
Қазақ әдебиеті
1. «Ер Төстік» ертегісіндегі Кенжекейді жар басындағы лашыққа шақырған қызды табыңыз. A) Перінің қызы Бекторы. B) Күнікей қыз. C) Бозінген жетектеген қыз. D) Ай астындағы Айсұлу. E) Сиқырлы сұлу. |
2. ХVІІ ғасырда өмір сүрген жырауды табыңыз. A) Махамбет. B) Асан қайғы. C) Доспамбет. D) Жиембет. E) Шалкиіз. |
3. Абайдың өлеңін көрсетіңіз. A) ’’Бірінші тілек тілеңіз’’. B) ’’Жазғытұрым’’. C) ’’Өзен’’. D) ’’Замана адамы’’. E) ’’Кедей ’’. |
4. Ш. Құдайбердіұлының өмір сүрген жылдарын табыңыз. A) 1835-1865 ж.ж. B) 1845-1904 ж.ж. C) 1841-1889 ж.ж. D) 1860-1945 ж.ж. E) 1858-1931 ж.ж. |
5. Міржақып Дулатовтың туған жылы мен күнін белгілеңіз. A) 1885 жылы 25 қараша. B) 1878 жылы 1 қазан. C) 1893 жылы 10 қараша. D) 1894 жылы 3 желтоқсан. E) 1897 жылы 28 қыркүйек. |
6. ’’Мен жастарға сенемін’’ өлеңінің авторын табыңыз. A) Б.Майлин. B) І.Жансүгіров. C) М.Дулатов. D) І.Есенберлин. E) М.Жұмабаев. |
7. «Шұғаның белгісі» повесіндегі болыс Құрманның кім екендігін анықтаңыз. A) Беркімбайдың туысы. B) Әбдірахманның ағасы. C) Есімбектің туған құдасы. D) Кәрімнің әкесі. E) Сейіттің баласы. |
8. С. Мұқановтың күріш егу, жер суландыру, канал қазу туралы жазған романын табыңыз. A) «Теміртас». B) «Сырдария». C) «Ботагөз» романы. D) «Каспийге саяхат». E) «Алтын аймақ». |
9. «Бала жатыр төсекте, албыраған, Әке жатыр еденде, қалжыраған» деген өлең жолдары М.Мақатаевтың қай шығармасында кездесетіндігін табыңыз. A) «Жол азасы». B) «Моцарт». C) «Аққулар ұйықтағанда». D) «Райымбек, Райымбек». E) «Бабаларым, рақмет сендерге». |
10. Әділет, бақыт, ақыл мен қанағат жайлы кітап жазған ғұламаны табыңыз. A) М.Қашқари. B) Ж.Баласағұн. C) З.Бабыр. D) А.Яссауи. E) С.Сараи. |
11. ’’Мұхаббат-наме’’ дастанының авторы кім екенін табыңыз. A) Сағди. B) А.Иүгінеки. C) А.Иассауи. D) Құтб. E) Хорезми. |
12. ... Атса мылтық өтпеді, Шапса қылыш кеспеді, Суға салса батпады... Қай батырды айтып отырғанын табыңыз. A) Орақ. B) Ер Тарғын. C) Қамбар. D) Алпамыс. E) Қобыланды. |
13. Қарабай жарып жібергенде маралдың ішінен не шығатынын анықтаңыз. (’’Қозы Көрпеш-Баян сұлу’’) A) Егіз қозы. B) Егіз лақ. C) Егіз бота. D) Егіз қодық. E) Егіз бұзау. |
14. Бұқар жыраудың шығармасын табыңыз. A) “Жиырма деген жасыңыз” B) “Асқар, асқар, асқар тау” C) “Мұнар күн” D) “Күмбір, күмбір кісінетіп” E) “Қамыстың басы майда, түбі сайда” |
15. Дулат Бабатайұлының дастанын табыңыз. A) «Өтеген батыр» B) «Еспембет» C) «Ескендір» D) «Сұраншы батыр» E) «Батыр Баян» |
16. Ы.Алтынсариннің жастарға бата ретінде жазған шығармасын белгілеңіз. A) «Асыл шөп» B) «Қыпшақ Сейітқұл» C) «Таза бұлақ» D) «Өнер-білім бар жұрттар» E) «Кел, балалар, оқылық!» |
17. М.Әуезов білім алған оқу орнын белгілеңіз. A) Мәскеу қызыл профессура институты. B) Санкт-Петербург университеті. C) Коммунистік журналистика институты. D) Томск политехникалық институты. E) Омбы мұғалімдер семинариясы. |
18. Қазақ халқын ашаршылыққа ұшыратқан қасіретті 1932 жыл туралы жоғары орынға ашық хат жазған неше азамат екенін белгілеңіз. A) Төрт. B) Үш. C) Бес. D) Он. E) Екі. |
19. «Ирония» терминінің қандай ұғымды білдіретіндігін көрсетіңіз. A) Келемеждеу. B) Алмастыру. C) Масқаралау. D) Ұлғайту. E) Кішірейту. |
20. Қалмақ ханына (қоңтажыға) елшілікке барғанда Қазыбектің неше жаста болғанын белгілеңіз. A) 12. B) 16. C) 14. D) 10. E) 15. |
21. «Қайран менің Еділім» деп, еңіреп өткен жырауды белгілеңіз. A) Асан қайғы. B) Тәтіқара. C) Ақтамберді. D) Жиембет. E) Қазтуған. |
22. Махамбеттің «Аспандағы боз торғай» өлеңі лириканың қай түріне жататындығын табыңыз. A) Саяси-әлеуметтік лирика. B) Махаббат лирикасы. C) Табиғат лирикасы. D) Көңіл-күй лирикасы. E) Философиялық лирика. |
23. «Жарандар, кеңес жазайын», «Заманның опасыз халіне айтқаны» деген өлеңдердің авторын көрсетіңіз. A) Шортанбай Қанайұлы. B) Мұрат Мөңкеұлы. C) Ахмет Байтұрсынов. D) Кердері Әбубәкір Шоқанұлы. E) Міржақып Дулатов. |
24. «М.Әуезов маған әкедей қамқор болған кісі» - деген пікірдің иесін көрсетіңіз. A) Ш.Айтматов. B) З.Қабдолов. C) Р.Нұрғалиев. D) Ә.Тәжібаев. E) Қ.Мырзалиев. |
25. Үзінді кімдікі және қай шығармасынан алынғанын табыңыз. ... Ол со тұнжыраған қалпында бәріміздің жүзімізді бір сүзіп өтті де: - Ертеде бір жетім бала болыпты...- деп ертегісін бастады. Сол күні оның ертегісі түннің жарымында бір-ақ аяқталды. Тіпті Аянның әжесінің өлгенін де ұмытып кетіппіз... A) О.Бөкей «Тортай мінген ақ боз ат». B) С.Мұратбеков «Жусан иісі». C) Ғ.Мүсірепов «Боранды түнде». D) С.Дөнентаев «Көркемтай». E) М.Әуезов «Жетім».
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |