Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз эн умк .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
29.12.2019
Размер:
2.63 Mб
Скачать

1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы секторлары

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы келесі секторлардан тұрады:

  • электр энергиясын өндіру;

  • электр энергиясын жеткізу;

  • электр энергиясымен жабдықтау;

  • электр энергиясын тұтыну;

  • электр энергетикасы саласындағы өзге де қызмет.

Электр энергиясын өндіру секторы

Қазақстанда электр энергиясын өндіруді меншік нысаны әртүрлі 63 электр стансы  жүзеге асырады. Қазақстан электр стансыларының жалпы белгіленген қуаты 18 992,7 МВт-ты, мүмкіндігі — 14 558,0  МВт-ты құрайды.

Электр стансылар ұлттық маңызы бар электр стансылары, өнеркәсіптік мақсаттағы электр стансылары және өңірлік мақсаттағы электр стансылары деп бөлінеді.

Ұлттық маңызы бар электр стансыларына  электр энергиясын өндіруді және Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығында тұтынушыларға  сатуды қамтамасыз ететін ірі жылу электр стансылар жатады. Олар:

  • «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС;

  •  «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ;

  •  «Еуразия Энергетика Корпорациясы» АҚ (Аксу МАЭС);

  •  «Қазақмыс корпорациясы» МАЭС» ЖШС;

  • «Жамбыл МАЭС» АҚ;

  • Бұқтырма МЭК;

  •  «AES Өскемен ГЭС» ЖШС;

  •  «AES Шульба ГЭС» ЖШС.

Өнеркәсіптік мақсаттағы электр стансыларына электр және жылу энергиясын қатар өндіретін ЖЭО жатады, олар  ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жақын орналасқан елді мекендерді электрмен және жылумен жабдықтайды. Олар:

  • ЖЭО-3  «Қарағанды-Жылу ЖШС;

  • ЖЭО ПВС, ЖЭО-2  «Арселор Миттал Теміртау» АҚ;

  • Рудненский ЖЭО («ССГПО» АҚ);

  • Балқаш ЖЭО, Жезқазған ЖЭО «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС;

  • Павлодар ЖЭО-1  «Қазақстан алюминийі» АҚ;

  • Шымкент ЖЭО-1,2 («Оңтүстікполиметал» АҚ) және тағы басқалар.  

Өңірлік мақсаттағы электр стансылар — бұл аумақпен біріктірілген, өңірлік электр тораптық компаниялар мен энергия жеткізуші  ұйымдардың торабы бойынша электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын және жақын орналасқан қалаларды жылумен жабдықтайтын  ЖЭО.

14-сабақ

1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.

Табыс, үлес, жеделдету, өсім, сыйымдылық, елеулі, мұқтаж, жанғыш тақта тас, қысқарту, жеделдету, өсім, синтетиткалық моторлы отын өнеркәсібі, көмірді ашық жолмен алу, жедел дамыту.

2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Мәтінді тірек сөздер арқылы мазмұндаңыз.

ТМД-ның энергетикалық бағдарламасының негізгі бағыттары

ТМД-ның энергетикалық бағдарламасы болашақта ТМД экономикасының өсуі мен отын энергетикалық кешен салаларының даму деңгейін және негізгі бағыттарын белгілейді.

ТМД-ның энергетикалық бағдарламасының негізгі бағыттары:

- халық шаруашылығы мен тұрмыстың барлық салаларында ғылыми-техникалық прогресс негізінде энергия үнемдеу саясатын белсенді түрде жүргізу; отын мен энергияны үнемдей отырып, ұлттық табыстың үлесті энергия сыйымдылығын елеулі түрде төмендету;

- отын энергетикалық кешен салаларындағы техникалық прогресті жеделдету, осы кешенге жабдықтар, машиналар, материалдар жеткізіп тұратын машина жасау және басқа да өнеркәсіптің күрделі салаларында техникалық прогрессті жеделдету;

- бастапқы энергетикалық ресурстарды шығару және оларды өндіру қарқындарымен салыстырғандағы энергия өсімі қарқындарын қамтамасыз ету;

- еліміздің ішкі мұқтаждары мен экспорт мұқтаждарын өтейтін газ өнеркәсібінің дамуын жеделдету;

- мұнай өнімінің тұрақты жоғары деңгейін, оның ішінде, мұнай кабатының пайдалы әсер коэффициентін қамтамасыз ету;

- отынның, оның ішінде, мұнайдың өндірістік қорларын өз уақытында дайындау, мұнай кендерінің жоғары нәтижелігін арттыру;

- мұнай кендерін тереңдеу және оның көлемін арттыру есебінен моторлы отынның ресурстарын қамтамасыз ету, электр станцияларының мазутты жұмсауын қысқарту, сол сияқты сығылған және сұйытылған моторлы отынды қысқарту, газ, көмір, жанғыш тақта тастан алынған синтетиткалық моторлы отын өнеркәсібінің ғылыми-техникалық мәселелерін шешу;

- электр және жылу энергиясы өндірісіндегі ядролық энергетиканы жедел дамыту, бос қалған органикалық отынның мөлшерін көбейту;

- көмір өнеркәсібін дамыту, көмірді ашық жолмен алу есебінен арттыру және осы көмірді пайдаланатын жылу электр станцияларының құрылысын жеделдету;

- ТМД-ның болашаққа арналған энергетикалық бағдарламасының негізгі бағыттары осы елдердегі энергетика саласындағы карым-қатынасты одан әрі дамытуға бағыттайды.