Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз эн умк .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
29.12.2019
Размер:
2.63 Mб
Скачать

3. Сөйлемдерді оқып, тиісті жалғауларды жазыңыз.

Екібастұз тас көмір кеніші 1898 жыл…. және басқа кеніштерді қосқанда Қазақстанда төңкеріске дейін 1,6 млн. тонна көмір өндірілген. 1900-18 жыл…. Ембі мұнай кенішінен 1377 тонна мұнай, соның ішінде Доссор кенішінде 1911 жыл…. 1332 тонна мұнай өндірілген. Бұл жоспардың ........ да тікелей қатысы бар. Павлодар электр станциясы жоспарға сай 1925 жыл.. іске қосылды. 1900-18 жыл…. Ембі мұнай кенішінен 1377 тонна мұнай, соның ішінде Доссор кенішінде 1911 жыл….. 1332 тонна мұнай өндірілген. 1925-26 жыл….. Доссорда мұнайдың 41,2%, Мақатта 87,8% электр қуаты өндірілді.

4. Мәтінді оқыңыз. Мәтінде берілген терминдерді көшіріп, мағынасын түсіндіріңіз.

Электр энергиясын пайдалану ережесі

Электр энергиясын пайдалану ережесі "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

Энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылар арасында туындайтын көтерме және бөлшек сауда нарығындағы қатынастар Қазақстан Республикасы "Электр энергетикасы туралы" заң ережелерімен реттеледі.

Ереже Қазақстан Республикасының аумағындағы тұтынушылардың электр энергиясын пайдалану тәртібін белгілейді.

Ережеде қолданылатын негізгі анықтамалар:

1) тұрмыстық тұтынушы - электр энергиясын тұрмыстық мақсатта пайдаланатын жеке тұлға;

2) электрмен жабдықтауға арналған шарт - соған сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға қосылған торап арқылы энергия беруге міндеттенетін, ал тұтынушы қабылданған энергияны төлеуге,

сондай-ақ, оны тұтынудың шартпен көзделген режимін сақтауға міндеттенеді;

5) электр энергетикасының объектісі - электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, беруге, таратуға және тұтынуға арналған электр стансысы, шағын стансы, электр беру желісі;

8) төлем құжаты - тұтынушылар соның негізінде (шот, хабарлама түбіртек, алдын алу шоты) төлем жасайтын құжат;

8 СӨЖ тапсырмасы:

1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Энергияны үнемдеу

Қазіргі уақытта іс жүзінде әлемнің өнеркәсібі дамыған барлық мемлекеттерде энергия үнемдеу мәселесі қарқынды шешілуде.

Біздің елімізде заманауи нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу энергия үнемдеу және энергия тиімділігін дамытудың негізгі талабы болып табылады. Осыған байланысты, «Энергия үнемдеу туралы» Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентіне қарауға енгізілді.

Энергия үнемдеу – бұл жалпы мемлекеттік ауқымдағы міндет. Энергия үнемдеу бойынша шара қабылдау, өнеркәсіп және тұрғын үй-коммуналдық саланың барлық салаларында қамтамасыз етілуі тиіс.

«Энергия үнемдеу туралы» Заң жобасында өнеркәсіптегі энергия тұтынуды төмендету үшін келесі шаралар көзделеді:

- Жаңа объектілерді оларға есепке алу аспаптары мен отын-энергетика ресурстарының шығынын реттеу жүйесін орнатпай пайдалануға беруге тыйым салатын норма қарастырылады;

- Энергияны үнемдеудің тиімді құрылғыларын әкелушілер үшін кедендік жеңілдіктер белгілеу;

- Келесі мониторинг үшін ірі кәсіпорындар мен ұйымдар енгізілетін энергия үнемдеу туралы деректердің мемлекеттік тізімін жасау;

- Берілген міндетті орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қолдана отырып уақтылы жөндеу жүргізуге және мүлікті жаңғыртуға міндет белгілеу;