
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БІЛІМ БЕРУ МЕН ТЕСТІЛЕУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК
СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
БАЙҚАУ СЫНАҒЫ
СҰРАҚ КІТАПШАСЫ
2012 - НҰСҚА
2008
ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Антонимді белгілеңіз. A) Қазы-қарта. B) Өткір-жасық.+ C) Бақ-дәулет. D) Көрші-көлем. E) Қыз-келіншек. |
2. Ашық дауыстыларды белгілеңіз. A) Х, т, ф, һ. B) О, ө, и, у. C) Ы, е, і, э. D) А, ұ, ү, и. E) А, ә, о, ө. + |
3. Бірыңғай қатаң дауыссызы бар сөзді табыңыз. A) Қатық+ B) Ірімшік C) Шұбат D) Талқан E) Айран |
4. Ілік септігі мен тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз. A) Қалаға бару. B) Анаға сәлем. C) Колхоздың малы.+ D) Кітапты беру. E) Ауылдан келген. |
5. Қосарлы есімдер тобынан жасалған сөзді табыңыз. A) Көріп отырды. B) Күнделік жазу. C) Өзімен-өзі.+ D) Алыстан көріп отыр. E) Келе бер. |
6. Туынды зат есімді анықтаңыз. A) Жапырақ. B) Достық.+ C) Ана. D) Ою. E) Сөз. |
7. Жалпылау есімдігін табыңыз. A) Барлық.+ B) Біреу. C) Сонау. D) Өзің. E) Біз. |
8. Қимыл мағынасын білдіретін сөзді табыңыз. A) Күлкі, мінез, ой. B) Біреу, екі, үш. C) Күлу, оқы, тоқу. + D) Қызыл, ақ, көк. E) Паh-паh, ойпырай. |
9. Қойылмаған тыныс белгісін көрсетіңіз. Алынған заттар орындық, тақта, стол сынып бөлмесіне сән бергендей. A) Қос нүкте.+ B) Нүкте. C) Нүктелі үтір. D) Сызықша. E) Көп нүкте. |
10. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз. A) Жеңешесі ас үйде екен. B) Өзі де үйіне қарай аяңдады. C) Сұңғақ бойлы адам үйдің басқышымен көтерілді. D) Марат үйдей тасты жылжыта алмады.+ E) Нарынқолда шатырлы үйлер көп. |
11. Біріккен сөздегі ілгерінді ықпалды белгілеңіз. A) Тоқымқағар.+ B) Көкшетау. C) Базарбай. D) Шілдехана. E) Жаңаберген. |
12. Дара сын есімді көрсетіңіз. A) Әп-әдемі. B) Әдемі.+ C) Қызыл ала. D) Ұзын бойлы. E) Өте әдемі. |
13. Мекен үстеуді табыңыз. A) Анағұрлым. B) Әрмен.+ C) Амалсыздан. D) Әжептәуір. E) Кенеттен. |
14. Қарсылықты жалғаулық қатысқан сөйлемді табыңыз. A) Қар суы да, жаңбыр суы да- соның ырысы. B) Ол орта бойлы еді, бірақ толықша қара сұр жігіт.+ C) Бәрі де дала қостарына, егіс бригадаларына аттанып кеткен. D) Егіс мәдениетін әрі өсірем, әрі кеңейтем. E) Күн де батты, ол да келді. |
15. Матаса байланысқан сөз тіркесін табыңыз. A) Құйма құлақ. B) Бойынан табылады. C) Жүрегі ұшты. D) Жолға шықты. E) Жазушының өмірі. + |
16. Лепті сөйлемді көрсетіңіз. A) Олар егіншілікпен айналысты. B) Баян-жердің шұрайы. C) Дән қалай өнеді екен. D) Егін науқаны өткен. E) Түу, мына жер тым тастақ екен.+ |
17. Мезгіл бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз. A) Бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты. B) Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен. C) Барып құлақ салсақ та, ешбір дыбыс естілмейді. D) Жанпейіс үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Ержан тыста қалды.+ E) Көп оқу керек. |
18. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз. A) Көп, сағындырдың ғой - қуатым! B) Көп сағындырдың ғой: қуатым! C) Көп сағындырдың ғой - қуатым! D) Көп, сағындырдың ғой қуатым! E) Көп сағындырдың ғой, қуатым! + |
19. Төл сөзді сөйлемді белгілеңіз. A) Өмірде болғандығын айтыпты-мыс. B) “Парасат” журналынан жазып алдым. C) “Өзі күйіп жүрген жанымды күйдірме,”-деді.+ D) “Абай жолын” оқыдым. E) Еңбек – ана, білім – қазына. |
20. Сөйлемдерден омоним сөздерді табыңыз. A) Қыздың аты – Айкүміс. Асқар қоян атты.+ B) Асханада тамақты дәмді пісіреді. C) Оның арманы – ұшқыш болу. Армансыз адам – қанатсыз құс. D) Алматы – әдемі қала. Қалаға алғашқы келуі. E) Маған осы өлке өте ұнайды. |
21. Жинақтық сан есімді белгілеңіз. A) Жиырмасыншы B) Отыз шақты C) Жетеу+ D) Жүздеген E) Он-оннан |
22. Көмекші етістікті еліктеу сөзді ажыратыңыз. A) Тарс айырылды. B) Пыр-пыр ұшты. C) Қарқылдады. D) Қорс етті.+ E) Шорт сынды. |
23. Еркін тіркескен сөздердің құрылымдық схемасын анықтаңыз. Асықпай сөйле. A) Етістік - көмекші етістік. B) Көсемше - етістік. + C) Зат есім - етістік. D) Етістік - зат есім. E) Етіс - көмекші етістік. |
24. Жай сөйлемнің қай түрі екенін белгілеңіз. Ысқырып соққан жел. A) Жақты. B) Жақсыз.+ C) Атаулы. D) Жалаң. E) Толымды. |
25. «Конспект» - қай елдің сөзі, табыңыз. A) Иран. B) Орыс. C) Қазақ. D) Араб. E) Латын. +
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
Қазақстан тарихы
1. Алғашқы адамдардың айналысқан шаруашылықтары: A) аң аулау мен терімшілік.+ B) егіншілік пен аңшылық. C) құс аулау мен бақташылық. D) аң аулау мен егіншілік. E) мал бағу мен аңшылық. |
2. Оғыз мемлекетін құлатқан тайпалар одағы: A) Қыпшақтар.+ B) Татарлар. C) Арғындар. D) Сақтар. E) Моңғолдар. |
3. Ж. Баласағұни «Құтадғу білік» еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқаны үшін алған лауазым атағы: A) Мырза B) Бек C) Әмір D) Ұлы хас – хажип+ E) Ғалым |
4. Абылай хан жерленді: A) Түркістанда.+ B) Созақта. C) Сығанақта. D) Таразда. E) Қойлықта. |
5. 1869 жылы наурыз, маусым айларында көтерілісшілер феодалдық топтарға қарсы жасаған шабуылдарының саны: A) 48 B) 39 C) 37 D) 43 E) 41 + |
6. XIX ғасырдың 60 жылдарында Қазақ жерін басқару жүйесін өзгерту үшін құрылған «Дала комиссиясын» басқарған A) Ф.Гирс+ B) И.Бутков C) П.Эссен D) М.Сперанский E) А.Бязан |
7. Ресей бодандығын 1817 жылы бірінші болып қабылдаған Ұлы жүздің руы A) Дулат B) Үйсін C) Жалайыр + D) Албан E) Қаңлы |
8. 1855 жылы Шәуешекте орыс көпестерінің сауда орындары өртеніп, тоналған соң Ресей көпестерінің осы ќаламен шектелді: A) Ќашғар B) Шәуешек C) Кяхта D) Ќұлжа + E) Пекин |
9. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағының баспадан шығуы A) 1913 жылы B) 1911 жылы C) 1909 жылы+ D) 1905 жылы E) 1907 жылы |
10. Б.з.б. ІУ ғасырда сақ жеріне қауіп төндірген A) Кир B) Ксеркс C) Александр Македонский+ D) Дарий E) Арриан |
11. Алтын Орда тағында билігін нығайту үшін Тоқтамыстың Мәскеуді өртеген жылы A) 1382 ж.+ B) 1385 ж. C) 1383 ж. D) 1386 ж. E) 1380 ж. |
12. Орталық, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік-шығыс Қазақстан үйсіндер одағының бірігу нәтижесінде құрылған халық: A) Түрік B) Өзбек C) Татар D) Өзбек-қазақ E) Қазақ + |
13. XV ғасырдың 70 жылдарында қазақ хандарының басып алған жерлері A) Астрахан жері B) Сырдария мен Қаратау өңірі+ C) Қазан хандығы D) Моғолстан E) Сібір хандығы |
14. Ғажайып ерліктері үшін Жәңгір ханға халықтың берген атауы: A) Алып Жәңгір B) Батыр Жәңгір C) Зор денелі батыр D) Салқам Жәңгір+ E) Еңсегей ер Жәңгір |
15. 1844 жылы Неплюевтің кадет корпусы орналасқан қала A) Семей B) Ташкент C) Орск D) Омбы E) Орынбор+ |
16. 1921ж. көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар үшін “Нақты ет салығы туралы” декреттің мәні: A) Ет салығын ақшамен ауыстыру. B) Жаңа ет салығын енгізді. C) Салықты төмендетудегі дифференциялық бағыт. D) Ет салығынан босату.+ E) Ет салығы төмендетілді. |
17. Қазақстанда 1961 жылы шаңырақ көтерген институт: A) Алматы педагогикалық институты B) Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл білімі, әдебиет және өнер институты + C) Қазақ Мемлекеттік институты D) Қарағанды педагогикалық институты E) Қазақ КСР Ғылым академиясының Философия және құқық институты |
18. Тоқырау жылдарында қатты бұрмаланған ғылым саласы: A) Гидрофизика мен гидрогеология B) Математика C) Генетика D) Ғарышты игеру E) Қазақстан тарихы + |
19. Қазақстанның тәуелсіздігін таныған алғашқы мемлекеттердің бірі: A) Монғолия. B) Түркия.+ C) Ауғанстан. D) Корея. E) Жапония. |
20. 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялаған Қазақстандағы ерте ортағасырлық мемлекет. A) Қимақ хандығы. B) Қарақытай мемлекеті. C) Қыпшақ хандығы. D) Оғыз мемлекеті. E) Қарахан мемлекеті.+ |
21. XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгісін көрсеткен кесене: A) Боран мұнарасы B) Айша бибі C) Бабаджа-Хатын кесенесі D) Дәуітбек кесенесі+ E) Қарахан |
22. XVI ғасырдың II жартысында Қазақ хандығының күш-қуатын беделін арттырған, батыста жерін кеңейтуге себеп болған тарихи оқиға: A) Моғол ханын талқандауы B) Өзбек хандығын талқандауы C) Мәскеуге қосылуды жақтаған Ноғай ұлыстарын талқандап, өзіне қосып алуы+ D) Ішкі талас тартыстардың тоқтатылуы E) Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қадам жасауы |
23. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі Шерубай-Нұра болысының ханы болып сайланған: A) Тұрар Рысқұлов B) Нұрлан Қияшев + C) Оспан Шонов D) Сәкен Сейфуллин E) Бекболат Әшекеев |
24. Оралда Кеңес өкіметі қиын жағдайда орнатылған мерзім: A) 1918 жыл мамыр. B) 1917 жыл қараша. C) 1917 жыл наурыз. D) 1918 жыл қаңтар.+ E) 1918 жыл наурыз. |
25. Сұлтан Баймағамбетов жаудың арнайы салынған қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып, қаза тапты: A) Ленинград үшін шайқаста.+ B) Брест қамалы үшін шайқаста. C) Мәскеу үшін шайқаста. D) Сталинград үшін шайқаста. E) Курск үшін шайқаста.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |