
Дәрістің қысқаша мазмұны
Философия - бүкіл адамзаттың даналық ой-пікірі, толғамы, дүниетанымы, көзқарасы.Философия ғылымдарының жетістіктерімен қарулану, онымен қуаттану білу бәріміздің басты мақсатымыз, даму бағытымыз болуға тиіс. Оны әрбір саналы адамзаттың түсігені жөн. Соңғы кездерде институт, университеттерде қазақ филсофияын оқыту керек деген пікірлер жиі айтылуда. Әрине, қазақ халқы ой-пікірлерін, философиялық ой-толғамдарын, оның өкілдерін білген абзал. Олар туралы арнаулы курстар да оқыған жөн. Оқулықар да жарық көруде. Бірақ қазақ философиямын әлемдік философиядан ажыратып, ұлттық шеңбермен тұйықтаудың қажеті жоқ. Өйткені ол оның құрамды бөлігі болып саналады.
Философияның негізгі әдістері. Философияда екі түрлі әдіс қолданылады. Бірі – диалектикалық әдіс. Ол дүние ұдайы қозғалыста, дамуда деп түсінеді. Екіншісі – метафизикалық (гр. meta, ta physika деген екі сөзінен құрылған) әдіс. Бұл – бірішіге қарама-қарсы, дүниені өзгермейтін, қозғалмайтын, дамымайтын құбылыс деп түсінетін ұғым. Диалектикалық әдісті ертедегі гректерден Гераклит пен Аристотель қолдаса, жаңа дәуірден – Г. Гегель қолдап, ілгері дамытты. Бірақ, Гегель идеалистік диалектик болды. Оның пікірінше, диалектикалық тұрғыдан дамитын объективтік шындық емес, тек идея, қиял, ой. Оның түйіндеуінше, объективтік шыңдық дамымайды. Бұл ғылымға қайшы келетін пікір болатын. К. Маркс те диалектик болды. Бірақ оның диалектикасы Гегель диалектикасына қарама-қарсы материалистік диалектика еді. К. Маркс бұл туалы пікірін өзінің еңбегі «Капиталдың» 1-томының екінші басылуына арналған соңғы сөзінде сипаттап берді. К. Маркстың пікірінше, табиғат да, қоғам да, сана да диалектикалық тұрғыда өзгеісте, дамуда болады.
Философияның көзқарастық негізі. Философия – одан соң дүниеге көзқарас. Кез келген адамның өмірдегі, қоғамдағы оқиғаларға белгілі бір көзқарасы болатынын айттық. Бірақ көзқарас алуан түрлі. Мәселен, жай, қарапайым, күнделікті өмірден, тұрмыстан туға «отбасы ошақ қасы» дегендей көзқарас. Ол көзқарас – негізінен дұрыс, ақылға сыйымды, өмірден, күнделікті байқаудан туған, практикада анықталған көзқарас. Ондай, өмірден туған көзқарасты уағыздайтын адамдарды халық сыйлаған, дәріптеген, дана адамдар қатарына қосқан. Дегенмен, көзқарастың бәрі ғылыми бола бермейді. Діни, идеалистік көзқарас та бар. Ал материалистік диалектикалық көзқарасты алсақ, ол белгілі объекивті заңдылыққа негізделген. Ол заңдылықты біліп, өмірде қолданған адам дүниеі саналы билей алады. Ол әр нәрсенің тегін, даму заңдылықтарын, бағдарын біледі, келешегін болжайды. Соған сәйкес әрекет жасайды. Халық санасына ғылыми сенімді қалыптастыруға себепкер, негіз болады. Иланудың да екі түрі: ғылыми және ғылыми емес жақтары бар. Ғылыми илануға сенген адам әр нәрсенің объективтік негізіне, заңдылығына үңіледі, бос даурығудан өзін аулақ ұстайды. Ондай адамдар өз сенімін оп-оңай өзгерте бермейді дедік. Мұндай адамдар құбылыстың әбден негізіне түсінген соң ғана бірте-бірте түсуі мүмкін.
Контрольные вопросы: [ 1]
Как соотносятся между собой философия и мировоззрение?
В чем состоит методологическая функция философии?
Каковы границы человеческой свободы? Какую роль играет философия в выявлении и анализе этих границ?
Каковы функции философии?
Для чего создаются философские учения?