Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2013.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
821.76 Кб
Скачать

68

Байқау сынағы 2013 - нұсқа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БІЛІМ БЕРУ МЕН ТЕСТІЛЕУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК

СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

БАЙҚАУ СЫНАҒЫ

СҰРАҚ КІТАПШАСЫ

2013 - НҰСҚА

2008

ҚАЗАҚ ТІЛІ

1. Синоним сөздерді табыңыз.

A) Жүйрік, шабан.

B) Ақсақал, қария.+

C) Алаш, алаша.

D) Арық, семіз.

E) Азат, азайту.

2. “У” дыбысы жіңішке болып келген сөзді анықтаңыз.

A) Тау.

B) Кіру.+

C) Жабу.

D) Болу.

E) Қуаныш.

3. Қатаң дауыссыздар қатарын табыңыз.

A) П, Ф, К.+

B) Һ, С, Т.

C) Р, Ғ, Ц.

D) Й, Ш, Б.

E) П, Ф, Г.

4. Шығыс жалғауында тұрған сөзді табыңыз.

A) Арбашықпен.

B) Ертеңге.

C) Дәрігерін.

D) Ертеңнен.+

E) Сенбілікке.

5. Қысқарған сөзді табыңыз.

A) Көш жер.

B) Он үш.

C) Үш жүз.

D) Ауатком.+

E) Күні бойы.

6. Біркелкі заттарды жаппай атайтын зат есімдер атауын табыңыз.

A) Кісі аттары.

B) Жалқы есім.

C) Жалпы есім.+

D) Журнал, газет атаулары.

E) Қала, көше аттары.

7. Болымсыздық есімдігін табыңыз.

A) Кімдер.

B) Әлдекім.

C) Ешкім.+

D) Кімде-кім.

E) Қайсыбір.

8. -ар, -ер, -р тұлғалы етістіктің түрін белгілеңіз.

A) Есімше.+

B) Қалау рай.

C) Етіс.

D) Тұйық етістік.

E) Көсемше.

9. Төл сөзге байланысты дұрыс қойылған тыныс белгіні анықтаңыз.

A) “Мұны мен қайдан көрдім,” – деп ойлады ұста.

B) Мұны мен қайдан көрдім? – деп ойлады ұста.

C) “Мұны мен қайдан көрдім?” – деп ойлады ұста.+

D) - Мұны мен қайдан көрдім? – деп, ойлады ұста.

E) - Мұны мен қайдан көрдім деп ойлады ұста.

10. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.

A) Ылди-төмен.

B) Заңғар-биік.

C) Шұңғыл-жайпақ.+

D) Көреген-білгір.

E) Зор-жақын.

11. “Сингармонизм” сөзінің баламасын табыңыз.

A) Буын үндестігі.+

B) Дыбыс үндестігі.

C) Ілгерінді ықпал.

D) Тоғыспалы ықпал.

E) Кейінді ықпал.

12. Күрделі сөзді табыңыз.

A) Қалаға келу.

B) Қара торы.+

C) Ұзын ағаш.

D) Он бала.

E) Жақсы кітап.

13. Жетіге дейін саналатын сан есім түрін табыңыз.

A) Болжалдық.

B) Есептік.

C) Топтау.

D) Реттік.

E) Жинақтық.+

14. Мезгіл үстеуімен тіркескен есім сөзді, табыңыз.

A) Қыруар адам.

B) Лезде тапты.

C) Жаңа киім.

D) Ежелден таныс.+

E) Үйге кетті.

15. Септеулік шылауы бар сөзді көрсетіңіз.

A) Мектептен әрі біраз жүреміз.+

B) Әрі-бері жалтақтай берме.

C) Әр түрлі айлалы адам.

D) Марат, әрі отыр.

E) Ол әрі жазды, әрі оқыды.

16. Астанадан келген.

Байланысу тәсілін табыңыз.

A) Орын тәртібі.

B) Жатыс септік.

C) Шылау.

D) Айтылу ырғағы.

E) Шығыс септік. +

17. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

A) Рабиға біресе, маған, біресе Әмірге қарады.

B) Рабиға біресе маған, біресе, Әмірге қарады.

C) Рабиға біресе маған, біресе Әмірге, қарады.

D) Рабиға біресе, маған біресе Әмірге қарады.

E) Рабиға біресе маған, біресе Әмірге қарады.+

18. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Олардың киімдері де, кескіндері де, мінез-құлықтары да бір-біріне ұқсамайды.

B) Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді, бірақ талған жоқ.

C) Біресе жаңбыр себелейді, біресе қар ұшқындайды.

D) Бұлақты таудан арна ақса, теңіз болар аяғы.+

E) Жақсылардың біразы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті ғой …

19. Қаратпа сөзді табыңыз

A) Жақсы, сынап берейін.

B) Мақұл, айтқаның болсын.

C) Иә, әңгіме айта отыр.

D) Сәлем саған, туған ел.+

E) О, шіркін, шіркін!

20. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.

A) Бекболаттың көзі үлкейіп барады.

B) Қарны үлкейді, қампиды.

C) Атамның жасы үлкейді.

D) Олар үйін үлкейтіп салуда.

E) Дәрежесі үлкейген екен. +

21. Еліктеу сөзбен тұрған тіркесті көрсетіңіз.

A) Күз келді.

B) Жан-жануар көп.

C) Қиқаң-қиқаң етті.+

D) Үй-үйімізге тарадық.

E) Сендер үйге келіңдер.

22. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

A) Баласының үстіндегі көрпесін тартып жапты.

B) Өсерсің, ат жалын тартып мінерсің.+

C) Адамды жер асты байлығы тартады.

D) Нұрыш шешесіне ұқсаған.

E) Ақ орамал тартқан әйелдер бар.

23. Толымды сөйлем болу үшін қойылатын шартты белгілеңіз.

A) Сөйлем құрамына қажетті сөйлем мүшелерінің болуы.+

B) Төрт сөйлем мүшесі болуы.

C) Барлық сөйлем мүшесі болуы.

D) Үш сөйлем мүшесі болуы.

E) Екі сөйлем мүшесі болуы.

24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді табыңыз.

A) – Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма? деп - сұрады ол.

B) – Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма?, деп сұрады ол.

C) – Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма? деп сұрады ол.

D) – Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма? деп, сұрады ол.

E) – Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма?- деп сұрады ол. +

25. Түркі халықтарының ежелгі жазуын табыңыз.

A) Орыс.

B) Орхон-Енисей.+

C) Ескі славян.

D) Араб.

E) Латын.

ҚАЗАҚ ТІЛІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Қазақстан тарихы

1. Арабтар “Сүзеген” деп атаған қаған

A) Сұлу+

B) Тон

C) Бумын

D) Білге

E) Мұқан

2. Ерте ортағасырлық түркі тілдес тайпалардың діні:

A) Маниге табыну.

B) Буддаға табыну.

C) Аллаға табыну.

D) Тәңірге табыну.+

E) Исусқа табыну.

3. XVII.ғ.екінші жартысында қазақ хандығының астанасы көшірілген қала

A) Сайрам

B) Ақбешім

C) Сауран

D) Түркістан+

E) Сығанақ

4. Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген:

A) Барақ сұлтан+

B) Қайып

C) Әбілмәмбет

D) Әбілпайыз

E) Нәдір шах

5. Ішкі Ордадағы хан сарайы орналасты:

A) Жасқұста+

B) Жаманқалада

C) Теректіқұмда

D) Сарайда

E) Тастөбеде салынды

6. 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» ережесіне сай жан басына берілген жер көлемі:

A) 30 десятина+

B) 40 десятина

C) 25 десятина

D) 15 десятина

E) 10 десятина жер берілді

7. Тентектөре бастаған көтерілісшілер саны

A) 2 мың

B) 8 мың

C) 3 мың

D) 10 мың +

E) 6 мың

8. «Түрік, Қырғыз, Қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбектің авторы.

A) А. Құнанбаев.

B) М.Тынышпайұлы.

C) Қ.Салғараұлы.

D) Ш.Құдайбердиев.+

E) А.Байтұрсынов.

9. Отарлық ұлт аудандарының «Сілкініп оянуына» негіз болған «Қанды жексенбі» болған жыл

A) 1905 жылы+

B) 1900 жылы

C) 1902 жылы

D) 1909 жылы

E) 1907 жылы

10. Қола дәуірінде далалық өңірлерде пайда болған шаруашылықтың жаңа түрі:

A) Отырықшы мал шаруашылығы.

B) Мал шаруашылығы.

C) Жартылай көшпелі мал шаруашылығы.

D) Көшпелі мал шаруашылыгы.+

E) Егіншілік.

11. Сақ қоғамындағы адамдар тобы

A) Жауынгерлер, абыздар, қолөнершілер

B) Жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер+

C) Көсемдер, абыздар, малшылар

D) Көсемдер, жауынгерлер, егіншілер

E) Патша, малшылар, қолөнершілер

12. Моғолстан мемлекеті өмір сүруін тоқтатты

A) XV ғасырдың басында.

B) XV ғасырдың аяғында.

C) XVІ ғасырдың басында.+

D) XІV ғасырдың ортасында.

E) XV ғасырдың ортасында.

13. Қазақ хандығы үшін саяси-эканомикалық және әскери-стратегиялық жағынан маңызы зор болған қалалар :

A) Жетісу аймағындағы

B) Сыр бойындағы +

C) Іле аймағындағы

D) Талас өзені бойындағы

E) Шу өзені бойындағы

14. «Жеті жарғы» бойынша хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси өмірінің аса маңызды мәселелерін шешетіндер:

A) Билер+

B) Уәзірлер

C) Ханға жақын адамдар

D) Ру басылары

E) ”Хан кеңесшісі”

15. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың идеясы:

A) Ұлттық тәуелсіздік.

B) Социалистік.

C) Демократиялық.

D) Буржуазиялық.

E) Империализмге, отаршылдыққа қарсы. +

16. XXғ. 20-шы жж. әйелдер мәселесіне байланысты кеңес өкіметінің шаралары:

A) Қалың мал мөлшерін белгілеу.

B) Қалың малды алып тастау.+

C) Көп әйел алуды енгізу.

D) Әйелдерге білім алуға тыйым салу.

E) Әменгерлікті енгізу.

17. Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды:

A) 1943ж.

B) 1953ж.

C) 1954ж.+

D) 1946ж.

E) 1947ж.

18. 1972 жылы салынған электр станциясы:

A) Жамбыл

B) Қапшағай+

C) Атырау

D) Өскемен

E) Павлодар

19. XX ғасыр 90-жылдарындағы соңына қарай Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстардың ел арасындағы беделді әрі танымалы

A) «Арал-Балқаш»

B) Нағыз Ақжол

C) «Невада-Семей»+

D) Қазақстан республикалық партиясы

E) «Ақжол»

20. Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан дами бастаған кезеңі:

A) б.з.б. ІV ғасырдың соңы

B) б.з.б. IІІ ғ.басы

C) б.з.б. VІІ ғасыр

D) б.з.б. VІ ғасыр

E) б.з.б. ІІ ғ.ортасы +

21. XIV ғ. аяғы мен XV ғ. I-ші жартысында қазақ деген этносаяси қауымдастықтың болғаны туралы дерек қалдырды:

A) Марвази

B) Қашғари

C) Масуди

D) Рашид ад - Дин

E) Рузбихан +

22. XIII-XV ғасырлардан аттары бізге аңыз болып жеткен ауызша поэзия өкілдердің бірі:

A) Жиембет

B) Доспамбет жырау

C) Ақтамберді

D) Үмбетей жырау

E) Кетбұға +

23. 1888 жылы Өскемен уезіндегі кен өндірісіндегі қазақ жұмысшылары ереуілінің нәтижесі

A) Жұмысшылар жұмсалған шығынды төледі

B) Жағдайлары өзгерген жоқ

C) Барлық қазақ жұмысшылары атылды

D) Жұмысшылардың жалақысы артты +

E) Ереуілге қатысқандар жазаланды

24. Бүкілқазақтық Алашорда Кеңесінің төрағасы:

A) Ә. Бөкейханов. +

B) М. Шоқай.

C) С. Сейфуллин.

D) Т. Рысқұлов.

E) А. Байтұрсынов.

25. Ленинград үшін шайқаста ерлікпен қаза тапқан қазақ батыры:

A) Қ.Қайсенов.

B) С.Баймағамбетов+

C) Б.Момышұлы.

D) Б.Бейсекбаевқа

E) Р.Қошқарбаев.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]