
- •2. Пән туралы мәлімет:
- •Болжамалы оқу уақытын бөлу
- •5. Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •6.1. Практикалық-зертханалық сабақтарының тізбесі
- •7. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •10. Білімнің бағалануы туралы ақпарат
- •11. Баға қою саясаты Пән бойынша білім бағалау кестесі
- •Глоссарий
- •Қазақша - орысша сөздік
- •Кедергі - сопротивление
- •Шырақ – свет, источник
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
- •3. Мәтінді оқыңыз. Мәтін үлгісін пайдалана отырып, бір мамандық туралы әңгімелеңіз.
- •4. Сәйкестігін табыңыз.
- •5. Мәтінді оқыңыз, қазақ тіліне аударыңыз. Аталған мамандықтың лауазымдық міндеттерін атаңыз.
- •6. Сұхбатты жалғастырыңыз.
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4. Сәйкестігін табыңыз.
- •5. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтіндегі оймен келісесіз бе? Өз ойларыңызды білдіріңіз.
- •6. Мәтінді қайта оқып, сөйлемдерді толықтырыңыз, тыныс белгілерін қойып, сөйлемдердің түрін анықтаңыз.
- •7. Тиісті жалғауларды қойып, жалғаулардың түрін анықтаңыз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударып, мазмұнын айтыңыз.
- •2. Энергия көзін үнемдеуге бағытталған факультеттегі Ғылыми орталық туралы хабарлама дайындаңыз.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Мәтінді мазмұндау үшін жоспар құрыңыз.
- •3. Сәйкестігін табыңыз.
- •4. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Мәтін бойынша хронологиялық кесте жасаңыз.
- •5. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Мәтін мазмұнын айтыңыз.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4. Мәтінді оқыңыз. Қатемен жазылған сөздерді табыңыз.
- •5. Сәйкестігін табыңыз.
- •6. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Мәтінге ат қойып, мазмұндаңыз.
- •7. Төменде берілген сөз тіркестерін аударып, мағынасын түсіндіріңіз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
- •2. Елімізде энергетика және минералдық ресурстарды сақтауға бағытталған қандай бағдарламалар бар? Тақырып бойынша баяндама дайындаңыз.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Жерасты энергиясын өндіретін стансы
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Сәйкестігін табыңыз.
- •6. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Тірек сөздер арқылы мазмұнын айтыңыз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
- •2. Мәтінді оқып, қазақ тіліне аударыңыз. Мәтінде қай энергия түрі туралы айтылады?
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Мәтінді мазмұндау үшін жоспар құрыңыз.
- •3. Сәйкестігін табыңыз.
- •4. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Мәтіндегі оймен келісесіз бе? Өз ойларыңызды білдіріңіз. Как экономить электроэнергию?
- •5. Сөйлемдерді толықтырып, тыныс белгілерін қойыңыз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
- •2. Елімізде өтетін «Экспо-2017» көрмесі туралы (тақырыбы, мақсаты, күтілетін нәтиже) хабарлама дайындаңыз.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Жел электр стансылары
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4. Сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.
- •5. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтінді мазмұндау үшін сұрақтар құрастырыңыз.
- •6. Сәйкестігін табыңыз.
- •7. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Мәтінді мазмұндау үшін тақырыптық топтарға бөліңіз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, қазақ тіліне аударыңыз.
- •8. Мәтінді пайдаланып кестені толтырыңыз.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Мәтін бойынша хронологиялық кесте жасаңыз.
- •3. Сөйлемдерді оқып, тиісті жалғауларды жазыңыз.
- •4. Мәтінді оқыңыз. Мәтінде берілген терминдерді көшіріп, мағынасын түсіндіріңіз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
- •2. Ретсіз жазылған әріптерді дұрыс оқысаңыз, мәтінді оқисыздар. Мәтін не туралы?
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Мәтін мазмұнын тірек сөздер арқылы айтыңыз.
- •3. Мәтінді оқыңыз. Сөздерге тиісті қосымшаларды қосып, түрін анықтаңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •4. Мәтінді оқыңыз. Мәтінде кездесетін қателерді түзетіп, мәтіндіегі ойды жалғастырыңыз.
- •5. Сәйкестігін табыңыз.
- •6. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.
- •7. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Мәтінде айтылған ойды жалғастырыңыз.
- •3. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Мәтінде берілген ойды жалғастырыңыз.
- •4. Төменде берілген сөздерді сөздік арқылы аударыңыз.
- •2. Сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз. Түсіндірме сөздігін пайдаланып, сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз. Мәтінді мазмұндау үшін жоспар құрыңыз.
- •3. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Мәтінде айтылған оймен келісесіз бе? Өз ойларыңызды білдіріңіз.
- •4. Мәтіндегі белсенді етістіктерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңыз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Мәтінге ат қойып, мәтіндегі ойды жалғастырыңыз.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығы
- •3. Мәтіндегі белсенді етістіктерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңыз.
- •4. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Мәтін бойынша хронологиялық кесте жасаңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
- •Электр энергиясын өндіру секторы
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Мәтінді тірек сөздер арқылы мазмұндаңыз.
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3. Тмд сөзін аударыңыз.
- •4. Мәтінді оқыңыз. Түсіндірме сөздікті пайдалану арқылы мәтінде берілген терминдердің мағынасын түсіндіріңіз. Электр өрісі
- •5. Мәтінді оқыңыз. Сын есімдерге тиісті жұрнақтарды қойып, сын есімнің түрін анықтаңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •6. Төменде берілген сөздерді сөздік арқылы аударыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. Электр энергиясын жеткізу секторы
- •Электрмен жабдықтау секторы
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Мәтінді тірек сөздер арқылы мазмұндаңыз. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы жүйесі
- •Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу келесі мақсаттарда жүзеге асырылады:
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. Элегазды ажыратқыштар
- •Өзін-өзі бағалауға арналған тест сұрақтары
- •54. Сточные воды, сила течения, водопад, водохранилище сөздері мен сөз тіркестерінің аудармасын табыңыз.
- •55. Үнемдеу, жұмсау, тұрмыстық техника сөздері мен сөз тіркестерінің аудармасын табыңыз.
- •116. Лидер сөзінің аудармасы:
- •126. С.Сейфуллин есімі қату-ға қашан берілді?
- •Мазмұны
2. Елімізде өтетін «Экспо-2017» көрмесі туралы (тақырыбы, мақсаты, күтілетін нәтиже) хабарлама дайындаңыз.
7-сабақ
1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.
Жел электр стансысы, жел күші, жел электр стансыларының қуаты, қалыпты жел, жел екпіні, күшті жел, калақша, биік мұнара, найзағай қайтарғыш, құйын, тоқ өткізгіш, дауыл, диірмен, ұн тарту.
2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Жел электр стансылары
Жел электр стансылары жел күшін токқа айналдырады. Жел электр стансыларының қуаты шағын болады: 100-140 кВт. Жел энергиясын қолдану желдің жылдамдығы мен бағытына байланысты. Мысалы, жылдамдығы секундына 5-8 метр жел - қалыпты жел, 14 метр - күшті жел, 20-25 метр – құйын, ал секундына жылдамдығы 30 метрден асатын жел – дауыл деп аталады. Кейде жел екпіні секундына 100 метрге дейін жетеді.
Тұрмыста жел диірмені ертеден белгілі болған. Онда ұн тартатын.
Қазіргі уақытта тұрмыста шағын жел стансылары қолданылады. Оның құрылымын калақша, электр генераторы, тоқ өткізгіш, биік мұнара және найзағай қайтарғыштан тұрады.
3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Жел электр стансылары жел күшін неге айналдырады?
Жел электр стансыларының қуаты қандай?
Желдің қандай түрлері болады?
Қазір қандай жел электр стансылары қолданылады?
4. Сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.
Алматы облысында жел күшімен .......... алғашқы электр станcы салынады.
Жел күшімен электр қуатын ...... стансы Алакөл ауданының аумағында, Жоңғар қақпасының маңында ......... деп күтілуде.
Алғашқы жел электр стансысының қуаты 5 МВт болмақ. Оны .... үшін 5,5 млн. доллар қажет.
Қажетті сөздер: салынады, салу, қуаты, жұмыс істейтін, өндіретін.
5. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтінді мазмұндау үшін сұрақтар құрастырыңыз.
Астанада ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен БҰҰ жанындағы Ғаламдық экологиялық қордың бірлескен жобасы аясында «Қазақстанның бірінші жел атласының» тұсауы кесілді. Осыған орай, елімізде келесі жылдың аяғына дейін бірінші жел электр станциясы салынбақшы.
Аталған «жел атласына» сәйкес, қазақ жерінің жартысына жуығы жел ресурына бай екені анықталып отыр. Халықаралық сарапшылардың есептеуінше Қазақстанда соғатын желдің жылдамдық күші 15 метр биіктікте орта есеппен секундына 27–35 метрден асады. Бұл дегеніңіз орасан мүмкіндік. Себебі, Еуропа елдерінде желдің жылдамдығы секундына 4-5 метр жағдайында болса да, жел қуатын пайдаланатын энергетикасы жолға қойылған.
Мамандар еліміздегі жоғарыда айтылған әлеуетті пайдалана алсақ, жылына 900 мың ГегаВатт-сағат электр қуатын өндіруге болатынын айтады.
Қазақ даласында қысы-жазы тоқтаусыз соғып тұратын желдің қуаттылығы жағынан Жоңғар қақпасы алдыңғы орында. Жоңғар қақпасынан соғатын желдің жылдық орташа жылдамдығы 9,68 м/с құрайды. Ел аузында «Ебінің желі» деп аталатын осынау қақпадан соғатын алапат дауыл жел электр стансының қуатын жылына 5 мың МВт/секундқа дейін арттыруға мүмкіндік бермек. Ал, Алматы облысындағы Шелек дәлізінен соғатын желдің жылдамдығы 7,77 м/секундка тең. Сондай-ақ, желдің соғу жылдамдығы Ақтау-портында 7,83 м/с, Елорданың маңайында 6,8 м/с, Ерейментауда 7,79 м/с, Қарқаралыда 6,26 м/с, Арқалықта 6,93 м/с, ОҚО Жүзімдік ауылы мен Атыраудағы Қарабатан теміржол стансысы аумағында 7,5 м/с құрайды. Егер еліміздегі осынау табиғи қуатты іске жарата алсақ, қолданысқа енгізілетін жел қондырғыларының жиынтық қуаты 550 МгВт-ты құрап, ал жылдық электр энергиясын өндіру көлемі 1,65 млрд. кВт-сағатқа тең болмақ. Алайда, осынша үлкен әлеуетке қарамастан елімізде жел энергиясын іске асыра алмай келеміз. Оған себеп, Қазақстанда әлемнің кейбір мемлекеттеріндей энергияның балама көздеріне аса үлкен қажеттіліктің болмауында.
Елімізде қуат көзінің екі түрі гидроэлектрстансылары (ГЭС) мен жылу электрстансылары (ЖЭС) бар. Ал, атом электрстансылары (АЭС) мен балама энергия көздері туралы әңгіме енді қозғала бастады. Балама қуат түрлері – жел, күн энергиялары жеткілікті түрде дамымағандықтан, әзірше, электр энергиясының базалық көзіне айнала алмай отыр. Болжам бойынша осы үш бірдей жел қондырғысы арқылы өндірілетін қуат күші 300 МВт-ты құрамақ. Мамандардың айтуынша, жел электр қондырғыларының үлкен бір пайдалы жағы өндірісі түгелдей желге қатысты болғандықтан, аса көп шығынды қажет етпейді. Оның үстіне қоршаған ортаға зияны жоқ. Бұл жылдан-жылға асқынып бара жатқан экологиялық проблемаларға тосқауыл болмақ.
Жаңартылған энергия көздеріне күн мен желдің, өзен суларының энергиясы, геотермалдық энергия, сондай-ақ, табиғи процестердің есебінен үздіксіз жаңартылатын басқа да энергия түрлері жатады.
Энергетиканы дамытудың жаңа жолдары осындай көздерді іздестіруге және дамытуға бағытталған.
Жел энергиясы бойынша жүргізілген зерттеулердің негізінде жел электр стансыларын салуға қолайлы деп 8 аймақ таңдалып алынды. Олар: Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары.