
Биология
1. Тамыр мен бүршіктің өсуіне қатысатын ұлпа - A) Түзуші. B) Қорға жинаушы. C) Фотосинтездеуші. D) Тірек. E) Жабын. |
2. Лалагүл тұқымдасына жататын өсімдік: A) Шайшөп B) Бамбук C) Жоңышқа D) Сарымсақ E) Мендуана |
3. Ағашқұлақ саңырауқұлағының жемісті денесінің басқа саңырауқұлақтардан ерекшелігі A) Жемісті денесі-түбіртек пен қалпақшадан тұрады. B) Жемісті денесі-түссіз жіпше тәрізді. C) Жемісті денесі-тұяққа ұқсайды әрі өте қатты. D) Жекелеген жасушаларға бөлінген тармақталған жіпше тәрізді. E) Жемісті денесі- ақ үлпектей. |
4. Адамның және жас баланың тік ішегінде паразиттік тіршілік ететін жұмыр құрттардың бірі- A) Бауырсорғышы B) Суыртқы C) Мысық сорғышы D) Таспа құрт E) Үшкірқұрт |
5. Қышыма ауруын туғызатын кене. A) Мамық кене. B) Ит кенесі. C) Берішкене. D) Қышыма кене. E) Тайга кенесі. |
6. Мүшелер жүйесінің жұмысын үйлесімді реттеп отыратын: A) Жүйке жүйесі. B) Ас қорыту жүйесі. C) Тыныс алу жүйесі. D) Тірек-қимыл жүйесі. E) Сезім мүшелері. |
7. Адам өкпе бөлігінің саны: A) 3 B) 5 C) 4 D) 1 E) 2 |
8. Ч.Дарвин бойынша тіршіліктің негізгі қозғаушы күші: A) Тіршілік үшін күрес және тұқым қуалаушылық негізіндегі табиғи сұрыпталу. B) Тірі ағзалардың мекені. C) Жаттығу, жаттықпау. D) Бір түрдің екінші түрді ығыстыруы және қорек үшін күресте олардың өліп бітуі. E) Қоршаған ортаға бейімделу. |
9. Қызыл кітапқа тіркелетіндер- A) Барлық жабайы жануарлар. B) Жабайы өсімдіктердің барлық түрі. C) Мәдени өсімдіктердің барлық түрі. D) Барлық үй жануарлары. E) Сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар. |
10. Орманда кездеспейтін өсімдік: A) таңқурай B) атқонақ C) мүкжидек D) інжугүл E) плаун |
11. Құстардың қауырсындарын қалай бөледі? A) Қауырсын, мамық. B) Қауырсын, желпуіш. C) Желпуіш, мамық. D) Құйрық, желпуіш. E) Тек желпуіш. |
12. Көру аймағы мидың бөлімінде орналасқан: A) үлкен ми сыңарларының маңдай бөлімінде B) ми қыртысында C) шүйдеде D) самай бөлімінде E) орталық ми қыртысында |
13. Қуыс сүйектер: A) төс B) қабырға C) жілік сүйектері D) жамбас E) бас сүйек |
14. Қан түзетін (жасайтын) мүше A) Сары түсті кемік. B) Сүйек ұлпасы. C) Жасуша аралық зат. D) Сүйектің қызыл кемігі. E) Жілік майы. |
15. Тістің ішкі бөлігі- A) Дентин. B) Борпылдақ ұлпа. C) Шеміршек. D) Сүйек. E) Кіреуке. |
16. Асқорыту сөлі ферменттерінің әсерінен ұлтабарда A) тек ақуыздар ғана ыдырайды. B) тек майлар ыдырайды. C) ақуыздар, майлар және көмірсулар ыдырайды. D) минералды заттар ыдырайды. E) тек көмірсулар ғана ыдырайды. |
17. Жасушаның құрамында хромосомалары бар негізгі бөлігі: A) Ядро. B) Рибосомалар. C) Жасуша орталығы. D) Қабықша. E) Митохондрийлер. |
18. Ақуыздың биосинтез процесі қандай кезеңдерді қамтиды? A) Репликация, транскрипция және трансляция. B) Репликация және транскрипция. C) Тек ферментті синтездеу. D) Репликация және трансляция. E) Транскрипция және трансляция. |
19. Бірінші ұрпақ ағзаларының ата – анаға қарағанда түсімінің жоғары болуы A) будандастыру B) гетерозис C) сурыптау D) инбридинг E) аутбридинг |
20. Жасуша ядросының қызметі A) қорғаныш қызметін атқарады B) қоректік заттардың қорға жинайды C) қоректік заттардың қозғалуын қамтамасыз етеді D) жасушаға пішін береді E) жасушаның бөлінуіне қатысады |
21. Хлоропластар қайда орналасады? A) жасушаның өң қабатында B) ядрода C) вакуольде D) жапырақтың негізгі ұлпасында E) жасуша аралықта |
22. Судың ең терең қабатында тіршілік етеді A) Хламидамодана B) Қызыл балдыр C) Ламинария D) Cпирогира E) Хлорелла |
23. Онтогенездік дамуда эктодерма қабатынан пайда болатын: A) Хорда. B) Зәр шығару жүйесі. C) Ішек. D) Жүйке тақташасы. E) Бұлшық ет. |
24. Тірі табиғатты жүйелеуде аса зор еңбек сіңірген A) Ф.Энгельс B) Ж.Б.Ламарк C) К.Линней D) Рулье E) Ч.Дарвин |
25. Қасқырдың бөкенге шабуылы: A) Бәсекелестік. B) Жыртқыштық. C) Селбесу. D) Арамтамақтық. E) Паразиттік.
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |