Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз эн умк .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
2.63 Mб
Скачать

5. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Қазақстанда табиғи отын қорына көмір, мұнай және газ жатады. Табиғи отын қорын 100%-бен есептесек, онда еліміздегі отынның 80%-ын көмір, 13 %-ын мұнай және 7 %-ын газ құрайды. Бұл дүниежүзілік отын қорының 0,5 %-ы.

Органикалық отындардың ең көбі - көмір. Мысалы, дүние жүзінде көмір қоры 4850 млн.т., бұл 76%. Мұнай 1150 млрд т., 19%, ал табиғи газ қоры 310 млрд.т. немесе 5%.

Сауд Аравиясы, Кувейт, Абу-Даби, Ирак және Иранда мұнай қоры әлемдік қордың 66%-ын құрайды. Латын Америкасы әлемдік қордың 12%-на ие. Қазақстанның үлесінде бұл қордың 1,6%-ы.

3 СӨЖ тапсырмасы:

1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Мәтін мазмұнын айтыңыз.

Атом өнеркәсібі

Қазақстан Республикасында атом өндіру көлемі 8512 тонна, уранның шала тотығын өндіру көлемі 8130 тонна, отындық таблеткалар шығару көлемі 176 тоннаны құрайды.

Бериллий өнімін шығару 1689 тоннаны құрады. Тантал өнімін шығару көлемі 306 тоннаны құрады. Тантал өнімін шығару 74 %-ға ұлғайды. Ниобий өнімін өндіру көлемі 65 тоннаны құрады .

Жұмыс істеп тұрған кеніштерде уран өндірудің көлемін ұлғайту жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда және жаңа кеніштер пайдалануға берілмек. Қазақстанның Ресей, Жапония және Канадамен өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорындары құрылды. Атом энергетикасын отынмен қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті сала құру бірінші кезекте отандық атом электр стансыларын отынмен жабдықтау мәселесін шешуге мүмкіндік береді, ал келешекте Қазақстан Республикасының жоғары технологиялық уран өнімінің әлемдік нарығындағы дербес ұстанымын қамтамасыз етеді.

4-сабақ

1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.

Сұйық, айнымалы, орам, құрылғы, жер, көшіру, тарату, шаруашылық, тарату, жабдықтар, сым, шұнғыл, қосылыс, іркіліп шығу, шығанақ, арна, төбе, тон, түбек.

2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Дизель электр стансыcы

Дизель электр станcыcы сұйық мұнай отынымен жұмыс істейді. Оның басты элементі - дизель-генератор. Оның қуаты 40-650 кВт-қа жетеді.

Дизель-генератор екі жабдықтан тұрады. Олар: дизель және айнымалы ток генераторы.

Дизель мазутпен жұмыс істейді. Дизель мазутқа генератормен қосылған.

Осы білік арқылы генератор жұмыс істейді. Осы білік айналғанда генератор орамында электр тоғы пайда болады. Пайда болған тоқ сым арқылы электр тарататын құрылғыға беріледі де, тұтынушыларға жіберіледі.

Дизель электр стансыларын бір жерден екінші жерге көшіру оңай, сондықтан дизель электр стансыларын шағын шаруашылықтарда пайдалану өте тиімді.

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Дизель электр станcысы қандай отын жағады?

  2. ДЭС-ның басты элементі не?

  3. ДЭС-ның генераторы қандай жабдықтардан тұрады?

  4. ДЭС-ның қуаты қанша?

  5. ДЭС-н қайда пайдалану тиімді?

4. Мәтінді оқыңыз. Қатемен жазылған сөздерді табыңыз.

Ертеде жер бетіне іркіліп шыгып жаткан “майды” адамдар жараны емдеуғе, қайык майлауға және т.б. пайдаланған. Майдын жанатын қасиетін білгеннен кейін, жарык козі ретінде қолданган. Кейінірек греқ окымыстысы Гиппократ мунайдан дәрі жасаған. Египеттыктер мунай майынан бальзам жасаган.

Мунай өте күрделі қоспа. Негізгі құрамды бөлігі әртүрлі көмірсутектер. Олардан басқа оттекті, күкіртті және азоттық қосылыстар болады. Көмірсутегі жанғанда көмір жанған кезде бөлінетін жылуден бір жарым есе көп жылу бөлінеді. Мунайдың қурамынде су және минералдык қосылыстер болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]