Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2016.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.3 Mб
Скачать

Биология

1. Астық тұқымдасында бір үйлі өсімдік

A) тары.

B) қарабидай.

C) сұлы.

D) бидай.

E) жүгері.

2. Бактерия талшығының маңызы:

A) Қозғалуға.

B) Жан-жақты бағдарлауға.

C) Қоректенуге.

D) Көбеюге.

E) Жарық пен қараңғыны сезуге.

3. Жануарлардың өсімдіктерден айырмашылығы неде?

A) Жасушалы құрылысы.

B) Ұлпа ақуыздардан, көмірсулардан, майлардан тұрады.

C) Фотосинтез процесі жүрмейді, дайын органикалық заттармен қоректенеді.

D) Климатқа әсер етеді.

E) Жыныссыз және жынысты жолмен көбеюі.

4. Шаянтәрізділерге жататын:

A) қара шыбын

B) ұлу

C) кәдімгі тоспаұлу

D) дафния

E) қоңыз

5. Қоректену және қимыл қызметтерін атқаратын ұлпалар:

A) Қан және лимфа

B) Жүйке

C) Сүйек

D) Эпителий

E) Май

6. Адреналин қанда шектен тыс көбейгенде, ағзада болатын өзгеріс:

A) Дене қызуы төмендейді.

B) Асқорыту күшейеді.

C) Қанда глюкоза азаяды.

D) Қан тамырлары кеңейеді.

E) Жүрек жұмысы күшейіп, дене қызуы көтеріледі.

7. Көздің бұзылуы ағзада мына дәруменнің (витаминнің) жетіспеуінен

A) В1

B) Д

C) А

D) В2

E) С

8. Ата-ана белгілер жиынтығының ұрпақтан-ұрпаққа берілу қасиеті:

A) тітіркенгіш

B) өзгергіштік

C) даму

D) көбею

E) тұқымқуалау

9. Тірі организмдер тіршілік ететін Жер бетінің геологиялық қабықтарының бірі -

A) гидросфера.

B) литосфера.

C) ноосфера.

D) биосфера.

E) атмосфера.

10. Тұқымның ең негізгі бөлігі:

A) Қауыз.

B) Эндосперм.

C) Тамырша.

D) Сабақша.

E) Ұрық.

11. Бауырсорғыш құрт:

A) Көп иелі.

B) Үш иелі.

C) Бір иелі.

D) Екі иелі.

E) Төрт иелі.

12. Cүтқоректілердің жиналып (тығылып) тұратын тырнақтарының қызметі

A) таулы, жартасты жерлерге секіру.

B) қорегін ұстау.

C) қалың қар, батпақтан өту.

D) жұмсақ жермен жүру.

E) суда жүру.

13. Ағзаның ауруға төзімділігін нашарлатады

A) суда шомылу

B) спортпен айналысу

C) көп қимылдау

D) аз қимылдау

E) жүгіру секіру

14. Фагоцитоз дегеніміз:

A) жасушаның бөгде заттарды ерітуі

B) лейкоциттердің тіршілігі

C) лейкоциттердің микроорганизмдерді сіңіріп қорытуы

D) бұзылған лейкоциттер

E) лейкоциттер

15. Сір қауызы қаптайды:

A) Бауырды

B) Бүйректі

C) Жүректі

D) Көкбауырды

E) Өкпені

16. Уланған адамға беретін ең алғашқы көмек

A) қозғалтпау

B) асқазанды тазарту

C) жүгірту

D) ыстық шай беру

E) жатқызу

17. Жасушаны триплоидты деп атайды, егер онда ... :

A) әр типтің үш хромосомасы болса.

B) соматикалық жасушаның хромосомалар жиыны.

C) әр типтің төрт хромосомасы болса.

D) әр түрдің бір хромосомасы болса.

E) әр типтен екі хромосомасы болса.

18. Энергия айналымындағы универсалды зат:

A) АТФ

B) ДНҚ

C) РНҚ

D) ДНҚ, РНҚ

E) АДФ

19. Ағзаға әсер етуші өлі табиғат жағдайы:

A) Шектеуші.

B) Биотикалық.

C) Экологиялық.

D) Бейбиотикалық (абиотикалық).

E) Антропогендік.

20. Мүйізді ірі қара қазақтың ақбас тұқымын шығаруға қатысќан-ғалым:

A) Х. Досмұхамедов

B) Ж. Кудерин

C) Б. Мусин

D) А. Елеманов

E) А. Жандеркин

21. Тамырдың мықтылық, беріктік қасиеті неге байланысты?

A) Негізгі ұлпаға.

B) Жабын ұлпаға.

C) Түзуші ұлпаға.

D) Механикалық ұлпаға (Тірек ұлпасы).

E) Өткізгіш ұлпаға.

22. Гүлдердегі гүлсағақтарының ұзындығы әр түрлі болғанымен бір деңгейде орналасқан гүлшоғыры:

A) Қалқанша

B) Собық

C) Шатыр

D) Масақ

E) Шашақ

23. Түрленіп дамиды

A) ит

B) көгершін

C) бақа

D) кесіртке

E) жылан

24. Физиологиялық критерийдің негізгі ерекшелігі:

A) Түрдің таралған белгілі бір аймағы.

B) Сыртқы орта факторларының жиынтығы.

C) Нақты түрге тән хромосомалар жиынтығы.

D) Ағзаның сыртқы белгілерінің жиынтығы.

E) Ағзалардың тіршілік әрекеттері мен қасиеттері.

25. «Динозаврлар дәуірі» болып есептелетін заман:

A) Кайнозой.

B) Мезозой.

C) Протерозой.

D) Палеозой.

E) Архей.

БИОЛОГИЯ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]