Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2009.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
913.41 Кб
Скачать

Қазақ әдебиеті

1. Саржан мерген қай ертегінің кейіпкері, белгілеңіз.

A) «Толағай»

B) «Ақбай»

C) «Жүсіп хан»

D) «Қобыланды батыр»

E) «Азу сары Керпішпай»

2. Жиреншеге Қарашаштың қазасы жайлы естірту айтатын ханды белгілеңіз.

A) Жәңгір хан.

B) Темір хан.

C) Әз Жәнібек хан.

D) Тәуке хан.

E) Өзбек хан.

3. Қыз Назым шықты бұраңдап,

Он сегіз толған жасына,

Кәмшат бөрік келісіп,

Бриллиант қойды басына... – деген үзінді қай жырдан, табыңыз.

A) «Айман - Шолпан»

B) «Қобыланды батыр»

C) «Ер Тарғын»

D) «Алпамыс батыр» жыры

E) «Қамбар батыр»

4. Үмбетей жыраудың әкесінің атын белгілеңіз.

A) Сүлеймен.

B) Барақ.

C) Бәке.

D) Тілеу.

E) Бәкей.

5. Дулат ақынның әкесін табыңыз.

A) Жиембет.

B) Сағынай.

C) Еспенбет.

D) Шортанбай.

E) Бабатай.

6. Абайдың Гете - Лермонтовтан аударған өлеңін табыңыз.

A) «Тұтқындағы батыр».

B) «Альбом».

C) «Бородино».

D) «Желсіз түнде жарық ай».

E) «Қараңғы түнде тау қалғып».

7. Жалғыз қалған аққудың қиналысын суреттейтін С.Сейфуллиннің шығармасын белгілеңіз.

A) «Тұрмыс толқынында».

B) «Аққудың айырылуы».

C) «Баспахана».

D) «Жемістер».

E) «Көкшетау».

8. Жамбылдың ²Ленинградтық өренім² жырын лириканың қай түріне жатқызуға болатынын белгілеңіз.

A) Саяси лирика.

B) Көңіл-күй лирикасы.

C) Элегия.

D) Табиғат лирикасы.

E) Махаббат лирикасы.

9. Абайдың «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңінің жазылу түрін анықтаңыз.

A) Суреттеу түрінде.

B) Монолог түрінде.

C) Диалог түрінде.

D) Баяндау түрінде.

E) Салыстыру түрінде.

10. Ж.Баласағұн кітабының атын табыңыз.

A) «Диуани хикмат».

B) «Хибатул-хақайық».

C) «Диуани лұғат ат-түрік».

D) «Құдатғу біліг».

E) «Оғыз-наме».

11. Қарабай мен Қодардың Қозы Көрпешке жасаған жамандығын табыңыз.

A) Қой бақтырып қояды.

B) Елден қуып жібереді.

C) Қызын бергісі келмей, бақа айғырға мініп қашады.

D) Ел шетіне кіргізбейді.

E) У береді.

12. Асан қайғының айтқанын табыңыз.

A) Батыр жігіт қол бастар.

B) Жапанға біткен терекпін.

C) Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады.

D) Азаулының Стамбулдан несі кем?

E) Менімен, ханым, ойнаспа.

13. "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" заманынан қалған өлеңді табыңыз.

A) "Елім-ай".

B) "Алаң да алаң, алаң жұрт".

C) "Заман-ай".

D) "Керей, қайда барасың".

E) "Дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке".

14. Ш.Уәлихановтың ²Манас² жырын зерттеуі жайлы не айтуға болатынын табыңыз.

A) ²Манасты² бірінші боп баспаға ұсынып, орыс жұртшылығына таныстырды.

B) ²Манасты² орыс тіліне аударды.

C) ²Манасты² баспадан шығарып қырғыздарға ұсынды.

D) ²Манасты² қазақ жырларымен салыстырды.

E) Манастың құнды мұра екенін түсінді.

15. Жаңыл, Жәмила, Зылиха, Рысты атты бақытсыз әйел кейіпкерлері бар С.Торайғыров туындысын табыңыз.

A) ²Кедей².

B) ²Қамар сұлу².

C) ²Адасқан өмір².

D) ²Қыз көрелік².

E) ²Кім жазықты².

16. І.Жансүгіровтің туған өлкесінің табиғаты, аң-құсы, жеміс-жидек, өсімдігі туралы жазған аса көркем туындысының атын көрсетіңіз.

A) ²Мезгіл суреттері².

B) ²Гималай².

C) ²Ағынды менің Ақсуым².

D) ²Ауылдың алды².

E) ²Жетісу суреттері².

17. М. Әуезовтің ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбына арналған пьесасын көрсетіңіз.

A) “Шекарада”

B) “Түнгі сарын”

C) “Тас түлек”

D) “Сын сағатта”

E) “Алма бағында”

18. Ғ.Мүсіреповтің «Талпақ танау» әңгімесінде не туралы суреттелетінін белгілеңіз.

A) Шошқаның ерекшелігі сипатталады.

B) «Бесінші түлікпен» келген зорлық-зомбылықты әзіл арқылы әшкерелейді.

C) Ауылға келген жаңалық туралы әңгімеленеді.

D) Колхоздың баю жолындағы жаңалығын суреттейді.

E) Ауылдағы тартыс, күрес сөз болады.

19. Ш.Айтматовтың «Ерте келген тырналар» хикаятындағы Іңкамал апайдың мамандығын табыңыз.

A) Жұмысшы.

B) Есепші.

C) Инженер.

D) Дәрігер.

E) Мұғалім.

20. ’’Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр’’ қай кітаптағы әңгіме екенін табыңыз.

A) ’’Хисса-сұл-әнбия’’.

B) ’’Қорқыт ата’’ кітабы.

C) ’’Мұхаббат- наме’’.

D) ’’Диуани лұғат ат-түрік’’.

E) ’’Жамиғат тауарих’’.

21. Арабша, орысша хат білген ақынды табыңыз.

A) Ақтанберді.

B) Махамбет.

C) Байтоқ.

D) Бекмағамбет.

E) Жамбыл.

22. «Киім кисе, жеңі жоқ,

Етегі бар да, белі жоқ...

Ел биледі бір сымпыс

Екі бұты таралған»

Кімнің өлеңінен алынған үзінді екенін белгілеңіз.

A) Мұрат Мөңкеұлы.

B) Әбубәкір Шоқанұлы.

C) Шортанбай Қанайұлы.

D) Міржақып Дулатов.

E) Абай Құнанбаев.

23. Жігіттер! Бұл өлеңді жазған мәнім:

Емес қой жастықпенен салған әнім,

Қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы ?

Аларсың, көп ғибрат, байқағаның..,- деген үзінді Шәкәрімнің қай шығармасынан табыңыз.

A) «Жастарға».

B) «Ақындарға».

C) «Еңлік – Кебек».

D) «Қалқаман – Мамыр».

E) «Бұл және бұрынғы әннен өзгерек».

24. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» өлеңіндегі Ақсақ Темірден аман құтылған ақынның туған қаласының атын белгілеңіз.

A) Самарқан.

B) Мекке.

C) Шираз.

D) Бағдат.

E) Бұқара.

25. Жетім баланың аянышты тағдыры туралы суреттелетін Оралхан Бөкейдің шығармасын табыңыз.

A) «Тортай мінер ақ боз ат».

B) «Жетім».

C) «Көркемтай».

D) «Түйебай».

E) «Жусан иісі».

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]