
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БІЛІМ БЕРУ МЕН ТЕСТІЛЕУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК
СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
БАЙҚАУ СЫНАҒЫ
СҰРАҚ КІТАПШАСЫ
2010 - НҰСҚА
2008
ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Антоним сөздерді табыңыз. A) Шала -пұла. B) Үзілді - кесілді. C) Ұшып тұру - атып тұру. D) Ірі - уақ.+ E) Шабыс - жарыс. |
2. Ашық дауысты дыбыстарды табыңыз. A) Ү, о. B) А, ә.+ C) Е, и. D) Ы, і. E) Ұ, у. |
3. Ұяң дауыссыздар қатарын толықтырыңыз: Б, в, г, ғ, ... A) Т B) Һ+ C) Р D) Л E) Х |
4. Жатыс жалғаулы сөзді табыңыз. A) Қолдан. B) Бесігінде. + C) Дайында. D) Іспетті. E) Әсемнің. |
5. Қысқарған сөзге қосымшаның дұрыс жалғануын табыңыз. A) ҚРның B) педколледж-ге C) ХШЖК не D) БҰҰ-на + E) смдей |
6. Күрделі зат есім қатысқан сөйлемді табыңыз. A) Айыл-тұрман күнге шағылысып, жарқ-жұрқ етеді.+ B) Тігіншіні инесі асырайды. C) Жолдасын таппаған ер азады. D) Берекелі елдің бетін ешкім қақпайды. E) Өнерлі жігіт өрге озар. |
7. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз. A) Мұным, менің. B) Екеуі, қырық бес. C) Оннан бес, екіден бір.+ D) Отыздай, екінші. E) Жүздеген, оншақты. |
8. Өздік есімдікті тіркесті табыңыз. A) Көркем дүние. B) Бірер елік. C) Қос қыран. D) Жүз шамалы. E) Өз баласы. + |
9. Жіктік жалғауды қабылдамайтын етістікті көрсетіңіз. A) Тұйық етістік.+ B) Етіс. C) Рай. D) Туынды етістік. E) Есімше. |
10. Көнерген сөз қатысқан сөйлемді белгілеңіз. A) Кереуетті солқ еткізіп отыра кетті. B) Немереден кейінгі ұрпақ – шөбере. C) Сен – бұзау терісі шөншіксің.+ D) Шамадан аспа, кемеріңнен таспа. E) Сол кездегі мықты оқу Орынборда болатын. |
11. Кейінді ықпал әсерінен өзгеріске ұшырайтын сөзді табыңыз. A) Ара. B) Бал C) Теп.+ D) Келу. E) Қар. |
12. Салыстырмалы шырайды табыңыз. A) Үп-үлкен. B) Өте жақсы. C) Тым әдемі. D) Қалпақты. E) Көгірек. + |
13. Мезгіл үстеуін табыңыз. A) Әдейі. B) Тұс-тұсында. C) Осыншама. D) Ежелден.+ E) Әбден. |
14. "Ма", "ме", ба", "бе" - шылауы қандай грамматикалық тұлғалармен сәйкес келеді, табыңыз. A) Көсемше жұрнағы. B) Есімше жұрнағы. C) Болымсыз етістік жұрнағы.+ D) Рай жұрнағы. E) Етістік жұрнағы. |
15. Табыс, шығыс, барыс, жатыс, көмектес септік жалғауы арқылы байланысу түрін көрсетіңіз. A) Қиысу. B) Меңгеру.+ C) Матасу. D) Жанасу. E) Қабысу. |
16. Қосарлы айқындауыш тұрған сөйлемді табыңыз. A) Қарағанды - сұрыптаушы станциясы депосының паровозшылары көп жұмыс атқарды. B) Омар қарт, Жәмила қыз.+ C) Шоқшалау ақ сақалды, келбетті, зор дауысты адам еді. D) Ертең, 31 мамыр күні, чемпионат жалауы көтеріледі. E) Қамысы қалың, айдыны мол көл еді. |
17. Мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз. A) Анықтығына көз жеткізбейінше, шешім шығарма. B) Ұзын кірпіктері қыбыр-қыбыр етіп, Манар небір шуылдаған дыбыстарды естіп жатты. C) Қарақоға көз ұшында көрінгенмен, біздің ауылдан екі-үш шақырым шамасы бар. D) Біз иесіз тауда жатқан қазынаны биыл меңгермек болып, зор қимылды бастағалы отырмыз.+ E) Біреу күн шықпастан бұрын, тау жақтан желдіріп келеді. |
18. Қаратпа сөздің сөйлемдегі орнын табыңыз. Уа, туған жер, аша бер құшағыңды! A) 5, 6-сөз B) 4, 5-сөз C) 1, 2-сөз D) 2, 6-сөз E) 2, 3-сөз+ |
19. Дәйексөз анықтамасын табыңыз. A) Кез келген мәтіннен сөзбе - сөз алынған үзінді.+ B) Мақал. C) Диалог. D) Мәтел. E) Төлеу сөз. |
20. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз. A) Етегіңдегіні төк. B) Қалған ас итке төгілді. C) Домбырадан күй төкті.+ D) Шәугімдегі судың қалғанын төкті. E) Қадиша күл төкті. |
21. Сөйлемдегі еліктеу сөз қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз. Ол аяқ астынан шақ-шақ еткен көп дауыстардан сескене қалды. A) Анықтауыш.+ B) Пысықтауыш. C) Баяндауыш. D) Толықтауыш. E) Бастауыш. |
22. “Қара жүрек” – тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз. A) Сұм.+ B) Батыл. C) Момын. D) Жақсы. E) Қорқақ. |
23. Жақты сөйлемді табыңыз. A) Саған соны ғана айтқым келеді. B) Қатерліден осылай құтылар болар. C) Бұлт астында жылжыған ай. D) Қап, ұят болған екен! E) Бүгін жиналысқа қатысуға тиіссіз. + |
24. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемде алайда, бірақ деген жалғаулықтар түсіп қалса, екі сөйлем арасына не қойылатынын белгілеңіз. A) Қос нүкте. B) Үтір. C) Нүкте. D) Үтір, сызықша.+ E) Үтір, дефис. |
25. Стильдің анықтамасын табыңыз. A) Көркем сөйлеу әдебі, мәнерлеп айту жүйесі. B) Ауызша сөйлеу әдебі. C) Сөйлей білу үшін қолданылатын құралдар туралы ілім. D) Жазу мәдениеті, көне сөздерді қолдану тәсілі. E) Сөйлей білудің және жазу мәнерінің қалыптасқан жүйесі, амал-тәсілі. +
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
Қазақстан тарихы
1. Сүйектен мүсін оюға,үңгір қабырғаларына сурет салуға икемді кроманьондық адам: A) Неолитке жатады. B) Кейінгі палеолитке жатады.+ C) Орта палеолитке жатады. D) Мезолитке жатады. E) Ерте палеолитке жатады. |
2. 1125-1212 жылдар аралығында Жетiсуда билiк жүргiзген A) Наймандар B) Қарахандықтар C) Қарақытайлар+ D) Қыпшақтар E) Қарлұқтар |
3. Х-ХП ғасырларда Таразға жақын жерде салынған кесене A) Яссауи B) Түгіскен C) Айша Бибі+ D) Сырлытам E) Алашахан |
4. Ақ Орда ыдырап, орнына Әбілхайыр хандығы құрылды: A) XVI ғ. басында B) XV ғ. аяғында C) XIV ғ. ортасында D) XV ғ. ортасында E) XV ғ. басында + |
5. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: A) Ғабитұлы, Жанжігітұлы B) Аманұлы,Темірұлы C) Құндағұлұлы, Қоштайұлы + D) Төле ұлы, Ақбайұлы E) Бөгенбай батыр, Баян батыр |
6. Кенесары Қасымұлы көтерілісінің қамтыған аймағы. A) Бүкіл Қазақстан. + B) Ұлы жүз территориясы. C) Орта жүз жері. D) Ресеймен шекаралас аудандар. E) Ұлы және Орта жүз жерлері. |
7. 1867-68 ж.ж. реформа бойынша Батыс-Сібір генерал-губернаторлығына кірген облыстар: A) Астрахан, Каспий маңы. B) Түркістан, Жетісу. C) Орынбор, Торғай. D) Сырдария, Жетісу. E) Ақмола, Семей. + |
8. 1821 жылы Тентектөре бастаған шаруалар көтерілісінің сипаты: A) буржуазиялық B) азаттық + C) ұлтшылдық D) феодалдық E) басқыншылық |
9. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағы өзінің шамамен қанша халқынан айрылды A) 29 млн. B) 30 млн. C) 27 млн.+ D) 26 млн. E) 28 млн. |
10. Шірік Рабат қаласының күзет мұнаралары бар орталығы A) Базар B) Мешіт C) Рабат D) Цитадел + E) Қамал |
11. 1371-1390 ж. дейін Моғолстанға Ақсақ Темірдің жорығы A) 25 рет B) 20 рет C) 5 рет D) 10 рет + E) 11 рет |
12. XIV ғасырда мұсылман дініне кіріп, басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданған хан: A) Қасым хан B) Тәуке хан C) Әбілқайыр хан D) Тоғылық-Темір + E) Хақназар хан |
13. XVI ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығын билеген Жәнібек ханның ұлы: A) Қасым хан + B) Тақыр хан C) Есім хан D) Хақназар хан E) Бұрындық хан |
14. Ш.Уалиханов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырының нұсқасын жазып алған ақын A) Сүйінбай B) Шернияз C) Үмбетей D) Жанақ E) Шөже + |
15. І дүниежүзілік соғыс жылдарында Семей, Ақмола облыстарынан майданға тартылған жұмысшылардың саны A) 30 % B) 20 % C) 50 % + D) 60 % E) 40 % |
16. 1916 жылғы көтеріліс барысында Жетісуда көтеріліс жасаған ауылдардың Қытайға ауып кетуге мәжбүр болған халық саны: A) Жарты миллионға жуық. B) Алты жүз мыңдай. C) Бір миллион. D) Екі жүз отыз сегіз мың. + E) Сегіз жүз мыдай адам. |
17. 1920 жылғы наурыздың аяғына ќарай Семей облысының солтүстік жағы аќ гвардияшылардан азат етіліп, соған байланысты жойылған майдан: A) Жетісу. + B) Алтай. C) Аќмола. D) Сарыарќа. E) Сырдария. |
18. 1921 жылы жер-су реформасының негізгі мақсаты: A) Жерді халыққа жалға беру. B) Жерді байларға сату. C) Бүкіл жерді мемлекеттің қарамағына алу. D) Патша өкіметі тартып алған жерлерді қазақ еңбекшілеріне қайтару.+ E) Жерді колхоздарға бөліп беру. |
19. Н.Назарбаевтың 1984-1990 жылдары аралығында атқарған қызметі: A) Қазақ КСР-нің Президенті B) Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы C) Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы D) Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы + E) «Қазметаллургқұрылыс» тресінің жұмысшысы |
20. Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан дами бастаған кезеңі: A) б.з.б. ІІ ғ.ортасы + B) б.з.б. ІV ғасырдың соңы C) б.з.б. VІ ғасыр D) б.з.б. IІІ ғ.басы E) б.з.б. VІІ ғасыр |
21. Өзбек ұлысында XV ғ. ер жүректері қазақтар екенін жазған тарихшы A) Рузбихан + B) Рубрук C) Сына-Цянь D) Б.Е.Көмеков E) В.В.Бартольд |
22. 1643 ж. жоңғарларға қарсы ерлікпен шайқасқан хан: A) Жәңгір + B) Есім C) Жолбарыс D) Ысмайл E) Тахир |
23. 1893 жылы Қазақстан кен орындарында жұмыс істейтін әйелдердің үлесі A) 12 % B) 18 % C) 17,8 % + D) 16,2 % E) 14 % |
24. 1998 жылы Халық Қаһарманы атағы берілді: A) Р.Қошқарбаевқа. B) Қ.Қайсеновке. C) Б.Момышұлына. D) Т.Бигелдиновке. E) Б.Бейсекбаевқа. + |
25. 1979 жылы ұлтаралық қатынастарда келеңсіз құбылыстардың орын алғандығының бір көрінісі: A) О.Сүлейменовтың «Аз и Я» атты кітабының жарық көруі. B) Неміс автономиялық облысын құру туралы шешімнің қабылдануы. + C) Ана тілін оқытуды жақсарту жөнінде қаулының қабылдануы. D) Орыс тілін оқытуды жақсартуға көңіл бөлінбеуі. E) Жаңаөзен қаласындағы ереуіл.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |