
Биология
1. Жабайы өсімдіктерге жатады A) Демалыс орындарында арнайы өсірілетіндер B) Аула және көшелерде өсетіндер C) Бақша өсімдіктері D) Табиғатта өздігінен өсетіндер E) Жеміс ағаштары |
2. Себет гүлшоғырының ортасында сары түсті түтікше гүлдер, жиегінде ақтүсті-тілше гүлдер орналасқан өсімдік : A) Үштармақты итошағанда. B) Жер алмұртында (топинамбур). C) Дәрілік түймедағында. D) Астрада. E) Күнбағарда. |
3. Қына денесіндегі балдыр жасушалары A) қоңыр балдырдікі. B) қызыл балдырдікі. C) жіптәрізді жасыл балдыр - улотрикстікі. D) бір клеткалы жасыл балдырдікі. E) жіптәрізді жасыл балдыр - спирогиранікі. |
4. Кірпікшелі құрттардың денесінде орналасқан - дәнекер ұлпа A) Ішек B) Сорғыш C) Финка D) Паренхима E) Құйрық |
5. Түсі барқыттай қара, қызыл ноқаттары бар өрмекші: A) Қарақұрт. B) Мизан. C) Шаршылы өрмекші. D) Бүйі. E) Қыршаян. |
6. Гастрит (асқазанның қабынуы)- A) тік ішектің ауруы. B) ішектің ауруы. C) бауырдың ауруы. D) бүйректің ауруы. E) асқазанның сілемейлі қабығының ауруы. |
7. Жасушада тұқым қуалаушылықтың бұзылуы ... құрылымына байланысты. A) лизосоманың B) митохондрияның C) мембрананың D) вакуольдің E) хромосоманың |
8. Өсімдіктер систематикасының дамуы мен өсімдіктер әлемін құру жүйесінде еңбектері маңызды болған ғалым A) Пастер. B) Аристотель. C) Линней. D) Теофраст. E) Гиппократ. |
9. Күннің ультра күлгін сәулелерінен қорғайды: A) озон B) атмосфера C) тропосфера D) литосфера E) биосфера |
10. Ашық реңді, шырынды жемістердің таралуы: A) Желмен B) Жануарлармен C) Өздігінен D) Ауамен E) Сумен |
11. Тыныс алу құбылысына тән: A) Оттегі бөлінеді. B) Жарықта ғана іске асады. C) Көмірқышқыл газы сіңіріледі. D) Тек қана хлоропластарда жүреді. E) Органикалық зат ыдырайды. |
12. Сүтқоректіде кіші қанайналым шеңбері қайдан басталады? A) оң жақ құлақшадан B) оң жақ қарыншадан C) сол жақ қарыншадан D) сол жақ құлақшадан E) артериядан |
13. Дене жамылғысын құрайтын ұлпа: A) Дәнекер. B) Бұлшықет. C) Май. D) Жүйке. E) Эпителий. |
14. Мидың сұр затын құрайтындар: A) Серіктес жасушалар. B) Нейронның ұзын өсінділері (аксондар) . C) Нейрон денесі мен оның қысқа өсінділері (дендриттер). D) Аралық жасушалар. E) Нейрондар мен электрондар. |
15. Шамалы қозғалмалы сүйектер: A) жамбас белдеуі және ортан жілік B) иық белдеуі және бұғана C) омыртқа D) бассүйек E) төменгі жақсүйек |
16. Фибрин – бұл: A) қан плазмасы. B) түссіз сұйықтық. C) ерімейтін талшықты ақуыз. D) қан. E) қан жасушалары. |
17. (Астың сіңуі) дегеніміз - A) Улы заттардың бауырда залалсыздануы. B) Заттардың асқорыту жолындағы бірнеше жасушалар қабаты арқылы қан мен лимфаға өтуі. C) Қоректік заттар сіңірілуінің аяқталуы. D) Еритін кенеулі заттардың түзілуі. E) Күрделі заттардың жай заттарға ыдырауы. |
18. Рибосоманың химиялық құрамына кіреді A) АТФ. B) Ірілі-ұсақты көпіршіктер. C) Көмірсулар. D) Рибонулсин қышқылы мен ақуыз. E) Липидтер. |
19. Жасуша заттарының ішінде ақуыздардың мөлшері (%) қандай? A) 10%-20 %. B) 5 %. C) 50 % D) 80 %. E) 1 %. |
20. Тамырсабақты арамшөп A) Жауқазын B) Қазжуа C) Бидайық D) Пияз E) Бәйшешек |
21. Қырықбуындар өсетін жер A) Барлық ылғалды жерлерде B) Тас бетінде C) Суда D) Құрғақ жерлерде E) Тек тас бетінде |
22. Түрленбей дамитын омыртқасыз жануарларға жататындар- A) Өрмекшілер. B) Шаянтектестер. C) Ішекқуыстылар. D) Жәндіктер. E) Құрттар. |
23. Aта-аналары бір-бірінен екі жұп белгі бойынша ажыратылатын дараларды шағылыстыру A) тіркес тұқымқуалау заңы. B) дигибридті шағылыстыру. C) гаметалар тазалығы ережесі. D) моногибридті шағылыстыру. E) толымсыз доминанттылық. |
24. Қыста орамжапырақ (қырыққабат) көбелегі - A) Дернәсіл қалпында қыстап шығады. B) Қуыршақ күйінде қыстап шығады. C) Ересек күйінде қыстап шығады. D) Жұмыртқа қалпында қыстап шығады. E) Қырылады. |
25. Экожүйе A) түрлер жиынтығы B) түрлердің тұрақты деңгейі C) аймақ D) түрлердің өзгеруі E) түрлердің дамуы
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |