
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БІЛІМ БЕРУ МЕН ТЕСТІЛЕУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК
СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
БАЙҚАУ СЫНАҒЫ
СҰРАҚ КІТАПШАСЫ
2011 - НҰСҚА
2008
ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді табыңыз. Иненің көзінен жіпті өткізе алмадым. A) Көзінен+ B) Иненің C) Жіпті D) Алмадым E) Өткізе |
2. «Қауын» сөзіндегі дауысты дыбыстар санын анықтаңыз. A) 3 B) 2 + C) 1 D) 5 E) 4 |
3. Жұп құрауға қабілеті бар дауыссыздарды көрсетіңіз. A) ф, щ B) т, ц C) з, ч D) с, щ E) п, т+ |
4. Етістіктен болған туынды зат есімді табыңыз. A) Адалдық B) Талапты C) Тарақ+ D) Қабақ E) Ойшыл |
5. Жалғаудың неше түрі барын көрсетіңіз. A) 5 B) 3 C) 6 D) 2 E) 4+ |
6. Бас әріппен жазылмайтын орынды көрсетіңіз. A) Бөрібасар, Тайбурыл. B) Япырай, мынау Тоғжан ғой! C) Қазақ, Орыс, Румын.+ D) Үш жылы Астанада өтті. E) Қазақстан Республикасы. |
7. Сілтеу есімдігінің септелген түрін көрсетіңіз. A) Мыналар. B) Нелер. C) Бірдеме. D) Мынаны.+ E) Бәрін. |
8. Мына етістіктердің ішінен салт етістікті табыңыз. A) Қаз. B) Әпер. C) Көмектес. + D) Кес. E) Көтер. |
9. Шақыру одағайы қатысқан сөйлемді табыңыз. A) Балам, жүзің сынық қой. B) Әжем сиырды «аухау-аухау» деп шақырады.+ C) Тұрсам, о, тоба-ай, айнала көк шалғын! D) Шынында, бұл - ойланатын жұмыс. E) Шіркін, мен ұшқыш болсам! |
10. Әйтеке бидің шын есімін көрсетіңіз. A) Ақпан. B) Айтық.+ C) Сейітқұл. D) Сарыбас. E) Дүйсенбай. |
11. Қосымша дұрыс жалғанған сөзді белгілеңіз. A) Қаратаевтің. B) Серкебаевтың.+ C) Жансүгіровтың. D) Мүсіреповтың. E) Әуезовтың. |
12. Күрделі сын есімді көрсетіңіз. A) Көк. B) Қонымды. C) Қызыл шырайлы.+ D) Шырайлы. E) Артық. |
13. Үстеудің қызметін табыңыз. Сөз әдебі керек, жай әшейін сөйлеуге болмайды. A) Пысықтауыш.+ B) Бастауыш. C) Анықтауыш. D) Толықтауыш. E) Баяндауыш. |
14. Шылауы бар сөйлемді табыңыз. A) Жақсы мінез-баға жетпес байлық. B) Қылышын сүйреп қыс келер. C) Еңбек сүйген қор болмас. D) Әңгімені келістіріп-ақ айтасың.+ E) Мүмкін, айтқаның дұрыс шығар. |
15. Сөз тіркесіндегі қиысуды табыңыз. A) Кең дала. B) Анамен бірге. C) Жасыл шөп. D) Сен келдің.+ E) Қара жер. |
16. Дара толықтауышты табыңыз. A) Олар су қоймасын аралады. B) Бейсен Жомартпен кейін қайтты.+ C) Қырық бесті он беске бөл. D) Ағам үй ішіндегілерге сәлем берді. E) Ол еңбек жолын енді бастады. |
17. Не, немесе, я, яки жалғаулықтарымен келетін салаластың түрін табыңыз. A) Қарсылықты. B) Ыңғайлас. C) Кезектес. D) Себеп-салдар. E) Талғаулы.+ |
18. Қыстырма сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз. A) Қарағым-ай, тұршы тезірек. B) Қап, айырылып қалғаным ба? C) Оның ойынша, оқығандар - тек бай баласы.+ D) Жә, бірің бастап, бірің қостамай. E) Уа, туған жер, аша бер құшағыңды! |
19. Сызықшаның қойылу себебін көрсетіңіз. – Әке, сенгеніңізге рахмет! A) Төл сөз. B) Қаратпа сөз. C) Бастауыш. D) Оқшау сөз. E) Диалог. + |
20. Синоним сөздерді көрсетіңіз. A) Ауыс-түйіс, алыс-беріс.+ B) Жарлы-жалшы. C) Нағашы-жиен. D) Айнала, алыс, ел. E) Шын-жалған, асығыс-үсігіс. |
21. Анықтауыш қызметіндегі еліктеу сөзді табыңыз. A) Түйе шөккенде, Қамқа серейіп, сұлқ түсті. B) Наган шаңқ етті. C) Жүрегім зу ете қалды. D) Ырғалып қарға қарқ етті. E) Ол тарс-тұрс ете қалған дауысты естіді. + |
22. “Мұзға отырғызып кетті” – тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз. A) Қуанды. B) Өкінді. C) Алдады.+ D) Көмектесті. E) Өлтірді. |
23. Тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жай сөйлем қалай бөлінетінін көрсетіңіз. A) Толымды. B) Жайылма.+ C) Толымсыз. D) Жақсыз. E) Жақты. |
24. Дефис дұрыс қойылған орынды белгілеңіз. A) Турсун-заде.+ B) Микро-биология. C) Ежелгі-дос. D) Алты аласы-бес бересі. E) Жүре-сөйлеу. |
25. Жалпыға ортақ, бірізділік талабына тән қатарды белгілеңіз. A) Әдеби тіл.+ B) Ауызекі тіл. C) Газет - журнал тілі. D) Халықтық тіл. E) Радио тілі.
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
Қазақстан тарихы
1. Тастан және мыстан жасалған еңбек құралдарын ығыстырған кезең A) Қола дәуірі+ B) Мезолит дәуірі C) Полеолит дәуірі D) Темір дәуірі E) Неолит дәуірі |
2. Оғыз қоғамында маңызды роль атқарған әскер басының лауазымы: A) Жағбу. B) Қаған. C) Патша. D) Сюбашы.+ E) Эльтебер. |
3. Махмұд Қашғаридің түркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы және тілі туралы жазған шығармасы: A) “Бақыт әкелетін білім”. B) “Азаматтық саясат”. C) “Түркі тілдерінің сөздігі”.+ D) “Музыканың үлкен кітабы”. E) “Даналық кітабі”. |
4. М.Х.Дулатидің жазуы бойынша Қазақ хандығының құрылған мерзімі: A) 1468-1469 ж. B) 1458-1460 ж. C) 1465-1466 ж.+ D) 1470-1471 ж. E) 1466-1467 ж. |
5. Әбілмансұрдың (Кейіннен Абылай атанған) атасы Абылай билік ќұрған ќала: A) Отырар. B) Түркістан.+ C) Сайрам. D) Үргеніш. E) Ташкент. |
6. Е. Пугачев басќарған шаруалар соғысына ќазаќтың ќай жүздері ќатысты: A) Тек Кіші жүз B) Кіші жүз жєне Ұлы жүз C) Тек Орта жүз D) Ұлы жүз жєне Орта жүз E) Орта жүз жєне Кіші жүз + |
7. 1867-68 жылдардағы реформа бойынша қазақ жеріндегі генерал-губернаторлықтың саны: A) 5. B) 3.+ C) 2. D) 4. E) 1. |
8. ХХ ғасырдың басында ағарту ісін дамытуда, оны уағыздауда үлкен орын алған журнал A) «Қазақ » газеті B) «Степной край» C) «Киргизская степная газета» D) «Айқап»+ E) «Сибирская газета» |
9. Мұхтар Әуезов “Абай” роман-эпопеясының екінші кітабын қай жылы бітірді? A) 1950 ж. B) 1948 ж. C) 1946 ж. D) 1947 ж. + E) 1949 ж. |
10. Жетісудағы үйсін мәдениетіне ұқсас ескерткіштер табылған өңір A) Алтайдың күңгейі B) Тарбағатай теріскейі+ C) Орал өңірі D) Қаратау жоталары E) Орталық Қазақстан |
11. Шыңғысхан қайтыс болды: A) 1227 жылы.+ B) 1245 жылы. C) 1237 жылы. D) 1224 жылы. E) 1230 жылы. |
12. ««Қазақ» сөзі хорасан түркімендері арасында этникалық сипатта қолданылған тәрізді»-деп жазған тарихшы: A) К.Ақышев B) М.Қозыбаев C) Ә.Марғұлан D) Рузбихан E) Б.Е.Көмеков + |
13. Әбілхайыр хан (XV ғ.) жерленген кесене A) Көккесенеде+ B) Ташкентте C) Сырлытам кесенесі D) Сауранда E) Түркістанда |
14. XVII ғасырдың II жартысындағы қазақ хандығының орталығы: A) Суяб B) Түркістан+ C) Алмалық D) Сығанақ E) Сауран |
15. 1817 жылы Сүйік Абылайханұлының патша үкіметіне жасаған мәлімдемесі A) Жайылым жерлерді пайдалануды талап етті B) Сауда байланысын дамыту C) Астық және өнеркәсіп тауарларын қазақтарға жеткізуді қамтамасыз ету D) Қоқан, Хиуа хандығына қарсы күресте одақ болу E) Қарамағындағы рулардың Ресей құрамына өтуді қалауы + |
16. ХІХ ғасырдың 60 жылдарында поляк күресі өкілдерінің ішіндегі ерекше көзге түсетіні: A) С.Гросс+ B) Н.Долгополов C) А.Леонтьев D) Б.Блек E) С.Михаэлис |
17. 1917 ж. қарашаның 22-сінде Ферғана хандығының бұрынғы астанасы Қоқан қаласында Бүкіл түркістандық төтенше ІV съезді ашқан қазақ азаматы: A) М. Шоқай + B) С. Сейфуллин C) Т. Рысқұлов D) Ә. Бөкейханов E) А. Байтұрсынов |
18. Қазақ КСР-інің конституциясы қабылданды: A) 1938 жылы наурызда. B) 1936 жылы наурызда. C) 1939 жылы наурызда. D) 1937 жылы наурызда.+ E) 1977 жылы наурызда. |
19. Н.Ә. Назарбаевтың президенттік мерзімін 2000 жылға дейін ұзарту шешімін қабылдаған: A) Қазақстан халықтары Ассамблеясының ұсынысы B) Респбликалық референдум нәтижесі+ C) Конституциялық Кеңестің шешімі D) Президенттің өзінің ұсынысы E) Парламент шешімі |
20. Соғды тілінде жазылған қол жазба Жібек жолы арқылы жеткізіліп, осы уақытқа дейін сақтаулы тұрған ел: A) Жапония+ B) Орта Азия C) Үндістан D) Қытай E) Византия |
21. «Жеті жарғы» бойынша хан: A) Сот міндетін атқарушы, салық жинаушы B) Аймақтың басшысы C) Барлық ру бірлестігінің басшысы, хандықтың басшысы, бас қолбасшысы+ D) Ру бірлестігін басқарушы E) Ру арасындағы тартысты шешуші |
22. 1891ж. «Ережеге» сай Қазақстанда құрылған генерал-губернаторлық. A) Дала генерал-губернаторлығы.+ B) Шығыс-Сібір генерал-губернаторлығы. C) Түркістан генерал-губернаторлығы. D) Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы. E) Орынбор генерал-губернаторлығы. |
23. «Қазақ» газетінде басылған «Тағы соғыс» мақаласының авторы: A) М.Дулатов. B) Ж.Аймауытов. C) Ә.Бөкейханов.+ D) Ш.Құдайбердиев. E) А.Байтұрсынов. |
24. Ќазаќстан комсомолы ќай ќаланың трактор зауыты мен «Красный октябрь» зауытын ќамќорлыќќа алған: A) Саратов B) Ленинград C) Сталинград + D) Мєскеу E) Минск |
25. Қытай Халық Республикасынан XX ғасырдың 60-шы жылдары Қазақстанға оралған отандастар саны шамамен. A) 150000 адам. B) 100000 адам. C) 300000 адам. D) 250000 адам. E) 200000 адам. +
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |