Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2018.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
29.12.2019
Размер:
807.94 Кб
Скачать

Қазақ әдебиеті

1. Кенжекей қай ертегінің кейіпкері екенін атаңыз.

A) «Ұшқыш кілем».

B) «Аяз би».

C) «Ер Төстік».

D) «Кер құла атты Кендебай».

E) «Алтын сақа».

2. Ақжүністің жырдан көрінетін сипатына лайық жауапты көрсетіңіз.

A) Сұлу да батыл, намысқой да ақылды, өз дегеніне жетпей қоймайтын бірбеткей, айлалы қыз.

B) Байлық пен атаққа мастанған ерке бойжеткен.

C) Батырдың айтқанын екі етпейтін аңқау қыз.

D) Көркем де биязы, адал да сыпайы, ұяң да қорқақ қыз.

E) Тек сұлулығына мәз болған ойсыз қыз.

3. Сасан би, Қарабай, Қодар қай жырдың кейіпкерлері, белгілеңіз.

A) «Қобыланды батыр»

B) «Қыз Жібек»

C) «Айман - Шолпан»

D) «Алпамыс батыр»

E) «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»

4. Біржан өлеңін белгілеңіз.

A) ’’Дүтбайға’’.

B) ’’Қызғыш құс’’.

C) ’’Жаз’’.

D) ’’Мұнар күн’’.

E) ’’Ләйлім’’.

5. А.Құнанбаевтың дастанын белгілеңіз.

A) «Рүстем қырғыны».

B) «Жетім қыз».

C) «Кедей».

D) «Құлагер».

E) «Масғұт».

6. «Бақытсыз Жамал» романының авторын белгілеңіз.

A) Жүсіпбек Аймауытов.

B) Мұхамеджан Сералин.

C) Спандияр Көбеев.

D) Сұлтанмахмұт Торайғыров.

E) Міржақып Дулатов.

7. Мағжан Жұмабаевтың әнімен халық арасына кең тараған өлеңін көрсетіңіз.

A) “Жас келін”.

B) “З-ға”.

C) “Сағындым”.

D) “Сен сұлу”.

E) “Гүлсімге”.

8. «Кек», «Түрксиб», «Исатай-Махамбет» пьесаларының авторын көрсетіңіз.

A) Б.Майлин.

B) С.Мұқанов.

C) І.Жансүгіров.

D) С.Сейфуллин.

E) М.Әуезов.

9. "Өмір сүргім келеді" деп аталатын шығарманың авторы кім екенін белгілеңіз.

A) С. Сейфуллин.

B) Қ. Аманжолов.

C) І. Жансүгіров.

D) Б. Бұлқышев.

E) А. Жұмағалиев.

10. Тоныкөктің кім болғанын белгілеңіз.

A) Қаған.

B) Қағанның кеңесшісі.

C) Қазынашы.

D) Қолбасшы.

E) Елші.

11. Ж.Баласағұнның «Құтты біліг» дастанында мемлекетті дұрыс басқару үшін ең алдымен не керек дегенін табыңыз.

A) Қанағат.

B) Әділдік.

C) Бақ-дәулет.

D) Ақыл-парасат.

E) Әскер.

12. Жиһанкез атанған жырауды табыңыз.

A) Махамбет.

B) Шалкиіз.

C) Жиембет.

D) Қазтуған.

E) Ақтамберді.

13. Жапанға біткен бәйтерек

Жапырағынан айрылып,

Құр түбір болған күн, - деген өлең шумағында Махамбет қолданған көркемдік тәсілді табыңыз.

A) Метафора.

B) Анафора.

C) Әсірелеу.

D) Эпитет.

E) Құлдырату, кішірейту.

14. Баймағамбет сұлтанмен қақтығысқан ақынды табыңыз.

A) Шернияз.

B) Алмажан.

C) Бекболат.

D) Шәңгерей.

E) Мұрат.

15. Ш.Уәлихановтың генерал Черняевтен бөлініп кету себебін табыңыз.

A) Талдықорғанға қалыңдығына бару үшін.

B) Ауруы асқынып кеткендіктен.

C) Жеке басына байланысты келіспеушіліктен.

D) Жергілікті халыққа жасаған зорлығына төзбегендіктен.

E) Әскери тәртіпке шыдамағандықтан.

16. Ы.Алтынсариннің ²Қазақ хрестоматиясына² кіргізгендерін белгілеңіз.

A) Шағын әңгімелер.

B) Әңгіме, өлең, пьесалар.

C) Өлеңдер мен дастандар.

D) Өлеңдер мен әңгіме-новеллалар.

E) Шағын өлеңдер.

17. Байжан, Айбарша, Дәулет - С. Мұқановтың қай шығармасының кейіпкерлері екенін табыңыз.

A) "Өмір мектебі"

B) "Сырдария"

C) "Ботакөз"

D) "Мөлдір махаббат"

E) "Аққан жұлдыз"

18. М.Әуезов шығармасын табыңыз.

A) «Кек».

B) «Жат қолында».

C) «Өскен өркен».

D) «Балуан Шолақ».

E) «Аққан жұлдыз».

19. Ж.Шаниннің сатиралық драмасын белгілеңіз.

A) ²Үш бажа².

B) ²Ақан сері - Ақтоқты².

C) ²Тас түлек².

D) ²Мансапқорлар².

E) ²Майдан².

20. Асан қайғының:

’’Ашу- дұшпан, артынан

Түсіп кетсе қайтесің

Түбі терең қуысқа!’’ - деген өлең жолдары неден сақтандыратынын анықтаңыз.

A) Алаңғасарлықтан.

B) Дұшпаннан.

C) Теріс мінездерден.

D) Еркеліктерден.

E) Қауіп-қатерден.

21. Қазтуған туып-өскен жер аттарын табыңыз.

A) Ақсу, Балқаш.

B) Ертіс, Қарашың.

C) Еділ, Жайық, Ойыл.

D) Талды, Шаған.

E) Ертіс, Жемекей.

22. Тарбағатай тауынан

Тоқсан сала қосылып,

Тоғыз өзен түйісіп,

Ақтың төмен жосылып ... – деген үзінді қай өлеңнен алынған, табыңыз.

A) «Аягөз , қайда барасың?!»

B) «Арқалық аясында»

C) «Тарланым»

D) «Жетісу суреттері»

E) «Толағай»

23. Рудаки өмірінің 40 жылын не себепті Бұхар әмірінің сарайында өткізгенін табыңыз.

A) Бас ақын боп тұрған.

B) Уәзірі болған.

C) Әмір болған.

D) Қоймашы болған.

E) Қолбасшы болған.

24. С.Мұратбековтің «Жусан иісі» шығармасындағы жетім баланың атын табыңыз.

A) Қайрош.

B) Қасым.

C) Аян.

D) Көркемтай.

E) Тұржан.

25. Д.Исабековтің Дермене деп аталатын повесі бар, сол сөздің мағынасын анықтаңыз.

A) Жусанның дәрі жасайтын бір түрі.

B) Дәрінің аты.

C) Күркенің төрт бұрышына қағатын ағаш.

D) Қурайдың аты.

E) Зоршылдық, өктемдік деген сөз.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]