
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БІЛІМ БЕРУ МЕН ТЕСТІЛЕУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК
СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
БАЙҚАУ СЫНАҒЫ
СҰРАҚ КІТАПШАСЫ
2016 - НҰСҚА
2008
ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Синоним сөздерді табыңыз. A) Қатты, жұмсақ, жылы. B) Қияр, қияқ, қию. C) Жұмыс, еңбек, өнеркәсіп. D) Айлық, еңбекақы, жалақы.+ E) Саз, сай, сайлау. |
2. Ашық дауыстыны анықтаңыз. A) ү B) і C) у D) и E) а+ |
3. Сыңары жоқ дауыссызды табыңыз. A) п. B) к. C) ц.+ D) қ. E) т. |
4. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған жатыс жалғауын табыңыз. A) Өндірісті. B) Үйімде.+ C) Орманда. D) Қалада. E) Көшеде. |
5. Күрделі сөзді табыңыз. A) Сүйеніш. B) Қолғанат.+ C) Басқарушы. D) Жамбыл. E) Шаруақор. |
6. Есім сөзден жасалған туынды зат есімді табыңыз. A) Батпақ. B) Адамдық. + C) Тарамыс. D) Басқыш. E) Күрек. |
7. Белгісіздік есімдігін табыңыз. A) Әрқалай.+ B) Әріптес. C) Әрекет. D) Әсершіл. E) Әрлену. |
8. Өзгелік етіске жалғанған тұйық етістік жұрнағын көрсетіңіз. A) Жарылу. B) Оқу. C) Жағалау. D) Жарғызу.+ E) Жарысу. |
9. Одағайдың білдіретін мағынасын анықтаңыз. Бәрекелді, ер екенсің. A) Қуану. B) Таңдану. C) Сүйсіну.+ D) Өкіну. E) Қапалану. |
10. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз. A) Бала қыздың алдына асыл тұқымды тұлпарды тарта берді. B) Тұлпар туған шұбар ат. C) Түп атасы-араб тұлпары. D) Тұлпар-батырлар мінген жүйрік ат. E) Халықтан небір тұлпарлар шығады. + |
11. Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды белгілеңіз. A) Қиғаш қас. B) Аршын төс. C) Алма мойын. D) Қолаң шаш. E) Құралай көз. + |
12. Күрделі сын есімді табыңыз. A) Қоңыр ала.+ B) Балаларға базарлық. C) Тісін қайрады. D) Ашық ауыз адам. E) Бес дәптер. |
13. Сын-бейне үстеулі тіркесті көрсетіңіз. A) Жолшыбай кездесті. B) Әрең қозғалады.+ C) Елжіреді. D) Әрқашан біргеміз. E) Анағұрлым көп. |
14. Барыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеулікті көрсетіңіз. A) Секілді, шамалы, екен. B) Қатар, бірге, әрі. C) Дейін, таман, қарай.+ D) Сайын, туралы, үшін. E) Соң, гөрі, кейін. |
15. Сөз тіркесіндегі матасуды табыңыз. A) Атаның баласы. + B) Көк аспан. C) Жасыл жер. D) Қалта сағат. E) Мен жаздым. |
16. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз. A) Кәкітай да, Дәрмен де ұзақ хаттар жазды.+ B) Кәкітай да, Дәрмен, де ұзақ хаттар жазды. C) Кәкітай да, Дәрмен де, ұзақ хаттар жазды. D) Кәкітай да Дәрмен де, ұзақ хаттар жазды. E) Кәкітай, да Дәрмен, де ұзақ хаттар жазды. |
17. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз. A) Кеш тым ыстық болғандықтан, жұрт әдеті бойынша далаға шығып отырған секілді.+ B) Түн. Ай жап-жарық. C) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын жауып алыпты. D) Ағам келетін уақыт болды. E) Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде, Абай шешіле түсті. |
18. Қаратпа сөз көбіне қай тұлғада тұратынын анықтаңыз. A) Табыс септігінде. B) Жіктеулі түрде. C) Атау септігінде.+ D) Ілік септігінде. E) Барыс септігінде. |
19. Сөйлеушінің біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей беруінің атауын табыңыз. A) Қыстырма сөз B) Төлеу сөз C) Автор сөзі D) Төл сөз+ E) Қаратпа сөз |
20. Ұлыс, нөкер, жасақ сөздері қай елден келгенін белгілеңіз. A) Моңғол.+ B) Араб. C) Иран. D) Орыс. E) Грек. |
21. Көмекші етістікті бейнелеуішті табыңыз. A) Жалп-жалп құлады. B) Жалт-жұлт етті.+ C) Ербеңдеп келеді. D) Кілт тоқтады. E) Сұлқ түсті. |
22. Бағы жанып, абыройы көтерілген адамға байланысты қолданылатын тұрақты сөз тіркесін анықтаңыз. A) Тас бауыр. B) Қысқа жібі күрмеуге келмейді. C) Тамырына балта шабу. D) Күле кіріп, күңірене шығу. E) Тасы өрге домалады. + |
23. Жақсыз сөйлемді табыңыз. A) Оған келуге болмайды.+ B) Ол – әкесінің шаңырағының иесі, мұрагері. C) Әкесі мен шешесін кенже ұлы асырайды. D) Өзіңе қарай дос таңда. E) Ыстық асты үрлеме. |
24. Қос нүктенің қойылу себебін белгілеңіз. Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар. A) Жалпылауыш сөз. B) Ыңғайлас салалас. C) Кезектес салалас. D) Қарсылықты салалас. E) Себеп-салдар салалас. + |
25. «Рецензия» - қай елдің сөзі, табыңыз. A) Иран. B) Латын.+ C) Орыс. D) Парсы. E) Қазақ.
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
Қазақстан тарихы
1. Неолит дәуірінің қамтитын кезеңі. A) Б.з.д. 140-40 мыңжылдықтар. B) Б.з.д. 30-10 мыңжылдықтар. C) Б.з.д. 200-140 мыңжылдықтар. D) Б.з.д. 5-3 мыңжылдықтар.+ E) Б.з.д. 80-40 мыңжылдықтар. |
2. Түркеш қағанатының астанасы. A) Фараб. B) Баласағұн. C) Сығанақ. D) Тараз. E) Суяб. + |
3. 1802 жыл С.Датұлы қаза болған жер A) Бұқар B) Жайық бойында C) Орынборда D) Хиуа хандығы+ E) Сыр бойында |
4. Кіші жүздің негізгі территориясында хандық билік жойылған жылы: A) 1822 ж. B) 1824 ж.+ C) 1825 ж. D) 1817 ж. E) 1819 ж. |
5. 1883 жылы ашылған Іле су жолының Шыңжаңдағы соңғы нүктесі A) Сүйдін + B) Үрімші C) Құлжа D) Шәуешек E) Қашқар |
6. XIX ғ. II жартысындағы көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері жаңашыл педагог: A) М.Дулатов. B) Ш.Құдайбердіұлы. C) Ы.Алтынсарин.+ D) А.Байтұрсынұлы. E) В.Григорьев. |
7. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ірі орталықтары: A) Торғай және Жетісу + B) Торғай және Қарағанды C) Ақмола және Өскемен D) Жетісу және Ақтау E) Жетісу және Қаратау |
8. Жамбыл Жабаев«Ленинградтық өренім!» өлеңін жазды: A) 1918жылы. B) 1941жылы.+ C) 1924жылы. D) 1937жылы. E) 1927жылы. |
9. 1960 жылы қаңтарда болған пленумда республика партиясы ұйымының бірінші хатшысы болып сайланды: A) Д.А.Қонаев+ B) В.Г.Колбин C) Н.Ә.Назарбаев D) Н.С.Хрущев E) П.К.Пономаренко |
10. Қаңлы тайпалық бірлестігінің территориясы орналасты A) Жетісуда. B) Орталық Қазақстанда. C) Маңғыстауда. D) Шығыс Қазақстанда. E) Оңтүстік Қазақстанда. + |
11. Орта ғасырлық Қазақстанда буддизм таралған аймақ A) Оңтүстік Қазақстан+ B) Шығыс C) Солтүстік D) Батыс E) Орталық |
12. 1456-1457 жылдары Әбілқайырдың ойраттардан жеңілген жер: A) Жент түбі. B) Сығанақ түбі.+ C) Испиджабта. D) Суяб маңы. E) Шаш маңы. |
13. 1718 ж. жоңғар қазақ шайқасы болған жер A) Аягөз маңы+ B) Арал маңы C) Сарысу өзенінің бойы D) Қарасиыр жері E) Бұланты өзенінің бойы |
14. Топонималық мәліметтер бойынша қазақ жасақтарының Ордабасы тауында ұйымдастырылды: A) Әскердің санына қарай B) Жүздік негізде+ C) Рулық негізде D) Әскердің түрі бойынша E) Шашыраңқы ұрыс тактикасымен ұйымдастырылды |
15. Қаскелең өзені бойындағы Қоқан хандығының бекінісі A) Лепсі B) Қапал C) Қаратал D) Таушүбек + E) Аягөз |
16. 1905-1907 жылдардағы қазақ-орыс еңбекшілерінің интернационалдық бой көрсетуі болған жер A) Қарағанды шахтасы B) Шымкент зауыты C) Риддер түсті металл кеніші D) Успен кеніші+ E) Спасск мыс зауыты |
17. Индустрияландыру кезінде құрылған мұнай базасы: A) Шымкент. B) Ембі.+ C) Маңғышлақ. D) Гурьев. E) Павлодар. |
18. Қазақстанда тың жерді игеру басталды: A) 1955 жылы. B) 1953 жылы. C) 1954 жылы.+ D) 1952 жылы. E) 1951 жылы. |
19. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған-тіл, әдебиет, ғылым, журналистика салаларында мол мұра қалдырған A) Қ.Жұбанов B) Ш.Құдайбердиев C) С.Сейфуллин D) М.Жұмабаев E) А.Байтұрсынов+ |
20. Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан дами бастаған кезеңі: A) б.з.б. VІІ ғасыр B) б.з.б. ІV ғасырдың соңы C) б.з.б. ІІ ғ.ортасы+ D) б.з.б. IІІ ғ.басы E) б.з.б. VІ ғасыр |
21. Өзбек ұлысында XV ғ. ер жүректері қазақтар екенін жазған тарихшы A) В.В.Бартольд B) Рузбихан+ C) Б.Е.Көмеков D) Сына-Цянь E) Рубрук |
22. XIV-XV ғасырлардың аралығында белгілі болған өзбек ақыны Хорезмидің әдеби шығармасының аты: A) «Ел айрылған» B) «Мухаббатнама»+ C) «Жүсіп – Зылиха» D) «Оғызнама» E) «Хұсрау мен Шырын» |
23. XVI-XVII ғасырлардағы қазақ тарихының маңызды ескерткіші-Қадырғали Жалайырдың шығармасы: A) "Диван лұғат ат-түрік". B) "Тарихи рашиди". C) "Бадап әл-уәкәй". D) "Диуани хикмат". E) "Жамиғат тауарих".+ |
24. Ханды қорғап жүретін,өзі елінен іріктеп алған жасағы: A) Батырлар B) Уәзірлер C) Басқақтар D) Бектер E) Төлеңгіттер + |
25. Қазақ депутаттары Кеңестерінің Ақмола уездік съезі Алашорда автономиясын теріске шығарған қарар қабылдады: A) 1918 жыл наурыз.+ B) 1918 жыл қаңтар. C) 1917 жыл наурыз. D) 1918 жыл мамыр. E) 1917 жыл желтоқсан.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |