Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2016.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.3 Mб
Скачать

Қазақ әдебиеті

1. ’’Оғыз Қаған’’жырындағы Оғыздың ақылшысы кім екенін белгілеңіз.

A) Білге.

B) Күлтегін.

C) Ұлық Түрік.

D) Қорқыт.

E) Тоныкөк.

2. Жүсіп Баласағұн қай ғасырда өмір сүргенін белгілеңіз.

A) VІІІ ғ.

B) X ғ.

C) XІ ғ.

D) ІX ғ.

E) XІІ ғ.

3. Әдеби ертегінің кейіпкерін табыңыз.

A) Ақшахан

B) Абылай хан

C) Әз Жәнібек хан

D) Жүсіп хан

E) Тайшық хан

4. Жәнібек ханның Жиреншеге әйелінің өлгенін хабарлауын тұрмыс-салт жырының қай түріне жатқызатынымызды белгілеңіз.

A) Жоқтау.

B) Естірту.

C) Мақал.

D) Қоштасу.

E) Жұмбақ.

5. Қазтуғанның шешесінің атын табыңыз.

A) Жанбике.

B) Қанша.

C) Бозтуған.

D) Белгісіз.

E) Бибі.

6. «Өнер-білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден

Көзіңді ашып-жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды», - деген өлең жолдарының авторын табыңыз.

A) А.Құнанбаев.

B) С.Сейфуллин.

C) М.Дулатов.

D) Ы.Алтынсарин.

E) Бұқар жырау.

7. Жас қанжары-жүректегі жігері,

Өнер,оқу- жастың қару-жарағы… деген тармақтар І.Жансүгіровтің қай шығармасынан алынғандығын анықтаңыз.

A) «Бүгінгі дала».

B) «Оқимын».

C) «Жел».

D) «Жастар».

E) «Ала бие».

8. С.Мұқановтың жиырмасыншы жылдары қандай тақырыпта өлеңдер жазғандығын анықтаңыз.

A) Табиғат.

B) Қазақ кедейінің халі.

C) Достық,махаббат.

D) Білім жайлы.

E) Пайдалы қазбалар.

9. Ж.Молдағалиевтің «Мен-қазақпын» шығармасы арқылы қандай ерекшелігі байқалатынын табыңыз.

A) Реалист ақын.

B) Романтик ақын.

C) Лирик ақын.

D) Сыншы ақыл.

E) Патриот ақын.

10. «Қобыланды батыр» жырындағы Қобыландының әкесінің атын табыңыз.

A) Тортай.

B) Тоқтарбай.

C) Құлтай.

D) Әлімбай.

E) Байбөрі.

11. Ай мүйізді қошқардың,

Бөрі тартар қоңынан,- деген Қыз Жібек жырынан алынған жолдардағы көркемдегіш құралды көрсетіңіз.

A) Салыстыру.

B) Теңеу.

C) Ауыстыру.

D) Астарлау.

E) Кішірейту.

12. Қадірін жеңге білмесе,

Бойға жеткен қыз ғаріп,- деген жолдардың авторын көрсетіңіз.

A) Шалкиіз.

B) Дулат.

C) Асан қайғы.

D) Қазтуған.

E) Бұқар жырау.

13. ’’Орай да борай қар жауса,

Қалыңға боран борар ма?

Қаптай соққан боранда

Қаптама киген тоңар ма?

Туырлықсыз тұл үйге

Ту байласаң тұрар ма?!’’

Үзінді Махамбеттің қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз.

A) ’’Ұлы арман’’.

B) ’’Бағаналы терек’’.

C) ’’Мінкен ер’’.

D) ’’Жалғыздық’’.

E) ’’Нарын’’.

14. Қанды көз қайқаң етіп шықса аспанға. (Абай)

Осындағы асты сызылған сөз троптың қай түрі екенін табыңыз.

A) Метонимия.

B) Кейіптеу.

C) Эпитет.

D) Метафора.

E) Теңеу.

15. С.Торайғыров Нұрғали Бекбауов деген мұғалімнен не үйренгенін белгілеңіз.

A) Қазақ, татар тілінде шыққан әдеби кітап, газет-журналдарды оқып, пән негіздерін үйренді.

B) Орыс тілін үйренді.

C) Өлең жазуды үйренді.

D) Хат таныды.

E) Орысша оқуды меңгерді.

16. С. Сейфуллиннің тұңғыш өлеңдер жинағын атаңыз.

A) "Тұрмыс толқынында".

B) "Домбыра".

C) "Асау тұлпар".

D) "Өткен күндер".

E) "Экспресс".

17. Ғабит Мүсіреповтің драматургия саласындағы еңбегін табыңыз.

A) ’’Автобиографиялық әңгіме’’.

B) ’’Этнографиялық әңгіме’’.

C) ’’Италия сапарынан’’

D) ’’Ер ана’’.

E) ’’Ақан сері- Ақтоқты’’.

18. 20-30 жылдарда қазақ қаламгерлері өндіріс дамуының символы ретінде қолданған сөздерді табыңыз.

A) Машина, теңіз, егін.

B) Орақ, кетпен, мал.

C) Темір жол, зауыт, фабрика.

D) Трактор, ақсақ киік.

E) Шахта, колхоздастыру, аққу.

19. Өзбек әдебиетінің өкілдерін табыңыз.

A) Т.Сатылғанов.

B) Ғ.Тоқай, Ғ.Ибрагимов

C) Ш.Айтматов, Науаи.

D) Ғ.Гулям, М.Айбек.

E) М.Жәлел, С.Құдаш.

20. Шалкиіздің ’’Жел, жел есер, жел есер’’толғауы қай жинаққа енгенін анықтаңыз.

A) ’’Асау тұлпар’’.

B) ’’Алдаспан’’.

C) ’’Серке’’.

D) ’’Көктем’’.

E) ’’Үш анық’’.

21. Тауды екіге жарасың,

Тастың қашап арасын.

Кесіп өтіп кезеңді,

…, қайда барасың, - деп Дулат қай өзен туралы жырлағанын анықтаңыз.

A) Ертіс.

B) Іле.

C) Жайық.

D) Еділ.

E) Аягөз.

22. Зар заман ақындары шығармаларының өзіндік ерекшелігін көрсетіңіз.

A) Торығу, кемшіліктерді сынау.

B) Дінді уағыздау, болашаққа сену.

C) Өткенді аңсау, болашақтан үміт күту.

D) Болашаққа сену, торығу.

E) Кемшіліктерді сынау, қуану.

23. П.П.Семенов-Тян-Шанскийдің Шоқан туралы айтқан пікірін белгілеңіз.

A) Маған ол Европаға ашқан терезе сықылды.

B) Уәлихановты үздік адам деуге болады.

C) Мен сізге ғашықпын...

D) Құйрықты жұлдыздай жарқ етті.

E) Талантты екі жасқа назарым ауды.Әсіресе Ш.Уәлиханов...

24. М.Әуезовтің 20-жылдардағы пьесалар бәйгесінде Ж.Аймауытовтың «Шернияз» пьесасынан кейін орын алған шығармасын табыңыз.

A) “Қаракөз”.

B) “Шекарада”.

C) “Абай”.

D) “Түнгі сарын”.

E) “Тартыс”.

25. «Көшпенділер» трилогиясының бас қаһарманын анықтаңыз.

A) Ана.

B) Әйелдер.

C) Ерлер.

D) Әке.

E) Халық.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]