Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз эн умк .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
2.63 Mб
Скачать

1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің миссиясы – бәсекелестік қабілеттің жоғары деңгейі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; экономиканың энергия ресурстарына өсіп отырған қажеттігін қамтамасыз ету, минералдық ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған ғылыми-технологиялық әлеуетті дамыту, энергетика секторында өңірлік және халықаралық интеграция мақсатында экономиканың минералдық шикізат және отын-энергетика секторларын дамыту.

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің пайымдауы:

Пайдалы қазбалардың қосымша қорларын анықтауға бағытталған геологиялық зерттеу жүйесін жетілдіру, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету.

Мұнай-газ өнеркәсібін, мұнай-химия өнімдерін дамыту.

Халықаралық энергетика нарықтарының ықпалды және жауапты қатысушысы ретінде мемлекеттің ұстанымын күшейту.

Елдің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ішкі және сыртқы нарықтардың көмір өнімдеріне қажеттілігін қамтамасыз ету.

Энергия ресурстарын тасымалдау жүйелерін одан әрі дамыту.

Ядролық энергетика саласын құру.

Отын энергетика кешені салаларына энергия үнемдейтін технологияларды енгізу.

2. Елімізде энергетика және минералдық ресурстарды сақтауға бағытталған қандай бағдарламалар бар? Тақырып бойынша баяндама дайындаңыз.

5-сабақ

1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Жерасты энергиясын өндіретін стансы, қысым, үсті, жер беті, асты, құрғақ, шөл, шөлейт, тұрмыс, құнарлы, ащы, тұщы, тау жыныстары, елді мекен, өлке, айналу, тендесі жоқ, текше метр, аумақ, жауапкершілік, арнайы, жетіспеушілік, балқыту, тереңдік, қайнату.

2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Жерасты энергиясын өндіретін стансы

Жерасты сулары деп жер бетінің төменгі қабаттарындағы тау жыныстарының арасында қатты, сұйық және газ күйінде тараған суларды айтады. Жерасты сулары қысымыз грунт сулары мен қысымды артезиан суларына, ал минералдығы бойынша – ащы су, минералды су және тұщы су болып үшке бөлінеді. Соңғы екі судың практикалық маңызы халық шаруашылығында аса зор.

Ерте заманнан бері тұрмыс кажеттілігіне жер үсті суларымен бірге арнайы ұңғылар орнату арқылы жерасты сулары да пайдаланылған.

Біздің елімізде де, шет елдерде де мындаған қалалар мен елді мекендердің тұрғындары жерасты сулары арқылы қамтамасыз етіледі. Дүние жүзінің шөл және шөлейті жерлері (Үндістан, Пәкістан, АҚШ, Австралия, Қазақстан) жерасты суларын пайдалану нәтижесінде сусыз далаларын құнарлы өлкеге айналдырып, бау-бақша өскен, мал шаруашылығы дамыған өңірге айналған.

Сапасы және тазалығы жағынан жерасты суларының теңдесі жоқ, өйткені жердің өзі суды тазалап беретін табиғи сүзгі болып табылады.

Қазақстан жер аумағы жағынан үлкен мемлекет, бірақ сол жердің көпшілігі құрғақ шөлейт жерлер. Дегенмен, оның бір ерекшелігі жерасты суларына бай. Республика аймағында түрлі мақсаттарға сай ашылып, зерттелінген 633 жер асты су қоры бар. Осындай табиғи байлықтың иесі болған еліміздің Солтүстік, Батыс және Орталық аймақтарында су жетіспеушілігі әлі де кездеседі.

Жерасты энергиясын өндіретін стансылар жерасты жылу көздерін пайдаланады. Жерасты көздері: ыстық су, гейзерлер.

Мамандар жерасты көздері болашақта көп пайдаланатынын болжайды. Жерасты температурасы әрбір 30 метр сайын 1 °С градусқа өсіп отырады. Бұл аса көп емес, бірақ 3 км тереңдікте су қайнатуға болады (1000 С), ал 11 км тереңдікте қорғасын балкиды және 60 км тереңдікте температура 1500° С градусқа жетеді.

Қазіргі кезде Италия, Жаңа Зеландия, Жапония, Америка және Мексикада геотермия стансылары кең пайдаланылады. Олардың қуаты 200-500 мВт аралығында.