- •2. Пән туралы мәлімет:
- •Болжамалы оқу уақытын бөлу
- •5. Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •6.1. Практикалық-зертханалық сабақтарының тізбесі
- •7. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •10. Білімнің бағалануы туралы ақпарат
- •11. Баға қою саясаты Пән бойынша білім бағалау кестесі
- •Глоссарий
- •Қазақша - орысша сөздік
- •Кедергі - сопротивление
- •Шырақ – свет, источник
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
- •3. Мәтінді оқыңыз. Мәтін үлгісін пайдалана отырып, бір мамандық туралы әңгімелеңіз.
- •4. Сәйкестігін табыңыз.
- •5. Мәтінді оқыңыз, қазақ тіліне аударыңыз. Аталған мамандықтың лауазымдық міндеттерін атаңыз.
- •6. Сұхбатты жалғастырыңыз.
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4. Сәйкестігін табыңыз.
- •5. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтіндегі оймен келісесіз бе? Өз ойларыңызды білдіріңіз.
- •6. Мәтінді қайта оқып, сөйлемдерді толықтырыңыз, тыныс белгілерін қойып, сөйлемдердің түрін анықтаңыз.
- •7. Тиісті жалғауларды қойып, жалғаулардың түрін анықтаңыз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударып, мазмұнын айтыңыз.
- •2. Энергия көзін үнемдеуге бағытталған факультеттегі Ғылыми орталық туралы хабарлама дайындаңыз.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Мәтінді мазмұндау үшін жоспар құрыңыз.
- •3. Сәйкестігін табыңыз.
- •4. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Мәтін бойынша хронологиялық кесте жасаңыз.
- •5. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Мәтін мазмұнын айтыңыз.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4. Мәтінді оқыңыз. Қатемен жазылған сөздерді табыңыз.
- •5. Сәйкестігін табыңыз.
- •6. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Мәтінге ат қойып, мазмұндаңыз.
- •7. Төменде берілген сөз тіркестерін аударып, мағынасын түсіндіріңіз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
- •2. Елімізде энергетика және минералдық ресурстарды сақтауға бағытталған қандай бағдарламалар бар? Тақырып бойынша баяндама дайындаңыз.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Жерасты энергиясын өндіретін стансы
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Сәйкестігін табыңыз.
- •6. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Тірек сөздер арқылы мазмұнын айтыңыз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
- •2. Мәтінді оқып, қазақ тіліне аударыңыз. Мәтінде қай энергия түрі туралы айтылады?
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Мәтінді мазмұндау үшін жоспар құрыңыз.
- •3. Сәйкестігін табыңыз.
- •4. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Мәтіндегі оймен келісесіз бе? Өз ойларыңызды білдіріңіз. Как экономить электроэнергию?
- •5. Сөйлемдерді толықтырып, тыныс белгілерін қойыңыз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
- •2. Елімізде өтетін «Экспо-2017» көрмесі туралы (тақырыбы, мақсаты, күтілетін нәтиже) хабарлама дайындаңыз.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Жел электр стансылары
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4. Сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.
- •5. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтінді мазмұндау үшін сұрақтар құрастырыңыз.
- •6. Сәйкестігін табыңыз.
- •7. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Мәтінді мазмұндау үшін тақырыптық топтарға бөліңіз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, қазақ тіліне аударыңыз.
- •8. Мәтінді пайдаланып кестені толтырыңыз.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Мәтін бойынша хронологиялық кесте жасаңыз.
- •3. Сөйлемдерді оқып, тиісті жалғауларды жазыңыз.
- •4. Мәтінді оқыңыз. Мәтінде берілген терминдерді көшіріп, мағынасын түсіндіріңіз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
- •2. Ретсіз жазылған әріптерді дұрыс оқысаңыз, мәтінді оқисыздар. Мәтін не туралы?
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Мәтін мазмұнын тірек сөздер арқылы айтыңыз.
- •3. Мәтінді оқыңыз. Сөздерге тиісті қосымшаларды қосып, түрін анықтаңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •4. Мәтінді оқыңыз. Мәтінде кездесетін қателерді түзетіп, мәтіндіегі ойды жалғастырыңыз.
- •5. Сәйкестігін табыңыз.
- •6. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.
- •7. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Мәтінде айтылған ойды жалғастырыңыз.
- •3. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Мәтінде берілген ойды жалғастырыңыз.
- •4. Төменде берілген сөздерді сөздік арқылы аударыңыз.
- •2. Сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз. Түсіндірме сөздігін пайдаланып, сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз. Мәтінді мазмұндау үшін жоспар құрыңыз.
- •3. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Мәтінде айтылған оймен келісесіз бе? Өз ойларыңызды білдіріңіз.
- •4. Мәтіндегі белсенді етістіктерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңыз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Мәтінге ат қойып, мәтіндегі ойды жалғастырыңыз.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығы
- •3. Мәтіндегі белсенді етістіктерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңыз.
- •4. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Мәтін бойынша хронологиялық кесте жасаңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
- •Электр энергиясын өндіру секторы
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Мәтінді тірек сөздер арқылы мазмұндаңыз.
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3. Тмд сөзін аударыңыз.
- •4. Мәтінді оқыңыз. Түсіндірме сөздікті пайдалану арқылы мәтінде берілген терминдердің мағынасын түсіндіріңіз. Электр өрісі
- •5. Мәтінді оқыңыз. Сын есімдерге тиісті жұрнақтарды қойып, сын есімнің түрін анықтаңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •6. Төменде берілген сөздерді сөздік арқылы аударыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. Электр энергиясын жеткізу секторы
- •Электрмен жабдықтау секторы
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Мәтінді тірек сөздер арқылы мазмұндаңыз. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы жүйесі
- •Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу келесі мақсаттарда жүзеге асырылады:
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. Элегазды ажыратқыштар
- •Өзін-өзі бағалауға арналған тест сұрақтары
- •54. Сточные воды, сила течения, водопад, водохранилище сөздері мен сөз тіркестерінің аудармасын табыңыз.
- •55. Үнемдеу, жұмсау, тұрмыстық техника сөздері мен сөз тіркестерінің аудармасын табыңыз.
- •116. Лидер сөзінің аудармасы:
- •126. С.Сейфуллин есімі қату-ға қашан берілді?
- •Мазмұны
1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
Өскелең, дәреже, көздеу, саясат, экономикалық дағдарыс, күтілетін, құрайды, белгіленген, жалғастыру, орындау, қаулы, мақұлданған, өнеркәсіп.
2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Мәтінде айтылған ойды жалғастырыңыз.
Көмір өндіру саласы
2009 жылы 104,9 млн. тонна көмір өндірілді, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 11,2 млн. тоннаға көп. Көмір өндіруші компаниялар экспортқа 33,0 млн. тонна, Қазақстанның энергетикалық кәсіпорындарына – 47,3 млн. тонна, коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар мен халыққа – 11,2 млн. тонна көмір жеткізді.
Көмір саласы 2010 жылы экспорттық мүмкіндіктер сияқты өскелең ішкі қажеттілікті де қамтамасыз етті.
Жекелеген көмір өндіруші кәсіпорындарда өндіріс пен басқаруды шоғырландырудың жоғары дәрежесіне қол жеткізілді. Тұрақты даму мен көмірдің баланстық қорларын тиімді алуды көздейтін өнеркәсіптік-технологиялық саясат жүзеге асырылуда.
Сонымен бірге, 2010 жылы экономикалық дағдарыс жағдайында көмір өндіру көлемінің төмендеуі байқалады.
Көмір өндіру көлемінің төмендеуінің негізгі себептері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының тұтас электр стансыларының экономикалық дағдарыс салдарынан көмір өнімдерін тұтынуды азайтуы, сондай-ақ 2010 жылғы қыстың жылы болуы болып табылады.
Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, көмір өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мақұлданған, Қазақстан Республикасы көмір саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасына сәйкес белгіленген шараларды орындау бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
3. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Мәтінде берілген ойды жалғастырыңыз.
Уголь
Уголь - самый распространенный вид топлива. Казахстан богат залежами угля. Уголь добывают шахтеры. Их труд очень тяжелый.
Уголь используется также в химической промышленности. Химическая промышленность производит различные краски, синтетические материалы и лекарства.
4. Төменде берілген сөздерді сөздік арқылы аударыңыз.
Қазақша |
Орысша |
жану |
|
ошақ қалдығы |
|
ағындық газ |
|
қож |
|
күл |
|
тозаң |
|
бөлік |
|
түтін |
|
түсінді |
|
балқыту |
|
ұшпа |
|
ылғал |
|
сұйық |
|
қайрат |
|
өңдеу |
|
төмендету |
|
қыздыру |
|
5. Мәтінді оқыңыз. Мәтінде кездесетін қателерді түзетіп, мазмұнын айтыңыз.
Қож - жогары ыстықта қыздырылган күлдін болігі.
Кұл – ұнтақ тәрізді отын қалдығы. Ол ұшпа күл және түсінды деп бөлінеды. Ұшпа кұл – тозаң тұріндегі бөлігі. Ол түтінмен шығып кетеді немесе оның ағындык ғаз арнасында шөгеді. Түсінді – күлдің ірілеу бөлшеқтері ошақтың салкын төменгі жағына түсып кетеді.
Күлдың маңызды қасиеттеры оның түрпілігі және балқыгыштығы.
6. Шашылған сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құрап жазыңыз.
Жану жылулығын, ылғалдың көптігі, төмендетеді, отынның.
Шығады, көмірді, ұшпа заттар, қыздырғанда.
Сұйық, негізгі түрі, мазут ,отынның.
Мұнайды, мазут, алынады, өңдегенде.
7. Сұхбатты жалғастырыңыз.
Қазіргі уақытта ең арзаң, ең қуатты энергетикалық отын көзі болып не табылады?
.........
Синтетикалық талшықтардың қасиеттері қандай?
.........
№ 10 СӨЖ тапсырмасы:
1. Еліміздегі көмір өндіретін кен орындарының қазіргі жағдайы туралы хабарлама дайындаңыз.
11-сабақ
1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
Жасанды, шымтезек, қоңыр тас көмір, антрацит және жаңғыш тақта тастар, кесек және үгітілген түрінде, айырмашылық, ыңғайлы, шикізат, қазбалы, ыдырау, шикі, ілеспе кездесетін, жартылай, өнім.
2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
Отын түрлері
Отындар табиғи және жасанды, органикалық және органикалық емес болып бөлінеді.
Қатты отындар. Шым тезек - ең жас қазбалы отын болып табылады. Ол су астында өсімдік қалдықтарының ыдырау нәтижесінде пайда болған қоңыр немесе қара түріндегі жанғыш зат. Шымтезек дайындау түріне байланысты тұтынушыларға брикет түрінде, ал электр стансы мен өндірістік қазандарға кесек және үгітілген түрінде жеткізілді.
Антрацит деп көмір мен тастың аралығын айтады.
Жанғыш тақта тас өсімдіктер мен жануарлар организмдерінің су ішінде шіруінен пайда болған заттар.
Сұйық отындардың қатты отындардан айырмашылығы олардың жану жылылығы жоғары, тасымалдау және сақтау ыңғайлылығы. Сұйық отындардың бастапқы шикізаты мұнай. Шикі мұнай отын ретінде пайдаланылмайды. Сұйық отын түрлеріне бензин, керосин, легроин және қалдықты өнім - мазут.
Газ түріндегі отындар пайда болуына байланысты табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи газдарға кен орнынан таза газды шығару кезінде пайда болатын ілеспе кедесетін газ жатады. Жасанды жанғыш газдарға кокс, жартылай кокс және мұнай газдары жатады.
3. Мәтін мазмұнын тірек сөздер арқылы мазмұндаңыз.
4. Сөйлемдерді оқып, тиісті жалғауларды қойыңыз. Жалғаулардың түрін анықтаңыз.
Көміртегі отын..... жануш... бөлігі.... бас құраушы.... болады. Сутегі отын... жануға қажетті құраушы.... . Оттегі отын..... жанбайтын масса.... . Отын..... күлдер.... қатты жанбайтын қалдығы, толық жанғаннан кейінгі алынатын отын...... минералды қалдығ.... .
5. Ретсіз жазылған әріптерді дұрыс оқысаңыз, мәтінді оқисыздар. Мәтін не туралы?
Жағатынотынтүрінеқарайқазандықтаркөмірмазутгазжәнеараластүрдежұмысістейтінболыпбөлінеді.ЖЭС-ныңқазандықтарында отынныңалуантүрлерінжағукезіндеқоршағанортағазияндыәсер ететінхимиялықжәнерадиациялыққатертүрлеріпайдаболады.
№ 11 СӨЖ тапсырмасы:
1. Мәтінді оқыңыз. Терминдерді көшіріп, мағынасын түсіндіріңіз.
Техникалық регламентте қолданылатын терминдер
Түтінді (сейілетін) газдар - қазандықта отынның жануы нәтижесінде пайда болатын газдар;
Отын - электр энергиясын өндіру жөніндегі қазандық қондырғыны әрекетке түсіру үшін пайдаланылатын кез келген қатты, сұйық немесе газ түріндегі жанатын материал;
Қазандық қондырғысы - қазандықтың және қосалқы жабдықтың жиынтығы;
Қазандық - отынды жағудан жылу энергиясының есебінен қысыммен буды алу үшін немесе суды қайнату үшін бір тұтас кешенге конструктивті біріктірілген құрылғы. Қазандыққа мыналар толықтай немесе ішінара кіруі мүмкін: пештің оттығы, бу қыздырғыш, экономайзер, ауа жылытқыш, каркас, қалап тастау, жылу оқшаулау, қаптау;
Көмекші жабдық - тарту-үрлеу машиналары, қызу бетін тазалау құрылғысы, қазандық қондырғы шегінде отын бергіш пен отын дайындағыш, қож алу және күл алу жабдығы, күл ұстағыш және газ-ауа өткізгіш қазандығы кірмейтін басқа да газ тазарту құрылғылары, су, бу және отын өткізгіш құбыры, арқаулық, гарнитура, автоматика, бақылау және қорғау аспаптары мен құрылғылары, сондай-ақ қазанға жататын су дайындау жабдығы мен түтін мұржасы;
Эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері - жылу-энергетикалық қазандық қондырғылар үшін белгіленетін электр немесе жылу энергиясының қазандық қондырғылары шығарған бірлікке арналған есептегі қоршаған ортаға шығарылған ластаушы заттардың шығарындыларының және төгінділерінің барынша рұқсат етілген мәнін көрсететін эмиссиялардың нормативтері;
Лимиттеуші жарма - кері сулармен ластаушы заттардың төгінділеріне неғұрлым қатаң шектеулерді белгілеу қажет су сапасының нормаларын сақтауға арналған су объектісіндегі жарма;
Бақылау жармасы - су сапасы бақыланатын су ағынының көлденең қимасы.
