.көмір, сутек
31. Жер асты көздері:
А.көмірсутегі
В.ыстық су, гейзерлер
С.мұнай
Д.жел
Е.барлық жауап дұрыс
32. Провод, волна сөздерінің аудармасын табыңыз:
А.толқын, өткізгіш
В.өткізгіш, ажыратқыш
С.құрылыс, өткізгіш
Д.таратқыш, өткізгіш
Е.сым, толқын
33. Направление, развивать, топливо сөздерінің аудармасын табыңыз:
А.толқын, өткізгіш, ажыратқыш
В.топырақ, өткізгіш, отын
С.бағыт, дамыту, отын
Д.таратқыш, өткізгіш, ажыратқыш
Е.тоқ, отын, ажыратқыш
34. Өндіру, қамтамасыз ету сөздердің аудармасын табыңыз:
А.направить, посвятить
В.провести, оказать
С.обеспечить, принести
Д.производить, обеспечить
Е.потреблять, экономить
35. «Жараны емдеуге, қайық майлауға және т.б пайдаланған. Оның жанатын қасиетін білгеннен кейін, жарық көзі ретінде қолданған. Кейінірек грек оқымыстысы Гиппократ одан дәрі жасаған. Египеттіктер бальзам жасаған . Не туралы айтылады?
А.су
В.мазут
С.күл
Д.мұнай
Е.газ
36. «Теплоэнергетика» сөзінің аудармасын табыңыз.
А.жылу қондырғы
В.жылу қозғалым
С.жылу энергетика
Д.жылу техникасы
Е.жылу қозғалысы
37. «Қысым» сөзін аударыңыз.
А.напряжение
В.частотность
С.расстояние
Д.давление
Е.топливо
38. Жел жылдамдығы секундына 14 метр. Бұл қандай жел?
А.құйын
В.дауыл
С.жел екпіні
Д.қалыпты жел
Е.күшті жел
39. Қазір дүние жүзінде көптеген АЭС бар. Олардың қуаты өте жоғары. Мысалы, Ресейдегі Курск АЭС қуаты. Осы АЭС-тің қуаты қанша?
А.40 МВт
В.2000 МВт
С.4000МВт
Д.5000 МВт
Е.6000 МВт
40. Дизель-генератор қандай жабдықтан тұрады?
А.дизель және айнымалы тоқ генераторынан
В.құрылғы мен жабдықтан тұрады
С.электр тарататын құрылғы
Д.оң және теріс полюстерден
Е.еркін бөлшектерден
41. «Источник света» сөз тіркесін аударыңыз.
А.тоқ көзі
В.жарық көзі
С.электр өрісі
Д.сәуле шығару
Е.жарықтандыру
42. Жел жылдамдығы секундына 5-8 метр. Бұл қандай жел?
А.құйын
В.дауыл
С.жел екпіні
Д.қалыпты жел
Е.күшті жел
43. Жерасты сулары – ол қандай сулар?
А.жер бетінің төменгі қабаттарындағы тау жыныстары
В.жер бетінің төменгі қабаттарындағы тау жыныстарының арасында қатты, сұйық және газ күйінде тараған сулар
С.жер бетіндегі табиғи су қорлары
Д.ащы су
Е.ауыз су
44. Жер асты сулары қандай түрлерге бөлінеді?
А.қысымыз грунт сулары
В.қысымды артезиан сулары
С.ащы су
Д.тұщы су
Е.барлық жауап дұрыс
45. Ұңғыма, шөлейтті жерлер сөздерінің аудармасын табыңыз.
А.направление, посвятить
В.провести, оказать
С.обеспечить, принести
Д.скважина, пустынные земли
Е.потребление, экономить
46. Дүние жүзінің шөл және шөлейтті жерлерін атаңыз.
А.Үндістан
В.Пәкістан
С.АҚШ
Д.Қазақстан
Е.барлық жауап дұрыс
47. Жер асты суларын пайдалану нәтижесінде, сусыз далалар неге айналды?
А.мал шаруашылығы
В.үлкен мемлекет
С.шөлейтті жерлер
Д.құнарлы өлкеге
Е.барлық жауап дұрыс
48. Жаңартылатын энергия көздері – ол ..... .
А.қысымыз грунт сулары, ащы су, газ
В.қысымды артезиан сулары, тұщы су, газ
С.жел, күн, жерасты сулары
Д.мұнай, көмір, газ
Е.барлық жауап дұрыс
49. Жаңартылмайтын энергия көздері – ол ..... .
А.қысымыз грунт сулары, ащы су, газ
В.қысымды артезиан сулары, тұщы су, газ
С. жел, күн, жерасты сулары
Д.мұнай, көмір, газ
Е. барлық жауап дұрыс
50. Горячее водоснабжение, теплоснабжение сөздерінің аудармасын табыңыз.
А.қысымыз грунт сулары, ащы су, газ
В.қысымды артезиан суымен қамтамасыз ету, жылы сумен қамтамасыз ету
С.ыстық сумен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету
Д.мұнай, көмір, газ
Е. барлық жауап дұрыс
51. Обратная закачка, недра, бурение сөздерінің аудармасын табыңыз.
А.толқын, өткізгіш, ажыратқыш
В.қайта толтыру, жер қойнауы,бұрғылау
С.бағыт, дамыту, отын
Д.таратқыш, өткізгіш, ажыратқыш
Е.жіберу,сарқылмас,қосылыс
52. Химические соединения, преимущества, недостатки сөздері мен сөз тіркестерінің аудармасын табыңыз.
А.химикалық қосу, өткізгіш, ажыратқыш
В.химиялық қайта толтыру, жер қойнауы,бұрғылау
С.химиялық бағыт, дамыту, отын
Д.химиялық қосылыс, артықшылықтар, кемшіліктер
Е.химикалық қосынды,сарқылмас,қосылыс
53. Накипь, неполный, осветительный, повышенное потребление сөздері мен сөз тіркестерінің аудармасын табыңыз.
А.қосу, өткізгіш, ажыратқыш, отын
В.қайта толтыру, жер қойнауы,бұрғылау
С.+қақ, жартылай, жарық беруші, көп пайдалану
Д.қақ, қосылыс, жарық, пайдалану
Е.қосынды,сарқылмас, шырақ, қосылыс