
Биология
1. Астық тұқымдасқа жататын өсімдік: A) Пияз. B) Орамжапырақ. C) Сәбіз. D) Шомыр. E) Жүгері. |
2. Бактериялар туғызатын ауру: A) Қызылша. B) Безгек. C) Теміреткі. D) Пневмония. E) Полиомиелит. |
3. Мысық сорғыш құрттың әсерінен пайда болатын ауруды белгілеңіз: A) Дикроцелиоз B) Цистицеркоз C) Шистозаматоз D) Описторхоз E) Фациолез |
4. Қатқыл қанаттылар отрядына жататындар : A) шегірткелер, көкқасқа шегіртке, бұзаубастар. B) шыбындар, масалар, соналар. C) ызылдақ, бізтұмсық қоңыздар. D) аралар, түкті аралар, құмырсқалар. E) бітелер, құртамыштар. |
5. Жүректен шыққан қанды денеге тарататын тамыр: A) Лимфа. B) Қолқа. C) Салатамыр. D) Көктамыр. E) Қылтамыр. |
6. Шылым түтінінің ішінде болады: A) Улы газ, шаң, өттегі. B) Улы газ, оттегі, шемен. C) Улы газ, шаң, тозаң. D) Улы газ, шаң, қүйе. E) Улы газ, шаң, шемен. |
7. Көзге зиян келтірмейді – A) Кітапқа тым үңілу B) Жарқыраған жарық C) Қатты жарыққа қарағанда көзілдірік кию D) Алкоголь E) А дәрумені жетіспегенде |
8. Өсімдіктердің жаңа іріктемелері мен жануарлардың тұқымдарын жасау, жақсарту, ұсақ ағзалардың штаммаларын алу әдістерін зерттейтін ғылым: A) Селекция. B) Экология. C) Цитология. D) Генетика. E) Эмбриология. |
9. Биосферада атом энергиясын пайдаланғанда- A) атмосфера құрамы ластанады. B) радиоактивті сәулелер жинақталады. C) көп мөлшерде оттегі сіңіріледі. D) зиянды газдар жинақталады. E) көмірқышқыл газының мөлшері азаяды. |
10. Ең маңызды органикалық тыңайтқыш - A) Фосфор B) Көң C) Күл D) Азот E) Калий тұзы |
11. Құстың мүшелері мен ұлпаларына баратын қан: A) қанықпаған қан B) салатамыр қаны C) көктамыр қаны D) қылтамыр қаны E) аралас |
12. Адам жасушаның энергия көзі A) митохондрий B) ядро C) ядрошық D) цитоплазма E) вакуоль |
13. Кене арқылы таралатын ауру A) шиқан B) пневмония C) сыздауық D) энцефалит E) қояншық |
14. Қарын сөліндегі ферментті күшейтетін: A) Өт B) Май C) Глюкоза D) Аминқышқылы E) Тұз қышқылы |
15. Ағзада жетіспегенде “мешел” ауруы пайда болатын дәрумен: A) B B) D C) E D) K E) A |
16. Адамның кез келген жасушасының негізгі бөлігі: A) Рибосомалар. B) Гольджи жиынтығы. C) Жарғақша. D) Цитоплазма және ядро. E) Митохондриялар. |
17. Полимерлер болып саналатын көмірсулар A) дисахаридтер. B) полисахаридтер. C) моносахаридтер. D) трисахаридтер. E) глюкоза. |
18. Бір түрге жататын өз алдына жеке оқшауланған даралар тобы- A) ареал. B) экология. C) популяция. D) критерия. E) оқшаулану. |
19. Қысқы тыныштық күйге көшкен бунақденелілердің қуыршақ сатысында қыстайтындары A) сыңар жібек көбелек. B) орамжапырақ көбелегі. C) безгек массасы. D) зауза қоңызы. E) қалақай көбелегі. |
20. Тамырсабақ дегеніміз - A) Тін талшықтары. B) Вегетативті көбейтуге болатын тамыр аймағы. C) Өсімдіктің ең ірі тамыры. D) Түрі өзгерген тамыр. E) Көлбей жататын жер асты өркен. |
21. Жапырақта органикалық зат түзілу үшін қажетті бейорганикалық заттар: A) Су, минералды тұздар, көмірқышқыл газы, оттегі. B) Көмірқышқыл газы, су, жарық. C) Су, көмірқышқыл газы, ауа. D) Ауа. E) Оттегі, су. |
22. Гүл күлтесінің сыртын қаптайтын жапырақша. A) Тостағанша B) Гүлтабан C) Күлте D) Гүлсағақ E) Аналық |
23. Микраскоппен ғана көрінетін өте кішкене балдыр A) Хлорелла B) Ламинория C) Спирагира D) Қызыл балдыр E) Хламидамодана |
24. Гомологиялық хромосомалардың бір-біріне жақындауы: A) Коньюгация B) Кроссинговер C) Транскрипция D) Митоз E) Трансляция |
25. Адамдағы аналық жыныс хромосома санының ауытқуы: A) 44 аутосомы + ХУ B) 46 аутосомы C) 22 аутосомы + У D) 22 аутосомы + Х E) 44 аутосомы + ХХ
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |