
Биология
1. Гүлдің қорғаныштық қызметін атқаратын бөлімі: A) Түйін. B) Тостағанша жапырақшалар. C) Аталық. D) Аналық. E) Жіпше. |
2. Қынаның табиғаттағы маңызы A) басқа өсімдікке топырақ дайындайды. B) климатты өзгертеді. C) минералды тұздарды ерітеді. D) дәрі алынады. E) тағам дайындалады. |
3. Көп қылтанды құрттарға жататындар- A) сиыр цепені. B) ішексорғы (аскарида). C) шұбалшаң. D) қылқұрт. E) нереида. |
4. Қосқанаттылар отрядына жататын бунақдене. A) Қиқоңыз. B) Біте. C) Дәуіт. D) Маса. E) Бұғықоңыз. |
5. Кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын: A) Қабырғааралық бұлшықет. B) Тегіс бұлшықет. C) Сіңірлер. D) Көкет. E) Асқазан, көлденең жолақты бұлшықет. |
6. Шайнау және бет – қимыл бұлшық еттеріне жатады: A) Кұрсақ бұлшық еттері B) Бас бұлшық еттері C) Тулға бұлшық еттері D) Жүрек бұлшық еттері E) Арқа бұлшық еттері |
7. Адамның жүрегінің бөлігі: A) 4 B) 2 C) 3 D) 5 E) 1 |
8. Қазақстан аркар- меринос қойын шығаруға қатысқан ғалым: A) Т.Шарманов. B) М.Айтхожин. C) Ә.Есенжолов. D) Қ.Сәтпаева. E) Б.Мусин. |
9. Қызыл кітаптың міндеттері- A) Жабайы жануарлардың барлық түрін сақтау. B) Мәдени өсімдіктердің барлық түрін сақтап қалу. C) Үй жануарларының барлық түрін сақтап қалу. D) Жабайы өсімдіктердің барлық түрін сақтап қалу. E) Республика заңдарына сәйкес сирек түрлерді қорғау. |
10. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайынан қорғайтын ұлпа: A) Жабын. B) Түзуші. C) Қорға жинаушы. D) Өткізуші. E) Тірек. |
11. Ең ірі жүйелер: A) түр B) туыс C) патшалық D) бөлім E) тұқымдас |
12. Құстардың мойын омыртқасының саны A) 45-50. B) 10-15. C) 30-45. D) 15-30. E) 11-25. |
13. Мидың торлы қабықшасының қабыну себептері: A) тұмау B) бас сүйек зақымдану C) биіктен құлау D) басқа соққы тию E) ми шайқалу |
14. Тыныс алу мүшесінің ауруына жатпайтыны: A) фарингит B) трахеит C) тұмау D) плеврит E) цистит |
15. Тамақтың он екі елі ішекте қорытылуына қатысатын ферменттің кездесетін безі: A) Сілекей безі. B) Ұйқы безі және ішек бездері. C) Бауыр. D) Қарын безі. E) Тері безі. |
16. Ағзадағы негізгі энергия қоры: A) көмірсу B) аминқышқылы C) май D) ақуыз (нәруыз) E) дәрумен |
17. Прокариоттарға жататындар: A) Жануарлар. B) Бактериялар. C) Мүктер. D) Амебалар, эвгленалар. E) Саңырауқұлақтар. |
18. Ақуыздың жасушада синтезделуі: A) Вакуольде B) Пластидтерде C) Гольджи жиынтығында D) Ядрошықта E) Рибосомада |
19. Эволюциялық ілімнің алғаш негізін қалаушы: A) М.Ломоносов. B) Ч.Дарвин. C) К.Линней. D) Т.Шванн. E) Ж.Б.Ламарк. |
20. Жасушада біртіндеп үлкейетін шырынды органоид A) Хлоропласт B) Лейкопласт C) Хромопласт D) Вакуоль E) Ядро |
21. Cабақ жасымықшасының қызметі A) органикалық заттардың қозғалысын реттеу. B) сабақты жуандату. C) минералды тұздар ертіндісінің қозғалысын реттеу. D) газ алмасу. E) қорек заттарын қорға жинау. |
22. Көзі болмайтын ұлулар- A) Жүзім ұлуы. B) Кальмарлар. C) Айқұлақ. D) Катушкалар. E) Жалаңаш шырыш. |
23. Гомологтық хромосоманың конъюгациялануының жүретін фазасы: A) Мейоздық метафазада. B) Мейоздық телофазада. C) Мейоздық анафазада. D) Мейоздық интерфазада. E) Мейоздық профазада. |
24. Қорғаныш реңге мысал- A) пішіні бұтаққа ұқсас жұлдызқұрт. B) усыз жәндіктердің улы жәндіктерге ұқсауы. C) шағатын жабайы араның түсі. D) ханқызының есте қалатын айқын түсі. E) зебрдің ашық өрнегі. |
25. Автотрофты ағзалар тізбегі: A) гүлшетен, бидай, көбелек B) түлкі, бидай, терек C) мақта, күріш, алма ағашы D) күнбағыс, қоян, сиыр E) қасқыр, қоян, қайың
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |