
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БІЛІМ БЕРУ МЕН ТЕСТІЛЕУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК
СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
БАЙҚАУ СЫНАҒЫ
СҰРАҚ КІТАПШАСЫ
2018 - НҰСҚА
2008
ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Термин сөзді табыңыз. A) Жолдас. B) Қызықты. C) Эпитет.+ D) Қарындас. E) Қызғылт. |
2. Ашық дауыстыны анықтаңыз. A) і B) ы C) у D) о + E) ұ |
3. Жұп дауыссыздар қатарын көрсетіңіз. A) Ш-С, П-Г. B) Ш-З, П-К. C) Ш-И, К- Қ. D) Ш-Ы, Қ- Г. E) Ш-Ж, Қ-Ғ. + |
4. Жаңа сөз жасаушы қосымшаны көрсетіңіз. A) Көптік жалғау. B) Жұрнақ.+ C) Тәуелдік жалғау. D) Септік жалғау. E) Жалғау. |
5. Көмектес септігіндегі сөзді табыңыз. A) Тіл(мен) жақ. B) Келін(мен) бірге.+ C) Есік(пен) төр. D) Қаз(бен) үйрек. E) Бала(мен) қыз. |
6. Белгісіздік есімдікті тіркесті көрсетіңіз. A) Бірнеше жауынгер.+ B) Жүздеген сиыр. C) Көтеріңкі көңіл. D) Жиналмалы отырғыш. E) Он шақты түлкі. |
7. Күрделі нақ осы шақты табыңыз. A) Күліп келеді. B) Күле берді. C) Күліп барды. D) Күліп қайтты. E) Күліп тұр. + |
8. Еліктеу сөзді табыңыз. A) Көрік. B) Ерлік. C) Уақыт. D) Сауық. E) Жылп. + |
9. Кісі аттарын қысқартып жазарда қойылатын белгіні табыңыз. A) Нүкте.+ B) Қос нүкте. C) Көп нүкте. D) Сұрау белгісі. E) Леп белгісі. |
10. Синоним сөздерді көрсетіңіз. A) Суық, мұздай.+ B) Қорқақ, әумесер. C) Даналық, халық. D) Ерке, мейірімді. E) Жалған, рас. |
11. Біріккен сөздегі ілгерінді ықпалды белгілеңіз. A) Ақжелкен. B) Ақбала.+ C) Ақтандақ. D) Ақшулан. E) Ақтанберді. |
12. Күрделі сын есімді табыңыз. A) Үшеуінің арманы. B) Арқаннан ұстау. C) Жайылымды аралау. D) Көрер таңды көзімен атырды. E) Ал қара көк.+ |
13. Күшейткіш үстеумен тіркесіп тұрған сөзді көрсетіңіз. A) Әдейі келді. B) Соншалық ұзақ. C) Онша ұзақ емес. D) Тіпті ұзақ емес.+ E) Ұзақтан келді. |
14. Шарттық қатынасты білдіретін жалғаулық шылауды табыңыз. A) Сонда да B) Немесе C) Егер+ D) Біресе E) Әрі |
15. Сөз тіркесіндегі меңгеруді табыңыз. A) Мектеп оқушылары. B) Абайдың баласы. C) Ертең бару. D) Етікті киеді.+ E) Қызық әңгіме. |
16. Бірыңғай мүшелі сөздің қызметі Оспан мырза, бейіліңе де, сөзіңе де біз ырзамыз. A) Пысықтауыш. B) Анықтауыш. C) Бастауыш. D) Толықтауыш.+ E) Баяндауыш. |
17. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. A) Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешегін таза ұстайтын. B) Ексең егін, ішерсің тегін. C) Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен. D) Теңіздің суы мөп-мөлдір екен. E) Олар теңізге ерте шықты, бірақ жолы болмады. + |
18. Қаратпа сөзді табыңыз. A) Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да. B) Теріскейден соққан жел әрі суық, әрі күшті. C) Ей, аққу, сәлем деші жолыққанда.+ D) Сөйлейді Жамбыл бәріңе. E) Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы екен. |
19. Төл сөзге байланысты тыныс белгісінің дұрыс қойылған жерін көрсетіңіз. A) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып - Өзіңе лайықты орын тауып отыр - дейді. B) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып өзіңе лайықты орын тауып отыр - дейді. C) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып: "Өзіңе лайықты орын тауып отыр" дейді. D) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып: "Өзіңе лайықты орын тауып отыр", - дейді.+ E) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып: Өзіңе лайықты орын тауып отыр - дейді. |
20. Антонимді табыңыз. A) Дос - жолдас. B) Көп - қыруар. C) Бұзу - жөндеу.+ D) Халайық - әлеумет. E) Ақ - қызыл. |
21. Көмекші есімді сөз-сөйлемнің қай мүшесі, анықтаңыз. Қарағайдың түбіне күн сәулесі түспейді. A) Пысықтауыш.+ B) Толықтауыш. C) Анықтауыш. D) Бастауыш. E) Баяндауыш. |
22. Емле ережесіне сай жазылғанын көрсетіңіз. A) 7 сынып. B) 100ге таман. C) 25-қыркүйек. D) 20-30-дай.+ E) 20-30дай. |
23. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. A) Мен көрген-білгенімді, түйгенімді айтып бердім. B) Дүйсенбай қабағын түйді. C) Атасы-ағаштан түйін түйген адам.+ D) Ол киімдерін шүберекке түйіп алды. E) Бала түйілген бір нәрсені Бөрібайға ұсынды. |
24. Сөйлем түрін анықтаңыз. Енді бізге ауылдағы адамдардың көңіл-күйін білу керек. A) Жақсыз.+ B) Жақты. C) Сабақтас. D) Салалас. E) Атаулы. |
25. Іскерлік қарым-қатынас әдебіне жататын тілдік ерекшеліктерді атаңыз. A) Сөз мағынасын түсінбеу, көп сөзділік. B) Логикалық ой-өрісінің жетіспеуі. C) Жігерсіздік, ұялшақтық. D) Пікір алысқалы отырған ісін, тақырыбын жетік білмеу. E) Іске жауапкершілікпен қарау, сыпайылық, жағымды сөйлеу, батылдық. +
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
Қазақстан тарихы
1. Керейлердiң батыс жағындағы көршiлерi: A) Наймандар.+ B) Татарлар. C) Қыпшақтар. D) Меркiттер. E) Таңғұттар. |
2. Хан сайлаудың басты шарты: A) қожаның тұқымы B) феодалдар тобынан шығуы C) малының көп болуы D) бидің тұқымынан шығуы E) Шыңғыстың ұрпағы болуы + |
3. Патшаны қолдаушылардың ұйымдастыруымен Н.Өтемісұлы өлтірілді A) 1849 жылы B) 1842 жылы C) 1848 жылы D) 1846 жылы+ E) 1838 жылы |
4. XIX ғасырдың 60 жылдары И.Бутков құрған комиссия қазақ жерін қалай бөлуді ұсынды? A) 2 облысқа + B) 4 облысқа C) 5 облысқа D) 1 облысқа E) 3 облысқа |
5. Қазақстанның Ресейге қосылу процесі созылды: A) 150 жылдай уақытқа + B) 100 жылдай уақытқа C) 120 жылдай уақытқа D) 200 жылдай уақытқа E) 130 жылдай уақытқа |
6. Поляк азаттыќ күресінің өкілі Густав Зелинскийдің Ќазаќстанда кең тараған поэмасы: A) «Батырлар жыры» дастаны. B) «Ќырғыз» поэмасы. + C) «Көкшетау поэмасы». D) «Жас ќазаќ» поэмасы. E) «Азаттыќ» жыры. |
7. Байтұрсыновтың 1911 жылы Орынборда жарық көрген жинағы A) «Жиған-терген» B) «Бір адамға» C) «Қазақ қалпы» D) «Маса»+ E) «Қазақ салты» |
8. Ќазаќстан Кеңестерінің Төтенше Х съезі Ќазаќ КСР Конституциясын ќабылдаған жылы: A) 1939 B) 1937+ C) 1938 D) 1935 E) 1936 |
9. 1970 жылы туғанына 1100 толған Шығыстың аса ұлы ойшыл-ғалымы: A) М.Қашғари B) Әбу Насыр әл-Фараби+ C) А.Иассауи D) Ж.Баласағұн E) М.Х.Дулати |
10. Адамзат дамуының “епті адамнан” кейінгі келесі даму кезеңі. A) Тік жүретін адам.+ B) Неандерталь. C) Кроманьондық адам. D) Есті адам. E) Андроновтықтар. |
11. Ғұн билеушісі Еділдің қайтыс болған уақыты A) 253 жыл B) 193 жыл C) 93 жыл D) 453 жыл+ E) 480 жыл |
12. IХ-Х ғ. өмір сүрген данышпан, Шығыстың атақты ғалымы: A) Гардизи B) А.Яссауи C) Әл-Фараби+ D) Ибн Батута E) Әл-Бируни |
13. Керей хандығы мен монғол тайпаларының арасындағы қарым-қатынас жайлы қойылатын еңбек: A) Монғол тарихы B) ”Оғызнама” C) ”Шыңғыснама” D) ”Батый” E) ”Монғолдың құпия шежіресі” + |
14. Монғолоидтық белгілер тереңдей түсті: A) IX-X ғғ. B) VII-VIII ғғ. C) VII-IX ғғ. D) VI-IX ғғ.+ E) VIII-IX ғғ. |
15. XV ғасырдың аяғындағы Қазақ хандығының негізгі қарсыласы: A) Әмір Темір B) Көшім C) Уайс хан D) Жүніс хан E) Шайбани хан + |
16. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысқан қазақ сұлтаны A) Жанқожа. B) Иман. C) Досалы.+ D) Бөгенбай. E) Дәуқара. |
17. Бородино шайқасындағы ерлігі үшін күміс медалмен марапатталған жауынгер A) М.Құлшоранұлы B) Б.Шуашбайұлы C) Н.Жанжігітұлы D) Зындағұлұлы E) Майлыбайұлы+ |
18. Өнеркәсіп дамуына ықпал еткен, 1950 жылы қаланып аяқталған, ұзындығы 483 км. темір жол төсемі: A) Алматы - Шу. B) Алматы - Ақмола. C) Мойынты - Шу.+ D) Түркістан - Ақтөбе. E) Жамбыл - Шолақтау. |
19. КСРО-да қайта құру мен қоғамды демократияландыру үрдісіндегі қадам жасалды A) 1981 жылы B) 1987 жылы + C) 1991 жылы D) 1986 жылы E) 1988 жылы |
20. 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялаған Қазақстандағы ерте ортағасырлық мемлекет. A) Қарақытай мемлекеті. B) Оғыз мемлекеті. C) Қыпшақ хандығы. D) Қарахан мемлекеті.+ E) Қимақ хандығы. |
21. «Дешті уалаяты Берке ханға бағынған кезде дінсіздердің көп бөлігін ол ислам дініне кіргізді»-деп жазған Өтеміс қажының кітабының аты: A) «Ислам діні» B) «Кодекс куманикус» C) «Шыңғыснама»+ D) «Мухаббатнама» E) «Оғызнама» |
22. “Жамиғат тауарих”жинағының авторы A) Қ.Жалаири+ B) Әл-Фараби C) А.Игунки D) Ж.Баласағұн E) А.Яссауи |
23. 1916 жылы Қарашақ болысының ханы болып сайланған: A) Ахмет Байтұрсынов. B) Сәкен Сейфуллин. C) Оспан Шонов. + D) Әлихан Бөкейханов. E) Тұрар Рысқұлов. |
24. 1917 жылы Кеңес өкіметіне қарсы біріккен күштер: A) Ислам күштері мен эсерлер. B) Алашорда мен меньшевиктер. C) Ақгвардияшылар мен Алашорда.+ D) Эсерлер мен оңшылдар. E) Кадеттер мен оңшылдар. |
25. Мәлік Ғабдуллин Кеңес Одағының батыр атағын алды: A) Сталинград үшін шайқаста. B) Курск үшін шайқаста. C) Ленинград үшін шайқаста. D) Брест қамалы үшін шайқаста. E) Мәскеу үшін шайқаста. +
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |